Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 26.05.2023 № 88-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағындағы ведомстволар функцияларының 489) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 04.06.2019 № 84-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары" Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-01-2018;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бір пәтерлік тұрғын үйлер мен олардың инженерлік жүйелерін жобалау" Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-02-2018;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қонақ үйлерді жобалау" Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-06-2018 бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы |
М. Жайымбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің төрағасы
________________ Ж. Бекшин
2018 жылғы 6 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасы
________________ В. Беккер
2018 жылғы 18 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 131-нқ бұйрығына 1-қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыссаласындағы мемлекеттік нормативтер ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ Государственные нормативы в области архитектуры, градостроительства и строительства СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАР ЗДАНИЯ ЖИЛЫЕ МНОГОКВАРТИРНЫЕ
ҚР ҚН 3.02-01-2018
СН РК 3.02-01-2018
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН: | "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ |
2 ҰСЫНҒАН: | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті |
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН: |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы "__"________ № ___ бұйрығы |
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН: | АО "Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры" |
5 ПРЕДСТАВЛЕН: | Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан |
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: |
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от "__"________ 2018 года №___ |
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау. | Қолданылу саласы | |
2-тарау. | Нормативтік сілтемелер | |
3-тарау. | Терминдер мен анықтамалар | |
4-тарау. | Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары | |
1-параграф. | Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары | |
2-параграф. | Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары | |
5-тарау . | Жобалау және құрылыс барысындағы жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар | |
1-параграф. | Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге қатысты талаптар | |
2-параграф. | Өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптар | |
3-параграф. | Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге қатысты талаптар | |
4-параграф. | Жер учаскесіне және аумаққа қойылатын талаптар | |
6-тарау. | Сәулет-жоспарлау шешімдері | |
1-параграф. | Кіреберіс тобы | |
2-параграф. | Пәтерлер | |
3-параграф. | Ғимараттар мен пәтерлердің қосымша үй-жайлары | |
4-параграф. | Көппәтерлі тұрғын ғимараттарына қоса салынған, қоса-жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар | |
5-параграф. | Коммуникациялық кеңістіктер | |
6-параграф. | Қоқыстарды шығару | |
7-тарау. | Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік | |
8-тарау. | Санитариялық-гигиеналық талаптар және инженерлік коммуникациялар | |
9-тарау. | Қоршаған ортаны қорғау | |
10-тарау. | Табиғи ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану | |
1-параграф. | Энергия тұтынуды азайтуға қатысты талаптар | |
2-параграф. | Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҒИМАРАТТАР ЗДАНИЯ ЖИЛЫЕ МНОГОКВАРТИРНЫЕ
Қолданысқа енгізілген күні 2018-ХХ-ХХ |
1-тарау. Қолданылу саласы
1. Осы құрылыс нормалары биіктігі 75 метрге дейін қоса алғандағы қайта салынып жатқан және қайта құрылатын көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарын, пәтер үлгісіндегі жатақханаларды, сондай-ақ басқа функционалдық мақсаттағы ғимарат үй-жайларының құрамына кіретін, ұзақ уақыт тұруға арналған тұрғын үй-жайларды жобалауға және салуға арналған талаптарды белгілейді.
2. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарға қоса салынған, қоса-жалғаса салынған мекемелер мен кәсіпорындарды пайдалану, қайта құру, орналастыру барысында ғимараттың немесе оның бөліктерінің функционалдық мақсатының өзгеруі жағдайында осы құрылыс нормаларына қайшы келмейтін нормативтік құжаттардың талаптары сақталынады.
3. Осы құрылыс нормалары:
1) мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үйді;
2) бір пәтерлі тұрғын үйлерге, оның ішінде блокталған үйлерді;
3) "Мобильдік (инвентарлық) ғимараттар. Жалпы техникалық шарттар" МЕМСТ 22853-86, "Мобильдік (инвентарлық) ғимараттар мен құрылыстар. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар" МЕМСТ 25957-83 сәйкес құрылыс қажеттілігіне арналған мобильдік (инвентарлық) ғимараттар;
4) арнайы бағдарламалар-тапсырмалар бойынша жүзеге асырылатын индустриялық үй құрылысы кезеңіндегі тұрғын үйлерді жаңғыртуды жобалауда қолданылмайды.
4. Осы құрылыс нормалары меншіктің әртүрлі нысанындағы тұрғын үйлердің орналасу жағдайын, сондай-ақ тұрғын ғимараттарда орналасатын тұрғын емес үй-жайларды иелену жағдайын реттейді.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
"Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс);
"Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі - Энергия үнемдеу туралы заң);
"Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі - ЭҚҚ);
"Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" ТР);
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР);
"Мобильдік (инвентарлық) ғимараттар. Жалпы техникалық шарттар" МЕМСТ 22853-86;
"Мобильдік (инвентарлық) ғимараттар мен құрылыстар. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар" МЕМСТ 25957-83.
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі", "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші" және "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың көрсеткіші" ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер және оған сәйкес анықтамалар қолданылады:
1) балкон - ғимарат қасбетінің қабырғасынан сыртқа шығарылған, қоршалған алаңша;
2) бірінші қабат - ғимараттың төменгі жерүсті қабаты;
3) жалғаса салынған үй-жайлар - негізгі тұрғын үймен функционалды байланыспаған, негізгі ғимараттың төменгі қабаттарына жалғасқан жеке үй-жайлар (үй-жайлар тобы) ;
4) жерасты қабаты - үй-жайлардың биіктігі үй-жай биіктігінің жартысына қарағанда жердің жобалау белгісінен төмен үй-жай едені белгісіндегі қабат;
5) жертөле қабаты - үй-жайлардың биіктігі үй-жай биіктігінің жартысына қарағанда жердің жобалау белгісінен төмен үй-жай едені белгісіндегі қабат;
6) қоса-жалғаса салынған үй-жай - ғимараттың габаритінде және ғимарат габариті шегінен 1,5 метрден аса аумақта сыртқа шығарылып орналасқан үй-жай;
7) қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар - осы құрылыс нормаларында: тұрғын ғимаратта орналасқан, іргелес шағын ауданның (кварталдың) тұрғындарына қызмет көрсетуді жүзеге асыруға арналған үй-жайлар;
8) қоқыс құбыры - қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, тігінен тасымалдау және уақытша сақтауға арналған ғимараттың инженерлік жабдықтау кешенінің құрамдас бөлігі;
9) қосымша пайдалану үй-жайлары - азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған үй-жайлар, оның ішінде: ас бөлмесі немесе қуыс ас бөлмесі, кіреберіс, жуынатын бөлме немесе душ бөлмесі, дәретхана немесе біріккен санитариялық торап, қойма немесе қоса салынған тұрмыстық шкаф, жуу бөлмесі, жылу генераторы бөлмесі және тағы басқалар;
10) лифт холлы - лифт кіреберісінің алдындағы үй-жай;
11) лоджия - үш жағынан тіреу (негізгі) қабырғалардың үстіңгі бетімен қоршалған және қасбет жағынан ашық жабыны бар алаңша;
12) мансардтық қабат - қасбеті толығымен немесе ішінара көлбеу, сынған немесе қисық сызықты төбенің бетінен (беттерінен) жасалған шатыр кеңістігіндегі қабат;
13) блокталған тұрғын үй - әрқайсысы пәтер жанындағы учаскесіне, оның ішінде бірінші қабаттан жоғары орналасуымен пәтерге тікілей өтетін шығаберісі бар екі немесе одан да көп пәтерден тұратын ғимарат. Бір пәтердің бір немесе бірнеше деңгейлері өзге пәтердегі йү-жайларының үстінде орналасқанда немесе дербес тұрғын үй блоктарының кіреберістері, шатырлары, еденасты қоймалары, кәріз шахталары, инженерлік жүйелері ортақ болған жағдайда, көппәтерлі үйдің блокталған типінің көлемдік-жоспарлау шешімдері болуы мүмкін;
14) тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және осы мақсатта пайдаланылатын, тұрғын үйдің тұрғын ауданымен қатар тұрғын емес ауданды да қамтитын жеке үй-жай;
15) тұрғын үй (тұрғын ғимарат) - негізінде тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;
16) тұрғын емес үй-жай - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар);
17) тұрғын кешен - бірнеше топтамаға (ғимараттарға) шоғырландырылған тұрғын ғимараттардың, жеке ғимараттардың және тұрғын-үйлерге қоса-жалғаса салынған және жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың жиынтығы;
18) тұрғын үй - белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және осы мақсатта пайдаланылатын дара тұрғын бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақхана бөлмесі);
19) цокольдық қабат - үй-жай биіктігінің жатысынан аспайтын биіктіктегі жердің жоспралу белгісінен төмен үй-жайдың едендік белгісіндегі қабат.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
6. Нормативтік талаптардың мақсаттары адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүліктерді сақтау мен қоршаған ортаны қорғау үшін көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарының өмірлік циклінің барлық сатыларында оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір тіршілігі, энергетикалық тиімділік пен ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
7. Көппәтерлі тұрғын ғимараттар мен олардың аумақтарында адамның заманауи қажеттіліктеріне жауап беретін қолайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.
8. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары жалпы негіз, күш түсетін конструкциялардың және ғимараттың құрылысын салу немесе қайта құру, пайдалану кезінде есептемелік қызмет ету уақыты бойы туындайтын ықтимал жүктемелер мен әсер етулердің үйлесімін төзетіндей етіп жобаланады және тұрғызылады.
9. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарында қауіпті өрт факторларының пайда болуы мен таралуы қаупінің алдын алу немесе бәсеңдету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Өрт туындаған жағдайда, адамдарды, оның ішінде жүріп-тұруы және өрт сөндіруі бойынша физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарды қауіпті өрт факторлары жоқ аймаққа эвакуациялау кезінде тіреу және қоршау конструкцияларының орнықтылығы қамтамасыз етіледі. Жану ошағының тез таралуын жедел жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, өрт пен оның қауіпті факторларының жану ошағының шегінен тыс орындарға таралуын шектейтін іс-шаралар қарастырылады. Оттың көршілес ғимараттар мен құрылыстарға таралуын шектеу қажет.
10. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарында ғимаратты пайдалану барысында аумақты абаттандыруды, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды есебімен адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау қамтамасыз ете отырып, тұруға қолайлы жағдай жасалады.
11. Ғимараттарды инженерлік қамтамасыз етудің ішкі жүйелері тиісті температураны, ылғалдылықты және ауаның қозғалу жылдамдығын, конструкцияның жылу сіңіруі мен жылу орнықтылығын қоса алғанда, тұруға қолайлы жағдай қамтамасыз етілетіндей етіп жобаланады.
12. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары судың ластануына, ағып кетуіне немесе конструкциялардың ішкі беттерінде конденсаттың пайда болуына жол бермей отырып, судың қажетті мөлшерде үздіксіз берілуіне қолайлы жағдай жасау есебімен жобаланады.
13. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары мен кешендер олардың қызмет етуінің есептемелік мерзімі бойы онда адамдардың тұруы немесе болуы кезінде үй-жайлардың ауасында лас заттардың болуына, микроклиматқа, жарықтандыруға, инсоляцияға, күннен қорғануға, шуға, дірілге және сәулеленуге байланысты адамдардың денсаулығына қауіп төнбейтіндей етіп жобаланады және салынады.
14. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарында тұрғындар мен олардың мүліктерін жарылыс салдарынан, сондай-ақ бөгде тұлғалардың рұқсатсыз кіруі мен байланысынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасалынады.
15. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарды халықтың қауқары аз топтарының тұрғылықты жерлерге кедергісіз және қауіпсіз келуін қамтамасыз ету есебімен жобаланады және салынады.
16. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарында жылыту және салқындату, желдету және ауаны баптау, сондай-ақ жарықтандыру жүйелері олардың жұмыс істеуі энергияны үнемдеу мен жылуды сақтауды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
17. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарын жобалау, құрылысын салу және бұзу кезінде құрылыс конструкцияларын, олардың бөліктері мен материалдарын бөлшектеуден кейін қайта қолдану (рециклинг) мүмкіндігі қарастырылады.
5-тарау. Жобалау және құрылыс барысындағы жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге қатысты талаптар
18. Ғимараттың негіздері мен күш түсетін конструкциялары оның құрылысы барысында және пайдаланудың есептік жағдайларында:
1) ғимаратты пайдалануды тоқтату қажеттілігіне әкелетін конструкциялардың қирауы немесе зақымдануы;
2) өзгеруі мен жарылулардың пайда болуы нәтижесінде жалпы конструкциялар мен ғимараттарды пайдалану қасиеттерінің төмендеуі мүмкіндігі орын алмайтындай етіп жобаланады және салынады.
19. Ғимараттың конструкциялары мен негіздері күш түсетін және қоршау конструкциялардың өзіндік салмағынан туындайтын тұрақты жүктемені, жабындарға түсетін біркелкі таралған және шоғырланған уақытша жүктемені, құрылыстың ауданына арналған қар мен жел жүктемесін қабылдауға есептелінеді. Жүктемелердің немесе оларға сәйкес күштердің қолайсыз үйлесімдерін ескеретін аталған жүктемелердің нормативтік мәндері, конструкцияның майысуы мен жылжуының шекті мәндері, сондай-ақ, жүктемелерге қатысты сенімділік коэффициенттерінің мәндері Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес қабылданады.
Ғимараттардың конструкциялары мен негіздерін есептеу кезінде тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қосымша талаптары, мысалы, тұрғын ғимаратқа жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайларда каминдерді, ауыр құрылғыларын орналастыру, интерьер жабдықтарының ауыр элементтерін қабырғалар мен төбелерге бекіту ескеріледі.
20. Конструкцияларды жобалау кезінде пайдланытатын олардың тіреу қабілетін мен рұқсат етілген өзгергіштігін есептеу тәсілдері қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің тиісті материалдардан жасалған конструкцияларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.
21. Өңделіп жатқан аумақтарда, шөкпе топырақтарда, сейсмикалық аудандарда, сондай-ақ басқа да геологиялық күрделі жағдайларда ғимараттарды орналастыру кезінде тиісті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің қосымша талаптары ескеріледі.
22. Ғимараттардың іргетастары тиісті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде қарастырылған топырақтың физика-механикалық сипаттамалары есебімен жобаланады.
23. Қайта құру кезінде тұрғын ғимараттың тұрғызылған бөлігіне қосымша жүктемелер мен әсерлер туындағана жағдайда, оның тіреу және қоршау конструкциялары, сондай-ақ негіз топырақтары конструкциялардың физикалық тозуына қарамастан сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес осы жүктемелер мен әсерлерге тексеріледі.
Бұл ретте пайдалану кезеңінде олардың өзгеруі нәтижесінде негіз топырағының нақты күш түсіру қабілеті, сондай-ақ алдағы уақытта бетон және темірбетон конструкцияларындағы бетонның беріктігінің артуы ескеріледі.
24. Тұрғын ғимаратты қайта құру кезінде осы ғимаратты пайдалану барысында пайда болатын оның конструктивтік схемасындағы өзгерістер (оның ішінде, бастапқы жобалық шешімдерге қосымша жаңа ойықтардың пайда болуы және де конструкцияға жүргізіліген жөндеудің немесе оларды күшейтудің әсер етуі) ескеріледі.
25. Санитариялық-техникалық тораптардың орнын есебімен тұрғын ғимараттарды қайта құру барысында гидро, шу, діріл әсерін оқшаулауға қатысты тиісті қосымша іс-шаралар орындалады, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, оған осы санитариялық тораптарды орнату қарастырылған жабындар күшейтіледі.
2-параграф. Өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптар
26.Ғимараттардың өрт қауіпсіздігі "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
27. Ғимараттардың арасындағы ең аз ара қашықтық "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес қабылданады.
28. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының барлық ұзындығы бойынша өрт сөндіру автомобильдердің кіре берістегі қатынасы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Өрт сөндіру автокөліктеріне арналған кіреберістер ғимараттың негізгі эвакуациялық шығаберістеріне, өрт сөндіру бөлімшелеріне арналған лифтілерге апаратын кіреберістерге қарастырылады.
Өрт сөндіру автосатылары мен автокөтергіштерінің ғимарат қасбетіне келетін кіреберістерін тиісті жүктемелерге есептелген тұрғыбеттер мен жапсарлас салынған жайлардың пайдаланылатын төбежабындылары бойынша жобалауға рұқсат етіледі.
29. Отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІ дәрежелі ғимараттар бір мансардтық қабатын қосып салуға рұқсат беріледі. Бұл қабаттың қоршау конструкциялары қосып салынатын мансардтық қабаттың конструкцияларына қойылатын талаптарға жауап беру қажет.
Ағаш конструкцияларын қолдану сәйкес материалдардан жасалған конструкцияларға қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай оттан қорғау қарастырылады.
30. Отқа төзімділігі І, ІІ, ІІІ дәрежелі ғимараттарда күш түсіру элементтерінің отқа төзімділігінің талап етілген шегін қамтамасыз ету үшін тек конструктивтік оттан қорғау қолданылады.
31. Жобалау кезінде секцияаралық және пәтераралық қабырғалар мен арақабырғалар саңыраулы болып қабылданады және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келуі қажет.
32. Пәтераралық арақабырғалар, оның ішінде өрт қауіпсіздігінің сынағы бойынша есіктері бар арақабырғалар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабылданады.
33. Секциялық емес көппәтерлі тұрғын ғимараттарының техникалық, жертөле, цокольдық қабаттары мен шатырлары өртке қарсы арақабырғалармен бөліктерге, ал секциялық қабаттар – секцияаралық қабырғалар мен арақабырғалар осьтері бойынша бөлінеді.
34. Ғимараттың қоса-жалғаса салынған бөлігінің жабыны шатырсыз жабынға қойылатын талаптар бойынша қабылданады, ал оның төбе жабындысы пайдаланылатын төбе жабындысына қойылатын талаптар бойынша қабылданады.
35. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарынан адамдарды эвакуациялау баспалдақ торы арқылы жүргізіледі, оның түрлері мен саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері бойынша сәйкес анықталады.
36. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарындағы эвакуациялық баспалдақ алаңшаларының саны қабаттағы жалпы пәтер ауданына сүйене отырып қабылданады.
37. Дәліз үлгісіндегі көппәтерлі тұрғын ғимараттарының үй-жайларының шығаберістері және эвакуацияалу жолдары тәуліктің кез келген уақытында оңай танылатын көрсету белгілерімен жабдықталынады.
38. Баспалдақ торлары мен лифті залдарындағы есіктерді әйнектеу шыныдан жасалған конструкция бұзылған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету есебімен қарастырылады.
39. Қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар олардың кіреберістері, оның ішінде эвакуациялық, ғимараттың тұрғын бөлігінен оқшауланған болатындай етіп жобаланады.
Жоғары қабатта суретшілер мен сәулетшілердің шеберханаларын, сондай-ақ кеңсе үй-жайларын орналастыру кезінде эвакуациялық шығуберістер ретінде ғимараттың тұрғын бөлігіндегі баспалдақ торларын қабылдауға жол беріледі, бұл ретте қабат пен баспалдақ торы арасындағы қатынас өртке қарсы есіктері бар тамбурлар арқылы қарастырылады. Баспалдақ торына шығатын тамбур есіктің тек үй-жайдың ішінен ашылуы қарастырылады.
40. Ғимараттарды түтінге қарсы қорғауды жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалады.
41. Ғимараттарды автоматты өрт дабылымен және өрт туралы адамдарды хабардар ету жүйелерімен қорғау Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріның, соның ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің, талаптарына сәйкес қарастырылады.
42. Жертөле қабаты терезесінің алдындағы ойық көбік генераторынан өрт сөндіргіш заттарды беруге және түтін сорғыштың көмегімен түтінді жою мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
43. Өртке қарсы су құбыры сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалады.
44. Бір баспалдақты торлы тұрғын ғимараттарында олардың орналасу деңгейі есебімен пәтерлерден апаттық шығу жолдары орнықтырылады.
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабаттағы пәтерлерде апаттық шығу жолдарының әртүрлі нұсқаларын қарастыруға рұқсат етіледі.
45. Төбежабынға апаттық шығулар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес жобаланады.
3-параграф. Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге қатысты талаптар
46. Тұрғын мақсаттағы объектілер осы құрылыс нормаларына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобаланады және салынады.
47. Тұрғын ғимаратының құрылысы туралы шешім қабылданғанға дейін учаскеде иондалатын сәулелену көздерінен қорғану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиоактивті сәулелену деңгейі мен гамма-фон жағдайы бойынша өлшеулер Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжттарының (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес орындалуы қажет.
48. Тұрғын ғимараттарының қабат саны және ұзындығы оның құрылысын салу жобасымен айқындалады. Сейсмикалық аудандардағы тұрғын ғимраттарының қабат саны мен ұзындығын анықтау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген шектеулер ескеріледі.
49. Тұрғын ғимараттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес:
1) шаруашылық-ауыз сумен, өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау, су бұру және су ағызу;
2) жылыту және желдету;
3) электрмен жарықтандыру, күштік электр қондырғылары;
4) ішкі газбен жабдықтау;
5) қалалық телефон байланысының тарату желісі;
6) кіру күзетінің жүйесі;
7) автоматтандырылған өрт дабылы, өрт кезінде хабарландыру және эвакуациялауды басқару жүйелері;
8) ақпараттандыру және диспетчерлендіру байланысының сыртқы техникалық құралдары;
9) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі;
10) инженерлік жабдықтарды басқарудың және диспетчерлендірудің автоматтандырылған жүйесі;
11) жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес көппәтерлі тұрғын ғимараттарының шатырларында спутниктік антенна қондырғысын (сигналды ұжымдық қабылдау антеннасы), кабельді телевизия төсемі және радиохабар сымдары жүйесінің бағандарын орнату;
12) телерадиохабардың ұлттық желісінің телерадио арналарын қабылдау мүмкіндігі қарастырылады.
Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының шатырларында радиорелелік діңгек пен мұнараларды орнатуға жол берілмейді.
50. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының цокольдық және жертөле қабаттарында әртүрлі қондырғылар мен құрылғылардағы тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтар мен газдарды, жарылғыш заттарды, жанатын материалдарды сақтауға, өңдеуге және пайдалануға арналған үй-жайлар орналастыруға рұқсат етілмейді.
51. Көпқабатты тұрғын ғимарат элементтерінің конструктивтік шешімдері (соның ішінде бос орындардың орналасуы, құбыр қондырғыларының конструкция арқылы өткізілген жерлерін тұмшалау, желдеткіш тесіктерін орнату, жылу оқшаулауды орнату және сондай сипаттағы) кеміргіштердің енуінен қорғау талаптарын ескере отырып қарастырылады.
52. Сейсмикалық аудандарда салынатын көпқабатты тұрғын ғимараттардың инженерлік қондырғылары мен құралдары сенімді бекітіледі.
53. Көпқабатты тұрғын ғимараттардың пайдаланылатын төбежабындыларында (жоғарғы қабатында коғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар көпқабатты тұрғын ғимараттардан басқа), қоғамдық мақсаттағы қоса-жалғаса салынған үй-жайлардың төбежабындыларында, пәтерден тыс жаздық үй-жайларда, тұрғын ғимараттардың арасындағы жалғастырушы элементтерде, соның ішінде демалыс пен солярилерге арналған спорттық алаңдарды орналастыру үшін пайдаланылатын ашық тұрғын емес қабаттарда (бірінші және аралық) қоршауларды орналастыру және желдеткіш шығарылымдарынан қорғау сияқты қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.
54. Көпқабатты тұрғын ғимараттарды жобалау мен салу терезе конструкцияларының ашылатын элементтерінен абайсызда адамдардың құлап кетуін болдырмау шараларын ескере отырып жүзеге асырылады.
4-параграф. Жер учаскесіне және аумаққа қойылатын талаптар
55. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының орналасуы, олардың ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі арақашықтығы, жер учаскелерінің өлшемі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес белгіленеді.
56. Көппәтерлі тұрғын ғимаратының типін таңдау оны орналастырудың қала құрылысы шарттарына, сондай-ақ энергияны үнемдеу талаптарымен анықталады. Белгілі аймақтарда салынатын көппәтерлі тұрғын ғимараттарындағы пәтер үлгілерінің жиынтығы демографиялық жағдайлар, тұрғын үймен қамтамасыз етілудің қол жеткізілген деңгейі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының ресурстармен қамтамасыз етілуі есебімен анықталады.
57. Жер учаскесінің ауданы қала құрылысы жағдайы, ортаның сипаттамалары есебімен анықталады.
58. Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары немесе көппәтерлі тұрғын ғимараттарының кешені қалалық немесе ауылдық ландшафт ерекшеліктерін сақтай отырып, қоршаған ортаның табиғи байланысы ретінде жобаланады.
59. Көппәтерлі тұрғын ғимараты аумағындағы гараждар-тұрақтар мен автотұрақтар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары есебімен жобаланады.
60. Тұрғын корпустар мен автотұрақтар арасындағы арақашықтық сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемелекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабылданады.
61. Автотұрақтарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемелекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған орындар қарастырылуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін арнайы қондырғылар (пандустар, көтергіштер) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтердің талаптары бойынша жабдықталады.
62. Жолдың, өтпе жолдардың ені жеңіл, жүк көліктері мен құтқару қызметі көліктерінің габариттері есебімен есептелінеді.
63. Ағаштар электр тарату, жерасты коммуникация жүйелерінен қашық жерде отырғызылады.
Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының маңындағы аумағын көгалдандыру кезінде абаттандыру мәселелерін реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескеру қажет.
64. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының аула аумағында балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңдары қарастырылады.
65. Аула алаңдары:
1) жарықтандырылған;
2) көлікжайлардан және жүретін жол бөліктерінен қоршалған;
3) балаларға қауіпсіз болып жобаланады және салынады.
6-тарау. Сәулет-жоспарлау шешімдері
1-параграф. Кіреберіс тобы
66. Кіреберіс тобының үй-жайлар құрамы тұрғындар мен қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін жайлылықты қамтамасыз ететіндей, сондай-ақ бөгде адамдардың кіру мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп жобаланады.
67. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарында вестибюль жайлары қоса салынған (немесе қоса-жалғаса салынған) немесе жалғаса салынған болып қарастырылады.
68. Кезекшіге (консьержге) арналған үй-жай немесе күзетшілерге арналған үй-жай тамбурдан көппәтерлі тұрғын ғимаратының вестибюліне апаратын есікті көзбен шолуды қамтамасыз ету есебімен орналастырылады, вестибюль болмаған жағдайда, лифт пен баспалдақ торына өтпелерді шолуды қамтамасыз ету қажет.
69. Кезекшіге (консьерж) арналған үй-жайда диспетчерлік қызметпен біріктірілген телефон байланысы, домофон арқылы сөйлесу байланысы қарастырылады.
70. Бірінші қабатта раквинамен жабдықталған, жинау инвентарларын сақтауға арналған, кезекші (консьерж) үй-жайымен іргелес орналасқан қойманы қарастыруға жол беріледі, оны кіреберісін сыттан орната отырып, цокольдық немесе жертөле қабаттарында орналастыруға болады.
71. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының бірінші, цокольдық немесе жертөле қабаттарында үй тұрғындарына арналған шаруашылық қоймалары, арбаларды сақтауға арналған пәтерден тыс алаңшалар (жайлар) орналастырылуы мүмкін.
72. Вестибюльдерде немесе тамбурларда пошталық абоненттік шкафтарды орналастырған кезде олардың өлшемдері ескеріледі, бұл ретте сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес өтпе жолдардың нормативтік параметрлері қамтамасыз етіледі.
73. Көппәтерлі тұрғын ғимаратының кіреберісі алдындағы кіру алаңы күнқағармен (шатырмен) жабдықталады.
2-параграф. Пәтерлер
74. Пәтерлер бір немесе бірнеше деңгейдегі тұрғын және қосалқы үй-жайлардың өзара ыңғайлы байланыстырылып, жобаланады.
75. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарындағы пәтерлер бір отбасыны орналастыру шарттарының ескерілуімен жобаланады.
76. Климаттық, ұлттық, тұрмыстық және демографиялық жағдайлар есебімен қажетті тұрмыстық үрдістерінің: ұйықтау, жалпы отбасылық демалу, жаттығу, тамақтану, шаруа қызметтері аймақтарының пәтерде болуын қамтамасыз ете отырып, пәтерлердің жоспарлау шешімдері таңдалады.
77. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының пәтерлері үй-жайлардың (бөлмелердің) функционалдық аймаққа бөлінуі есебімен жобаланады.
78. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес табиғи жарықтандыру тұрғын бөлмелерде, ас үй бөлмелерінде (ас үй-қуыс бөлмеден басқа), көппәтерлі тұрғын ғимаратқа қоса салынған қоғамдық мақсаттағы бөлмелерде қарастырылады.
79. Ортақ бөлме (қонақ бөлме) алдыңғы бөлмеге іргелес орналаса отырып, пәтердің орталық бөлігін алатындай етіп жобаланады.
Ортақ бөлмені кең ойылған есіктермен немесе асхана мен ас үйінің жылжымалы арақабырғасымен кеңістікте біріге отырып, холлмен қатар орналастыруға рұқсат етіледі.
80. Ортақ бөлме (қонақ бөлме) ауданы жиһаздың неғұрлым аз орналастырылуы және өту орындарының орнатылуы есебімен анықталады.
81. Ортақ бөлмеде (қонақ бөлмесінде) тамақтанатын аймақты ұйымдастыру үшін ас үй жабдықтарын орналастыруға рұқсат етіледі.
82. Жатын бөлмелер пәтердің түкпір жақтарында, барынша оқшауланған, мүмкіндігінше ас бөлмесі мен баспалдақ торларынан қашық бөлігінде орналастырылады. Жатын бөлмелер санитариялық тораптармен ыңғайлы байланыстырылады.
83. Жатын бөлмелер өтімсіз етіп жобаланады, олардан:
1) қоймаға (немесе гардеробқа);
2) санитариялық торапқа, ванна бөлмесіне немесе душқа қосылған қосымша бөлмеге шығуға рұқсат етіледі.
84. Әр тұрғын бөлме тікелей көшеге немесе аулаға қарайтын кемінде бір терезесімен жобаланады.
85. Отбасы мүшелерінің санына қарай пәтердегі түскі ас аймағы ас бөлмесінде, ас бөлмесі асханасында, асханада немесе ортақ бөлмеде қарастырылады.
86. Санитариялық тораптарды тұрғын үй-жайлардың үстінен орналастыруға рұқсат етілмейді.
87. Санитариялық аспаптарды топтау кезінде оларды пайдалану ыңғайлығы ескеріледі.
88. Пәтердің міндетті аалаңдары мен жайларынан басқа, онда шаруашылық жұмыстарды атқаруға арналған үй-жайлар, атап айтқанда тиісті деңгейде жабдықталған жұмыс, кір жуу, тігу, үтіктеу бөлмелерін қарастыруға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ пәтердің құрамында кәсіби еңбекпен айналу мақсатында оқшауланған тұрғын үй-жайды (кабинетті) қарастыруға жол беріледі.
89. Пәтер ішіндегі дәліздердің, холлдардың биіктігі адамдардың жүріп-тұру қауіпсіздігінің жағдайына қарай анықталады.
90. Тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде құрылыс ауданының климаттық жағдайына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтердің талптарына сәйкес жазғы үй-жайларды (балкондарды, лоджиялар мен террасаларды) орналастыру қарастырылады.
91. Жазғы үй-жайларды ашылатын (түрлендірілетін) әйнегі (толық немесе жартылай ішінара) немесе еден бетіндегі суды бұратын торы бар саңылаулы қоршауға жол беріледі.
92. Көппәтерлі тұрғын ғимараттары пәтерлері жеткілікті табиғи жарықтандырумен, инсоляциямен, ауаның оңтайлы температурасымен, ауаның ылғалдығымен және жылжымалығымен, сондай-ақ сыртқы және ішкі шу көздерінің әсерінен оқшаулаумен, іргелес тұрғын үй-жайлардан визуалды оқшаулаумен қамтамасыз етілетіндей етіп жобаланады.
3-параграф. Ғимараттар мен пәтерлердің қосымша үй-жайлары
93. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының цокольдық, жертөле және жерасты қабаттарында:
1) жоғарыда орналасқан тұрғын үй-жайларда рұқсат етілетін шу деңгейі бойынша ;
2) рұқсат етілетін микроклимат параметрлері бойынша;
3) ауа ластануының рұқсат етілген деңгейі бойынша;
4) қозғалыс ағынын, оның ішінде үй тұрғындарының, келушілердің ағынын бөлу бойынша ғимараттың тұрғын бөлігіне тиетін теріс әсерді төмендету шаралары есебімен, өрт қауіпсіздігін ескере отырып, тұрғындардың тұру жағдайын нашарлатпайтын санитариялық-гигиеналық мақсаттағы (душ және жуыну бөлмелері, санитариялық торап) және дене шынықтыру-сауықтыру мақсатындағы үй-жайларды (жаттығу және/немесе спорт залы, киіну бөлмесі, бильярд бөлмесі), шаруашылық мақсаттағы үй-жайларды (кір жуу, гардероб және қоймалар), автомобиль тұрақтары, сондай-ақ бассейн, саунаны орналастыруға рұқсат етіледі.
94. Тұрғын ғимараттарындағы пәтерлер құрамында екінші қонақ бөлмесі немесе ортақ бөлме, ойын бөлмесі, ас бөлмесі, кітапхана, санитариялық-гигиеналық мақсаттағы үй-жайларды (душ және жуыну бөлмелері, санитариялық торап), дене шынықтыру-сауықтыру мақсатындағы үй-жайларды (сауна, жаттығу және спорт, киіну, бильярд залдары), шудан оқшаулауға қойылатын талаптарға сәйкес шаруашылық жұмыс үй-жайлары (кір жуу, гардероб және қоймалар) және басқалар сияқты қосымша үй-жайлардың қарастырылуына рұқсат етіледі.
95. Көпқабатты тұрғын ғимараттарында өрт қауіпсіздігі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын және орнату бойынша зауыт-әзірлеушілердің техникалық ұсынымдарын сақтау есебімен қатты отынмен жанатын каминдерді орналастыруға жол беріледі.
4-параграф. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарына қоса салынған, қоса-жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар
96. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарға қоса салынған және қоса-жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар орналастыру рұқсат етіледі.
97. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарына қоса салынған және қоса-жалғаса салынған үй-жайларында:
1) жоғары орналасқан және (немесе) іргелес тұрғын үй-жайларда шудың, дірілдің, электрлік және магниттік өрістің рұқсат етілген деңгейі бойынша;
2) ауа ластануының рұқсат етілген деңгейі бойынша;
3) қозғалыс ағынын, оның ішінде үй тұрғындарының, келушілердің және кәсіпорынға тиеу кезіндегі тауарлардың ағынын бөлу бойынша;
4) жүру жолдарын, алаңшаларды және басқа бөліктерді орнату үшін үй маңындағы аумақты жіктеу бойынша ғимараттың тұрғын бөлігіне тиетін теріс әсерді төмендету шаралары есебімен тұрғындардың тұру жағдайын нашарлатпайтын қоғамдық мақсаттағы мекемелер мен кәсіпорындар орналастырылуы мүмкін.
98. Тұрғын ғимаратқа қоса салынған және қоса-жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың биіктігі технологиялық талаптарға қарай тұрғын үй-жайлардың биіктігінен ерекшеленуі мүмкін.
99. Тұрғын ғимараттарында сауықтыру және демалу мақсатындағы мекемелерді, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерін, қоғамдық тамақтандыру, бөлшек сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарын, басқару, ақпарат және байланыс мекемелерін орналастырған кезде:
1) жеке кіреберістерді орнату;
2) технологиялық шулы аймақтарды дірілді генераторлы қондырғылармен, сондай-ақ электрлік және магниттік өріс көздерімен тұрғын үй шегінен тыс орналастыру;
3) жоғары орналасқан және (немесе) іргелес тұрғын үй-жайларды дыбысты оқшаулау, дірілді дыбысты оқшаулау және электрлік және магниттік өрісі әсерінен экрандау іс-шараларын әзірлеу;
4) жалғаса салынған үй-жайдың төбежабынын жоғары орналасқан қабат еденінің деңгейінен аспайтын деңгейде орнату;
5) жекеленген инженерлік жүйелерді орнату;
6) тұрғын үй-жайлар үшін рұқсат етілетін көрсеткіштерден асып түсетін шу мен дірілді тудырмайтын технологиялық инженерлік және басқа да қондырғыларды қолдану қарастырылады.
100. Жалғаса салынған және қоса-жалғаса салынған көлемдердің жоспарлау шешімдері, оның ішінде ғимарат шегінен тыс орналасуы қала құрылысы шарттарымен, кәсіпорынның түрімен және қуатымен, оның технологиясымен, сондай-ақ өртке қарсы нормативтік талаптарымен реттелінеді.
5-параграф. Коммуникациялық кеңістіктер
101. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарында баспалдақ торлары мен баспалдақтарды орнату "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемелекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалады.
102. Тұрғын ғимараттар үшін баспалдақ торының немесе баспалдақтардың түрлері мен санын таңдағанда, қабаттағы пәтерлердің жалпы ауданының ортақ мәніне және тұрғын ғимараттың жоғарғы қабатының орналасу биіктігіне байланысты шектеулер ескеріледі.
103. Тұтанбайтын баспалдақ торлары бірден далаға және төбеге шығатын шығаберістермен жобаланады. Төбеге шығаберістегі есіктер өртке қарсылықтың 2-түрімен қарастырылады.
104. Л2 үлгісіндегі баспалдақ торларын қоспағанда, баспалдақ торлары жарық ойықтарымен жабдықталады.
105. Кіреберістердегі және баспалдақ алаңшаларындағы едендер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалған берік, кедергісіз қатты, таймайтындай түрінде қарастырылады.
106. Ішкі әрлеуге арналған әрлеу материалдары жанбайтын материалдардан қолданылады.
6-параграф. Қоқыстарды шығару
107. Көппәтерлі тұрғын ғимараттары қоқыс шығару жүйесімен қамтамасыз етіледі.
108. Қоқыс салуға арналған контейнерлерді орналастыру және орнату халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7-тарау. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік
109. Физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың, оның ішінде балалардың жүріп-тұру жолдары қауіпсіз болып жобаланады, атап айтқанда баспалдақтардың, ойықтардың, еңіс және тайғанақ беткейлердің, түрлі биіктіктер мен төмен орналасқан элементтердің, сондай-ақ биік орналасқан жаяу өткелдердің, ғимараттар мен құрылыстар жабдықтарының жылжымалы элементтерінің және басқа да конструктивтік ерекшеліктердің болуы тиіс.
110. Көппәтерлі тұрғын ғимараттары жүріп-түру мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін ғимараттың қолжетімдігін, олардың қауіпсіздігі және тұру, барып-келу мен еңбек ету орындарына олардың қолжетерлігін қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
111. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қажеттіліктерін есебімен көппәтерлі тұрғын ғимараттарын жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарының сақталуымен жүргізіледі.
8-тарау. Санитариялық-гигиеналық талаптар және инженерлік коммуникациялар
112. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарын жобалау және құрылысын салу барысында осы құрылыс нормаларына сәйкес адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылады.
113. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының үй-жайларында ауа температурасы және ауа алмасуының жиілігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
114. Ғимаратты жылыту және желдету жүйесі жылыту кезеңінде үй-жайлардағы ішкі ауа температурасы тиісті құрылыс ауданының сыртқы ауасының есептік параметрлері есебімен тиімді көрсеткіштерді қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
115. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемелекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес көппәтерлі тұрғын ғимаратында жылу тасығышты іске қосу кезінде жылу энергиясын бақылау мен есептеуді басқарудың автоматтандырылған бекеті және әрбір пәтерге жылу энергиясын есептеу құралы бар жеке тораптар қарастырылады.
Көппәтерлі тұрғын ғимаратында (оның ішінде қайта құрылатын) қоса салынған немесе қоса-жалғаса салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың болу жағдайында жылу шығынын есептеу әрбір тұтынушыға жеке қарастырылады.
116. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес желдету жүйесі үй-жайлардағы ауаның тазалығын (сапасын) және оның біркелкі таралуын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
117. Зиянды заттардың немесе жағымсыз иістердің бөлінуі мүмкін болатын бөлмелердегі ауаны тікелей сытрқа шығару қажет және оның басқа ғимараттың үй-жайларына кетпеуі, оның ішінде желдету арналары арқылы түспеуі тиіс.
Ас бөлмелерінің, дәретханалардың, жуынатын бөлмелердің (душ бөлмелерінің), біріктірілген санитариялық тораптардың, азық-түлік қоймаларының желдету арналары газды пайдаланатын жабдықтары бар үй-жайлардың және автотұрақтың желдету арналарымен біріктіруге рұқсат етілмейді.
118. Жалғаса салынатын қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардың, оның ішінде темекі шегуге арналған үй-жайдың желдету жүйесі дербес қарастырылады.
Желдету жүйесін және оның қондырғыларын жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
119. Тартпа желдеткіші жоқ жертөленің, техникалық еден асты және суық шатырдың сыртқы қабырғаларында оның паериметрң бойынша біркелкі орналасқан саңылаулар қарастырылады.
120. Қоршау конструкцияларының ішкі беттерінің (тік орналасқан жарық өткізгіш конструкцияларды қоспағанда) жылу өткізгіш қосылу аймақтарында, бұрыштар мен терезе жақтауларындағы температурасы жылдың суық кезеңіндегі сыртқы ауа температура есебімен ішкі ауаның шық түсу нүктесінен кем емес мәнінде қабылданады.
121. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарындағы үй-жайлар жауын, еріген және жерасты суларының енуінен, тұрмыстық жағдайда инженерлік жүйеден мүмкін судың жылыстауынан қорғайтын конструкциялық құралдармен және техникалық қондырғылармен жабдықталады.
122. Тұрғын үй-жайлардың сыртқы және ішкі қоршау конструкцияларының дыбысты оқшаулауы шудың сыртқы көздерінен және инженерлік жүйелер қондырғыларының, ауа өткізу және құбыр қондырғыларының шуынан туындайтын дыбыстық қысымды азайтуды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
123. Кәріз суларын алып тастау үшін орталықтандырылған немесе жергілікті су бұру жүйесі қарастырылады.
124. Сумен жабдықтауға пайдаланылатын сулы деңгейлердің немесе санитариялық қорғау аймағына тиісті аумақтардың ластану қаупі болған жағдайда, жергілікті су бұру жүйелерін қолдануға жол берілмейді.
125. Көппәтерлі тұрғын ғимаратындағы пәтерлердің (үй-жайлардың) инсоляциясының ұзақтығы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес қабылданады.
126. Табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарында және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде келтірілген.
127. Пәтерлерді жарықтандыру қоршаған кеңістіктің уақытымен жеткілікті деңгейде және тұрақты негізде жарықтандырылуын, қоршаған кеңістікте қажетті жарықтықтың таралуын, жарықтың көздерінің шағылдыру әрекеттерінің болмауын, жарықтың жағымды спектральді құрамы мен оның дұрыс түсу бағытын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
128. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарын жылумен жабдықтау жүйесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады.
129. Ғимараттың сыртқы қоршау конструкциялары:
1) қажетті температураны және үй-жай ішіндегі конструкциялардың ішкі беткейлерінде ылғал конденсациялануының болмауын;
2) конструкциялардағы артық ылғалдың жиналуының алдын алуды қаматмасыз ететін жылу оқшаулау, сыртқы суық ауаның енуінен туындайтын оқшаулау және үй-жайдағы су буының диффузиясынан болатын бу оқшаулау есесбімен жобаланады.
130. Ішкі ауаның есептік температурасы кезінде сыртқы қабырғалардың беткі конструкциялары мен ішкі ауа температурасының айырмашылығы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабылданады.
131. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарын энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ телерадиоканалдарды ұжымдық қабылдау қондырғыларын жерге тұйықтау кедергілерінің шамасы ЭҚҚ және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабылданады.
132. Сыртқы электр желілерін, үй ішіндегі желілерді жобалау, қорғаныс сөндіргіштерін орнату сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалады.
133. Тұрғын ғимараттарға қоса (қоса-жалғаса) салынған объектілердегі қоғамдық тамақтану, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету ү"-жайларында газ жабдықтарын орнатуға рұқсат етілмейді.
134. Тұрғын үй ғимараттарын газбен жабдықтау жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады.
9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
135. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарын жобалау кезінде қоршаған ортаға түсетін рұқсат етілетін антропогендік жүктеме ескеріледі, қоршаған ортаның ластануын алдын алу және оны жою іс-шаралары, сондай-ақ тұтыну қалдықтарын орналастыру тәселдері қарастырылады, қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ортаны қалпына келтіруге ықпал ететін, ресурс үнемдегіш, аз қалдықты, қалдықсыз және басқа да қоолданыстағы ең озық технологиялар пайдланылады.
10-тарау. Табиғи ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану
1-параграф. Энергия тұтынуды азайтуға қатысты талаптар
136. Көппәтерлі тұрғын ғимараттарын жобалау және құрылысын салу энергия ресурстарын тиімді пайдалану талаптары есебімен жүзегге асырылады.
137. Энергия үнемдеу заңына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес көппәтерлі тұрғын ғимараттарында энергия тиімділігін арттыруға қатысты шешімдер мен қажетті шаралар кешені қарастырылады.
138. Жобалау кезінде күндізгі жарықты тиімді пайдалану қарастырылады.
Көппәтерлі тұрғын ғимараттарының құрылысы кезінде көлеңкелеу, жылу қуатының негізі сияқты қатты қызып кетудің алдын алатын, сондай-ақ ғимарат айналасындағы климаттық жағдайды және ғимарат ішіндегі микроклиматты жақсартатын белсенді емес салқындату технологиясын дамыту және оны қолдану іс-шаралары қарастырылады.
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
139. Жобалау кезінде су, топырақ, ауа, биологиялық әртүрлілік ресурстарын, энергетикалық ресурстарды, табиғаттың ашық кеңістіктері мен басқа да табиғи ресурстарды орынды сақтау іс-шараларын ескеру қажет.
140. Суды тұтынуды азайту, кері және қайта-кезекті пайдалану жүйесінде судың қолданылуын арттыру, өндірістік емес қалдықтар мен су шығынын қысқарту сияқты су ресурстарын тиімді пайдалану іс-шараларын есепке алу қажет.
ӘОЖ 728 МСЖ 93.040.10
________________________________________________________________
Түйін сөздер: Көппәтерлі тұрғын ғимараттары, бөлмелер, алаңшалар,
аумақ, вестибюль, үй-жай, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық қызмет
көрсету, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 131-нқ бұйрығына 2-қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыссаласындағы мемлекеттік нормативтер ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ Государственные нормативы в областиархитектуры, градостроительства и строительства СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
БІР ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ ПРОЕКТИРОВАНИЕ ОДНОКВАРТИРНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ И ИХ ИНЖЕНЕРНЫХ СИСТЕМ
ҚР ҚН 3.02-02-2018
СН РК 3.02-02-2018
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН: | "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ |
2 ҰСЫНҒАН: | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті |
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН: |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы "__"________ № ___ бұйрығы |
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН: | АО "Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры" |
5 ПРЕДСТАВЛЕН: | Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан |
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: |
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от "__"________ 2018 года № ___ |
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау. | Қолданылу саласы | |
2-тарау. | Нормативтік сілтемелер | |
3-тарау. | Терминдер мен анықтамалар | |
4-тарау. | Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары | |
1-параграф. | Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары | |
2-параграф. | Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары | |
5-тарау . | Жобалау және құрылыс барысындағы жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар | |
1-параграф. | Жалпы ережелер | |
2-параграф. | Конструкциялардың тіреу қабілеті мен сенімділігіне қатысты талаптар | |
3-параграф. | Өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптар | |
4-параграф. | Аумақты жоспарлауға қойылатын талаптар | |
6-тарау. | Көлемдік-жоспарлау шешімдерге қойылатын талаптар | |
1-параграф. | Жалпы ережелер | |
2-параграф. | Қосалқы үй-жайлар | |
7-тарау. | Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету | |
8-тарау. | Инженерлік жүйелер мен жабдықтар | |
9-тарау. | Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты талаптар | |
10-тарау. | Қоршаған ортаны қорғау | |
11-тарау. | Энергияны үнемдеу мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты талаптар | |
1-параграф. | Энергия тұтынуды үнемдеу | |
2-параграф. | Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
БІР ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ ЗДАНИЯ ЖИЛЫЕ МНОГОКВАРТИРНЫЕ
Қолданысқа енгізілген күні 2018-ХХ-ХХ |
1-тарау. Қолданылу саласы
1. Осы құрылыс нормалары адамдардың тұрақты тұруына арналған бір пәтерлі тұрғын үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін (бұдан әрі – үйлер) жобалау үшін жер учаскесін жоспарлауға, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы құрылыс нормалары қайтадан салынатын және қайта құрылатын немесе саны оннан аспайтын, оның әрқайсысы ойықтарынсыз іргелес блогымен (-тарымен) жалпы қабырғаға (жалпы қабырғаларға) ие, сондай-ақ жеке учаскесінде орналасқан және жалпы пайдаланылатын аумаққа (бұдан әрі – блокталған үйлер) шығатын жері бар бір отбасының тұруына арналған дербес болып табылатын бірнеше тұрғын үй құрамындағы бір пәтерлі тұрғын үйлерге қолданылады.
3. Осы құрылыс нормалары көппәтерлі тұрғын үй ғимараттарын жобалауға қолданылмайды.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс);
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң)
"Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы" Кеден кеңесінің техникалық регламентін бекіту туралы" Кеден кеңесінің 2011 жылғы 16 тамыздағы шешімі (бұдан әрі – "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы" КК ТР)
"Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭҚҚ);
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойлатын жалпы талаптар" ТР);
"Газбен жабдықтау жүйелері нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – Газбен жабдықтау жүйелері нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар).
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын басып шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі", "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көрсеткіші" және "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың көрсеткіші" ақпараттық каталогтары бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер және оған сәйкес анықтамалар қолданылады:
1) бір пәтерлі тұрғын үй - бір пәтерді және қажет жағдайда қосымша тұрғын үйді, қосалқы бөлмелерді, шаруашылық үй-жайды, сондай-ақ жеке еңбек қызметіне арналған қоғамдық мақсаттағы үй-жайды қамтитын тұрғын үй;
2) бірінші қабат - үйдің төменгі жерүсті қабаты;
3) дербес тұрғын үй блогы:
өзге тұрғын блоктары үй-жайларының үстінде орналасқан үй-жайы жоқ;
өзге тұрғын блоктармен, ортақ кіретін жерлері, қосалқы үй-жайлары, шатырлары, үй асты қоймалары, коммуникациялық шахталары жоқ;
жылыту мен желдетудің дербес жүйелері, сондай-ақ сырттан кіретін жеке жері және орталықтандырылған инженерлік жүйелердің сыртқы желілеріне қосылатын жері бар тұрғын блок;
4) жерүсті қабаты - жердің жоспарлау белгісінен төмен емес үй-жай едені белгісіндегі қабат;
5) жертөле қабаты - үй-жайдың немесе бірінші жерасты қабаты биіктігінің жартысына қарағанда жердің жобалау белгісінен төмен үй-жай едені белгісіндегі қабат;
6) қоғамдық мақсаттағы үй-жай - үйде тұратын адамдардың жеке еңбек қызметіне арналған тұрғын үйге жалғаса салынған немесе оған қоса салынған үй-жай;
7) қабат - жабынның үстіңгі жағының немесе жер еденінің және олардың үстінде орналасқан жабынның үстіңгі жағының арасындағы үй бөлігі;
8) блокталған тұрғын үй - осы құжатта блокталған үй ретінде екі немесе одан көп бір-біріне қоса салынған дербес тұрғын үй блогынан тұратын, олардың әрқайсысында пәтердің алдындағы учаскеге тікелей шығатын есігі бар блокталған үй;
9) пәтер алдындағы учаске - оған тікелей шығатын есігі бар тұрғын үйге жалғасқан жер учаскесі;
10) үй-жай - белгілі бір функционалдық мақсаты мен шектеулі құрылыс конструкциялары бар үйдің ішкі кеңістігі;
Ескертпе – Әртүрлі үй-жайдың мақсатын сипаттайтын терминдер (мысалы, жатын бөлме, ас бөлмесі, жуыну бөлмесі, дәліз, қойма және басқалар) жалпы қабылданған болып табылады және осы құжатта келтірілмейді. Үй-жайдың мақсаты үй жобасында көрсетіледі.
11) цокольдық қабат - үй-жай биіктігінің жатысынан аспайтын биіктіктегі жердің жоспралу белгісінен төмен үй-жайі едені белгісіндегі қабат.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
5. Осы нормативтік талаптардың мақсаттары адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүліктерді сақтау үшін бір пәтерлі тұрғын үйлердің және олардың инженерлік жүйелерінің өмірлік циклінің барлық сатыларында қауіпсіздігін, тіреу конструкцияларының беріктігін қамтамасыз ету, өрт ошағының туындау мен тарау ықтималдығының алдын алу, сондай-ақ өмір тіршілігі, энергетикалық тиімділік пен ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету есебімен тұруға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
6. Бір пәтерлі үйлерде ғимаратты пайдалану барысында адамдардың тұруына оңтайлы көлемдік-жоспарлау шешімдерді қабылдау, аумақты абаттандыру және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау есебімен тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіптің туындуына жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, қолайлы жағдайлар жасалады.
7. Үйлер мен инженерлік жүйелер орнықтылық пен механикалық беріктікті қамтамасыз ете отырып, тіреу конструкцияларға түсетін болжамдық жүктемелер үйлесімінің әсері есебімен жобаланады және салынады.
8. Өрттің туындауының алдын алу мақсатында үйлерді өрттің таралуын ескеру және алдын алу, халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын қоса алғанда, адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды ұйымдастыру шаралары есебімен жобаланады.
9. Үйлер жер сілкіну және басқа да табиғи-техногендік оқиғалар кезінде тіреу конструкциялардың механикалық беріктігі мен орнықтылығы қамтамасыз етілетіндей етіп салынады.
10. Қажет жағдайда мүмкіндігі шектеулі адамдардың келуіне қолжетімділік пен жайлылық жағдайын жасау есебімен үйлерді және олардың инженерлік жүйелерін жобалау мен салу жүзеге асырылады.
11. Инженерлік жүйелер объектіні салу және пайдалану кезінде энергетикалық және табиғи ресурстардың барынша аз шығындалуын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
12. Кәріз және сумен қамтамасыз етудің инженерлік жүйелері топырақтың және қоршаған ортаның ластануына, үй-жайға судың енуіне және қабырғаның ішкі беттерінде және конструкцияда сұйықтықтың түзілуіне жол бермеуі тиіс.
13. Үйлер және олардың инженерлік жүйелері құрылыс аймағы мен жергілікті табиғи ресурстарды тиімді пайдалану есебімен жобаланады.
14. Үйлер табиғи ландшафт пен қоршаған ортаның барынша ықтимал сақталуы есебімен жобаланады және салынады.
5-тарау. Жобалау және құрылыс барысындағы жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы ережелер
15. Үйлерді жобалау және салу кезінде Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес орындалады талаптары сақталады.
16. Үйде және жер учаскесінде рұқсатсыз басып кіруден қорғайтын тиісті іс-шаралар көзделінеді.
17. Үйлерді жобалау және олардың құрылысы осы құрылыс нормаларының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес орындалады.
18. Үйлер мен шаруашылық құрылыстарды жер учаскесінде орналастыру, олардан іргелес учаскедегі құрылысқа дейінгі қашықтық, сондай-ақ қоғамдық мақсаттағы, оның ішінде иенің жеке кәсіпкерлік қызметіне байланысты үй-жайларға қоса салынған жалғаса салынған үй-жайдың құрамы, мақсаты мен ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, сондай-ақ іргелес үйлер (тұрғын блоктар) тұрғындарының құқықтарын қорғайтын заңнамалардан туындайтын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Конструкциялардың тіреу қабілеті мен сенімділігіне қатысты талаптар
19. Үйдің негізі мен тіреу конструкциялары оның құрылысы барысында және пайдаланудың есептік жағдайларында:
1) үйді пайдалануды тоқтату қажеттілігіне әкелетін конструкциялардың қирауы немесе зақымдануы;
2) өзгеруі мен жарылулардың пайда болуы нәтижесінде жалпы конструкциялар мен үйді пайдалану қасиеттерінің төмендеу мүмкіндігі орын алмайтындай етіп жобаланады және салынады.
20. Үйдің конструкциялары мен негізі келесідей жүктемелер мен әсерлердің:
1) тіреу және қоршау конструкцияларының өзіндік салмағынан туындайтын тұрақты жүктемелер;
2) жабынға уақытша біркелкі таратылған және жинақталған жүктемелер;
3) құрылыстың осы ауданындағы қар мен желден туындайтын салмақтар әсеріне есептелуі тиіс.
21. Өңделіп жатқан аумақтарда, шөкпе топырақтарда, сейсмикалық аудандарда, сондай-ақ басқа да геологиялық күрделі жағдайларда үйлерді орналастыру кезінде тиісті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің қосымша талаптары ескеріледі.
22. Үйлердің іргетастары топырақтың физикалық-механикалық сипаттамалары, құрылыс алаңындағы гидрогеологиялық режимнің сипаттамалары, сондай-ақ іргетастарға және жерасты инженерлік желілерге қатысты топырақ пен жерасты суларының жебірлігінің деңгейлері және үй элементтерінің астындағы негіз шөгіндісінің қажетті біркелкілігін қаматамсыз ету есебімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары бойынша жобаланады.
23. Үйдің беріктігін, сенімділігін, орнықтылығын және жалпы үйдің қызмет ету мерзімін анықтайтын үйдің тіреу конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жол берілген шекте өзіндік ерекшеліктерін сақтайтындай етіп жобаланады.
24. Жөндеу аралық мерзімді тиісті ұлғайту немесе азайту кезінде аз-көп ұзаққа шыдайтын элементтерді, материалдар мен жабдықтарды қолдану туралы шешім техникалық-экономикалық есептермен қабылданады.
25. Конструкциялар мен бөлшектер қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес ылғалдың, төмен температураның, агрессивтік ортаның, биологиялық және басқа да қолайсыз факторлардың ықтимал әсеріне төзімділік қасиетіне ие материалдардан жасалынады. Қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес қажетті қорғаныс құрамы мен жабындар ұсынылады.
26. Құрама элементтерінің түйіспелі қосылыстары және қабатты конструкциялар негіздің әркелкі шөгіндісі немесе басқа да пайдалану әсерлері кезінде туындаған температуралық-ылғалдылық өзгеру мен күш түсу әсеріне есептелінеді. Түйіспе жерлерде қолданылатын тығыздаушы және бітеуші материалдар қолайсыз температуралар мен сулану әсерлерінде серпімділік және адгезиялы қасиеттерін сақтауы және ультракүлгін сәулелерге төзімді болуы тиіс. Бітеу материалдары конструкцияның қорғау және қорғау-декоративтік жабынымен олардың түйіскен жерлерінде үйлескен түрінде қолданылады.
27. Үйлердің құрылысы кезінде тексеру, техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен ауыстыру жұмыстары үшін жабдықтарға, арматураға және инженерлік жүйелер аспаптарына қолжетімділік мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
28. Адамдардың құлау жағдайының алдын алу үшін баспалдақтардың, балкондардың, лоджиялардың, террасалардың, төбежабындыларының және басқа да қауіпті биіктік (деңгей) алмасуы жерлеріндегі қоршау конструкциялары берік және сенімді болып қабылданады.
3-параграф. Өрт қауіпсіздігіне қатысты талаптар
29. Бір пәтерлі тұрғын үйлерді жобалау барысында "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптары ескеріледі.
30. Бір пәтерлі тұрғын үйлер "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес функционалдық өрт қауіптілігінің Ф1.4 сыныбына жатады.
31. Үйлердің, сондай-ақ басқа құрылыстардың арасындағы өртке қарсы қашықтықтар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес қабылданады.
Тұрғын үйдің әрбір жер учаскесінде жеңіл көлікке арналған өтпе жол қарастырылады. Өрт сөндіру автокөліктеріне арналған өтпе жолдар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
32. Іргелес орналасқан тұрғын блоктар өртке қарсы қабырғалармен бөлінеді.
33. Дербес эвакуациялық шығаберіс үй тұрғындарының жеке кәсіпкерлік қызметіне байланысты қоғамдық мақсаттағы үй-жайларға, сондай-ақ, егер оларда газ тәрізді немесе сұйық отындағы жылу генераторын орналастырған және (немесе) осындай отынды сақтаған жағдайдағы жертөлелік үй-жайға немесе цокольдық қабаттарға орналастырылады.
34. Үйдің екі қабат биіктігіндегі ішкі ашық, бұрама және айналма сатылары бар баспалдақтар эвакуациялық баспадақтар ретінде қолданылады, бұл ретте баспалдақтардың отқа төзімділік шегі мен өрт қауіптілік сыныбы, сондай-ақ оның ені мен еңісі регламенттелінбейді.
35. Блокталған үйлерді жобалау және оның құрылысын салу кезінде оттың іргелес тұрғын үй блоктарына және өртке қарсы кедергілерді қоспағандағы өрт бөліктеріне таралуын болдырмау үшін шаралар қолданылады.
Өртке қарсы қабырға мен төбежабындысы арасындағы, сондай-ақ өртке қарсы қабырға мен қабырға қаптамасы арасындағы саңылаулар өртке қарсы қабырғаның барлық қалыңдығы бойынша жанбайтын материалмен тығыз толтырылуы шартымен тұрғын үй блоктарын бөлетін өртке қарсы қабырғалар төбежабындысын және сыртқы қабырға қаптамасын кесіп өтпеуі мүмкін.
36. Көлікжай мен тұрғын үй-жайының арасындағы есік өздігінен жабылуға арналған құрылғымен кіреберістерде тығыздалады және ол ұйықтайтын үй-жайға шықпауы тиіс.
37. Үйдің құрылыс конструкциялары жанудың жасырын таралуына мүмкіндік туғызбауы тиіс.
38. Тұрғын үй-жайлар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін дербес оптикалық-электрондық түтіндік өрт хабарлағыштармен жабдықталады.
39. Жылу генераторлары, оның ішінде қатты отынды пештер мен каминдер, пісіру плиталары және мұржалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес үйдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструктивтік шешімді жүзеге асыра отырып, жасалынады. Зауытта жасалған жылу генераторлары және пісіру плиталары өндіруші кәсіпорын нұсқаулықтарында мазмұндалған қауіпсіздік талаптары есебімен де орнатылады.
40. Зауытта жасалған газ каминдері қабылданады. Жану өнiмдерiн шығару түтiндіктерде жүзеге асырылады. Каминдерді орналастыру және олардың қауіпсіздігі автоматикасының газ жанғыш құрылғыларымен жабдықталуы өндіруші кәсіпорын нұсқаулықтарында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
41. Электр қондырғылар "Төменвольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" КК ТР, ЭҚҚ талаптары бойынша және осы тармақтың ережелері есебімен қабылданады.
Құрылыс конструкцияларының тікелей бетінде немесе солардың ішінде жасырын монтаждалатын электр сымдар жүйесі кабельмен немесе жануды таратпайтын қабығы бар оқшауланған сымдармен орындалады.
42. Үйлерді жобалау және құрылысын салу барысында "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес сыртқы өрт сөндіру үшін сумен жабдықтау жөніндегі талаптар ескеріледі. Өртке қарсы сумен жабдықтаудың сыртқы су құбыр желілері болмаған жағдайда, табиғи су көздері қолданылады немесе өрт су қоймалары орнатылады.
4-параграф. Аумақты жоспарлауға қойылатын талаптар
43. Үйдің аумағын келесідей аймақтарға бөлуге рұқсат етіледі:
1) демалу және спортпен шұғылдану;
2) шаруашылық аймақ;
3) гүл өсіру және бау-бақша шаруашылығы аймағы (жер учаскесінің көлеміне және тапсырыс берушінің қалауына байланысты).
Бұл ретте аймақтар арасындағы функционалды өзара байланыстың және оларға тұрғын үйден қол жетімділіктің, сондай-ақ көлікжай мен оның кіреберінің (мүмкіндігінше құрылыстың негізгі объектілермен қиысылуын болдырмау есебімен) орынды орналасуының қамтамасыз етілуі қажет.
44. Шаруашылық құрылыстар және қоқыс жинау мен сақтау орындары жалпыға көрінбейтіндей етіп жобаланады.
45. Жер учаскесін жобалау кезінде жер бедерінің күрделілігі ескеріледі.
46. Аумақты абаттандыру кезінде бар жасыл желектер қолданылады.
47. Жер учаскесін қоршауда қолданылатын материалдар берік және сенімді болады.
48. Жер учаскесінің ландшафтында тіреуші қабырғаларды барынша аз пайдалану қарастырылады.
49. Пәтер маңындағы учаскеде сыртқы жарықтандыруды орнату барысында көрші құрылыстарда және өтпе жолда шағылысудың туындауы рұқсат етілмейді.
50. Аумақ учаскесінде автокөліктерге арналған автотұрақ аймағы қамтамасыз етіледі.
6-тарау. Көлемдік-жоспарлау шешімдерге қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы ережелер
51. Үй сәулеті мен жоспарлау жөніндегі шешім таңдалған аймақта учаскенің орналастырылуы, оның көлемі және үй типімен, көлемімен, пішінімен шартталған жер бедері есебімен қабылданады.
52. Үйдің сәулет-жоспарлау қасиетін анықтайтын талаптар:
1) функционалдық аймақтарға бөлу және үй-жай арасындағы байланыс;
2) бөлме үйлесімі мен олардың көлемдері;
3) қажетті табиғи жарықтандыру мен инсоляция;
4) ғимараттың жылулық қорғауы және басқалар болып бөлінеді.
53. Үй-жайдың биіктігі үй-жай мақсатына және төбе еңісіне қарай қабылданады.
54. Баспалдақ маршының және пандустардың еңісі мен ені, саты биіктігі, баспалдақ бетінің ені, баспалдақ алаңшасының ені, баспалдақ, жертөле, пайдаланатын шатыр бойымен өтетін жердің биіктігі, еден деңгейлерінің айырмасы, сондай-ақ есік ойықтарының көлемі ыңғайлылық, қауіпсіз қозғалу және үйдің үй-іші заттары мен жабдықтарын жылжыту мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп жобаланады.
Қажет болған жағдайда тұтқалар көзделінеді.
55. Үй элементтерінің конструктивтік шешімдерінде (оның ішінде қуыстардың орналасуы, конструкция арқылы құбырларды өткізетін жерлерді бекіту әдістері, желдету саңылауларын орнату және жылу оқшаулауды орналастыру және әрі қарай) кеміргіштердің еніп кетуінен қорғану қарастырылады.
56. Тұрмыстық газ жабдығымен жабдықталған ас бөлмелері желдету үшін орналасу күйінің бекітілуін қамтамасыз ететін аспаптармен жабдықталған терезенің ашпалы көздері, фрамугалар немесе терезелердің жармасы немесе таза сыртқа ауаның тұрақты келуін қамтамасыз ететін клапандар арқылы келетін таза ауамен қамтамасыз етіледі.
57. Санитариялық торапқа кіреберісті тұрғын үй-жайдан тікелей орнатуға жол беріледі.
58. Бір пәтерлі тұрғын үйлер мен қоғамдық мақсаттағы үй-жайлардағы кіреберіс есіктері сыртқа қарай ашылатындай етіп күшейтілген болып қабылданады.
59. Балкондарды (лоджияларды) орналастыру кезінде үй-жайды пайдаланудың қолайлығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
60. Үйді сыртынан әрлеу үшін жылудың жоғалуына кедергі келтіретін материалдар қолданылады.
61. Бір деңгейден жоғары үйді жобалаған кезде жалпы үйлесімді түрі қарастырылады.
62. Қолданыстағы бірінші деңгейдегі үйдің үстіне екінші деңгейдегі үйді салған кезде өтпе жолдар мен өткелдердің үстіне жоғарғы қабаттың көлемді бөліктерінің ілініп тұруына жол берілмейді.
2-параграф. Қосалқы үй-жайлар
63. Үш қабатты үйлердегі жертөле қабаты мен цокольдық қабаттан сыртқа шығаберістің тұрғын бөліктегі баспалдақ торымен жанасуына рұсат етілмейді.
64. Тұрғын бөлменің астына электр қалқанды орналастыруға жол берілмейді. Электр қалқанмен іргелес (жоспарда) орналасқан тұрғын бөлмелер үшін электр магниттік сәулеленуден қорғау қарастырылады.
65. Еденасты қойма мен жерқойма жеке жерасты құрылыстарда немесе үйдің жертөле бөлігінің үй-жайында орналастырылады.
66. Үй қанатын атмосфералық жауын-шашыннан қорғауға арналған күнқағар немесе басқа да құрылғылар орнатылады.
67. Тегістеме деңгейінен төмен орналасқан ойықтың төменгі жағындағы белгісі бар және сыртында орналасатын терезелер мен кіреберістердің жаңасшұңқырлары су бұрушы борттармен жабдықталады.
68. Негізгі кіреберістің күнқағарының алаңшасына шығатын тұрғын үйлердегі сыртқы баспалдақ рұқсат етілетін еңіспен жобаланады.
69. Сатылардың, алаңшалардың көлденең беттерінде және үй қанаты пандусының еңіс беттерінде кедір-бұдыр жабынмен жабдықталады. Зертас тақтаны және табиғи тастан жасалған жылтыратылған (тегістелген) тақталарды қолдануға тыйым салынады. Алаңдар мен сатыларды табиғи таспен жасағанда жылулық өңдеуден өткен қатты жыныстар таңдалады. Сатылардың плиткалары бүтін болуын қарастырады.
70. Тікелей жылытылатын үй-жайға сыртқы кіреберісті орналастырған кезде тамбур қарастырылады.
71. Үйлерде шатырды орнату көзделуі тиіс.
72. Ауа тартқыш желдеткішінің жүйесі болмаған жағдайда, шатырлар мен еденасты қоймаларын желдету қарастырылады.
73. Суағар үй шатырынан ұйымдастырылады, сондай-ақ үйдің шатырларында электрмен қамтамасыз етілетін ауа желілерінің және радио мен теледидар антенналарын және тіреуіштерін орналастыру қарастырылады.
74. Дәліздерді, террассаларды немесе лоджияларды орналастыру барысында оларды үйдің негізгі үй-жайларына байланыстыру қарастырылады.
75. Жатын үй-жайларының жанында монша-кір жуу блоктарын орналастыруға жол берілмейді.
7-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету
76. Үйлерді жобалау және құрылысын салу барысында Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормалау құжаттары) талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.
77. Жылдың суық мезгілінде ауаны еріксіз беретін ауа жылыту жүйесі үйдің үй-жайларында микроклимат (температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдығы, үй-жайдың салдарлы температурасы) параметрлерінің рұқсат етілген мәндерінің қамтамасыз етуілуіне есептелінеді. Ауа баптау жүйелерін орнатқан кезде оңтайлы параметрлер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес жылдың жылы мезгілінде де қамтамасыз етіледі.
78. Желдету жүйесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес үй-жайлардағы ауа тазалығын (сапасын) және оның біркелкі келуі мен таралуын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
79. Табиғи желдетуді қамтамасыз ету мақсатында терезенің реттемелі ашпалы көздері, фрамугалар, клапандар және басқа да тәсілдер арқылы үй-жайды желдету мүмкіндігі қарастырылады.
80. Құрылыс кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген материалдар пайдаланылады.
81. Инженерлік-экологиялық іздестірулер деректері бойынша топырақ газдары (радон, метан, торин) бөлінетін жер учаскелерінде үйлердің құрылысын салған кезде топырақ газдарының топырақтан үйге енуіне жол бермеу мақсатында топырақпен жанасатын еден мен жертөле қабырғаларын оқшаулау шаралары және газ шоғырлануының азаюына септігін тигізетін басқа да шаралар қолданылады.
82. Тұрғын үй-жайлардың сыртқы және ішкі қоршау конструкцияларын, ауа өткізгіш пен құбырларды дыбыстан оқшаулау шуылдың сыртқы көздерінен, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құжаттардың талаптары бойынша рұқсат берілген деңгейден аспайтын инженерлік жүйелер жабдықтарынан шығатын шудың дыбыс қысымын азайтуды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
83. Тұрғын бөлмелер мен ас бөлмелерде (асханаларда) табиғи жарықтандыру қарастырылады.
84. Қоғамдық мақсаттағы қоса салынған үй-жайлар үшін табиғи жарықтандыру қажеттілігі және олардың көрсеткіштері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құжаттар бойынша белгіленеді.
85. Үйді қоршау конструкцияларында жылуды оқшаулау, сыртқы суық ауаның енуінен ауаны оқшаулау және де:
1) конструкцияның ішкі беттерінде тиісті температураны және үй-жай ішінде ылғалдың жиналуының болмауын;
2) конструкцияларда ылғалдың жиналуының алдын алуды қамтамасыз ететін сыртқы үй-жайдан су булары диффузиясынан буды оқшаулау есебімен жобаланады.
86. Үйдің үй-жайы жауын-шашынның, қар суының, жерасты суының енуінен және судың тұрмыстық жылыстауынан қорғалады.
87. Үйді ауыз сумен қамтамасыз ету елді мекенді сумен жабдықтаудың орталықтандырылған желісімен қарастырылады.
Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған желілері болмаған жағдайда, елді мекенді сумен жабдықтаудың жекеленген жерасты көздерінен алынған ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкін.
88. Ауыз судың сапасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес қабылданады.
89. Жерүсті қабаттарда тұрғын үй-жайлар мен ас бөлмесі орналастырылады. Үй-жайдың рұқсат етілген ең төменгі биіктікке аспалы немесе жалғама төбелерді орнату әсер етпеуі тиіс.
90. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды жою халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормалау құжаттарына сәйкес ұйымдастырылады.
91. Ағын сулар мен қатты қалдықтар аумақты және сулы деңгей жиектерін ластамай отырып, шығарылады.
92. Пәтер маңындағы жер учаскесін абаттандыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес ағаштар мен бұтақты өсімдіктерді егу кезінде ғимараттардан, құрылыстардан, сондай-ақ инженерлік абаттандыру объектілерінен арақашықтығы сақталады.
8-тарау. Инженерлік жүйелер мен жабдықтар
93. Бір пәтерлі үйлердің инженерлік жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау есебімен жобаланады.
94. Үйлердің инженерлік жүйелері микроклимат пен үйдегі жылу жайлылығы параметрінің, оның санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларының, сондай-ақ осы құрылыс нормаларының талаптарына инженерлік қондырғылардың қауіпсіздік деңгейінің сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс.
95. Үйлерде өтімді тіркейтін немесе жинақтайтын аспаптарды (есептегіштерді) орнату қарастырылады, олар:
1) жылумен қамтамасыз ететін орталықтандырылған жүйеде жылудың;
2) газдың немесе сұйық отынның;
3) суық және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі судың;.
4) барлық электр қабылдағыштармен пайдаланған электр энергиясының қолданған мөлшерін анықтайды.
96. Жасалатын құбырлар мен каналдарды қосапағандағы инженерлік жүйелердің құрылғылары мен элементтері тексеруге, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және тазалауға қолжетімді болып қарастырылатындай етіп жөнделінеді.
97. Осы құрылыс нормалары бір пәтерлі үйлерді сумен жабдықтауға қатысты төмендегі талаптарды белгілейді:
1) елді мекенді орталықтандырылған сумен жабдықтау желісінен немесе сумен жабдықтаудың жеке жерасты көзінен алынған ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) қондырғыларды, арматураны, аспаптарды және сумен жабдықтау жүйесінің құрылғыларын тексеру, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру үшін қолжетімді болуы.
98. Үйді сумен жабдықтау жүйесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес үйде судың талап қойылатын шығынының берілуі қамтамасыз етілетіндей жобаланады.
99. Үйді сумен жабдықтау жүйелерін жобалау және орнату, сондай-ақ үйден құбыр шығару, салу және аспаптарды орнату кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтің талаптары және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталады.
100. Сумен жабдықтау желілерінің гидравликалық есебі, сонымен қатар полимерлік материалдардан жасалған құбырларды жобалау және монтаждау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес іске асырылады.
101. Олардың жылжуы өртке немесе жарылысқа алып келуі ықтимал агрегаттар мен аспаптар (мысалы, газды су жылытқыштары) сейсмикалық ауданда құрылысы салынған үйде нық бекітіледі.
102. Ағын суларды ағызып жіберу үшін орталықтандырылған, жергілікті немесе жекеленген, оның ішінде күрелген, сіңіретін немесе санитариялық жеке биоөңдеуші кәріз жүйесі қарастырылады.
103. Бір пәтерлі үйдің кәріз жүйесі орталықтандырылған немесе топтық сыртқы желіге біріктіріледі, ал олар болмағанда бөлек орнатылады.
104. Кәріз жүйесінің жобалануы және орнатылуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерінің талаптары бойынша іске асырылады.
105. Қондырғылар мен құбырлардың жұмысына төмен температураның кері әсер етуі ықтимал салдарынан қондырғылар мен құбырлар олардың әсерінен сақтандырылады.
106. Ағын суларды ағызу кезінде кәріздің дербес жүйесінде сүзгі қондырғылары қарастырылады.
107. Кәріз аймағында дәретхана, қазба шұңқырлар мен септиктер орнатуға жол берілмейді.
108. Кәріз жүйесіне люфт-клозеттерді немесе биодәретханаларды орнатқанда, нәжіс жиналатын және оны шығаратын сыйымдылық ыдыстары орналастырылады.
109. Су жыралары мен құбырларды салу кезінде жерасты суларын, төсеу орнын және топырақ түрі есептеледі.
110. Топырақты өңдеуге, шөгуіне және аяздан ісінуді қоса алғандағы басқа да көшуіне, сейсмикалық әсерлерге ұшыраған күрделі геологиялық жағдайдағы аудандарда үйлерді салған кезде инженерлік коммуникацияларды іске қосу негіздердің жылжу ықтималынының өтемі есебімен орындалады.
111. Жылыту жүйесі адамдар тұрақты болатын барлық тұрғын бөлмелерде және басқа үй-жайларда микроклиматтың мөлшерленген параметрлері қамтамасыз етілетіндей етіп, жылуды таратуы тиіс.
112. Үйдің жылыту жүйесін жобалау үй-жайдың ауасын біркелкі жылыту, жылумен қамтамасыз ету жүйесінің гидравликалық және жылу тұрақтылығы есебімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес іске асырылады. Бұл ретте өрт қауіпсіздігін және жүйені пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылады.
113. Үйдің жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін қолмен немесе автоматты түрде реттеу қарастырылады.
114. Еденнің су жылуын есептеуді, қажетті түрін таңдауды, сондай-ақ орнатуды оның жүктемесі есебімен жүзеге асыру ұсынылады.
115. Экономикалық мақсаттылық кезінде электрлік жылытуды орнатуға рұқсат етіледі.
116. Каминді орнату кезінде оның орналасу орны, конструкциялық ерекшелігі және үй-жайды әрлеу есепке алынады.
117. Түтіндіктің конструкциясы бөлініп шығатын газдың жоғарғы температурасына төзетіндей, конденсаты бар күйе қоспасына төзімді болатындай әрі өрт және пайдалану нормаларына сәйкес келетіндей етіп жобаланады.
118. Каминдер мұржаларына ағаш, мырышпен қапталған қаңылтыр, силикатты және қуыс кірпіш, саз сияқты материалдарды қолдануға жол берілмейді.
119. Түтіндік диаметрі каминдер оттығының шығаберіс саңылауының диаметріне тең болып қабылданады.
120. Жылыту жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес әзірленеді, жөнделінеді және сынақталады.
121. Желдету жүйесі ауа алмасудың нормативтік көлемін қамтамасыз ететіндей, бірақ сонымен қатар жылу генераторларынан түтінді жою жұмыстарына кері әсер беретін үйдің ішінде ауаны сейілтуге жол берілмейтіндей етіп жобаланады.
Желдету жүйесі отынның толық жануы және үй-жайды желдетуге талап етілетін көлемде ауаның келуін қамтамасыз ететіндей жобаланады. Ауа жылу генераторына мүмкіндігінше жақын ығысады.
122. Ғимаратты жылумен қамтамасыз ету үшін жанудың бітеу камералары бар жылу генераторларын пайдаланғанда жанатын ауа тікелей ғимарат сыртынан ауа өткізгіш бойымен жеткізіледі.
123. Желдету жүйесін және ауа баптауды жобалау үшін сыртқы ауаның есептік параметрлері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша ескеріледі.
124. Үйдегі ауа алмасу бір үй-жайдан басқасына зиянды заттардың және жағымсыз иістердің таралуына (келуіне) жол берілмейтіндей етіп ұйымдастырылады.
Ауаны ас бөлмеден, дәретханадан, жуыну бөлмесінен, кептіру шкафынан, қажет болғанда - үйдің басқа үй-жайларынан жою қарастырылады.
125. Жануарлардың немесе жәндіктердің енуінен қорғау үшін ауа жинайтын саңылаулар, оның ішінде үй асты қоймалары мен шатырдың сыртқы қабырғаларындағы желдету жүйелері металл торлармен немесе торлармен жабылады.
126. Құмды боран және шаң мен құмның қарқынды таралатын аудандарында ауа жинайтын саңылаулар артынан олардың шөгуіне арналған камералар қарастырылады.
127. Желінің тарамдалуын қоса алғанда, электр тарту сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, оның ішінде Электр қондырғыларды орнату қағидаларына және осы құрылыс нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
128. Жылыту жүйелеріне, ыстық сумен жабдықтауға және үйді желдетуге арналған газ тұтынатын жабдықтар, сондай-ақ тамақ дайындауға арналған газ плиталары орталықтандырылған газбен жабдықтау желілеріне қосылуы тиіс. Орталықтандырылған газбен жабдықтау болмағанда, жоғарыда аталған барлық үйдің жүйелері мен олардың бөліктерін газбен қамтамасыз ете отырып, жеке баллон қондырғылары немесе сұйылтылған газ қорлары негізінде газбен жабдықтаудың дербес жүйесі жасалады.
129. Сұйытылған газ резервуарларын орнатқанда, учаскеде газбен жабдықтау жүйелері нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар сақталады.
130. Үйді жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған жүйеге қосылу арқылы қамтамасыз етіледі, ал ол болмаған кезде - жылумен жабдықтаудың (жылу генераторының) жеке көзін орнату арқылы қосу қамтамасыз етіледі. Үйді жылумен қамтамасыз ету жүйесіне үй алдындағы учаскеде орналасқан есік алды құрылысының жылыту жүйелерін қосуға болады.
131. Жеке жылу пункттері, бір пәтерлі үйлердің орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жабдықталады. Жылумен қамтамасыз ету жүйесінде үйді жылыту және желдету жүйесінде жылу тасымалдағыштың температурасы мен қысымы сәйкес келгенде, оларды тәуелді сызба бойынша жылу желісіне қосуға жол беріледі. Үйдің алдындағы учаскедегі жылу желісі жөндеуге қолжетімді болып көзделеді.
132. Жеке жылу генераторларының талап етілетін өнімділігі жылыту жүйесіне (қажет болғанда – сондай-ақ желдету жүйесіне) келетін өндірілетін жылу көлемі сыртқы ауаның есептік параметрлерінде үйдегі ауаның оңтайлы (жайлы) параметрлері жеткілікті түрде ұсталатындай, ыстық сумен жабдықтау жүйесіне келетін жылу көлемі осы жүйеге ең көп есептелген жүктемеде ыстық судың белгіленген температурасы жеткілікті түрде ұсталатындай белгіленеді.
133. Зауытта өндірілген жылу генераторлары қауіпсіздік талаптарын және өндіруші зауыт кәсіпорнының нұсқаулығында көрсетілген сақтық шараларды сақтай отырып орнатылады.
134. Үйді газбен жабдықтау жүйелерін жобалау және орнату келесі негізгі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) тиісті көлемде және қажетті параметрлерде газды жеткізу;
2) газ құбырларының ішкі диаметрлері газ тұтынудың ең жоғары сағаттарында барлық тұтынушыларға газ беруді қамтамасыз ету жағдайын есептеумен анықталады;
3) газ құбырларының беріктігінің есебі құбыр қабырғаларының қалыңдығын және қосылатын бөлшектерді және оның ішіндегі кернеулерді анықтауды қамтиды.
9-тарау. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты талаптар
135. Жобалау кезеңінде, қажетті жағдайда халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына бір пәтерлі тұрғын үйлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету кезінде пандустар, учаскеде жолдардың қажетті габариттері, есіктердің, тамбурлердің, дәліздер мен асүйлердің, тұрғын және жалпы бөлмелердің тиісті өлшемдері, сонымен қатар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жуынатын бөлмелері қарастырылады.
136. Қажет болған жағдайда баспалдақтар пандустармен немесе көтерме құрылғылармен қосарланады.
137. Биіктік деңгейінің айырмасы кезінде барлық жүретін жолдар пандустармен құралдандырылады.
138. Есіктер халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына ыңғайлы және қауіпсіз болып орнатылады.
139. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған дәретханаларда, ванна бөлмелерінде, құлап қалған адамды құтқару кезінде, есікті кедергісіз ашуға болатындай етіп, есіктер сыртқа қарай ашылатын болып орнатылады.
140. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған жуынатын бөлмелерде тұтқа ұстағыштар ойластырылады. Тұтқалар үй-жайдың әрбір учаскесінде адамдардың сүйену мүмкіндігі болатындай болжанады.
141. Тұтқалар конструкциясын жарақаттануға немесе қол ұшы тигенде ілініп кетуге мүмкіндік беретін шығыңқы элементтерінсіз орындалады. Тұтқаны ұстайтын бетті элементпен немесе кедергілермен жабуға жол берілмейді.
142. Кресло-арбада қозғалатын мүгедектерге арналған тұрғын үйлердегі санитариялық тораптар мүгедектерге санитариялық аспаптарды өздігінен қолдануға көмектесетін керек-жарақтармен құралданады.
143. Бірінші қабат деңгейінде кресло-арба арқылы қозғалатын, мүгедектері бар отбасыларына бір пәтерлі тұрғын үйлерді жобалау барысында, тікелей үй алдындағы аумаққа шығатындай мүмкіндік қарастырылады.
144. Тұрғын жайларды жобалау кезінде тұрушылардың басқа санаттарының қажеттігін ескеру қажеттілігі кезінде оларды кезекті қайта жарақтау мүмкіндігі көзделеді.
10-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
145. Жер учаскесінің аумағында жасыл көшеттерді отырғызу көзделеді.
146. Аумақты және су деңгейі жиектерін ластауды болдырмау үшін қалдықтарды уақытында қайта кәдеге жарату жолымен сарқынды суларды тазалау және залалсыздандыру іс-шаралары жүзеге асырылады.
147. Тік жоспарлауды ұйымдастырған кезде қар еру мен нөсер болу және топырақ қабатын шаятын ағын сулардың пайда болу кезеңінде жер бедерінің төменгі қабаттарында су шоғырының пайда болуына жол бермейтін жерүсті су бұру құрылғыларын орнату қарастырылады.
148. Конструкцияның құрылыс материалдары мен элементтері ауаға, су мен топыраққа рұқсат етілген шектік шоғырынан асатын көлемде химиялық заттардың бөлінбеуі, олардың беттерінде микрофлораның дамуына септігін тигізбеуі тиіс.
149. Үйдің құрылысын салу кезінде техниканы, жер және басқа да жұмыс түрлерін пайдаланудан қоршаған ортаға тиетін зиянды әсерді азайту шаралары жүргізіледі.
150. Учаске аумағында су қоймасы болған жағдайда, оның жағалау аймағы абаттандырылады.
11-тарау. Энергияны үнемдеу мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қатысты талаптар
1-параграф. Энергия тұтынуды үнемдеу
151. Үйді жобалаған кезінде заманауи энергияны үнемдейтін технологиялар мен жоғары тиімді жылуды оқшаулау материалдарын қолдану мүмкіндігі есепке алынады.
152. Энергияны үнемдеу нормаларына қатысты талаптарды сақтау, үйдің негізгі элементтерінің - құрылыс конструкцияларының және инженерлік жүйелерінің сипаттамалары бойынша немесе үйді жылыту энергиясының үлестік шығынының кешенді көрсеткіші бойынша бағаланады.
153. Үй энергиясы тиімділігін оның құрылыс конструкцияларының және инженерлік жүйелерінің сипаттамасы бойынша бағалау мақсатында:
1) жылу берудің келтірілген кедергісінің және қоршау конструкциясының ауа өткізгіштігінің қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес талап етілген деңгейден төмен болмауы;
2) жылыту, желдету, ауа баптау және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде қолмен реттеу немесе автоматты реттегіштің болуы;
3) орталықтандырылған жабдықтау кезінде үйдің инженерлік жүйелері жылу энергиясын, суық және ыстық суды, электр энергиясы мен газ есептеу аспаптарымен жабдықталуы шарттарының сақталуы талап етіледі.
154. Үйді және іргелес аумақты жарықтандыру үшін энергияны барынша аз тұтыну қамтамасыз етіледі.
155. Энергия үнемдеу және жылудың шығынын азайту үшін электр жылытуды орнату барысында заманауи реттеу жүйелерімен құралдар орнатылады.
156. Үйдің құрылысын салу кезінде қоршау конструкциялары арқылы жылу шығынын азайту мақсатында тиімді жылылықты сақтайтын материалдар пайдаланылады.
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
157. Бір пәтерлі тұрғын үйді жобалау және оның құрылысын салу үй-жайдың ішкі микроклиматына және өмір сүрудің басқа да жағдайларына қойылатын белгіленген талаптарды орындау кезінде оны пайдалану барысында қайта жаңғыртылмайтын табиғи ресурстардың тиімді және үнемді шығындалуы қамтамасыз етілетіндей етіп жүзеге асырылады.
158. Үй-жайды жобалау үйдің барлық үй-жайларына күн жарығының таралуы есебімен орындалады.
159. Жер учаскесін суарған кезде су шығынын бақылауға арналған автоматты реттеу жүйесі қарастырылады.
160. Жер учаскесін жарықтандыру үшін дербес күн шырағданын пайдалануды қарастыруға жол беріледі.
161. Жер учаскесін суаруға және басқа тұрмыстық қажеттіліктерге жаңбыр суын жинау мен оны пайдалану қарастырылады.
ӘОЖ 728 МСЖ 91.040.30
_________________________________________________________________
Түйінді сөздер: бір пәтерлі тұрғын үй, блок, қабат, жерасты қабат,
шатыр, тұрақ, жертөле, желдету жүйесі, жылыту, газбен жабдықтау,
ас бөлмесі, блокталған ғимараттар.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 131-нқ бұйрығына 3-қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыссаласындағы мемлекеттік нормативтер ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ Государственные нормативы в области архитектуры, градостроительства и строительства СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ПРОЕКТИРОВАНИЕ ГОСТИНИЦ
ҚР ҚН 3.02-06-2018
СН РК 3.02-06-2018
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН: | "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ |
2 ҰСЫНҒАН: | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті |
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН: |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы "__"________ № ___ бұйрығы |
ПРЕДИСЛОВИЕ
4 РАЗРАБОТАН: | АО "Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры" |
5 ПРЕДСТАВЛЕН: | Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан |
6 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: |
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан от "__"________ 2018 года № ___ |
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Мазмұны
1-тарау. | Қолданылу саласы | |
2-тарау. | Нормативтік сілтемелер | |
3-тарау. | Терминдер мен анықтамалар | |
4-тарау. | Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары | |
1-параграф. | Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары | |
2-параграф. | Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары | |
5-тарау . | Жобалау және құрылыс барысындағы жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар | |
1-параграф. | Жалпы талаптар | |
2-параграф. | Ғимараттың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге қатысты талаптар | |
3-параграф. | Өрт кезінде ғимараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | |
4-параграф. | Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге қатысты талаптар | |
5-параграф. | Қонақ үйлердің инженерлік жүйелері мен қондырғылары | |
6-параграф. | Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік | |
7-параграф. | Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, ғимараттардың пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар | |
8-параграф. | Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік | |
9-параграф. | Қоршаған ортаны қорғау | |
6-тарау. | Табиғи ресурстарды үнемдеу және оларды ұтымды пайдалану | |
1-параграф. | Энергия тұтынуды үнемдеу | |
2-параграф. | Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ПРОЕКТИРОВАНИЕ ГОСТИНИЦ
Қолданысқа енгізілген күні 2018-ХХ-ХХ |
1-тарау. Қолданылу саласы
1. Осы құрылыс нормалары қонақ үйлер ғимараттарын орналастыруға, жер теліміне, көлемдік-жоспарлау шешіміне, инженерлік жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы құрылыс нормалары қайта салынатын және қайта құрылатын қонақ үйлер ғимараттары мен кешендеріне, сондай-ақ көпфункционалдық ғимараттар мен жобаланатын меншік түріне қарамастан өзге мақсаттағы ғимараттар құрамына кіретін:
1) үлкен және орташа қалалар үшін – сыйымдылығы кемінде 10 нөмір және биіктігі 50 метрге дейін қоса алғанда;
2) шағын қалалар, курорттық, саяхаттық және спорттық аумақтар үшін – сыйымдылығы кемінде 6 нөмір;
3) ауылдар мен жергілікті елді мекендер және мекемелер, өнеркәсіптің құрамында және сол сияқтылар үшін – сыйымдылығы кемінде екі нөмерлі қонақ үйлерін жобалауда қолданылады.
3. Осы нормалар талаптары:
1) бірегей қонақ үй-туристік кешендерді;
2) тұрақты емес ғимараттарда (уақытша, жылжымалы, құрама-жиналма және басқа да ұсақ құрылыстар) орналасатын қонақ үйлерді;
3) қызмет көрсететін персоналды пайдаланбайтын қонақ үйлерді (толығымен автоматтандырылған қонақ үйлер) жобалауда қолданылмайды.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 04.06.2019 № 84-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай сілтемелер қажет:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – Кодекс);
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң);
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Энергия үнемдеу туралы заң);
"Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы;
"Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы;
"Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 01-08/200 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5367 болып тіркелген) (бұдан әрі – Туристердің орналасу орындарының жіктеу ережесі);
"Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭҚҚ);
"Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14858 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламенті);
"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 438 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15551 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті);
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті);
"Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" РМЕМСТ ҚР СТ 12.4.026.
Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі", "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі" және "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі" деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы құрылыс нормаларында келесі терминдер және оған сәйкес тиісті анықтамалар қолданылады:
1) үй-жайлардың вестибюльдік тобы - қабылдау және тіркеу, гардероб, сақтау камерасы, күзет, байланыс бөлімі, әкімшілік, валюта айырбастау пунктінің үй-жайлары және басқа;
2) жоғарғы жарық шамы (зениттік шам) - жабын конструкциясының ішіне салынатын жарық өткізгіш материалдар жасалатын конструкция;
3) қонақ үй - уақытша тұруға арналған, жиһаздармен жабдықталған бөлмелер ("нөмірлер") бар ғимарат немесе үй-жайлар кешені;
4) қонақ үй кешені - қонақ үй қызметтерін көрсетуге байланысты әртүрлі функционалдық қызметтерге арналған бірнеше ғимараттар;
5) өрт сөндіру лифтісі - өрт кезінде өрт бөлімшелерінің пайдалануына арналған лифт;
6) өртке қарсы бөлім - ықтимал өрт шығу алаңын шектеу және оны жою шарттарын қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы кедергілер мен (қабырғалармен, аумақтармен, арақабырғалармен және негіздемелері болғанда басқа да кедергілермен) бөлінген ғимараттың бір бөлігі;
7) тамақтану кәсіпорындары - өндірістік және қойма үй-жайларын қоса алғанда, мейрамханалар, асханалар, дәмханалар, барлар;
8) қосымша пайдаланылатын үй-жайлар - азаматтардың тұрмыстық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған үй-жайлар, оның ішінде: ас үй немесе текшелі ас үй, кіреберіс, жуынатын бөлме немесе душ бөлмесі, дәретхана немесе біріккен санитариялық торап, қойма немесе шаруашылық кіріктірме шкаф, жуу бөлмесі, жылу генераторы бөлмесі және тағы сол сияқтылар;
9) лифт залы - лифтке кіру алдындағы үй-жай;
10) лоджиялар - үш жағынан тіреу (негізгі) қабырғалардың үстіңгі бетімен шектелген және қасбет жағынан ашық, арақабырғалары бар алаңша;
11) тұрғын үй-жай - уақытша тұруға жарамды жеке үй-жай;
12) цокольдық қабат - қабат биіктігінің жартысынан аспайтын жердің жоспарланған белгісінен төмен үй-жайдың едендік белгісі бар қабат.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттары және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаттары
6. Нормативтік талаптардың мақсаттары – адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен мүлікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қонақ үй ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергетикалық тиімділік пен ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ онда уақытша тұру мен келіп-кету үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
7. Жобаланатын қонақ үй ғимараттары мен қонақ үй кешендеріне қойылатын негізгі функционалдық талап қауіпсіз және жайлы тұру үшін жағдай жасау болып табылады.
Қонақ үйлер ғимараттарын жобалау кезеңінде объектінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектіні терроризмге қарсы қорғау шараларын құру үшін террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне қатыстылығын айқындау қажет.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 04.06.2019 № 84-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Қонақ үй ғимараттары қонақ үйдің ерекшеліктеріне (айрықша емдік-профилактикалық қызмет көрсету (курорттық қонақ үй), балаларға қызмет көрсету (отбасылық демалысқа арналған қонақ үй) іскерлік қызмет көрсету және басқалар) байланысты тұрғындардың болжамдарын қанағаттандыратындай етіп жобаланады және салынады.
9. Механикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғимарат конструкциялары пайдаланудың есептік мерзімі ішінде оларды салу, қайта құру және пайдалану кезінде сыналуы ықтимал болжамдық әсер етулердің үйлесіміне төзімді болуы тиіс.
Ғимараттар негіздері/іргетастары әсер етулердің өзіндік сандық мәндерін және қауіпсіздік коэффициенттерін қолдану есебімен жобаланады, ескерту және қорғау іс-шараларын сақтай отырып, пайдаланылады.
10. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қонақ үй ғимараттары "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР және Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптары есебімен жобаланады және салынады.
11. Қонақ үй ғимараттары оның қызмет ету мерзімі ішінде адамдардың қонақ үйде тұруы мен келіп-кетуі кезінде микроклиматқа, жарықтандырға, күн сәулесіне, шуға, діріл мен сәулеленуге және бөлменің ауасында ластағыш заттардың болуына байланысты адам денсаулығына қауіп төндірмейтіндей етіп жобаланады және салынады.
12. Сумен жабдықтау және су құбырының жүйелері ыстық су мен суық судың қажетті көлемде үздіксіз берілуін қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады және салынады.
13. Кәріз жүйесі ортаға иістің бөлінуінсіз оның сумен жабдықтау жүйесіне, топыраққа, қоршаған ортаға сулардың ағуы мен төгілуінсіз ағынды суларды өз уақытында кетіруді қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады және салынады.
14. Ғимараттарды ылғалдан қорғау бөлмелерге атмосфералық ылғалдың енуін, онда дымқылдың пайда болуын болдырмауды қамтамасыз ететіндей етіп орындалады, ал сумен жабдықтау мен кәріз жүйесінен су немесе сұйық ағындардың ағып кету жағдайында бөлме ішіндегі апат ошақтарын оқшаулау қарастырылады.
15. Қонақ үйлер мен оған іргелес аумақтар адамдардың, оның ішінде жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдардың мақсатты жерлеріне кедергісіз жету мүмкіндігін қамтамасыз ету есебімен жобаланады және салынады.
16. Қонақ үйлер мен оған іргелес аумақтар пайдалануға қойылатын белгіленген талаптарды орындау, сондай-ақ қайғылы оқиғалар, жарақат алу және адамдар, оның ішінде жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдардың өміріне қауіп тудыру мүмкіндігін барынша азайту есебімен жобаланады және салынады.
17. Қонақ үй ғимараттары және оны жылыту, салқындату, жарықтандыру мен желдету қондырғылары климаттық жағдайлар есебімен пайдаланылатын энергияның талап етілетін көлемінің барынша төмен болатындай етіп жобаланады және салынады.
18. Қонақ үй ғимараттары табиғи ресурстарды кешенді пайдалану, атап айтқанда бұзылуынан кейін құрылыс конструкцияларын, олардың бөліктері мен материалдарын қайта қолдануға (рециклингке), экологиялық үйлесімді және қайта қолданылатын материалдарды пайдалануға кепілдік беру шарттарын сақтау есебімен жобаланады және салынады.
5-тарау. Жобалау және құрылыс барысындағы жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Жалпы талаптар
19. Қонақ үйлерді жобалау "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР, "Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" ТР, "Объектілерді қоғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" ТР, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес іске асырылады.
20. Қонақ үйлердің жайлылығы деңгейінің жіктелуі туристердің орналасу орындарының жіктелу қағидаларына сәйкес анықталады және ерікті мөлшердегі пішіні дұрыс бірден беске дейінгі жұлдызшалардың жиынтығын қамтитын графикалық белгілермен белгіленеді.
2-параграф. Ғимараттың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге қатысты талаптар
21. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарының орындалуы кезінде ғимараттың тіреу конструкциялары осы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қызмет етудің есептік мерзімі ішінде өз қасиеттерін сақтайды.
22. Ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын, сондай-ақ ғимараттың жалпы қызмет ету мерзімін анықтайтын ғимараттың күш түсетін конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талптары және тиісті материалдардан жасалған конструкцияларға қойылатын талаптар есебімен өзінің қасиетін рұқсат етілген шегінде сақтай отырып жобаланады.
23. Ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзіміне қарағанда қызмет ету мерзімі аз элементтерді, бөлшектер мен қондырғыларды ауыстыру жобада белгіленген жөндеуаралық кезеңдерге сәйкес орындалады. Қызмет ету мерзімі аз немесе ұзақ элементтерді, материалдарды немесе қондырғыларды жөндеуаралық кезеңді тиісінше ұлғайту немесе азайту кезінде қолдану туралы шешім техникалық-экономикалық есеппен белгіленеді.
Бұл ретте, құрылыс материалдары, конструкциялары және құрылыс жұмыстарының технологиясы кейіннен жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға жұмсалатын шығынның ең аз болуын қамтамасыз ету есебімен таңдалады.
24. Конструкциялар мен бөлшектер ылғалдан, төмен температурадан, агрессивтік ортадан, биологиялық және басқа да кері факторлардан туындайтын әсерлерге төзімді материалдардан жасалады.
Қажет болған жағдайда ғимараттың тіреу және қоршау конструкциясының қалың қабатына жауын, еріген қар және жерасты суларының енуіне, сондай-ақ конструкцияларды жеткілікті бітеу немесе жабық кеңістіктер мен ауа қабаттарына желдеткіш орнату жолымен сыртқы қоршау конструкцияларында ылғалдың жол бергісіз мөлшерінің жиналуына қарсы тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ, қолданыстағы нормативтік құжаттамалар талаптарына сәйкес қажетті қорғау құрамдары мен жабындарын қолдануға рұқсат етіледі.
25. Құрама элементтерінің түйіскен байланысы және қабатты конструкциялар негіздің біркелкі отырмауынан және басқа да пайдалану әсер ету кезінде туындайтын температуралық-ылғалдық өзгеруі мен күш түсуді қабылдауға есептелінеді. Кері температураның және ылғалдың әсер етуі кезінде түйіскен жерлерге қолданылатын тығыздаушы және қымтауыш материалдар өзіндік серпімділік және адгезиялық қасиетін сақтауы керек, сондай-ақ ультракүлгін сәулелерге де төзімді болуы қажет. Қымтауыш материалдар конструкцияның қорғаушы және қорғаушы-сәндік жабындарының материалдарымен түйісу жерлерінде үйлесімді болып қабылданады.
26. Қондырғыларды, арматураларды және ғимараттардың инженерлік жүйелері мен олардың қосылыстарының құралдарына оларды тексеру, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру үшін қолжетімділік мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Қондырғылар мен құбырлар конструкцияның ықтимал орнын ауыстыруы кезінде олардың жұмысқа жарамдылығы бұзылмайтындай етіп, ғимараттың құрылыс конструкцияларына бекітіледі.
27. Сейсмикалық әсерлерге, топырақтың аяздан ісінуін қоса алғандағы топырақты жерасты қазуға, шөгуге және басқа да жылжуларына ұшырайтын, геологиялық жағдайы күрделі аудандарға ғимараттардың құрылысын салу кезінде инженерлік желілерін іске қосу түрлі инженерлік желілерге қатысты нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес негіздің ықтимал өзгеруінің өтемделу қажеттілігі есебімен орындалады.
3-параграф. Өрт кезінде ғимараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
28. Қонақ үй ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігін жобалау "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ғимараттар арасындағы ең кем арақашықтық "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес қабылданады.
29. Адамдарды қорғау және құтқару құралдарына қойылатын талаптар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес орындалады.
30. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес қонақ үй ғимараттарының барлық ұзындығы бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің жүруіне кіреберіс қамтамасыз етіледі.
Өрт сөндіру автокөліктеріне арналған кіреберістер ғимараттан негізгі эвакуациялық шығаберіске, өрт бөлімшелеріне арналған лифтілерге апаратын кіреберістерге қарай қарастырылады. Өрт сөндіргіш автосатылар мен автокөтергіштердің ғимараттың қасбетіне келетін кіреберістер тиісті жүктемелерге есептелген стилобаттар мен жалғаса салынған үй-жайлардың қолданыстағы жабындары бойынша жобалануына рұқсат етіледі.
31. Қонақ үй ғимаратына кіру, шығу, кіреберістер мен шығаберістер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалады. Зал түріндегі үй-жайлардың және эвакуациялық жолдардың қабырғалары мен төбелерін әрлеуге, қаптауға, едендерін жабуға қолданылатын материалдар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР талаптарына сәйкес тиісті өрт қауіптілігі сыныбы бойынша қабылданады.
32. Қонақ үйлердің жанындағы көлікжайлар-тұрақтар және автомобиль тұрақтары қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары есебімен жобаланады.
33. Биіктігі 50 метрден асатын ғимараттарда өртке қауіпсіз аймақтар қарастырылады. Ғимараттар өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің кешенімен жабдықталады. Адамдарды құтқару мақсатында ғимараттардың жоғарғы қабатының жабынында өрт сөндіргіш тікұшақтарына арналған алаңқай қарастырылады.
34. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес өзге функционалдық мақсаттағы ғимараттарда қонақ үйлер мен қонақ үй нөмірлерін орналастыруға рұқсат етіледі.
35. Қонақ үйлер мен мейманхана кешендері ғимараттарының жерүсті және жерасты қабаттарының саны қала құрылысының шарттарына және пайдалану қажеттілігіне сәйкес анықталады.
Атриумдарды жобалаған кезде өрт қауіпсіздігіне қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары орындалады.
36. Қонақ үй ғимараты үй-жайларының құрамы мен аудандары, оларда жобаланатын үй-жайлардың өзара орналасуы пайдалану қажеттілігіне қарай анықталады.
37. Үй-жайлардың вестибюльдік тобы өртке қарсы қабырғалар мен аражабындар арқылы өзге мақсатқа арналған үй-жайлардан бөлектенеді.
38. Ғимараттардың тамақтану блоктары, мәдени-демалу мақсатындағы блоктары, тұрғын аймақтары мен басқа да үй-жайлар тобы оқшауланған эвакуациялық жолы бар жекеленген өрт бөлімдеріне бөлінеді.
39. Тұрғын (бір және екі қабатты ғимараттардан басқа) және жерасты қабаттарда құрғақ қызатын моншаларды салуға жол берілмейді.
Қонақ үйлердің тұрғын бөлігінде ылғалды процесті (ылғалды, булы, шөпті және тағы басқа) моншаларды салуға рұқсат етіледі.
40. Жертөле және цокольдық қабаттарда бір мезетте жүзден аса адамның болуына есептелген үй-жайларды орналастыруға рұқсат етіледі.
41. Эвакуациялық жолдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабылданады.
42. Эвакуация жолдарындағы дәліздер мен холлдардағы есіктер мен қозғалмалы арақабырғалар қалыпты жағдайларда ашық болуы тиіс және оны жабуға арналған қол және автоматты (орталықтан басқару пультінің дабылы, өрттен қорғау құралдары арқылы) жетектері болуы тиіс. Жетектер мен есіктер конструкциясы саңылауда адамның болуы жағдайында жабылып қалуын оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс, ал жабылғаннан кейін - жабылған есікті нығыздауы керек.
43. Пайдалану шарты бойынша эвакуациялау жолдарында жабылатын есіктерді орналастыру кезінде эвакуацияланушылар жақтан тек ғана ашылатын тиектер қарастырылады.
44. Зениттік шамдарды жобалау кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары орындалады.
45. Ауа баптау жүйесімен жабдықталған үй-жайлардың терезелерін ішкі аулалар мен атриумдарға қарай бағдарлауға рұқсат етіледі.
Екі бағыты (атриумға және сыртқа) бар және оларда көше жақтан өрттік автосатылар мен автокөтергіштерге жету қамтамасыз етілген үй-жайларда автоматты өрт сөндірудің қарастырылмауына рұқсат етіледі.
46. Жерасты және жерүсті қабаттарының технологиялық (функционалдық) байланысын қамтамасыз ететін баспалдақ бөлімдері мен лифт шахталары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады.
47. Қонақ үйлерде өртке қарсы автоматика жүйелерін (немесе оның жеке құрам бөліктерін) қолдану осы құрылыс нормаларымен және "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" ТР регламенттелінеді.
Өртке қарсы автоматика инженерлік жабдықтаудың немесе осы жүйелер топтары элементтерінің ықтимал істен шығуын ескере отырып, өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
Қонақ үйлердіегі өрт сигнализациясының автоматты жүйелері түтінді өрт хабарлағыштары есебімен жобаланады.
Түтінге қарсы қорғаныс жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орнатылады.
48. Атриумдары (көп жарықты кеңістігі) бар қонақ үй ғимараттарында өрт кезінде адамдарды эвакуациялау есептеулермен негізделінеді.
49. Ғимараттардың инженерлік жабдықтарды жобалау кезінде өрт болған жағдайда қолданылатын инженерлік жабдықтарының бірлесе қызмет етуінің жоспарын әзірлеу қарастырылады.
Жоспарға:
1) өрт кезінде ғимараттардың өртке қарсы қорғанысының жұмыс істеу мақсаты;
2) инженерлік жабдықтарды қолдану кезінде олардың жетістікке жету әдістері;
3) өртке қарсы негізгі инженерлік жабдықтардың және екі мақсатта қолданылатын (өрт кезінде және қалыпты пайдалану жағдайында қолданылатын) жабдықтардың тізімі жатады.
50. Өрт кезінде (олардың ықтимал істен шығуы есебімен) пайдаланылатын инженерлік (және басқа да) жабдықтардың элементтерінің іске қосылуының хронометрлік жүйелілігі, оның ішінде – терезе, есік және басқа да ойықтардың орналасуы жоспарда келтіріледі.
51. Қонақ үй ғимараттарында ылғалды процесті қосалқы бөлмелерді (дәретхана, жуынатын бөлме, душ бөлмесі, бассейн және тағы басқа) өрттен қорғау құралдарымен жабдықтау талап етілмейді.
52. Қонақ үй ғимараттарын өртті анықтау мен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларымен қорғау "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" ТР талаптарына сәйкес жүргізіледі.
53. Қонақ үй мен қонақ үй кешендерінің ғимараттары осы құрылыс нормаларының 56-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес апаттық жағдайлар кезіндегі хабарлау жүйелерімен жабдықталады.
54. Дыбыс деңгейі үй-жайда орналасқан аппараттардың жұмыс жасауы кезінде хабарлау мәтінінің үй-жайдың неғұрлым қашық нүктелерінде естілуін қамтамасыз ететіндей етіп белгіленеді.
55. Эвакуациялауды хабарлау мен басқару жүйесінде сызықты жарық көрсеткішін пайдалануға рұқсат етіледі, оларды орнату және олардың орны есептеулер арқылы анықталады.
56. Эвакуациялау жолдарында "Шығу", "Выход", "Exit" деген жазулары бар эвакуациялық жарықтандыру желісіне қосылған жарық көрсеткіштері орнатылады. Жарықтық немесе жарықтандырылған көрсеткіштер "Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер. Жалпы техникалық шарттар мен қолданылу тәртібі" Р МЕМСТ ҚР СТ 12.4.026 талаптарына сәйкес қабылданады.
57. Қонақ үй ғимараттарындағы өтке қарсы ішкі су құбырларының және автоматты өрт сөндірудің жүйелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орындалады.
58. Спринкерлі өрт сөндіруші қондырғылары бар ғимараттарда сумен жабдықтаудың негізгі схемасы істен шыққан жағдайда, шаруашылық-ауыз су қорларынан (бассейндерінен) алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
59. Екі немесе одан да асатын көп қабатты жертөлелер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен және басқа да өртке қарсы қорғау құралдарымен қорғалады.
60. Жоғарғы қабаттың еден белгісінен 26 м жоғары (немесе 9 және одан жоғары қабатты) қонақ үй ғимараттарында әрбір өрт сөндіру бөліктеріне өрт сөндіру лифтісі қарастырылады.
Өрт сөндіру лифтісіне қойылатын талаптар орындалған жағдайда, онда адам және жүк тасымалдайтын лифтілерді өрт сөндіру лифтісі ретінде қолдануға болады. Қалыпты жағдайда өрт сөндіру лифтісін адам және жүк тасымалдау лифтілерімен қатар қолдануға болады.
61. Қонақ үй ғимараттарындағы өрт сөндіру лифтілерін орнату, сондай-ақ өрт сөндіру лифтілерінің басқару жүйесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес лифтілер жұмысын қалыпты пайдалану тәртібінде және "өрт қауіпті" тәртібінде қамтамасыз етуі керек.
62. Өрт туындаған жағдайда, өрт лифтісі ретінде пайдаланылмайтын лифтілерге жолаушыларды отырғызу-шығару жүргізілмейді, орталық басқару пультінен өрт туралы сигнал түскен кезде, онда тұрған адамдар командасына қарамастан автоматты түрде бірінші қабатқа түсуі және жолаушыларды түсіру үшін ондағы есіктер ашылуы тиіс.
Жолаушыларды шығарғаннан кейін ондағы есіктер автоматты жабылады.
63. Өртке қарсы қорғаныс жүйесінің орталық өрт сөндіру бөлмесіне өртке қарсы жүйенің элементтерін, оның ішінде өртте пайдаланылатын ғимараттың инженерлік жабдықтарының элементтерін пайдалану туралы сигналдар шығарылады. Өрт сөндіру жүйелерінің орталық басқару орнының инженерлік өртке қарсы қорғау жүйелер бөлмесі өрт сөндіру бекетіне қойылатын талаптарға сәйкес қабылданады.
64. Трансформаторлық шағын станциялар төменгі, цокольдық немесе тікелей сыртқа шығаберісі бар жертөле қабаттарында орналастырылады. Тек құрғақ трансформаторлар қолданылады.
65. Өрттен қорғау құралдарын электрмен жабдықтау негізгіден резервтік автоматты ауыстырып-қосқыш арқылы тәуелсіз көздерден жүзеге асырылады. Жобалау тұрғын және қоғамдық ғимараттарды электрмен жабдықтау бойынша ЭҚҚ және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Өрт кезінде өрттен қорғау құралдарын электрмен жабдықтауды ажырату мүмкіндігін болдырмау шаралары қарастырылады.
4-параграф. Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге қатысты талаптар
66. Қонақ үй ғимараттарының орналасуы мен көлемдік-кеңістіктік шешімдер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қабылданады.
67. Жер учаскесінің ауданы қала құрылысының ахуалын, орта сипаттамасын, ерекшелігін, қонақ үйдің функционалдық құрамы мен санаты есебімен анықталады.
68. Қонақ үй ғимараттары немесе қонақ үйлік кешен ғимараты қалалық және ауылдық ландшафттың ерекшеліктерін сақтай отырып, қоршаған ортаға тығыз байланыста болатындай жобаланады және салынады.
69. Учаскенің құрамында мыналар қарастырылады:
1) қоғамдық және тұру мақсатындағы үй-жайлар кіреберісіндегі абаттандырылған алаңдар;
2) автомобиль тұрақтарына арналған алаңдар;
3) автомобильдер мен автобустарды уақытша қоюға арналған алаңдар;
4) қонақ үйдің негізгі және басқа да кіреберістеріне тікелей өтетін ішкі жолдар, жерасты автожайлары мен автотұрақтарына кіретін жолдар;
5) жүк көліктеріне арналған жолы бар, қонақ аймақтарынан оқшауланған, шаруашылық аймақ;
6) таулы аймақтарда, сондай-ақ күрделі рельефті жерлерге тұрғызуға арналған қонақ үйлердің аумағындағы қауіпті учаскелерде (көтеру құрылғыларының, аспалы жолдардың, тау шығысы трассаларының, үйінділердің, тастардың түсуі, су айдындарының және сол сияқтылардың аймағында) қорғау қондырғылары мен қоршаулары.
Қонақ үйдің учаскесінде қоқыс контейнерлерін орнату үшін үш жағынан қатты жабынмен қоршалған алаңшалар қарастырылады.
70. 3 "жұлдызды" және одан жоғары санаттағы қонақ үйлерде күзетілетін автотұрақтар қарастырылады.
71. Тұрғын үй ғимараттары мен автотұрақ орындарының арасындағы қашықтық Кодекстің 144-бабы 6-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжатының (бұдан әрі - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес қабылданады.
72. Көлік қоятын аймақ туристік автобустарды орналастыру үшін жеткілікті үлкен көлік қою құрылғысы есебімен жобаланады.
73. Жүк терминалдары бар қонақ үйлерде және жүк автомобильдеріне қызмет көрсететін қонақ үйлерде жүк автокөлігінің автотұрақтары (тұру пункттері) қарастырылады.
74. Қонақ үйлердің маңындағы жолдарды жобалағанда ең жоғарғы сапалы жабындармен қамтамасыз ету қажет.
75. Жолдар мен өтпе жолдардың ені жеңіл көліктер, жүк көліктері, құтқару қызметі мен туристік автобустардың көлеміне қарай есептеледі.
76. Егер қонақ үй бөлмелері бірінші қабатта орналасса, онда меймандардың оңашалануын қамтамасыз ететіндей мөлшерде екпелер пайдаланылады.
77. Қонақ үйлердің құрамына мынадай үй-жайлар мен қызметтер тобы жатады: қабылдаушы – вестибюльдік, тұрғын, мәдени-демалыс, дене шынықтыру-сауықтыру, медициналық қызмет көрсету, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтану кәсіпорындары, сауда-саттық кәсіпорындары, іскерлік қызмет, әкімшілік пен пайдалану қызметі, қызмет көрсету үй-жайлары, басқа да өнеркәсіптер мен мекемелер.
Тұрғын және қабылдаушы-вестибюльдік үй-жайлардың тобы міндетті түрде болуы керек.
78. Қонақ үй ғимаратының тұрғын бөлігі функционалдық және жоспарлы түрде бөлектелінеді.
79. Көпфункционалды ғимараттар құрамындағы қонақ үйлерді және объектілік қонақ үйлерді жобалаған кезде, сондай-ақ қонақ үй-жайлары басқа кәсіпорындармен және мекемелермен қоршалып қалған жағдайда, қонақ үйлер жоспарлы бөлінеді, оқшауланады және жеке кіретін жерлермен және коммуникациялармен (тігінен және көлденеңінен) қамтамасыз етіледі.
1-2 "жұлдызды" санаттағы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қонақ үйлер үшін басқа кәсіпорындармен және мекемелермен қатар қолданатын кіреберіс жерлер мен коммуникацияларға жол беріледі.
80. Бөлмелер көліктер мен қонақ үйдің инженерлік қондырғылары шығарған шуы қатты әсер етпейтін аумақта орналасады және ас бөлмесінен шығатын шулар мен иістерден оқшауланады.
81. Жертөле және цокольдық қабаттарда тұрғын үй-жайларды орналастыруға рұқсат етілмейді.
82. Қонақ үй құрамында қонақ үй санатына байланысты санитариялық құралдармен жабдықталған санитариялық тораптар қарастырылуы қажет.
83. Қонақ үйлердің кеңістіктік құрылымы қонақтар, қызмет көрсететін персоналдар, қалаға шығып жұмыс істейтін қоғамдық мақсаттағы блоктарға келушілер ағынын айқын бөлуді қамтамасыз етуі керек. Қонақ үй құрамына қалаға қызмет ететін қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар тобы кірген жағдайда, оларға арнап оқшауланған, көшеден кіретін есіктер қарастырылады.
84. Тағам қабылдайтын аймақ мүмкіндігінше вестибюльге тікелей қол жетімділікте қабылданады, ал шағын қонақ үйлерде бұл аймақ оған тікелей жақын орналасқан болуы мүмкін.
85. Сыйымдылығы 100 орыннан жоғары және 3 "жұлдызды" санаттағы және одан жоғары қонақ үйлерді жобалаған кезде ғимараттың ішкі мекемелерінің шаруашылық және өндірістік бағдарын (жүктемені және тағы да басқаларды) тұрғындар мен келушілер бағдарымен қабаттастыруы мен қиылыстыруын болдырмау қажет.
86. Жылжымалы және айналмалы есіктер кең ашылатын есіктер ретінде қайталанады.
87. Қонақ үйге кіретін негізгі кіреберістер қос оқшауланған өтпе жолмен (тамбурмен) жабдықталады. Қосалқы кіру жолдарын бір ғана оқшауланған өтпе жолмен жабдықтауға рұқсат етіледі. Есіктер шығу бағытына қарай қабылданады. Үй-жайлардың ішінен ашылатын есіктер қабылданады.
88. Апартаменттер, қызметтік үй-жайларды, тұрғын үй-жайларын, тұрақты жұмыс тәртібіндегі қызметтік және әкімшілік үй-жайларды табиғи жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етілмейді. Инженерлік қондырғылар көмегімен (жарық ойықтары, жарық өткізгіштер) табиғи жарықтандырумен қамтамасыз етілген жағдайда ғана қызметтік және әкімшілік үй-жайларды жертөле және жерасты қабаттарына орналастыруға рұқсат етіледі.
89. Қонақ үй ғимараттарында, тұру жайлылығын төмендетпеген жағдайда, қонақ үйлер бірлестігінің кеңселерін және туристік ұйымдарының түрлі үлгілерін орналастыруға жол беріледі.
90. Қонақ үй мен қонақ үй кешендерінің құрамына тұрмыстық қызмет көрсету және сауда үй-жайларын, шаруашылық-өндірістік үй-жайларды қарастыруға жол беріледі.
91. Тұрғын үй-жайлар тобына тұрғын бөлмелер, қабат бойынша қызметтік үй-жайлар, қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар (қонақ бөлме, балалар бөлмесі және тағы басқалар) қосылады.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжатына сәйкес бір тұрғынға тұрғын үй-жайлардың ең төменгі ауданы қабылданады.
3 "жұлдызды" және одан жоғары санаттағы қонақ үйлерде тұрғын үйлер үй-жайының тобына ақпараттық сервис (интернет, телефакс, көбейткіш техника және тағы басқа) үй-жайларын қосуға жол беріледі. Тұрғын үй-жайларда (әрбір нөмірде) интернетке қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
92. Нөмірлер бір тұрғын бөлме құрамында жобалануы немесе белдемшемен, санитариялық тораппен, гардеробпен толықтырылуы мүмкін. Екі және одан көп аралас нөмірлерді біріктіруге, сондай-ақ фирмалар өкілдіктері үшін бөлмелерден нөмірлер бөлуге жол беріледі. Көп орынды нөмірлерді тек тұрғын бөлме құрамында жобалауға жол беріледі.
93. Жоғары санаттағы нөмірлер (апартаменттер, люкс), әдетте, екі және одан көп тұрғын бөлмелер құрамында жобаланады. Санитариялық тораптар саны, ас бөлмесін қоса алғанда, басқа қосымша үй-жайлар мен қондырғылардың құрамы әрбір нақты жағдаймен анықталады.
Пәтер түріндегі апартаменттер үй-жайының құрамы әрбір нақты жағдайлармен белгіленеді.
94. Апартамент құрамында қызмет көрсетушілер үшін үй-жайлар (тұрғын бөлме, шкафтар, санитариялық торап бар қызметтік бөлмелер) қарастыруға жол беріледі. Апартаменттерді екі деңгейде жобалауға жол беріледі.
95. Қонақ үйлердегі тұрғын үй-жайдың биіктігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес және жұлдыздар саны бойынша жіктелуді ескере отырып қабылданады.
96. Нөмірлер мен қонақ үйлерде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды ескере отырып, лоджия мен балкондар орнатуға жол беріледі.
97. Үш немесе одан көп жатын бөлмелері бар жоғары санатты нөмірлерде гардероб (сыртқы киім, киім-кешек, жүк үшін шкафтар) қарастырылады.
Жоғары санатты нөмірлерде жұмысшы аймағын қарастыру мүмкіндігі бар.
98. Тұрғын бөлмелерді шығыс (немесе) батыс бағдарда жобалаған дұрыс. Қонақ үйлердің барлық бөлмелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк талаптарға сәйкес табиғи жарықтандыру қарастырылады.
99. Нөмірлердегі инсоляциялау уақыты шектелмейді. Оңтүстік жаққа бағытталған нөмірлерде оларды күннен қорғайтын қондырғылар жасалынады, олар 2-3 қабат деңгейінде қорғаныс көгалдандырумен алмастырылуы мүмкін.
100. Нөмірлердің ішкі баспалдақтары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады. Қиғаш сатылы ағаш баспалдақ орнатуға болады. Ішкі баспалдақтарды орнату мен нөмірлердің кіреберісі жөндеу жұмыстары кезінде ірі жиһаздарды енгізу (шығару) мүмкіндігі болатындай есептелінеді.
101. 1-2 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлерде қабаттар бойынша қызмет көрсету үй-жайларын бір қабаттан кейін орналастыруға рұқсат етілген.
102. Тамақты нөмірлерге орталықтан тасымалдау кезінде негізгі тағам әзірлеп тарату блогы мен қонақ үйдің тұрғын бөлігінің арасында қызметтік дәліздер мен баспалдақтар, лифтілер мен арнайы көтергіштерді пайдалана отырып байланысуды қамтамасыз ету керек.
103. Қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды тұрғын үй-жайлармен іргелес орналастыруға рұқсат етілмейді.
1-2 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды (барлар, кафелер, буфеттер, телевизиялық қонақ бөлмелері, іскерлік кездесу бөлмелері, балалар бөлмелері және тағы басқа) тұрғын үй-жайларды шудан қорғау қамтамасыз етілген жағдайда ғана орналастыруға жол беріледі.
104. 3 "жұлдызды" және одан жоғары санаттағы қонақ үйлерде қонақ бөлменің (жалпы және қабаттық) болуы міндетті.
105. Қонақ үйлердің тұрғын бөлігінде балаларға арналған үй-жайлар қарастырылуы мүмкін.
106. Қонақ үйдің вестибюльдерінде кіреберісті, қабылдау (қонақтарды тіркеу мен құжаттарды ресімдеу), күту, демалу және ұйымдастыру топтарын жинау, ақпарат аймақтарын, телефон-автоматтарын, банкоматтар мен сауда дүңгіршектерін орнату, тамақтану және тұрмыстық қызмет ету кәсіпорындарының кіреберісін, коммуникациялық (лифті холлымен) аймақтарын, жүктерді сақтауға арналған үй-жайларды бөлу ұсынылады.
Вестибюльдің коммуникациялық жүйесін бұзбай функционалдық аймақтарға біртіндеп өзара кіруге рұқсат етіледі. Күту, демалу және ұйымдастыру топтарын жинау аймақтары өтетін жерден бөлек жерде жобаланады.
107. 4-5 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлерде температураның түсіп кетуінен қорғайтын ыстық ауаның перделерінің болуы қарастырылады, ал 4 "жұлдызды" санаттан төменгі қонақ үйлерде осы ыстық ауа перделерінің жақсы түрі көзделеді.
108. Әкімшілік қызметкерінің бағаны мен бар қонақ бөлмеге апаратын лифтілер мен дәліздердің жақсы көрінуін қамтамасыз ететіндей, кіреберіс жақтан қатарласа ыңғайлы орналастырылады. Және де баған, келушілерді тіркеу мен олардың есебі бойынша бір мезгілде бірнеше жұмыстарды атқару үшін жеткілікті кеңістікті қамтамасыз ететіндей етіп жасалынады.
109. Тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайы шамамен тікелей қонақ үй вестибюлінде жобаланғаны жөн.
110. Қонақ үйлерде орналастырылатын тамақтандыру орындары ашық (жалпыға қолжетімді, бірақ қонақ үй меймандарына ерекше қызмет көрсетілетін, іштен және сырттан кіруге болатын) және жабық, яғни қонақ үйлерде тұрып жатқандарға ғана қызмет көрсететін орындарға бөлінеді.
111. Сыйымдылығы 300 орыннан артық болатын барлық санаттағы қонақ үйлерде қонақ үйден және қаладан кіретін есіктері бар аспаздық дүкендер орнатуға рұқсат етіледі.
112. Орын саны 20-дан артық тамақтану орындарының негізгі өндірісінде жүк тиеу үй-жайлары (қажет болған жағдайда – дебаркадерлері бар) қарастырылады. Қонақ үйлердің тамақтану орындарының қасында шаруашылық ауласы (немесе жалпы шаруашылық аула аумағы) қарастырылады. Тиеу және шаруашылық аумағы әдетте, жабық, қонақ үйлер мен қоршаған ғимараттардың тұрғын және қоғамдық аумақтарын көру және шудан оқшаулайтындай етіп қарастырылады.
113. Тамақтану кәсіпорны құрамындағы концерттік-эстрадалық бағдарламалар жүзеге асыратын қонақ үйлерге қосымша үй-жайлар мен алаңдар қарастырылады.
114. Қоғамдық тамақтандыру орындарын қонақ үйлердің тұрғын аймақтарында және ашық алаңдардың үстіне орналастырғанда, тұрғын аймақтар мен қоршап тұрған тұрғын ғимараттарын шудан қорғау қарастырылуы қажет.
115. Қонақ үйлердің құрамына мәдени-ойын-сауық және түрлі типтегі мекемелерді қосуға рұқсат етіледі. Қонақ үй құрамына мәдени-ойын-сауық және демалыс мақсатындағы үй-жайларды жинақтау және олардың алаңдары және қондырғылар (жабдықтар) мен технологиялық қамтамасыз ету, тиісті объектілерді жобалауға арналған нормативтік құжаттарды ескере отырып анықталады.
116. 3 "жұлдызды" және одан жоғары санаттағы қонақ үйлер үй-жайларының құрамында шамамен іскерлік қызметтер мен кездесулер үшін бөлмелер қарастырылған жөн. Жайдың осы тобына бизнес-орталық, фирмалар өкілдігі, іскерлік кездесулер бөлмесі мен мәжіліс залдары, экспозициялар бар көрмелік және демонстрациялық залдар, қосалқы үй-жайлар (байланыс қызметі, көбейту техникасы мен компьютерлер, машина бюросы, аудармашылар және тағы басқа) жатады.
117. Кездесуге арналған залдарды жобалаған кезде оқшаулау мен бейне және аудио аппаратуралардың орнатылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
118. Кездесулерге арналған залдар экран орнату мүмкіндігі бар болатындай етіп жобаланады.
119. Кездесуге арналған залдарға қонақ үйдің ортақ өту орындарынан қолжетімділік тұйықталған немесе жабық өтетін орындармен ұйымдастырылады. Бұдан басқа, дыбыс оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.
120. Кездесуге арналған залдар үшін жарықтандыру бизнес кездесулерді, таныстыруларды өткізу мен жазбалар жүргізу үшін қолжетімді болып қабылданады.
121. 5 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлер, мәдени-ойын-сауық тобының құрамындағы "отбасылық үлгідегі" қонақ үйлер үшін олардың келуі үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін, балаларға қызмет көрсететін үй-жайлар қарастырылуға жол беріледі.
122. Қосымша және техникалық бөлмелердің құрамы мен алаңын дене шынықтыру-сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардың жобалау нормаларына сәйкес қабылдайды. Сауналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады.
123. Жер учаскесінің мүмкіндігіне байланысты 4-5 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлердің аумағында дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарын қарастыруға жол беріледі.
124. Туристік және спорттық мақсаттағы қонақ үйлерде нұсқаушыларға арналған үй-жай мен медициналық бөлме қарастыру керек.
125. Туристік және спорттық мақсаттағы қонақ үйлерде заттар мен құралдарды сақтауға (зат қоятын бөлме), жөндеуге (шеберхана) және прокатқа арналған құрал-жабдықтар мен жарақтарға бөлмелер қарастырылады. Осындай бөлмелерді шамамен қабылдау - вестибюльдік топтар үй-жайларымен аралас қонақ үй ғимаратына немесе қонақ үйдің негізгі ғимаратына жақын жеке құрылысқа орналастырған орынды.
126. Қонақ үйлерде бассейндерді жобалау кезінде:
1) барынша шуды және суды оқшаулауды қамтамасыз ету қажет;
2) бассейнде реагенттерді автоматты мөлшерлеу жүйесін қарастыру қажет.
Жабық бассейндердің құрылысы кезінде жуу және зазалсыздандыру құралдарының әсеріне төзімді бу-ылғалдан қорғау материалдарын пайдалану қажет.
127. Қонақ үйлердегі ашық бассейндерді жобалау кезінде құрал-жабдықтар мен қондырғыларға арналған қойма бөлмесін қарастыру қажет.
128. Жаттығу залдарын жобалаған кезде жаттығу құрылғыларына арналған едендік розеткалар қарастырылуы қажет.
129. Бильярд ойынына арналған бөлмелер халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы реттеу құжаттарында белгіленген көрсеткіштерден аспайтын жақсы шу мен дыбыс оқшаулау есебімен жобаланады. Бильярд аймағы негізгі бармен тікелей байланысы болуы керек. Бильярд аймақтары қонақтардың ағынына қарсы кедергі келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылады.
130. Спорт объектілерінің саны қонақ үйдің түрі мен күтілетін қонақтардың бейініне (бағытына) байланысты болады.
131. Курорттық қонақ үйлерде демалыс, спорт орталықтары және сауықтыру клубтары бірігуі мүмкін.
132. Қонақ үйлерде спорт алаңдарын жобалағанда тұрғын нөмірлердің шудан оқшаулануы қамтамасыз етілуі керек.
133. Ірі қонақ үйлерде, отбасылық үлгідегі қонақ үйлерде балаларға арналған бөлме жобалануы мүмкін.
134. Балалар бөлмесі балаларға барынша қауіпсіз түрде ұйымдастырылады.
135. Қонақ үй жанынан қонақтарға арнап кір жуатын орындар жобалау ұсынылады. Кір жуу орындары, шуылы тұрғындарға кедергі келтірмейтіндей етіп жобалануы керек, жертөледе кір жуатын құрылғын орнатуға рұқсат етіледі.
136. Гүл шоқтарын жинауға арналған бөлме, көп мөлшерде гүл шоқтары қажет етілетін жерлерде, яғни 5-"жұлдызды" санаттағы қонақ үйлерде жобаланады.
137. Қонақ үйлердегі жүк түсіру алаңдары, қойма үй-жайларын нормалар талаптарына сәйкес тұрғын және қоғамдық аймақтарды көрінетін және шулардан қорғау есебімен жобаланады.
5-параграф. Қонақ үйлердің инженерлік жүйелері мен қондырғылары
138. Қонақ үйлердің инженерлік жүйелері мен қондырғылары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, сондай-ақ осы нормалардың талаптарына сәйкес жобаланады.
Қонақ үй ғимараттары жылытумен, суық және ыстық су берілетін су құбырларымен, кәріз жүйесімен, жылыту және ауа баптау жүйелерімен, электрмен жабдықтау және электр қондырғыларының жүйелерімен, орталықтандырылған газбен жабдықтау желілерімен, қажет болған жағдайда тіреу құрылғылармен, байланыс және дабыл, хабар тарату жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
139. Сумен, жылумен және электрмен жабдықтау желілері үшін автоматтандырылған есепке алу жүйелері қарастырылады.
140. Құрылғылар мен жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік қондырғылар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қабылданады.
141. 4-5 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлерде инженерлік жүйелер жұмысын бірнеше бөлек көздерден қамтамасыз ету, реттеуді қосарландыру (қол тәртібін қоса алғанда), апаттық тәртіп пен жағдайлардың ерекшелігі, апат жағдайларын компьютермен жазу және тағы басқалар қарастырылады. Блокталған жүйелерде жеке реттеу мүмкіндігін қарастыру қажет.
142. Қонақ үйлерде қолданылатын барлық жүйелер мен қондырғылар құрылғылары тораптар мен бөлшектерді ауыстыруды ескере отырып, жөндеуге жарамды болып қабылданады. Ірі габаритті және ауыр қондырғыларда монтаждау-бөлшектеу люктері және жүк көтеру құрылғылары қарастырылады.
143. Басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас немесе жанастыра салынған сыйымдылығы 50 орыннан артық қонақ үйлердің инженерлік жабдықтары осы ғимараттың жабдықтарынан жеке (дербес) болып қабылданады.
144. Сыйымдылығы 100 орыннан артық қонақ үйлер ғимараттың түрлі блоктарына арналған, оның ішінде тұрғылықты және қоғамдық бөліктерді жеке жылумен және сумен жабдықтау желілері (жеке будақтар) қарастырылады.
145. Су мен жылуды жеке екі қосу көзінен беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, суды пайдаланудың барлық немесе белгілі бір түрлеріне судың авариялық шығындық резервуарын, сондай-ақ авария жағдайында, ыстық су дайындау қондырғыларын қарастыруға жол беріледі.
146. Құбырларды өткізу әдісі (ашық немесе жабық), орналастырылуы, типі, сыртқы түрі, аспаптар мен басқа да қондырғылардың қыздырғыш бетінің температурасы жобалауға арналған тапсырма бойынша немесе жоба арқылы анықталады және қонақ үй санаты мен интерьер сипатына сай қабылданады.
147. Сумен жабдықтау құбыры қысымның қатты түсуіне және шудың шоғырлануына алып келетін су ағудың шамадан тыс жылдамдығын болдырмайындай етіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мұқият жобаланады. Бұдан басқа, құбыр көлемін таңдаған кезде әртүрлі жүйелердің сан алуандығы ескеріледі. Жүйенің кез-келген нүктесінде судың тұрып қалмауына және тұйық тармақтардың болмауына айрықша назар аударылады.
148. Суық су ғимаратты сумен жабдықтау жүйесіне сәйкес бөлінеді және қондырғылар су құбырының желісіне және маңызды шығып тұрған жерлерге қосылатын барлық санитариялық-техникалық аспаптарға тартылады. Судың басқа қысымда жүруі талап етілетін арнайы санитариялық аспаптар мен қондырғылар орнатылғанда, онда негізгі су құбыры желісінің жобасы осы талаптарға сәйкес қайта өңделеді.
149. Кәріздің ішкі желілеріне қосылған қонақ үйлер ғимараттарында шаруашылық-фекальдық, өндірістік және нөсерлік кәріз жүйелерін, су бұру жүйесін, сондай-ақ қажет болған жағдайда инженерлік коммуникациялар дренажы мен аумақтар қарастырылады.
150. Ылғал процестері бар жайларда (душ, бассейн және тағы басқа) еденнен суды бұру үшін жүйелер мен құрылғы қарастырылады. Қонақ үйлерде кәріз бағандардағы ашық төсемдерге жол берілмейді.
151. Кәріз құдықтары мен камералар және негізгі күшсіз резервуарлар бұзылған жағдайда, іске қосылатын дабылмен жабдықталады.
152. Ауа (желдету жүйесімен біріккен), күн және басқа жылыту жүйелерін, оның ішінде иондау және ылғалдандырушы құрылғылар бар жүйелерді жобалауға жол беріледі.
153. Шеберхана және қызметтік үй-жайлар бөліктері мен аймағы үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес ауамен жылыту құрылғысы ұсынылады.
154. Қонақ үйлердің тұрғын және қоғамдық үй-жайларында ауа баптау жүйесі қарастырылады және әкімшілік және тұрмыстық үй-жайларда артықшылығы бар ауа баптау жүйесі қарастырылуы керек. Өндірістік және техникалық үй-жайларда ауа баптау жүйесінің болуы ұқсас жүйені қолдану тиімділігімен және технологиясымен анықталады.
155. Қонақ үйлердегі желдету жүйесі қалыпты ауа айналымын қамтамасыз етуі тиіс және сыртқы иістердің тұрғын бөлмелерге, нөмірлерге және ортақ бөлмелерге енуіне жол бермеуі керек.
4-5 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлердің тұрғын және қоғамдық үй-жайларындағы желдету мен ауа баптау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сай жобаланады.
3 "жұлдызды" санаттағы және одан төмен қонақ үйлерде және де 4 "жұлдызды" санаттағы және одан төмен қонақ үйлердің қоғамдық үй-жайларында 3-сыныпты ауа баптау жүйесі қолданылады.
156. Қонақ үй ғимараттарында, толығымен немесе кейбір аумақтарында желдету жүйесі болмаған жағдайда, барлық негізгі үй-жайларда соруға механикалық қозғаушысы бар тарту-сору желдеткіштері қарастырылады.
157. Қонақ үй ғимараттарында қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай орындалатын желілер, аралық және түпкілікті электр қондырғылары ЭҚҚ талаптарына сәйкес қарастырылады. Сенімділікті қамтамасыз ету дәрежесі бойынша электр қабылдағыштарының санатын, қолданыстағы нормативтік құжаттар нұсқауларына сәйкес қабылдайды, бұл ретте 4-5 "жұлдыз" санатты қонақ үйлер 1-дәрежелі сенімділікпен қамтамасыз етіледі.
158. 3 "жұлдызды" санатты және одан жоғары қонақ үйлерде қалыпты эвакуациялауды қамтамасыз етуге арналған жұмыс істеу уақыты шектеулі қосымша тәуелсіз (аккумуляторлықты қоса алғанда) электрмен жабдықтау көзі қарастырылады.
159. Қонақ үй моншалары зауытта дайындалған сертификатталған агрегаттармен жабдықталады.
160. Жол өтетін жақтан көрінетін ғимараттың негізгі бетін жарықтандыру қамтамасыз ету қажет. Жарықтандырғыш аппарат терезеге күннің тікелей түсуінің мүмкіндігінен сақталатындай етіп орналастырылады.
161. Шамдардың саны 300 және одан көп қонақ үйлерде электр жарықтандырғыштарды тазалауға, жууға және істен шыққан люминесцентті шамдарды контейнерлерде уақытша сақтауға арналған техникалық бөлмелер қарастырылады.
162. Қонақ үйлерді электрлі жарықтандыру мынадай топтар бойынша қамтамасыз етіледі:
1) тұрғын, әкімшілік, қоғамдық үй-жайлар, эвакуациялау жолдары;
2) қосымша үй-жайлар;
3) техникалық үй-жайлар;
4) сыртқы жарықтандыру.
Қонақ үй ғимараттарында жұмыс, эвакуациялау, апаттық және күзеттік жарықтандырулар қарастырылады.
163. Қонақ үйлердің аумағы мен ғимараттарға кіру, қозғалыс бағытының, көлік қою орыны, залдардың атауы, тамақтану орындары және тағы басқа жарық немесе жарықтандырылған көрсеткіштер жүйесі, сондай-ақ өрт гидранттарының эвакуациялау жолдарының, қасбеттегі қонақ үй мекенжайының басқа да көрсеткіштері қарастырылады.
164. Апаттық жарықтандыру орталық басқару пультінде, байланыс торабында, электр қалқандарында, өртке қарсы күзет қызметінің бөлімінде, қабылдау қызметтері үшін қарастырылады. Қонақ үйлердегі эвакуациялық жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
165. Қонақ үй ғимаратына ең аз енгізілетін байланыс жүйелері қабылданады. Бір бөлменің ішіне байланыс жүйесінің қондырғыларын электр сағаттандыру, дабыл қағу, инженерлік жабдықтарды басқару жүйелерін орнатуға рұқсат етіледі.
166. Қонақ үйлерде электр сағаттарды және интернет пен басқа да ақпараттық технологияларды қарастыру ұсынылады.
167. Қабылдау жүйелерінің кіреберісінен немесе тарату желілері үй күшейткіштерінің шығаберісінен бастап телевизиялық қабылдағыш кіреберісіне дейінгі телевидениенің тарату желілерінің схемасы сигналды ең төмен бұрмалаумен және нашарлатумен беру қамтамасыз етілетіндей орнатылады.
168. 4 "жұлдыз", 5 "жұлдыз" санатындағы қонақ үйлерде спутниктік теледидарды қабылдау және әртүрлі мамандандырылған және қамтылған интернет желісіне кіру мүмкіндігі бар, ал басқа санатты қонақ үйлерде теледидар ұсынылады.
Теледидарларды қосуға арналған қондырғыларды қонақ үйлердің барлық тұрғын үй-жайларына және барлық қоғамдық үй-жайларға орнатылады. Басқа үй-жайларда телеқабылдағыштарды орнатуға жол беріледі.
169. Залы бар үй-жайларда, вестибюльде, қабатты қонақ бөлмелері мен залдарда бейне кескіндерді қолдану ұсынылады. Қажет болған жағдайда киноландыру, қайта кескіндеу (рирпроекция), тағы сондай сипаттағы қонақ үйдің залы бар үй-жайлар үшін шараларды қарастыруға жол беріледі.
170. Қонақ үй ғимараттарында абоненттерге тікелей немесе жанама түрде шығатын телефондандыру, сондай-ақ ішкі телефон және селекторлық байланыс жүйелері қарастырылады. Сондай-ақ қызметкерді іздеу байланысын, басшылық, техникалық және кезекші қызметкерге арналған селекторлы қондырғыларды, күзет қызметкерлерінің радио байланысын қолдану ұсынылады.
171. 3 "жұлдызды" және одан жоғары санаттағы қонақ үйлердің нөмірлері күзет дабылымен жабдықталады, ол 4 "жұлдызды" және 5 "жұлдызды" санаттағы қонақ үйлерде нөмірдің бос еместігі мен онда тұрып жатқан адам бар екенін анықтап отыратын индикатормен толықтырады. Криминалдық қол сұғу бойынша шаралардың көлемі заңнамаға және Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес шарт негізінде қызмет көрсететін күзет қызметі субъектілерінің техникалық шарттар талаптары есебімен белгіленеді.
172. Лифтінің қажеттілігі қонақ үйдің биіктігіне байланысты, ал олардың саны, түрлері, лифтілерді күтудің есептік уақыты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары бойынша анықталады. Лифттер қондырғысына қойылатын өртке қарсы талаптар "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" ТР және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарының нұсқауларына сәйкес орындалады.
173. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында және шаруашылық байланысы және тұтынушылар бар өндірістік қызметтер қабаттарында қуаты аз көтергіштер қарастырылады. Қабаттарға өнімдерді, киім-кешектерді, шығыс құралдарын және тағы басқаларды беру үшін сондай-ақ жүк және жүк-жолаушылар лифтісін пайдалануға жол беріледі.
174. Қажет болған жағдайда жолаушылар эскалаторын қарастыруға жол беріледі.
175. Бірінші қабаттағы лифтінің тоқтайтын алаңы, вестибюльге және мүмкіндігінше әкімшілік қызметкерінің көру алаңы бағанына жақын қарастырылады.
6-параграф. Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
176. Қонақ үй ғимараттары қызметкерлер мен қонақтардың ғимараттың ішінде және сыртында жүргенде, кіріп-шыққанда және оның элементтері мен инженерлік қондырғыларын пайдаланғанда жарақат алу қаупін ескертетіндей етіп жобаланады, салынады және жабдықталады.
Жобалау Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс заңнама талаптары және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары бойынша іске асырылады.
177. Баспалдақ марштары мен пандустардың еңістігі мен ені, сатылардың биіктіктері, кіретін жердің ені, баспалдақ алаңының ені, баспалдақ бойынша өтпе жолдардың, жертөлелер мен пайдаланылатын шатыр астынан өтетін жерлер бойынша биіктіктер, сондай-ақ есік ойығының өлшемдері жүріп-тұрудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін және тұрғылықты, қоғамдық және шаруашылық үй-жайларға арналған тиісті жабдық элементтерін жылжыту мүмкіндіктері қамтамасыз етілетіндей етіп жобаланады.
178. Еден деңгейіндегі әртүрлі үй-жайлардың түсу биіктігі мен ғимараттағы кеңістік қауіпсіз қабылданады. Қажет болған жағдайда тұтқалар мен пандустар қарастырылады. Биіктігі және басқыш тереңдігі әртүрлі баспалдақтарды қолдануға жол берілмейді. Екі деңгейлі нөмірлердегі ішкі баспалдақтарға бұрандалы немесе жүгіру басқыштарына рұқсат етіледі.
179. Ғимараттар элементтерінің конструктивтік шешімдері (оның ішінде қуыстардың орналасуы, конструкциялар арқылы құбыр желілерін өткізу орындарын бекіту әдісі, желдету қондырғыларының саңылаулары, жылу оқшаулағышты орнату және тағы сондай сипаттағы) кеміргіштердің енуіне қарсы қорғау құрылғысымен қабылданады.
180. Ғимараттардың инженерлік жүйелері мемлекеттік бақылау органдарының нормативтік құжаттары мен қондырғыны даярлаушы-зауыттардың нұсқаулығында көрсетілген қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жобаланады және құрастырылады.
181. Қонақ үйлерді сейсмикалық қауіпті аймақта салған жағдайда инженерлік қондырғылар мен аспаптар сенімді бекітіледі.
182. Каминдерді ғимараттың ең соңғы қабатындағы нөмірлерде, ғимараттың биіктігі бойынша ең соңғы орналасқан көп деңгейлі нөмірлердің кез келген деңгейінде жобалауға жол беріледі.
183. Ғимараттарда және оған іргелес жер учаскесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес террористік қатерлердің әсерінен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар қарастырылады.
Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 04.06.2019 № 84-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.184. Қауіпсіздіктің жалпы жүйесі (телевизиялық бақылау, күзет дабылы және тағы басқалар) өртке қарсы қондырғылар рұқсат етілмеген мүмкіндік пен вандализмнен қорғауды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады.
185. Қылмыстық оқиғалар қаупін азайтуға бағытталған іс-шаралар пайдалану кезеңінде толықтырылады.
186. Азаматтық қорғаныс құрылыстарын орналастыру схемасы бойынша анықталатын жекелеген жағдайларда қос мақсаттағы үй-жайлар жобаланады.
187. Найзағайдан қорғау оның құрылғысы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобаланады.
188. Ғимараттың пайдаланылатын жабындарына, қоғамдық мақсаттағы жанастыра-жапсарлас салынған жабындарға, сондай-ақ кіреберіс аймаққа желдету өнімдерін қорғау жөніндегі іс-шаралар мен қоршау құрылғысы ұсынылады.
189. Электр қалқандары орналасқан үй-жайларды, бас станцияға (БС), кабельдік теледидарлардың техникалық орталықтарына (ТО), дыбыстық трансформаторлық шағын станцияларға (ДТШ) арналған үй-жайларды, сондай-ақ телефон тарату шкафтарын (ТТШ) ылғалмен жұмыс жасайтын үй-жайлардың (жуынатын бөлме, санитариялық тораптар және басқалары) астында орнатылмайды.
190. БС, ТО, ДТП үй-жайларына тікелей ауладан кіретін есіктер қарастырылады; электр қалқандарына арналған үй-жайға (оның ішінде байланыс орнату үшін, энергия тұтыну есебінің автоматтандырылған жүйесі, диспетчерлеу мен телевизия үшін) дала арқылы немесе қабат аралық дәлізден (холл) тікелей кіретіндей қарастырылады; ТТШ орнатылған жерге де сондай-ақ, көрсетілген дәліз арқылы жақындау қарастырылады.
7-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, ғимараттардың пайдалану сипаттамаларына қойылатын талаптар
191. Қонақ үйлердің тұрғын және қоғамдық үй-жайларында шаңнан тазарту мүмкіндігі (қонақ үйге арналған шаңсорғыштар мен орталық шаң жою жүйесін қолдана отырып дымқыл тазарту, құрғақ тазарту) қамтамасыз етіледі.
Сыйымдылығы 500 орыннан артық қонақ үйлерде адам тұратын және негізгі қоғамдық үй-жайларынан шаңды орталықтан жою (ваккумды тазалау жүйесі) қарастырылады.
192. Қонақ үйлердің қоқыс тастау құбырларының діңгектері мен камераларын шудан қорғауға жоғары талап қойылған, адамдар тұратын немесе басқа үй-жайларға жапсарлас орналасуына жол берілмей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жобаланады.
193. Қонақ үйдің үй-жайлары иондаушы және жоғары жиілікті сәулеленуден, оның ішінде ішкі көздерден (медициналық, ас үйдегі, техникалық жабдықтар және басқалары) қорғалуы керек.
194. Рұқсат етілетін шу деңгейлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес қабылдануы керек.
Нөмірлер мен қоғамдық үй-жайларды шудан (шудан қорғаушы есіктер, жақтаулардағы нығыздаулар, тамбурлар немесе алдыңғы есіктер орнату және тағы басқалар) және механикалық қондырғылардан болатын дірілден (амортизатор қондырғылардан, иілгіш қойылымдардан, ілмектерден, жүзбелі фундаменттен және тағы басқалар) қорғану жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.
195. Әрленген қонақ үй үй-жайлары жуу және залалсыздандыру құралдарына төзімділікпен қабылданады.
196. Қонақ үйлердің негізгі үй-жайларын салған және әрлеген кезде қауіпсіздік және сапа жөніндегі құжаттары бар экологиялық таза және қауіпсіз материалдар қолданылады
Жарақаттану қаупін туғызбайтын қолданылатын қондырғылар, арматура, фурнитура мен реттегіш қондырғылар қарастырылады.
197. Қонақ үй ғимараттары жобалау шешімдерінің экологиясын бағалау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) тұру жағдайы мен персоналдың өндірістік қызметінің экологиясы;
2) ғимараттың қоршаған ортаға әсері (атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды төмендетуді қамтамасыз ететін қондырғылар мен іс-шаралар, мысалы сүзгілер орнату, автотұрақтардан, автокөліктерді жуғаннан, ас әзірлейтін бөліктердің өндірістік процестерінің кәріздік суларын тазалау).
8-параграф. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік
198. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қайта салынатын немесе кеңейтілетін, жаңғыртылатын, техникамен қайта жарақтандырылатын, реконструкцияланатын, қалпына келтірілетін, күрделі жөнделетін қазіргі бар қонақ үйлерде арбамен қозғалатын халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының өмір сүруі мүмкіндігі мен қолжетімділік жағдайы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, тиісті қондырғылар, санитариялық тораптар габариттері, өтетін жолдар мен есік орындары, сондай-ақ вестибюльден бастап белгіленген нөмірге дейін көлденең және тік коммуникациялар бойынша халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының кедергісіз қозғалуына арналған құрылғылары бар бір және екі орынды нөмірлердің бір бөлігін көздеу қажет.
Негізгі кіреберіс есіктерін ашу, бекіту және жабу жүйесі халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектердің қонақ үй ғимаратына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс.
199. Қонақ үйлерді жобалаған және салған кезде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тіршілік етуі үшін жағдайлар, кресло-арбаны пайдаланатын адамдар үшін учаскенің, ғимарат пен қонақ үй нөмірінің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, толыққанды өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында қала құрылысы және сәулет-жобалау шешімдері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптары бойынша қабылданады.
200. Бөлмелер кресло-арба көмегімен қозғалатын адамдардың қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей болып жоспарланады.
201. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған бөлмелерде дыбыстық дабылдан басқа авариялық жарықтандыру мен жыпықтайтын дабыл шамы көзделеді.
202. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған бөлмелердегі қысқыштар, тұтқалар, киім ілгіштер, розеткалар, құралдарды кресло-арба көмегімен қозғалатын халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының жете алу мүмкіндігін ескере отырып, орнату қажет.
203. Автотұрақтарда физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың көлік құралдарына арналған халықаралық қолжетімділік нышандарымен белгіленген орындар көзделеді. Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жеке автокөліктеріне арналған орындар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген қашықтықта кіреберіске жақын орналастырылады. Қонақ үй ғимараты мен аумағының қоғамдық аймақтарына халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар (пандустар, көтергіштер) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жабдықталады.
9-параграф. Қоршаған ортаны қорғау
204. Қонақ үйлердің жер учаскесі мен аумағын жобалаған және ұйымдастырған кезде қоршаған ортаға және микроклиматқа кез-келген кері әсерді азайту, ландшафтты және энергия мен ресурстарды тиімді пайдалану арқылы биологиялық алуан түрлілікті дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету қажет.
205. Курорттарды санитариялық қорғау округінің аймағында, егер олар атмосфераның, топырақ пен судың ластануын, шудың нормативтік деңгейі мен электр магниттік өріс кернеуінің артуын тудырмаса, қонақ үйлер орналастыруға жол беріледі. Курорттарды санитариялық қорғау округінің үшінші аймағында табиғи емдік құралдарға және курорттың санитариялық жағдайына кері ықпал көрсетпейтін объектілерді орналастыруға жол беріледі.
206. Объектілерді жобалаған кезде ластайтын сарқынды суларды ағызуға және жерасты мен жерүсті суларын тікелей ластануына кедергі келтіретін ағындардың алдын алатын іс-шаралар қарастырылады.
207. Құрылыс кезінде өндірістік қалдықтардың уақытша жиналуына және объектіде қолдануға жол беріледі. Құрылыс қалдықтары көліктің кіруіне ыңғайлы орында орналасқан алаңда сақталады. Уақытша жиналған қалдықтар көлемі алаң көлемімен анықталады.
208. Егер бөлінген аумақты өсімдік пен жануарлардың сирек және қорғалатын түрі мекендесе, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі іс-шаралар өткізіледі.
209. Ағаштарды отырғызған кезде климаттық жағдайды, топырақ түрін, көшеттер санын, желдің бағытын, өсімдіктерге қызмет көрсетуді, тұрушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін ескеру қажет. Ғимараттардың бұтақтардан зақымдалуын болдырмау үшін биік ағаштарды ғимаратқа тікелей жақын отырғызу жөнсіз.
210. Жер учаскесінің ландшафтын жобалаған кезде ландшафттың табиғи көркею жағдайын ескеру қажет.
6-тарау. Табиғи ресурстарды үнемдеу және оларды ұтымды пайдалану
1-параграф. Энергия тұтынуды үнемдеу
211. Ғимарат үй-жайдың ішкі микроклиматына және тұрудың басқа да шарттарына белгіленген талаптарды орындаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес оны пайдаланған кезде энергетикалық ресурстардың тиімді және үнемді шығындалуы қамтамасыз етілетіндей етіп жобаланады және салынады.
212. Ғимараттың тиімді техникалық-экономикалық сипаттамаларына қолжеткізу және одан әрі жылытуға кеткен энергияның үлестік шығындарын азайту мақсатында:
1) ғимараттың айтарлықтай ықшамды көлемдік-кеңістіктік шешімдерін;
2) суық желдің бағыты мен күн сәулесінің таралу ағынының басымдығын ескере отырып, жарық жаққа қатынасы бойынша ғимарат пен оның үй-жайларының бағдары;
3) пайдалы әсер ету коэффиценті жоғары тиісті номенклатуралық қатардағы инженерлік қондырғыларды тиімді пайдалану;
4) шығатын ауа мен сарқынды сулардың жылуын қайта пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін (күн, жел және тағы басқа) пайдалану ұсынылады.
Ғимараттың жылу-техникалық сипаттамасы мен энергия үнемдеу сыныбын ғимараттың энергетикалық паспортына енгізеді және оларды пайдалану нәтижелері мен энергия үнемдеу бойынша жүргізілетін іс-шараларды ескере отырып айқындайды.
213. Ғимараттың энергиялық тиімділігін нормативтік параметрлерге сәйкес реттеу үшін энергия үнемдеу және жылуды тұтыну жағдайында қонақүйлер жобалау энергияны үнемдеу туралы Заңның және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, олардың талаптары энергия ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеуге бағытталған.
214. Ғимараттар, олардың жүйелері мен бөліктеріне арналған энергияны тиімді пайдалануға қойылатын талаптарды ескере отырып жобаланады және салынады.
215. Жылуды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін ғимараттың қоршау конструкциялары энергия үнемдейтін материалдарды пайдалана отырып жобаланады.
216. Ғимараттың энергетикалық тиімділігін жетілдіру кезінде климаттық және жергілікті жағдайлар назарға алынып, сондай-ақ үй-жайдың ішіндегі жағдайлар мен экономикалық тиімділігін ескере қабылданады. Бұл іс-шаралар ғимараттың басқа да техникалық талаптарына, жалпыға қолжетімділігіне, қауіпсіздігі мен мақсатты пайдаланылуына әсерін тигізбеуі керек.
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
217. Су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша су тұтынуды азайту, қайтарымды және тізбекті-айналым суымен жабдықтау жүйелерінде суды пайдалануды ұлғайту, өндірістік емес шығындар мен су ысырабын қысқарту, ластанған сарқынды суларды ағызуды төмендету мен тоқтату сияқты іс-шараларды ескеру қажет.
218. Құрылыс материалдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылыс қалдықтарын (рециклингті) қолдану қажет, бұл:
1) құрылыс материалдарын үнемдеуді, құрылыстың өзіндік құнының төмендеуін;
2) қалдықтарды кәдеге жарату проблемаларын жеңілдеуді;
3) экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз етеді.
219. Ландшафттық жоспарларда су, топырақ, биологиялық алуан түрлілік, энергетикалық ресурстар, ауа сапасы, жабайы табиғаттың ашық кеңістіктері мен қоғам пайдасындағы басқа да табиғи ресурстар сияқты табиғи ресурстарды тиімді сақтап қалу қарастырылады.
220. Ағаштарды отырғызған кезде, климаттық жағдайды, топырақ түрін, жауын-шашын мөлшерін, желдің бағытын, өсімдіктерге техникалық қызмет көрсетуді ескеру қажет.
ӘОЖ 728.5 МСЖ 93.040.10
_________________________________________________________________
Түйінді сөздер: қонақ үйлер, есептік сыйымдылық, жобалау, аумақ,
бөлмелер, вестибюль, үй-жай, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық қызмет
көрсету, сумен жабдықтау, санитариялық-техникалық жабдықтар,
шкафтар, электрмен жабдықтау, көлік қою аймағы, әлсіз тоқты жүйелер.