БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11293 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының аумақтық тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. ТЕБ-ке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға толтыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) бекітілген, Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі – акт) беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы актіні толтырады, онда қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (мемлекеттік тіркеу, көлік құралын мемлекеттік есептен шығару) құжаттар ұсынылып отырғанын көрсетеді.
Толтырылған актімен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорацияның (Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының) қызметкері немесе облыстық ТЕП қызметкері бастапқы тіркеу кезінде (көлік құралын өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған көлік құралдарын қоспағанда) көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өту үшін жібереді. Көлік құралын байқап тексеру 20 минут ішінде жүзеге асырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі";
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің толықтай сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі".
33. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталуы үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандартта белгіленген құжаттар пакетін портал арқылы беруі негіз болып табылады.
34. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу үшін порталда өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы одан әрі көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайындалатын ТЕП немесе Мемлекеттік корпорация туралы ақпарат алады.
35. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
36. Өтінімді алғаннан кейін ТЕП қызметкері мәліметтерді электрондық-цифрлықпен қолымен растайды.
37. ТЕП қызметкері Стандартта белгіленген құжаттар пакеті ұсынылған кезде оларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерін 15 минут ішінде ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеруді жүргізеді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕП қызметкері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған жағдайда, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ІІО-ның аумақтық бөлінісіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда, ТЕП қызметкері көрсетілетін қызметті алушының "Автомобиль" автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі базасына енгізілген деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігін тексеріп, осы деректерді электрондық-цифрлық қолымен растайды, одан кейін құжаттарды ТЕП операторына береді.
38. ТЕП операторы өтінімді алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК бланкісін дайындауды жүзеге асырады.
39. ТЕП қызметкері КҚТК-ны, не МТНБ-мен КҚТК-ны, КҚТК және МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушыға немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілген сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша береді.
40. Осы Регламенттің 39-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған деп есептеледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда, электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |