Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 17145 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №6-3/597 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12933 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ___________ Д. Абаев

      2018 жылғы 21 мауым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 13 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 15 маусым

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
24 мамырдағы
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы
30 маусымдағы
№ 6-3/597 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, су қоймасы, канал және басқалар) су алу жолымен су беру, су тартқыштар арқылы (канал, құбыр жолы) тасымалдау мен бөлу және АШТӨ-ге су бөлу нүктелеріне су беру;

      2) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру.

      3. Субсидия алушылар су берушіден суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алған және оларға ақы төлеу бойынша шығын шеккен АШТӨ болып табылады.

      4. АШТӨ-ге жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде анықталады.

      5. Жеткізілген судың бір текше метріне (бұдан әрі – 1м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері АШТӨ үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ Комитеті) тиісті аумақтық бөлімшелері бекіткен тарифтерден пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген, сатып алынған суаратын судың 1м3 арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.

      6. Мемлекеттік қызметті облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік корпорация АШТӨ-ден келіп түскен өтінімдерді 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Басқармаға береді.

      Басқарма өтінімді алған күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқарманың уәкілетті адамы қол қойған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы қағаз тасығыштағы хабарламаны АШТӨ-ге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      8. Субсидиялар АШТӨ шоттарына аударылады. Жалпы облыс бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған субсидиялар сомасы тиісті облыс мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен айқындалады.

2-тарау. Субсидиялар алу талаптары

      9. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған кезде төленеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алуға өтінім ұсынады;

      2) су беруші алдында берешегінің жоқтығы туралы құжат (төлем туралы түбіртек);

      3) жер учаскесіне жер пайдалану немесе жеке меншік құқығының тіркелуі.

3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Сатып алынған суаратын судың 1 м3-іне арналған субсидия мөлшері күріш жүйелеріне арналған қосылған құн салығымен (бұдан әрі – ҚҚС) қоса тарифтің 50%-ын құрайды.

      Басқа АШТӨ үшін жеткізілетін судың 1 м3-іне арналған субсидиялар суару тәсілдеріне қарамастан, тарифтерден пайыздық қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

0,40-тан 2,0 тг/м3-ге дейін

60%

2,01-ден 4,0 тг/м3-ге дейін

65%

4,01-ден 9,0 тг/м3-ге дейін

70%

9,01-ден 15,0 тг/м3-ге дейін

75%

15,01-ден 20,0 тг/м3-ге дейін

80%

20 тг/м3-ден жоғары

85%.

      Субсидиялар мөлшерін (тарифтың субсидияланатын бөлігін) есептеу үшін ҚР ҰЭМ Комитетінің тиісті аумақтық бөлімшелері бекіткен тариф пен су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің (0,40 тг/м3) ең төменгі (субсидияланбайтын) құны арасындағы айырмашылық алынады.

      Сатып алынған суаратын судың 1 м3-іне арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = (T-Smin)*%-ға, бекітілген тарифтер мөлшерлеріне сәйкес,

      мұнда:

      S – сатып алынған суаратын судың тг/м3-дегі субсидия мөлшері;

      T – бекітілген тариф, тг/м3 (ҚҚС-ны қоса алғанда);

      Ескертпе: егер, су беруші ҚҚС төлеуші болып табылса және белгіленген тәртіппен тіркелген болса.

      Smin – су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің (0,40 тг/м3) ең төменгі (субсидияланбайтын) құны;

      Күріш жүйелері үшін субсидиялау көрсетілетін қызметтердің ең төменгі (субсидияланбайтын) құнынсыз көзделеді.

      11. Субсидияланатын суаратын судың көлемі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 82-бабына сәйкес бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлінісіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.

4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      12. Басқарма осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің интернет-ресурсында және одан кейін тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдерді қабылдау кезеңі туралы хабарландыру орналастырады.

      13. Басқарма өтінімдердің осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген субсидиялар алу талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Өтінім осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Басқарма бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады және төлем жүргізілген кезде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шоттардың тізілімін және төлем шотын ұсынады.

      Өтінім осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінім берушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша уәжді жауап ұсынылады.

      14. Басқарма өтінімдерді тігілген, нөмірленген және мөрмен бекемделген журналға тіркейді.

5-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      15. Басқарма Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялардың пайдаланылуы туралы тиісті қаржы жылына арналған есепті 25 қарашадан кешіктірмей ұсынады.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы № _____ хабарлама

  20 ____ жылғы " ___ " ________

      ________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Жүгіну мақсаты _________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      Жүгінген күні 20 ____ жылғы "____" _______________

      Шешім:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________ облысы

      _______________________________________________________ (қаласы)

      Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

      _________________________________________________ _____________

      (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі) (қолы)

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Облыстың (Астана, Алматы
қалаларының)
ауыл шаруашылығы басқармасы
басшысына
____________________________
(аты, әкесінің аты (ол бар болса),
тегі)

20 __ жылғы ____________ айы үшін су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

      _______________________________________________________

      (атауы)

      2. Орналасқан жері: ___________________________________

      (облыс, аудан, кент, көше)

      3. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама

тіркеу нөмірі

мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


кім берді


берілген күні


3

Жеке тұлға үшін үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама
Қызметінің басталғаны туралы хабарлама

тіркелген күні


кім берді


берілген күні


жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


4.

Өтінім берушіге жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіруші және (немесе) құқық белгілеуші құжат

кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде суармалы жерлер


нысаналы мақсаты


сәйкестендіруші құжаттың нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


5.

Су көзі

су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, су таратқыш, су бөлгіш)


су берушінің тарифі (теңгемен)


су берушімен жасалған су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың нөмірі және күні


6.

Өңдеп өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суаратын суды тұтыну көлемі

егілетін дақыл


егіс алаңы, гектар

суландыру нормасы (бір гектарға текше метр)

су тұтыну көлемі (мың текше метр)

суару тәсілі

7.

Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат

банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


бизнес-сәйкестендіру коды (БСК)


корреспонденттейтін шот (К/С)


бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)


Бенефициар коды (Кбе)


8.

Алынған суаратын суға алғашқы төлем құжаттары

төлем сомасы, теңге


төленген суаратын су көлемі, мың м3 (текше метр)


су берушінің заңды мекенжайы


нөмірі


берілген күні


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік

      туралы хабардармын.

      Басшы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі):

      _____________ ______________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

      Бас бухгалтер (бар болса)

      ____________ ______________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

      Мөр (бар болса) орны

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтініш 20__ жылғы "___" ____________ қарауға қабылданды.

      ___________ ___________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі, лауазымы)

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
Облыс (Астана, Алматы
қалалары)
әкімінің орынбасары
________________________
(аты, әкесінің аты (ол бар болса),
тегі)
________________________
(қолы, мөр)
________________________
(күні)

_________________ облысы бойынша 201__ жылы (_________ айында) суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандатуға арналған субсидиялардың пайдаланылуы туралы есеп

Р/с №

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) атауы

АШТӨ-ның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)

Дақыл атауы

Жер учаскесі алаңы, мың (гектар)

Су лимиті, мың текше метр

Суару тәсілі

АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі,
мың (текше метр)

Субсидиялар мөлшері, (бір текше метрге теңге)

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге (8*9)

Облыс мәслихаты бекіткен сома, мың теңге

Ауытқу, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10=8*9

11

12

Аудан

1

АШТӨ 1











2

АШТӨ 2












Барлығы











Аудан

1.

АШТӨ 1











2.

АШТӨ 2












Барлығы












Жиыны











      Облыстың (Астана, Алматы қалаларының)

      ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

      _________ ___________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 6-4/1072 бұйрығымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) өтінім тапсырылған сәттен бастап – 4 (төрт) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі субсидияларды алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі (жеке тұлғаға – нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, заңды тұлғаға – өкілеттікті растайтын құжат бойынша) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялар алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім ұсынады;

      2) су беруші алдында берешегінің жоқтығы туралы құжат (төлем туралы түбіртек);

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жер пайдалану немесе жеке меншік құқығының тіркелуі.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден көрсетілетін алады.

      Ақпараттық жүйелер арқылы алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияны тағайындау/тағайындамау туралы шешімді беруді оның жұмыскері жеке басты куәландыратын құжат көрсетілген жағдайда (не оның өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілеттігін растайтын құжат бойынша), қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің өтінімін қарау нәтижелерін алу үшін келмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, бұдан кейін оны бұдан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, байланыс телефоны, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жолданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы, портал арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдау қажет болған жағдайда, оны Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

      Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgov.kz, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурстарында көрсетілген.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы № _____ хабарлама

  20 ____ жылғы " ___ "________

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Жүгіну мақсаты __________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      Жүгінген күні 20 ____ жылғы "____" _______________

      Шешім:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________ облысы

      _________________________________________________________ (қаласы)

      Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

      ___________________________________________ _________________

      (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі) (қолы)

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан
  Облыстың (Астана, Алматы
қалаларының)
Ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысына
____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
болса)

20 __ жылғы ____________ айы үшін су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

      ________________________________________________________

      (атауы)

      2. Орналасқан жері: ____________________________________

      (облыс, аудан, кент, көше)

      3. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

тіркеу нөмірі

мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


кім берді


берілген күні


3.

Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама

тіркелген күні


кім берді


берілген күні


жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


4.

Өтінім берушіге жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіруші және (немесе) құқық белгілеуші құжат

кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде суармалы жерлер


нысаналы мақсаты


сәйкестендіруші құжаттың нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


5.

Су көзі

су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, су таратқыш, су бөлгіш)


су берушінің тарифі (теңгемен)


су берушімен жасалған су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы жасалған шарттың нөмірі және күні


6.

Өңдеп өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суаратын суды тұтыну көлемі

егілетін дақыл


егіс алаңы, гектар

суландыру нормасы, (бір гектарға текше метр)

су тұтыну көлемі, мың (текше метр)

суару тәсілі

7.

Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат

банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


бизнес-сәйкестендіру коды (БСК)


корреспонденттейтін шот (К/С)


бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)


Бенефициар коды (Кбе)


8.

Алынған суаратын суға алғашқы төлем құжаттары

төлем сомасы, теңге


төленген суаратын судың көлемі, мың м3 (текше метр)


су берушінің заңды мекенжайы


нөмірі


берілген күні


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік

      туралы хабардармын.

      Басшы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі):

      ____________ ______________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

      Бас бухгалтер (бар болса)

      ____________ ______________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

      Мөр (бар болса) орны

      20__ жылғы "___" ____________

      Өтініш 20__ жылғы "___" ____________ қарауға қабылданды.

      ____________ _________________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі, лауазымы)

  "Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге су беру
қызметтерінің құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Өтінім қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      ________________________________________;

      ________________________________________;

      ________________________________________;

      ұсынбауыңызға байланысты, "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінім қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері

      ______________ _________________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

      Телефоны __________

      Алдым ___________ _________________________________________________

      (қолы) (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (ол бар болса), тегі)

      20__ жылғы "___" _________