"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аттестаттау комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1319 бұйрығымен бекітілген |
Аттестаттау комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Аттестаттау комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктер туралы заң), "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Интегралдық микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және аттестация өткізу бойынша комиссиясының қызметін айқындайды (бұдан әрі - Комиссия).
2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аттестаттау комиссиясы - уәкілетті органның Аттестаттау комиссиясы;
2) сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
3. Комиссия мүшелерінің саны тақ саны болып табылады және кем дегенде бес қызметкерден және сараптама ұйымынан тұрады.
Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссияның отырыстары оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.
4. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
5. Комиссияның міндеттері патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттаудан сапалы өткізу, сондай-ақ отырыстың ашықтығын және жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.
2-тарау. Комиссияның өкілеттіктері
6. Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
7. Комиссия мүшелері:
1) аттестаттауға ұсынған құжаттармен және тестілеу нәтижесімен танысады;
2) Комиссия отырысында зияткерлік меншік саласындағы шешілуі тиіс мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.
8. Комиссияның хатшысы:
1) Комиссияның мүшелеріне Комиссия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
2) Комиссия отырысын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады, аттестацияның нәтижесі бойынша хаттаманы рәсімдейді;
3) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
9. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
10. Аттестаттау комиссиясы хаттамалық шешімімен:
1) Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін:
патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
Патент заңында, Тауар таңбалары туралы заңында, Селекциялық жетістіктер туралы заңында, Интегралдық микросхемалары туралы заңында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады. Сонымен бірге патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметін қайта жалғастырылады;
2) патенттік сенiм білдірілген өкілді:
өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда тізілімінен шығарады.
11. Комиссия мүшелерінің шешімі қатысып отырғандар мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оны төрағалық етуші жариялайды.
Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12. Комиссияның отырысы хаттамамен ресімделеді.
Комиссия отырысының хаттамасына аттестаттауды өткізу нәтижесі бойынша төрағалық етуші, Комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.