РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.10.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16467 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 13 наурызында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27 мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
11. | Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату |
12. | Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу |
13. | Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату |
14. | Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату |
15. | Сусындарды көтерме саудада сату |
16. | Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату |
17. | Тоқыма бұйымдарын сату |
18. | Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату |
19. | Киімдерді сату |
20. | Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
21. | Сағат және зергерлік әшекейлерді сату |
22. | Ломбард қызметі |
23. | Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі |
24. | Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару |
25. | Жарнама агенттіктерінің қызметі |
26. | Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі |
27. | Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі |
". |
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |