Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2019 № 919 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16014 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 163-5 және 163-9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес;";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
2018 жылғы 04 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 08 маусым
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған құжаттар тізбесі
1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған өтінім.
2. "ҚДБ-Лизинг" АҚ-тың ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген бизнес-жоспар немесе кешенді жоспар.
3. Лизингтік жобаны жедел бағалау сауалнамасы.
4. Кредиттік тарих субъектісінің (жеке және/немесе тұлғаның заңды) кредиттік бюроға ол туралы ақпаратты беруге және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі, "ҚБД-Лизинг" АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе басқа уәкілетті адам қол қойған кредиттік тарих туралы ақпаратты алуға келісімі.
5. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, барлық тіркеу әрекеттері туралы, өтініш берушінің құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмелері немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік электрондық рұқсаттар тізілімінен және дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы өтініш беруші жіберген хабарлама туралы хабарламалардың үзінді көшірмесі.
6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңды тұлға Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі, және құрылтай шартының (бар болса) көшірмесі.
7. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысын сайлау (тағайындау) туралы шешімнің нотариалды куәландырылған көшірмесі және бұйрықтың көшірмесі.
8. Бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі және бас бухгалтерге немесе басқа тұлғаларға төлем, қаржы және басқа да құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрықтың (бар болса) көшірмесі.
9. Егер заңды тұлға индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылған жағдайда (бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісімен серіктестіктің тізілімін жүргізуге шарт жасасқан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоспағанда) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың (төлем тапсырмасы, кіріс-кассалық ордері, мүлік арқылы жарғылық капиталды қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны есептемегенде, мүлікті тәуелсіз бағалау және басқадай) көшірмесі.
10. Егер акционерлік қоғам индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылған жағдайда, акциялардың бес және одан да көп проценттер ұстаушылар туралы құнды қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінен үзінді көшірме.
Бұл ретте:
соңғы есеп беру күніне акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің;
акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
үлестес тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылады.
11. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылған жағдайда (серіктестіктің тізілімін жүргізуге арналған шарты болған жағдайда), серіктестіктің жарғылық капиталында қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылар тізілімнен үзінді көшірме.
12. "ҚДБ-Лизинг" АҚ-пен құжаттар, мен шарттарға қол қою құқығына тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы (егер бұл тұлға өтініш берушнің өкілі болып табылса).
13. Бірінші басшы, бас бухгалтер (бар болса) немесе уәкілетті тұлғаның (егер өтініш берушінің мүддесін сенімхат бойынша өкіл білдірген жағдайда) қолтаңбаларының үлгілері және өтініш берушінің баспа таңбасы (бар болса) бар нотариалды куәландырылған құжат.
14. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі және бас бухгалтердің (бар болса) немесе уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
15. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің соңғы үш жылдағы және соңғы есепті күнге (тоқсан, жартыжыл, тоғыз ай) қаржы құжаттары (Басқару құжаттамасының жалпы сыныптауышы бойынша № 1, 2, 3 және 4 үлгілер).
Акционерлік қоғамдар үшін жылдық қаржылық есептілігі аудитпен расталуы тиіс.
16. Тұлғаны куәландыратын не заңды тұлға – Өтініш берушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен фактісін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сонымен қатар бірыңғай тіркеуші арқылы жүзеге асырылатын қатысушылар тізілімін жүргізетін шаруашылық серіктестіктердің құжаттарын қоспағанда), сонымен қатар заңды тұлғаның бенефициар меншік иелерінің жеке басын (бенефициар меншік иесі заңды тұлға – Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған және акционерлер (қатысушылар) тізілімінен үзінді көшірме негізінде анықталған жағдайларды қоспағанда) куәландыратын құжаттар.
17. Сомаларын, мерзімдері мен оның пайда болуына әсер ететін себептерін, кредиторлық берешекті өтеу және үш айдан астам мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешекті қайтару бойынша өткізілген іс-шараларды көрсете отырып, кредиторлық, дебиторлық және қаржылық берешекті ашып жазу, сондай-ақ теңгерім валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік теңгерім баптарын ашып жазу.
18. "Негізгі қаражат" атты бухгалтерлік теңгерім баптарының таратып жазылуы.
19. Қызмет көрсетуші банктерден соңғы 12 (он екі) ай ішінде банк шоттары бойынша ай сайынғы айналымы көрсетілген банк шоттарының бар екені туралы, несие / мерзімі өткен несие берешек, несие / мерзімі өткен несие берешектің сомасынын бар болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәліметтер, сонымен бірге өтініш берушіде басқа банк шоттарының болмауы/бар болуы туралы хат.
20. Салыстыру актісі қоса берілген салықтар және бюджет, пен зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар болуы немесе болмауы туралы мемлекеттік кірістер органдарынан анықтама (электрондық құжат).
21. Қолданыстағы қарыз, кредиттік желілер, қаржы лизингі шарттарының және ақшалай қаражатты тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері (құжат парақтың екі бетінде және/немесе бір парақта 2 бетте басып шығарылады).
22. Қосымшалар, ерекшеліктер және барлық өзгерістер мен толықтырулармен (осындайлар бар болса) шарттардың көшірмелері және/немесе алдын ала шарттардың (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша) көшірмелері (құжат парақтың екі бетінде және/немесе бір парақта 2 бетте басып шығарылады).
23. Өтініш беруші қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттар, лицензиялар және өзге құжаттар (болған кезде).
24. Жоба іске асырылады деп болжанған жер учаскесіне меншік құқығын/ иелену және пайдалану (жалдау) құқықтарын (құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар, электрондық құжат түрінде ауыртпалықтың болуы/болмауы туралы тіркеуші органның мәліметтері.
25. Лизинг зат(тар)ына құжаттар:
1) өлшем мен параметрлер көрсетілген, олардың негізінде негізгі өнім берушінің таңдауы жүргізілген, бағалардың, техникалық сипаттамалардың, өндірістің технологиялық әдістерінің егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын қоса алғанда, негізгі және баламалы коммерциялық және техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелік талдауы;
2) басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық пен коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері;
3) лизинг зат(тар)ына техникалық құжаттама (арнайы техника мен өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдықтарға), өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдықтың габариттерін, орындау және жабдықтандыру параметрлерін, жұмыстың жылдамдығы мен тәртібін, пайдалы қызмет мерзімін қоса алғанда, конструкцияны, негізгі техникалық сипаттама мен жинақтаушыны сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс;
4) коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері немесе лизинг заттарының құны, жеткізу шарттары, жеткізу мерзімдері, кепілдік мерзімі мен шарттары және кепілдіктен кейінгі қызмет етуі көрсетілген сатып алынатын лизинг заттарына жасалған сатып алу-сату шартының көшірмесі;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысының көшірмесі/ЕАЭО СЭҚ ТН кодының қорытындысы туралы өтініш беруші хатының көшірмесі;
6) лизинг зат(тар)ы үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың көшірмесі (арнайы техника, автокөлік пен өзге лизинг зат(тар)ын қоспағанда жабдықтарға): жылжымайтын объектілерге (лизинг зат(тар)ын орналастыру үшін), қосымша үй-жайларға (өндіріске жалғаспалы) және инженерлік инфрақұрылымға жаңа, жаңадан салынып жатқан жылжымайтын объектілерге (лизинг зат(тар)ын орналастыру үшін), техникалық паспорт, және қосымша ғимараттарға жобалау және құрылыс кезеңдерінің нақты дайындығына (мемлекеттік сараптама қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және тағы басқалар) құжаттар беріледі. Техникалық паспорттар оларды алғанына қарай беріледі;
7) лизинг зат(тар)ын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жоспарланған жылжымайтын мүліктің құрылысы, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге (егер жөндеу жүргізген кезде конструктивті және салмақ түсетін элементтер өзгереді, сондай-ақ көлемді сипаттамалар мен ғимаратқа қауіп туындаған жағдайда) арналған жобалық-сметалық құжаттаманың көшірмесі;
8) лизинг зат(тар)ының пайдалануын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік инфрақұрылымның жобалық немесе техникалық құжаттамасының көшірмесі (құрылыс жобасы немесе техникалық паспорттар және инженерлік желілерге, жүйелерге немесе коммуникацияға шарттар);
9) сатып алынатын жабдыққа және басқаларға арналған сертификаттардың, сондай-ақ дилерлік сертификаттардың (авторизация) көшірмелері немесе электрондық құжаты, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін, ерекшеліктерін, құрылымын көрсете отырып, сатып алынатын жабдықта шығаруға жоспарланатын бұйымдардың ассортиментін сипаттау;
10) жаңа өндірістерді құрған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан кезде технологиялық жобаның электрондық құжаты ұсынылады.
26. Қоршаған ортаға әсерін бағалау мен қоршаған ортаны қорғау сатыларында кейіннен қорытындыларды ұсынбастан қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау сатысында (инвестициялардың негіздемесі, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық-экономикалық есептеулер, бизнес-жоспарлар және басқа да жобалау алдындағы құжаттардың негіздемесі) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының электрондық құжаты (қажет болған жағдайда).
27. "ҚДБ-Лизинг" АҚ ішкі құжаттарына сәйкес лизинг зат(тар)ын сатушының және оның қол қоюшысының құқыққа қабілеттілігін растайтын құжаттар.
28. Қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың (кепілдіктер, кепілгерліктер, кепілдер және басқалар) түпнұсқалары және/немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, электрондық түрде ауырпалықтардың болуы/болмауы туралы тіркеуші органның мәліметі. Кепілдіктер мен кепілгерліктер "ҚДБ-Лизинг" АҚ талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс, кепілге берілетін мүлікке құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және "ҚДБ-Лизинг" АҚ-тың ішкі құжаттарына сәйкес ресімделуі тиіс.
29. Өтініш берушінің уәкілетті органының (жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушыларының жалпы жиналысының, немесе акционерлердің жалпы жиналысының, немесе қоғамының директорлар кеңесінің хаттамасы, немесе егер жекеше орган болса, онда қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе, егер құзыреттілігіне байланысты алқалы орган болса, онда басқарманың хаттамасы) төмендегі туралы шешімі лизинг зат(тар)ын қаржы лизингі шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде өтініш берушінің атынан шарттарға қол қою үшін тұлғаға өкілеттіктер беру (заңды тұлғаның кепілдігі болған жағдайда), мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс іске асыруға (мүлікті кепілге берген жағдайда) келісім.
Барлық ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің әр бетіне бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін атқаратыны туралы растайтын құжаты болған жағдайда) немесе өкілеттік берілген тұлғаның (сенімхат болған жағдайда) қолтаңбасымен және өтініш берушінің мөр баспа-таңбасымен куәландырылады.
Құжаттардың топтамасы оқылатын түрінде "PDF" форматта, 300 dpi кем емес, бірақ 600 dpi аспайтын рұқсат етілген көлемінде сканерленуі тиіс:
Бизнес-Жоспар, Техникалық-экономикалық негіздеме;
Қаржы үлгісі Сараптамаға арналған "MS Word" мен "MS Excell" форматында берілуі тиіс.