"Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1318 бұйрығымен бекітілген |
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) 18-1-бабына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқалы органы болып табылады
3. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Тауар таңбалары туралы заңын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқалы органы;
2) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы;
3) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;
4) тараптар - тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы өтініш берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер;
5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия:
1) жеке және заңды тұлғалардың тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы Министрлікке түсетін өтініштерін қарайды;
2) дауларды қарау үшін мемлекеттік органдардың және сараптама жасау ұйымның тиісті бейіндегі мамандарын тартады, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс кездесулерін ұйымдастырады;
3) Комиссия отырыстарында тараптардың өкілдерін тыңдайды және оларға сұрақтар қояды;
4) тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану туралы шешім не мұндай танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды, ол мұндай шешiм қабылданған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тауар белгісінің иесiне (құқық иеленушіге) жiберiледi.
6. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оның орнын алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі және ол Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен сараптама ұйымының кемінде бес қызметкерлерінен құралады.
7. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.
8. Комиссияның төрағасы:
1) оның қызметін басқарады;
2) Комиссия отырысының кестесін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.
9. Отырыстардың материалдары Комиссия төрағасымен келісілгеннен кейін отырысты өткізген күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Өнеркәсіптік меншік басқармасына жүктеледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Комиссияның отырыстары оған оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.
12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы басым дауыспен қабылданады және егер оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
13. Тауар таңбалары туралы заңының 18-1-бабының 2-тармағының 11 бөлігіне сәйкес егер:
1) тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану үшiн мәліметтердің жеткiлiксiз екені;
2) өтiнiш берушiнiң тауар белгісімен бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас, қорғалатын немесе бiртектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына мәлімделген, өтініш беруші өзiнiң тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тануға өтiнiшхат берген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар тауар белгісінің бар екенi анықталса, тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Уәкілетті орган комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.