"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 461 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 17174 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген кандидат кадр қызметіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №124 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының" 21-тармағымен белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Кандидаттан Қағидалардың 21-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тізбесі "Тағайындау кезінде әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 542 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15656 болып тіркелген) бекітілген лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолдана отырып, тексеру жүргізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кадр қызметі бөлім командирінің қолымен жоспарланып отырған лауазымды көрсете отырып әскери-дәрігерлік комиссияға медициналық куәландырудан өту үшін кандидатқа жолдама береді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кадр қызметі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатты әскери қызметке қабылдау туралы алдын-ала зерделеу қорытынды ресімдейді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Іріктеу комиссиясының кандидатты әскери қызметке қабылдаудың мақсатқа сайлылығы немесе бас тарту туралы дәлелді қорытындысы осы Нұқсаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.

      Бас тарту себебін көрсете отырып, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту туралы кандидаттарға қол қойғыза отырып, жазбаша түрде іріктеу комиссиясының отырысынан кейн сол күнде хабарланады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өңірлік қолбасшылықтардың және әскери бөлімдердің кадр қызметтерінде кадр және саптық қызметінің лауазымды адамдары 5 қаңтарға жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту және оқуға жіберу үшін қол жеткізген нәтижелерін және әскери тәртібінің жай-күйін ескере отырып офицерлер құрамы адамдарының резервін құрайды.

      Бұл ретте командирлер мен бастықтар резервке тіркелген әр офицермен нақты лауазымға немесе оқуға түсуге дайындау бойынша қандай жұмыс жүргізілетінін айқындайды.";

      22,33 және 34-тармақтар алынып тасталсын;

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді отбасы жағдайы бойынша, әскери қызметшінің немесе оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша жаңа қызмет орнына тағайындау одан әрі қызмет өткеру үшін таңдалған әскери бөлімде бос лауазымдар болған жағдайда отбасылық-мүлікті зерттеу актісін немесе тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйымның қорытындысына ұсынған кезде жүргізіледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілер Заң 25 – бабы 2 тармағына сәйкес осы Нұқсаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бас қолбасшының атына келісімшарт мерзімін ұзарту туралы баянат береді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. "Кіші сержант" әскери атағы әскери қызметшіні штатта тиісті және одан жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымға тағайындау кезінде, оқу бөлімін бітірген соң, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттарына олар Әскери институт жанындағы біліктілікті арттыру факультетінде оқу-әдістемелік жиындардан өткеннен кейін беріледі.";

      68-тармақ алынып тасталсын;

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Әскери қызметшінің демалыс ұсыну туралы баянатында көрсетілген елді мекенде демалысын өткізгені демалыс билетіндегі демалыс өткізу орны бойынша ЖӘБО (ЖӘБО болмаған жағдайда –жергілікті атқарушы органда) есепке қойылғаны/алынғаны туралы белгімен расталады.

      Демалыс билетінде жазу болмаған жағдайда жол жүру құжаттары (билеттер) растаушы құжат болып табылады.".

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қазақстан Республикасынан тыс жерге демалысқа шыққан кезде баянатта көрсетілген елді мекенде болғаны туралы растайтын құжат жол жүру құжаты, паспорттағы шекаралық бақылаудан өткені туралы белгі немесе көші-қон карталарының көшірмелері болып табылады.".

      73-тармақ алынып тасталсын;

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы аяқталғаннан кейін әскери қызметші әйелге оның қалауы бойынша жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі.

      Бұл ретте, бала күтімі бойынша демалысты ол үш жасқа толғанға дейін бөлшектеп пайдаланған жағдайда жыл сайынғы демалыс толық көлемде бірінші шықаннан кейін тек бір рет беріледі, одан әрі жыл сайынғы демалыс қызмет еткен толық айларына барабар беріледі.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Отбасылық жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшінің баянаты бойынша некені тіркеу кезінде, бала туу кезінде, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының денсаулығы ауырлаған жағдайда, әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған жағдайлар кезінде беріледі.

      Қысқа мерзімді демалыс негізі растаушы құжаттары, демалыстан шыққанан кейін 10 жұмыс күнінде ұсынылады.

      Демалыстан шыққаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылған растайтын құжаттар қысқа мерзімдік демалыс беру үшін негіз болып табылады.";

      Отбасылық жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыстың ұзақтығы демалысты өткізу орнына және кері жүру үшін қажетті тәулік санына ұзартылады.".

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Әскери қызметшілерге қосымша демалыстар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жерлерде және лауазымдарда қызмет өткерген кезеңінде беріледі.

      Бұл ретте қосымша демалыстар әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметшілерге толық көлемде беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов