БҰЙЫРАМЫН:
1. "Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Біліктілік емтиханды тапсыру өтініш берушінің хабарламасын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға үміткер (бұдан әрі – үміткер) тұлға біліктілік емтиханды тапсыру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш), біліктілік емтиханды өткізу комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия), біліктілік емтиханын тапсыру тілін (қазақ немесе орыс) көрсете отырып, мынадай тәсілдердің бірімен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитеті) кеңсесі арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар:
Комитеттің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты;
2) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жоғары заң немесе экономикалық білімі туралы дипломның көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын, тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтаманы не нотариалды куәландырылған көшірмесі;
электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде веб-порталға:
1) жоғары заң немесе экономикалық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
2) экономикалық, қаржы немесе заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерді оның өту күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей біліктілік емтиханының күні, уақыты мен орнын көрсете отырып, Комитет хабардар етеді.
Мыналар:
1) өтінішті беру кезінде олар көрсеткен пошталық мекенжайға жолданған жазбаша хабарлама;
2) веб-портал арқылы жолданған хабарлама үміткерді тиісінше хабардар ету болып танылады.
Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі, біліктілік емтиханын өткізу күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, оны өткізу күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер оның жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.";
17-тармақтың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Біліктілік емтиханынан шеттетілген үміткер, осы Ереженің 3-тармағымен көзделген тәртіпте шешім шығарылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін, өтінішті қайта бере алады.";
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Тестілеу және (немесе) емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша Комиссия біліктілік емтиханын тапсырғаны (тапсырмағаны) туралы дәлелді шешім шығарады.
Біліктілік емтиханының нәтижелері біліктілік емтиханы өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталға орналастырылады.
19. Комиссияның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешімі уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне хабарлама беру үшін негіздеме болып табылады.
Комиссияның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешімі біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бір жылға жарамды.
20. Біліктілік емтиханынан өтпеген адам, нәтижесі бойынша біліктілік емтиханынан өтпеді деп таныған адам, біліктілік емтиханы өткен күнінен бастап үш айдан кейін оны қайта тапсыра алады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Үміткер келмеген жағдайда оның өтінішін Комитет:
1) табыс етілген құжаттармен бірге, өтінішті беру кезінде олар көрсеткен пошталық мекенжайға;
2) веб-портал арқылы қайтарылады.
Өтініш біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей қайтарылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев ___________
2018 жылғы 6 маусым