ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оның көшірмесі жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 28 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 25 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына 1-қосымша |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар жаңа редакцияда көзделген – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.06.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабы 25-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органдары;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалардың жеке түрлерін барлауға, пайдалы қатты қазбалардың жеке түрлерін өндіруге немесе бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт;
3) жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимі – пайдалы қатты қазбаларды барлау, пайдалы қатты қазбаларды өндіру немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға арналған берілген лицензия негізінде Кодекспен белгіленген, жер қойнауын пайдаланудың құқықтық режимі;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия – кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын комиссия;
5) құзыретті орган – пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін және мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық атқарушы орган.
6) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша комиссия – уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі құзыретті орган құратын комиссия.
3. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу (жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу) тиісті комиссиялардың шешімі негізінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны немесе жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарттардың орнына беру жолымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жер қойнауы учаскесінде өзара жекелеген пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру бойынша операцияларды жүргізуді көздейтін жер қойнауының әр жеке учаскесінде жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия беру жолымен жүзеге асырылады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезде жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына берілетін лицензия мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша екі және одан да көп дараланған жер қойнауы учаскесін көздейтін лицензия тиісті жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану кезеңінен аспайтын мерзімге беріледі.
5. Осы Қағидалар сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті (тиісті) лицензияны (лицензиялар) беру күнінен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды тоқтатуға әкеп соқтырады.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы келісім (бұдан әрі –Келісімшартты бұзу туралы келісім) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны (лицензиялар) берілетін күніне жасалады.
2-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу тәртібі
6. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға, бірлескен барлау және өндіруге (барлау кезеңде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы лицензиялық режимге өтуге ниетті жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға, бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы өтінішті құзыретті органға жібереді.
7. Өтініш мынадай мәліметтерді қамту керек:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса;
3) егер өтініш тиісті күнтізбелік жылдың екінші жарты жылдығында жіберілсе, бірінші жарты жылдық үшін лицензиялық келісімшарттарды орындау туралы есеп;
4) Кодекспен көзделген жер қойнауын пайдаланушыны тікелей және жанама бақылайтын тұлға мен (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп.
8. Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға жатады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде аудармамен бірге беріледі, олардың дұрыстығын нотариат куәландыруға жатады.
9. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және оған қоса берілетін барлық құжаттарды қарауға кіріседі және олардың көшірмелерін жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті органға жібереді.
10. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралған барлау учаскесінің шектерінің Кодекс ережелеріне сәйкестігіне құзыретті органнан оның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде өтінішті қарайды.
Егер өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті орган мәлімделген блоктар жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша басқа жер қойнауы учаскесіне жатады, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе қатты немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада басқа жер қойнауы учаскесіне жататын аумақтардың координаттары мен ауданы және мәлімделген барлау учаскесінің аумағын өзгерту туралы ұсыныстар көрсетіледі.
Егер мәлімделген барлау учаскесінің шектері Кодекс талаптарына сәйкес келмейді немесе өтініште аумақтық келісімшартқа жатпайтын блоктар қосылған, жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті орган сол туралы құзыретті орган мен өтініш иелерін хабардар етеді. Хабарламада оларды жою тәсілі туралы табылған сәйкессіздік пен ұсыныстар көрсетіледі.
Егер мәлімделген барлау учаскесінің шектері Кодекс талаптарына сәйкес келсе жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті орган сол туралы құзыретті орган мен өтініш иелерін хабардар етеді.
11. Құзыретті орган өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды және оны комиссия қарауына енгізу үшін пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша материалдарды олардың келіп түскен күннен бастап жиырма бес жұмыс күн ішінде кешіктірмей қарайды.
12. Өтініштерді қараудан кейін құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді қабылдау үшін құзыретті органдарға дайындалған пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, өтініштер оған қоса берілетін құжаттар мен басқа материалдар комиссияға қарауға енгізеді.
13. Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия құзыретті органмен дайындалған, оған қоса берілген құжаттар мен материалдар, келіп түскен өтініштерді он бес жұмыс күн ішінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге көшу мәселелерін қарайды.
14. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу мәселесін қарастыру кезінде:
1) Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігімен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Кодекстің 191-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияға енгізуге жататын ықтимал шарттар;
2) Жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті органның ескертулерін және құзыретті органның ұсынымдарын ескере отырып, мәлімделген барлау учаскелерінің аумақтық шекараларын қажетті түзету әзірленеді.
15. Жер қойнауын пайдалану құқығын және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы шешім барлауға арналған келісімшарт орнына мынадай шарттарды сақтау кезінде қолданылады:
1) егер өтініш немесе оған қоса беріліп отырған құжаттар осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес болса;
2) егер өтінішке осы Қағидалардың 7-тармағымен талап етілетін қоса құжаттар қоса берілсе;
3) егер қарастыру қорытындылары бойынша берілетін, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиядағы барлау учаскесі аумағы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келсе;
4) егер келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптасқан, барлауға арналған берілетін лицензия бойынша барлау учаскесінің шектері жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе қатты немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша басқа жер қойнауы учаскесіне жатпаса;
5) егер құзыретті органның және өтініш иесінің пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, барлауға арналған берілетін лицензияның барлық шарттары келіссе.
16. Егер қарау және келіссөздердің қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімімен пайдалы қатты қазбалардың жеке түрлерін барлауға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің бөлімімен өтініш иесі лицензия берген күннен бастап күнтізбелік екі жылдан аспайтын тиісті орындау мерзімімен осындай жер қойнауы учаскесінің бөлігі жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді толықтыру жатады, берілетін лицензия шарты барлауға арналған берілетін лицензияны барлау учаскесіне енгізілмеген.
Егер қаралатын барлау аумақтары екі жүз блоктан көбін құрайтын болса пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия және өтініш иесі екі жүз блоктан көп емес енгізетін барлауға арналған берілетін лицензиялар санын айқындайды.
17. Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясымен қабылдағаннан кейін жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді өтініш иесі он жұмыс күн ішінде келісімшартты бұзу туралы қол қойылған келісімді өз тарапынан құзыретті органға ұсынады.
Осы мерзімді өткізіп алған жағдайда өтініш иесі оның өту күнінен бастап үш ай өткенде жер қойнауы құқығын қайта ресімдеу туралы өтінішті қайта ұсынады.
18. Құзыретті орган өтініш иесінен келісімшартты бұзу туралы ол қол қойылған келісімді алған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде осы келісімді жасайды және Келісімшартты бұзу туралы келісім оның данасымен осы бөлімге сәйкес келісілген шарттарды қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны өтініш иесіне береді.
19. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны алған жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде Кодекстің 198-бабына сәйкес қатты пайдалы қазбалар саласында уәкілетті органға осындай операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда барлау учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізуді жалғастыуға құқылы.
3-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу тәртібі
20. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру немесе бірлесіп барлау және өндіруге арналған (өндіру кезеңіңде) келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы лицензиялық режимге өтуге ниетті жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды өндіру/ бірлесіп барлау және өндіруге (өндіру кезеңінде) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтінішті құзыретті органға жібереді.
21. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның, егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат;
3) егер өтініш тиісті күнтізбелік жылдың екінші жарты жылдығында жіберілсе, бірінші жарты жылдық үшін лицензиялық келісімшарттық талаптарын орындау туралы есеп;
4) өтініште көрсетілген аумақтар туралы мәліметтері бар құжаттар: орналасқан учаскесінің картограммасы, масштабта орындалған, көрнекілікті қамтамасыз ететін, шолу сызбасы (ахуалдық), топографиялық картаның беті;
5) Кодекстің 216-бабына сәйкес әзірленген тау-кен жұмыстарының жоспар жобасы;
6) Кодекстің 217-бабына сәйкес әзірленген жою жоспарының жобасы;
7) Келісімшарттық аумақтар шеңберінде болған, ресурстар мен пайдалы қатты қазбалардың қорларын бағалау туралы есеп;
8) Кодекспен көзделген жер қойнауын пайдаланушының тікелей немесе жанама бақылайтын тұлға мен (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген пайдалы қатты қазбалар ресурстарын және қорларын бағалау туралы есепті Қазақстандық геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы жария есептілігінің кодексіне (бұдан әрі - KAZRC Кодексі) сәйкес құзыретті тұлға дайындауға тиіс.
22. Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға жатады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде аудармамен бірге беріледі, олардың дұрыстығын нотариат куәландыруға жатады.
23. Өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде және оған қоса берілетін барлық құжаттарды құзыретті орган оларды қарауға кіріседі және жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті органға мәлімделген өндіру учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есебі өтінішке қоса берілген өтініш көшірмесін жібереді.
24. Жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті орган мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастріне пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есебінен мәліметтерді енгізеді және Кодекс ережелерімен он жұмыс күн ішінде мәлімделген өндіру учаскесінің шектеріне сәйкес өтініштер мен оған қоса беріліп отырған құжаттарды қарайды.
Егер өтінішті және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті орган көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша, пайдалы қатты қазбаларды барлауға, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе қатты немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада басқа жер қойнауы учаскесіне жататын аумақтардың координаттары мен алаңы және мәлімделген өндіру учаскесінің аумағын өзгерту туралы ескертулер көрсетіледі.
Егер мәлімделген өндіру учаскесінің шектері Кодекстің 209-бабына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесі мен құзыретті органға хабар береді. Хабарламада табылған сәйкессіздіктер мен оларды жою тәсілдері туралы ұсыныстарды көрсетеді.
Егер мәлімделген барлау учаскесінің шектері Кодекс талаптарына сәйкес келсе жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті орган сол туралы құзыретті орган мен өтініш иелерін хабардар етеді.
25. Құзыретті орган өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды және оны комиссия қарауына енгізу үшін пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша материалдарды дайындайды олардың келіп түскен күннен бастап жиырма бес жұмыс күн ішінде кешіктірмей қарайды.
26. Өтінішті қарағаннан кейін құзыретті орган пайдалы қатты қазбалар бойынша құзыретті органмен дайындалған барлық қоса беріліп отырған құжаттар және материалдар жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді қабылдау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жөніндегі комиссия қарауға енгізеді.
27. Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия құзыретті органмен дайындалған, оған қоса берілген құжаттар мен материалдар, келіп түскен өтініштерді отыз жұмыс күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы мәселелерді қарайды.
28. Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу мәселелерін қарау барысында және өтініш иесі жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге ауысу мәселелерге қарамастан келіссөздер жүргізу мүмкін:
1) Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігімен көзделген, ерекшеліктерді ескере отырып, Кодекстің 208-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған енгізуге жататын, шарттар бойынша;
2) Жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті органның және құзыретті органның ескертулерін ескере отырып, мәлімделген өндіру учаскелерінің аумақтық шектерді түзету бойынша.
29. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге, келісімшарттар орнына мынадай шарттарды сақтау кезінде қолданылады:
1) егер өтініш пен оған қоса беріліп отырған құжаттар осы Қағидалардың 20 және 22-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келсе;
2) егер өтінішке осы Қағидалардың 21-тармағымен талап етілетін құжаттар қоса берілсе;
3) егер келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге берілетін лицензия бойынша өндіру учаскесінің шектері жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған, қатты немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша басқа жер қойнауы учаскесіне жатпайды;
4) егер қарау мен келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге берілетін лицензия учаскесінің аумағы Кодекстің 19-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келеді;
5) егер пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия және өтініш иесі Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген артықшылықтарын ескере отыра, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге берілетін барлық лицензия үшін келісімге келуге шешті.
30. Егер өтініш иесімен пайдалы қатты қазбалардың жеке түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесін қарау және келіссөздер қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия шешімімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясымен айқындалған осындай жер қойнауы учаскесінде мерзіммен тиісті орындалатын жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша осындай лицензия міндеттемелер шартымен толықтырылады, пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесіне берілетін лицензиясына кірмейді.
31. Егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру шартымен немесе пайдалы қатты қазбалардың өндіруге арналған келісімшарттар қолдану мерзімін ұзарту (бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі) міндеттемелері көзделсе: Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан қайта өндіретін кәсіпорында (өндіріс) қайта өңдеу үшін өндірілетін пайдалы қазбаларды жеткізу бойынша; қолданыстағы қайта өндірілетін өндірістерді жаңғырту немесе қайта құру бойынша; жер қойнауын пайдаланушының қолданыстағы өндірілетін өндірістерді жаңғырту немесе құру бойынша; оның еншілес ұйымдар немесе бірлескен қайта өндеу өндірісті кәсіпорнын олармен құру бойынша; міндеттемлер белгіленген, пайдалы қатты қазбалар бойынша; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиямен берілетін лицензияға осы міндеттемелерді қосу туралы мәселе инвестициялық жобаны (олармен немесе олардың еншілес ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындар) немесе өңірді әлеуметті экономикалық дамытуға бағытталған жобаны іске асыруды қамтамасыз ету бойынша қарауына жатады.
32. Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның шешімі барлық отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылған хаттамамен рәсімделеді.
Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясымен қабылдау жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім хаттамасы өтініш иесі мен уәкілетті тұлғамен қол қойылады.
33. Пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиямен қабылдағанан кейін келісімшартты бұзу туралы өз тарапынан қол қойылған Келісім он жұмыс күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді құзыретті органға ұсынады.
34. Құзыретті органның комиссиясымен жер қойнауы құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді қабылдаған жағдайда, он жұмыс күн ішінде құзыретті органға Кодекстің 216 және 217-баптарына сәйкес көзделген тау кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспарының сараптамасын өткізуге келісу келісімшартты бұзу туралы келісімді өз тарапынан қол қойылған құзыретті органға ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны өтініш иесіне жібереді.
Келісімшартты бұзу туралы келісімдерге өтініш иесімен қол қойылған, келісілген тау кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспарының оң сараптамасының қорытындыларын өтініш иесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей құзыретті органға ұсынылуы тиіс.
Көрсетілген мерзімді ұзарту қажет болған жағдайда Өтініш иесі осындай ұзартудың негіздемесімен құзыретті органға жүгінеді. Құзыретті орган егер өтініш иесінен байланысты болмаған міндеттемелермен туындалған осындай ұзарту қажеттілігі болса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өту күнінен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге осы мерзімді ұзартады.
Өтініш иесімен көзделген мерзімді өткізіп алған жағдайда жер қойнауы құқығын қайта ресімдеу туралы өтінішті қайта беруге құқылы.
35. Өтініш иесімен Келісімшартты бұзу туралы келісімді ұсынылған жағдайда, келісілген тау кен жұмыстары мен жою жоспарының сараптаманың оң қорытындысының көзделген мерзімде құзыретті орган он бес жұмыс күн ішінде келісімшартты бұзу туралы келісім жасасады және өтініш иесіне оның данасымен осы бөлімге сәйкес келісілген, келісімшартты бұзу туралы келісімнің талаптары бар пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны береді.
36. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алған жер қойнауын пайдаланушы, Кодекстің 198-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға осындай операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну талаптары кезінде өндіру учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізуді жалғастырады.
4-тарау. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу тәртібі
37. Кең таралған пайдалы қазбалардың жеке түрлерін өндіруге арналған кеілісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші, жер қойнауын пайдаланушы лицензиялық режимге өтуге ниетті жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы өтінішті тиісті жергілікті атқарушы органға беруге құқылы.
38. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) осы Қағидалардың 4-қосымшасының 1-тармағында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
3) егер өтініш тиісті күнтізбелік жылдың екінші жарты жылдығында жіберілсе, бірінші жарты жылдық үшін лицензиялық келісімшарттық талаптарын орындау туралы есеп;
4) өтініште көрсетілген аумақтар туралы мәліметтері бар құжаттар: орналасқан учаскесінің картограммасы, масштабта орындалған, көрнекілікті қамтамасыз ететін, шолу сызбасы (ахуалдық), топографиялық картаның беті;
5) Кодекстің 216-бабына сәйкес әзірленген тау кен жұмыстарының жоспар жобасы;
6) Кодекстің 217-бабына сәйкес әзірленген жою жоспарының жобасы;
7) Келісімшарттық аумақтар шеңберіндегі кең таралған пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеп қоса беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген кең таралған пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есебі KAZRC кодексіне сәйкес құзыретті тұлға дайындауға тиіс.
39. Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға жатады. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде аудармамен бірге беріледі, олардың дұрыстығын нотариат куәландыруға жатады.
40. Өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде және оған қоса берілетін барлық құжаттарды уәкілетті орган оларды қарауға кіріседі және жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті органға өндіру учаскесінің мәлімделген аумақтар туралы деректері бар құжаттар мен кең пайдалы қатты қазбалардың ресурстары және қорларының бағасы туралы қоса беріліп отырған есепті өтініш көшірмесін жібереді.
41. Жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрыне кең таралған пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есебінен мәліметтерді енгізеді және Кодекс ережелерімен он жұмыс күн ішінде мәлімделген өндіру учаскесінің шектеріне сәйкес өтініштер мен оған қоса беріліп отырған құжаттарды қарайды.
Егер өтінішті және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кезінде жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті орган көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша, пайдалы қатты қазбаларды барлауға, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе қатты немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесін және жергілікті атқарушы органды хабардар етеді. Хабарламада басқа жер қойнауы учаскесіне жататын аумақтардың координаттары мен алаңы көрсетіледі және мәлімделген өндіру учаскесінің аумағын өзгерту туралы ескертулер.
Егер мәлімделген өндіру учаскесінің шектері Кодекстің 234-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесі мен жергілікті атқарушы органға хабар береді. Хабарламада табылған сәйкессіздіктер мен оларды жою тәсілдері туралы ұсыныстарды көрсетеді.
Егер мәлімделген барлау учаскесінің шектері Кодекс талаптарына сәйкес келсе жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті орган сол туралы құзыретті орган мен өтініш иелерін хабардар етеді.
42. Жергілікті атқарушы орган өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттар олар келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде қарайды.
43. Өтінішті қарағаннан кейін құзыретті орган кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жергілікті атқарушы органмен дайындалған барлық қоса беріліп отырған құжаттар және материалдар жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді қабылдау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жөніндегі комиссия қарауға енгізеді.
44. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт жөніндегі комиссия келіп түскен өтінішті отыз күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы мәселелерді қарайды.
45. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жөніндегі комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу мәселелерін қарау барысында және өтініш иесі жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге ауысу мәселелерге қарамастан келіссөздер жүргізу мүмкін:
1) Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігімен көзделген, ерекшеліктерді ескере отыра, Кодекстің 233-бабына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны енгізуге жататын, шарттар бойынша;
2) жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның ескертулерін ескере отыра, мәлімделген өндіру учаскелерінің аумақтық шектерді түзету бойынша.
46. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге, кең таралған пайдалы қазбаларды жеке өндіруге арналған келісімшарттар орнына мынадай шарттарды сақтау кезінде қолданылады:
1) егер осы Қағидалардың 37 және 39-тармақшаларында көзделген талаптарына өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сәйкес келсе;
2) егер өтінішке осы Қағидалардың 38-тармағымен талап етілетін құжаттар қоса берілсе;
3) егер келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге берілетін лицензия бойынша өндіру учаскесінің шектері жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, қатты немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша басқа жер қойнауы учаскесіне жатпайды;
4) егер келіссөздер қорытындылары бойынша қалыптастырылған кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілетін лицензия учаскесінің шектері Кодекстің 19-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келеді;
5) егер кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия және өтініш иесі Кодекстің 278-бабы 25-тармағының алтыншы бөлігінде көзделген артықшылықтарын ескере отырып, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге берілетін барлық лицензия үшін келісімге келуге шешті.
47. Өтініш иесімен кең таралған пайдалы қазбалардың жеке түрлерін өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесін қарау және келіссөздер қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия шешімімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясымен айқындалған осындай жер қойнауы учаскесінде мерзіммен тиісті орындалатын жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша осындай лицензия міндеттемелер шартымен толықтырылады, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіне берілетін лицензиясына кірмейді.
48. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссия шешімін барлық отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылған хаттамасымен рәсімделеді.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиясымен қабылдау жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешім хаттамасы өтініш иесі мен уәкілетті тұлғамен қол қойылады.
49. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар жөніндегі комиссиямен қабылдағанан кейін келісімшартты бұзу туралы өз тарапынан қол қойылған келісім он жұмыс күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді құзыретті органға ұсынады.
50. Жергілікті атқарушы органның комиссиясымен жер қойнауы құқығын қайта ресімдеу туралы шешімді қабылдаған жағдайда, он жұмыс күн ішінде құзыретті органға Кодекстің 216 және 217- баптарына сәйкес көзделген тау кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспарының сараптамасын өткізуге келісу келісімшартты бұзу туралы келісімді өз тарапынан қол қойылған жергілікті атқарушы органға ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны өтініш иесіне жібереді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзу туралы келісімдерге өтініш иесімен қол қойылған, келісілген тау кен жұмыстарының жоспары мен жою жоспарының сараптамасының оң қорытындыларын өтініш иесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей жергілікті атқарушы органға ұсынылады.
Өтініш иесі осындай ұзарту қажеттілігінің негіздемесімен көрсетілген мерзімді ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылы. Жергілікті атқарушы орган егер өтініш иесінен байланысты болмаған міндеттемелермен туындалған осындай ұзарту қажеттілігі болса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің өту күнінен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге осы мерзімді ұзартады.
Өтініш иесімен көзделген мерзімді өткізіп алған жағдайда жер қойнауы құқығын қайта ресімдеу туралы өтінішті қайта жіберіледі.
51. Өтініш иесімен келісімшарттарды бұзу туралы келісімді ұсыну жағдайда, келісілген тау кен жұмыстары мен жою жоспарының оң қорытындысының көзделген үлгі бойынша қол қойылған көзделген мерзімде жергілікті атқарушы орган он бес жұмыс күн ішінде келісімшартты бұзу туралы келісім жасалады және өтініш иесіне оның данасымен, келісімшартты бұзу туралы келісімнің талаптары бар кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны береді.
52. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу нәтижесінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алған жер қойнауын пайдаланушы, Кодекстің 198-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы жергілікті атқарушы органға осындай операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну талаптары кезінде өндіру учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізуді жалғастырады.
Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы келісім
Бұзу туралы келісім __________________________________________
__________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы, пайдалы
қазбалардың түрлерін және операциялардың түрлерін енгізе отырып, тіркеу
нөмірі мен күні)
Қазақстан Республикасы арасындағы, атынан әрекет ететін
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
және ___________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
заңды тұлғаның толық атауы)
(бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) бұдан әрі бірлескен аталынған
Тараптар.
Осы Бұзу туралы келісім 20___жылғы "____" _____________№___
__________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
комиссия хаттамасының негізінде
__________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы,
операциялардың түрлерін енгізе отырып, тіркеу нөмірі мен күні)
__________________________________________________________________
(пайдалы қазбалардың түрін көрсету)
20___жылғы "____" _____________ (бұдан әрі - Келісім) Тараптармен қол қойылды
Кіріспе
Мыналарды назарға ала отырып:
1) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша жер қойнауын
пайдаланудың құқығына ие
____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың толық атауы,
операциялардың түрлерін енгізе отырып, тіркеу нөмірі мен күні,)
(бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушыға арналған келісімшарт);
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып
табылады Қазақстан Республикасы атынан әрекет ететін
___________________________________;
(мемлекеттік органның атауы)
3) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс)
қабылданды және қолданысқа енгізілді;
4) жер қойнауын пайдаланушы ______________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кодекстің 278-бабы 25-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын
қайта ресімдеуге өтініш жасады;
5) ______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
комиссияда жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу шарттары
мәселелерін қарауға шешім қабылданды;
6) _______________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
комиссия жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу шешімі қабылдады және
___________________________________ жер қойнауын пайдаланушыға
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________
(пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, пайдалы қатты
қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе кең таралған пайдалы
қазбаларды өндіруге арналған лицензия, берілген лицензиялардың тізіліміне
оның күні мен нөмірі)
(бұдан әрі – жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия) жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшарттың орнына (комиссия хаттамасының нөмірі
мен күні) лицензия берілсін деп ұсынылды
______________________________ және жер қойнауын пайдаланушы
(мемлекеттік органның атауы)
төмендегі айтылғандар туралы келіседі:
1. Осы Келісімнің жасасу күніне жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшартты өзара келісім бойынша бұзуға.
2. Тараптар, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптары
бойынша бір біріне наразылақтары болмайтынын растайды.
3. Келісім жасасқаннан кейін Тараптар арасындағы жер қойнауын
пайдалану талаптары бойынша қатынастар Қазақстан Республикасы
заңнамасымен және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды
бұзу орнына жер қойнауын пайдаланушымен берілген жер қойнауын
пайдалануға арналған лицензиямен реттеледі.
4. Осы Келісімге қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының
құқығы болып табылады.
5. Осы Келісімге байланысты даулар, Қазақстан Республикасы
заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.
6. Келісім қазақ және орыс тілдерінде жасалады, әр тарап үшін бір
данадан қазақ және орыс тілдерінде беріледі, барлық даналар ұқсас.
7. Келісім мазмұны мен түсіндіруді анықтау кезінде қайшылықтар
немесе даулар туындаған жағдайда мәтіннің нұсқасы _______________
(қазақ немесе орыс тілдерін көрсету) айрықша күші бар.
8. Осы Келісім 20 ___ жылғы ________ (күні), _______ (айы)
____________ қаласында (Қазақстан Республикасы), Тараптардың уәкілетті
өкілдерімен жасасты
9. Заңды мекенжайы мен Тараптардың қолдары.
Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан | |
____________________________ ____________________________ (мемлекеттік органның атауы) |
Қатты пайдалы қазбаларды барлауға / бірлескен барлау және өндіруге (барлау кезеңі) арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш
20__ жылғы " ___" ________
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны берсін және
__________________________________________________________________
барлауға\бірлескен барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша
жер қойнауын пайдалану құқұғын қайта ресімдеуді сұраймын
____________________________________________________________________
(пайдалы қатты қазбалар түрлері)
№ | Өтініш иесі туралы мәліметтер | |
1. | жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні | |
заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер | ||
2. | Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасасқан күні мен нөмірі | |
3. | * Блоктың жеке коды (блоктың жеке коды) және келісімшарттық аумағын құрайтын (бар болғанда) осындай блоктардың жеке кодтармен блок бөлігінің бұрыштық нүктелердің координаттары (блок бөлігі) |
Ескертпе:
* Егер өтініш екі және оданда көп блоктарды қамтыса, көрсетілген өтініште әр блок тым болмаса басқа блокпен жалпы жағы болу тиіс. Өтініш блоктың (блоктар) бір бөлігін қамту қажет. Бұл жағдайда блоктың бір бөлігі көрсетілген өтініште немесе оның бір бөлігінде басқа блоктың жалпы жағы болу тиіс. Сонымен бірге, блоктың бөлігі географиялық координаттарының нүктесін көрсетеді, сызықтар арасында төртбұрышты құрайды, бір жағы блоктың жағы болып саналады, ал басқа өзара қарама-қарсы екі жақ ендік немесе бойлық минуттар сызығымен сәйкес келеді.
Өтініш иесі:_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы;
өкілдермен өтінішті беру жағдайда, өкілділікті куәландыратын
ресімделген тиісті құжатты салу)
Мөр орыны (бар болған жағдайда)
Қолы:___________________
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан | |
____________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________ ____________________________ |
Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге / бірлескен барлау және өндіруге (өндіру кезеңі) арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге арналған өтініш
20__ жылғы " ___" ________
Жер қойнауын пайдалану құқығын _____________________________________
____________________________________________________________________
(келісімшарттың тіркеу нөмірі, атауы, қатты пайдалы қазбалардың түрі)
қайта ресімдеуді және қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған
лицензияны беруді сұраймын.
№ | Өтініш иесі туралы мәліметтер | |
1. | жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні | |
заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер | ||
2. | Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасасқан күні мен нөмірі | |
3. | * Бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары және өндіру нәтижесінде пайда болған (болған жағдайда) тау кен қазу және (немесе) тау кен байыту өндірістердің техногенді минералды түзілімдер объектілерін орналастыру аумағының бір километрден аспайтын жерге немесе оған тікелей іргелес және толық аумақ алаңы |
Ескертпе:
* Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкес және өндіру (болған кезде) нәтижесінде туындаған, алаң және географиялық координаттардың бұрыштық нүктелердің есебінен (мөлшер) келісімшарттық аумақтарды толығымен араластыру және оған тікелей іргелес немесе тау кен өндіру және (немесе) тау кен байыту өндірісінің техногенді минералды түзілімдер объектілерін бір шақырымнан аспайтын қашықтықта жер қойнау учаскелерінің аумақтарын сипаттау
Өтініш иесі:_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы;
өкілдермен өтінішті беру жағдайда, өкілділікті куәландыратын
ресімделген тиісті құжатты салу)
Мөр орыны (бар болған жағдайда)
Қолы:___________________
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан | |
____________________________ ____________________________ (мемлекеттік органның атауы) |
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу туралы өтініш
20__ жылғы " ___" ________
Жер қойнауын пайдалану құқығын _____________________________________
____________________________________________________________________
(келісімшарттың тіркеу нөмірі, атауы, кең таралған пайдалы қазбалардың түрі)
қайта ресімдеуді және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны
беруді сұраймын.
№ | Өтініш иесі туралы мәліметтер | |
1. | жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірі мен берілген күні | |
заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат), басшылары туралы мәліметтер; | ||
2. | Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жасасқан күні мен нөмірі | |
3. | * Бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары және өндіру нәтижесінде пайда болған (болған жағдайда) тау кен қазу және (немесе) тау кен байыту өндірістердің техногенді минералды түзілімдер объектілерін орналастыру аумағының бір километрден аспайтын жерге немесе оған тікелей іргелес және толық аумақ алаңы. |
Ескертпе:
* Егер өтініш екі және оданда көп блоктарды қамтыса, көрсетілген өтініште әр блок тым болмаса басқа блокпен жалпы жағы болу тиіс. Өтініш блоктың (блоктар) бір бөлігін қамту қажет. Бұл жағдайда блоктың бір бөлігі көрсетілген өтініште немесе оның бір бөлігінде басқа блоктың жалпы жағы болу тиіс. Сонымен бірге, блоктың бөлігі географиялық координаттарының нүктесін көрсетеді, сызықтар арасында төртбұрышты құрайды, бір жағы блоктың жағы болып саналады
Өтініш иесі:_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы;
өкілдермен өтінішті беру жағдайда, өкілділікті куәландыратын
ресімделген тиісті құжатты салу)
Мөр орыны (бар болған жағдайда)
Қолы:___________________
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына 2- қосымша |
Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге көшу бойынша комиссия жұмысының Қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Кодекстің 278-бабының 25-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге көшу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге көшу мәселелерін қарау болып табылады.
3. Комиссияның ережелері мен құрамы Кодекстің 278-бабының 25-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бекітіледі.
2-тарау. Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссия жұмысының тәртібі
4. Комиссияның міндеттері:
1) Кодекс күшіне енгізгенге дейін жасасқан (бұдан әрі – Өтініш иесі) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша пайдалы қатты қазбалардың жеке түрлерін барлауға, бірлескен барлауға және өндіруді жүргізетін, пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіруге арналған лицензия, жер қойнауын пайдаланудың құқығын қайта ресімдеу және жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге көшуге жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау болып табылады.
2) әр жеке жағдайларда қаралған өтініштер бойынша жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге көшудің жеке талаптарын айқындау болып табылады.
5. Комиссия құқылы:
1) комиссия отырысына шақыруға және Өтініш берушілерді тыңдауға;
2) өтініш берушілер ұсынатын қоса берілетін құжаттар мен ақпараттарды, өтініштерді қарауға, сұрастыруға;
3) мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен (бұдан әрі - құзыретті орган), лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен азаматтардан, комиссия міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға.
4) орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара әрекет жасау, сондай-ақ комиссия міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшылардың жұмысына тартуға.
6. Комиссияны құзыретті органның өкілі болып табылатын төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын жетекшілік ететін құзыретті орган басшысының орынбасары болып табылатын төраға орынбасары атқарады.
7. Комиссияның өзге де мүшелерінен басқа оның құрамын бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органның, бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері кіреді.
8. Комиссия төрағасы комиссия қызметін басқарады, оның жұмысын жоспарлайды, отырыс тәртібін бекітеді, комиссия шешімдерін іске асыруда жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төраға орынбасары атқарады.
9. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) Комиссия отырысына материалдарды, тиісті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді;
3) Комиссия отырысының хаттамасын жасайды.
10. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.
11. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшудің жеке шарттарын айқындау үшін қажетті өтініштер мен материалдар құзыретті орган комиссиясының қарауына енгізіледі. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады.
12. Комиссия шешімдері қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тепе-тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
13. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша барлық қатысқан комиссия мүшелерінің, сондай-ақ Өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілінің қол қойылған хаттамасы жасалады. Хаттама мәтіні әр тарапқа бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалады және қол қойылады.
14. Комиссия қызметін ұйымдастыруды, материалдарды жинауды және сақтауды Жұмыс органы жүзеге асырады.
15. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы негізінде тоқтатады.