ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы 14 мамыр
"КЕЛІСІЛДI"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 17 мамыр
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағида жаңа редакцияда көзделген – ҚР Энергетика министрінің 27.02.2023 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай беру графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) графиктен үзінділер – көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мұнай тасымалдаушы ұйымдарға, мұнай өңдеу зауыттарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ай сайын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште жіберетін толық ақпарат;
2) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі;
3) мұнай беру – мұнайды жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа магистральдық құбырларға қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мұнай тасымалдаушы ұйым – мұнайды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және (немесе) басқа көлік түрінің меншік иесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары
3. Мұнай беру графигі (бұдан әрі - график) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері, мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарлары және мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленеді.
4. Графиктерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті айдың алдындағы айдың бесіне дейін ай сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай беру өтінімін (бұдан әрі – өтінім) электронды түрде "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады".
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Графиктер есепті айдың алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірілмей, ай сайын қалыптастырылады.
6. Графиктен үзінділер график қалыптастырылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мұнай тасымалдаушы ұйымдарға, мұнай өнімдерін өндірушіге орындау үшін, сондай-ақ Комитетке жіберіледі.
Мұнай өнімдерін өндірушілерге жолданатын графиктің үзіндісінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін көзделген жер қойнауын пайдаланушының мұнай мөлшері (нетто салмағы бойынша) көрсетіледі.
Мұнай тасымалдаушы ұйымдарға (нетто салмағы бойынша) жолданатын графиктің үзіндісінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін басқа мұнай тасымалдаушы ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа (теміржол, теңіз) түріне беру (ауыстырып құю) үшін көзделген жер қойнауын пайдаланушының мұнай мөлшері көрсетіледі.
Мұнай тасымалдаушы ұйымдарға (нетто салмағы бойынша), сондай-ақ Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктің үзіндісінде жер қойнауын пайдаланушының басқа мұнай тасымалдаушы ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа (теміржол, теңіз) түріне беру (ауыстырып құю) үшін көзделген мұнай мөлшері, сондай-ақ басқа да ақпарат (келісімшарттың нөмірі және жөнелту маршруты) көрсетіледі.
7. Уәкілетті орган графикке өзгерістер мен толықтыруларды жер қойнауын пайдаланушыдан түзету үшін жоспарланған айға мұнай тасымалдауға арналған өтінімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді.
Графиктер, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар мұнай тасымалдаушы мұнай беру бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігіне ұйымның растауы болған жағдайда бекітіледі.
Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігі туралы растауды мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша бір жұмыс күні ішінде еркін нысанда оған ұсынады.
Графиктен үзінділер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдарға және мұнай өңдеу зауыттарына орындау үшін және Комитетке (Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу кезінде) бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.
8. Уәкілетті орган әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін мұнай өнімдерін өндірушіге шикі мұнай жеткізу көлемін айқындайды.
Көлемді айқындау кезінде уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін мұнай және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарларын басшылыққа алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.08.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Мұнай беруге өтінім
Жер қойнауын пайдаланушының атауы:
Есептік ай:
Жоспарланған ай:
№ | Көрсеткіштер | Жоспарланатын айға өтінім | |
нетто** | брутто*** | ||
1. | Ресурстардың барлығы (1.1.+1.2.+1.3.) | ||
1.1. | Келісімшарттар және келісімшарттық аумақтардың атауы бөлінісінде мұнай өндіру: | ||
1.2. | Басқа көздерден алынған мұнай * | ||
1.3. | Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың басындағы ауыспалы қалдық | ||
2. | Ресурстарды бөлу (2.1.+2.2.) | ||
2.1. | Мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу: | ||
2.1.1. | Атырау мұнай өңдеу зауыты | ||
2.1.2. | Павлодар мұнай-химия зауыты | ||
2.1.3. | Шымкент мұнай өңдеу зауыты | ||
2.1.4. | Ақтау қаласындағы битум зауыты | ||
2.1.5. | Басқа да мұнай өңдеу зауыттары | ||
2.2. | Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісіндегі бағыттары бойынша мұнай экспорты (2.2.1.+2.2.2.+2.2.3.+2.2.4.+2.2.5.+2.2.6+2.2.7.) | ||
2.2.1. | Каспий Құбыр Консорциумы | ||
2.2.2. | Атырау - Самара | ||
2.2.3. | Атасу - Алашанькоу | ||
2.2.4. | Ақтау Порты | ||
2.2.5. | Темір жол көлігімен | ||
2.2.6. | Орынбор газ өңдеу зауыты | ||
2.2.7. | Экспорттың басқа да бағыттары | ||
3. | Мұнайды темір жол көлігімен беру (3.1.+3.2.+3.3.+3.4.) | ||
3.1. |
Экспортқа, мұнай құю эстакадасынан | ||
3.2. | Мұнай өңдеу зауытына, мұнай құю эстакадасынан (атауы) | ||
3.3. | Атырау, мұнай құю эстакадасынан төгу (атауы) | ||
3.4. | Ақтау Порты, мұнай құю эстакадасынан (атауы) | ||
4. | Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың соңындағы ауыспалы қалдық |
Ескертпе:
*- оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен күнін, келісімшарт шеңберіндегі кен орны, онда өндірілген мұнай және жұмыс түрлерін (барлау, өндіру) міндетті түрде көрсете отырып, бөгде заңды және (немесе) жеке тұлғалардан сатып алынған;
**- мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырмасы ретінде айқындайды;
***- мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады.
Бірінші басшы: | Қолы: |
Күні: |