"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 36-бабының 1-тармағына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 46-бабының 1-тармағына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығымен бекітілген |
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) Аттестаттау комиссиясы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестаттау комиссиясы;
2) кандидат - патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;
3) патенттiк сенiм білдірілген өкiл - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы;
4) Тізілім - Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімі;
5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
3. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Аттестаттау комиссиясымен өткізіледі. Аттестаттау тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібі
1-параграф. Құжаттарды қабылдау
5. Аттестаттаудан өту үшін кандидат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттауға рұқсат беру туралы өтініш;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
3) еңбек қызметін растайтын, кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар құжаттың электрондық көшірмесі;
4) сот-наркологиялық және психиатриялық бөлімшелерден кандидаттың тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген электрондық анықтамалар;
5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетілген мәліметтер аттестаттау емтиханына келген кезде кандидаттар ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тиісті түрде ресімделмеген немесе құжаттар топтамасы толығымен ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган олардың түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту туралы жазбаша түрінде жауап береді.
Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сотқа шағым жасалуы мүмкін.
6. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;
3) қылмыс жасағаны үшін заң тәртібінде белгіленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
4) зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамаларына сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
2-параграф. Аттестаттауды өткізу
7. Аттестаттауға рұқсат берілген кандидаттардың тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Аттестаттауға рұқсат берілген кандидат үш жұмыс күні бұрын тестілеуден өту орны, күні, уақыты туралы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда хабарланады.
Кандидат жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде емтихан тапсырады.
8. Кандидат өз қалауы бойынша аттестатты қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді. Аттестацияның басталуына дейін кандидат өз тіл қалауын жазбаша түрде растайды.
9. Тестiлерге енгiзiлуi тиiсті сұрақтар тiзбесiн аттестаттау комиссиясымен бекiтедi. Кандидаттардың бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдерге қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына ("Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент заңы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде төрт нұсқасын қамтуы тиiс.
Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi. Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Тест құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.
Аттестаттауды өткiзер алдында Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.
10. Аттестаттау комиссияның отырысында оның күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда), тестiлеу нәтижесi көрсетiлетiн хаттама (бұдан әрі - Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.
11. Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық тасығышта қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, кандидат Комиссия хаттамасының негiзiнде аттестаттаудан шеттетiледi.
Тестілеуден шеттетiлген кандидат аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта береді.
12. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бірден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Аттестаттау комиссиясына берiледi.
13. Тестілеуден өту үшін ұсынылған сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.
Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың әр заң бойынша жалпы санының 70 % және одан жоғары құраса, кандидат тестiлеуден өттi деп саналады.
14. Аттестаттау өткізу нәтижесі бойынша шешім аттестаттау комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді.
Хаттамаға аттестаттауды жүргiзуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
3-параграф. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің куәлігін беру
15. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі (бұдан әрі – куәлік) үш жұмыс күні ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелген мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат ұсынылған күннен бастап беріледі.
16. Куәлік мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.
17. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін алу үшін кандидат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдайды:
1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелгені үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі.
4-параграф. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде және оған өзгерістер енгізуді тіркеу
18. Тізілімге куәлік алған патенттік сенім білдірілген өкілдердің және олардың алдағы уақыттағы өзгерістері туралы мәліметтері енгізіледі. Тізілім уәкілетті органмен жүргізіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
19. Тізілімде келесі мәліметтер көрініс табады:
1) куәлік нөмірі болып табылатын реттік тіркеу нөмірі;
2) патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу күні;
3) патенттік сенім білдірілген өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болғанда);
4) тұрақты тұрғылықты жері;
5) Аттестаттау комиссиясының шешімінің нөмірі және күні (тіркеуді жүргізуге негіз болған құжат);
6) хат алмасу үшін мекен-жайы, сондай-ақ бар болған жағдайда телефон, телетайп, телефакс нөмірлері, хат жазысу тілдері;
7) жұмыс орны, лауазымы;
8) куәлікті беру немесе жіберу туралы мәліметтер;
9) тоқтата тұру туралы мәліметтер;
9) Тізілімнен алып тастау жөніндегі мәліметтер.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген патенттік сенім білдірілген өкілдердің мәліметтері өзгерген жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкіл бір ай мерзімде осындай мәліметтер өзгерген сәттен бастап ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттауға рұқсат беру туралы өтініш
Мені Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген аттесттауға өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.
Телефонның нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- еңбек қызметін растайтын, кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар құжаттың электрондық көшірмесі;
- сот-наркологиялық және психиатриялық бөлімшелерде кандидаттың тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген электрондық анықтамалар;
- ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі
Қосымша _____ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні:________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өту үшін мәліметтер
_______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
1. Диплом туралы мәлімет:
1) жоғары оқу орнының атауы ___________________________________
2) дипломның нөмірі ___________________________________________
3) дипломның берілген күні ____________________________________
4) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
сериясы және нөмірі: __________________________________________
негіздеме: күні және нөмірі ___________________________________
тіркеу нөмірі және күні _______________________________________
Жеке тұлға _____________________________________ күні:_________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ | МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН | |
[УО мемлекеттік тілдегі деректемелер] |
[УО орыс тілдегі |
ПАТЕНТТІК СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН ӨКІЛДІҢ КУӘЛІГІ
Патенттік сенім білдірілген өкілі ретінде тіркелген [Тегі] [Аты] [Әкесінің аты (болған жағдайда)] берілді.
Тіркеу туралы жазба ___ жылғы "__"_______ №____ патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізілген.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)]
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін өтініш
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін маған беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі
Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша _____ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні:_______
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)