РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. "Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10724 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________ Д. Абаев
2018 жылғы 29 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 24 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 25 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген |
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді және пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) құрылыс салудың экономикалық орындылығы бөлігінде ұсынылған негіздеуші материалдарды қарастырады, ал жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігі бөлігінде ұсынылған негіздеуші материалдарды қарастырады.
3. Өтінішті қабылдау және пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбi
4. Елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға жергілікті атқарушы орган аумақтық бөлімшемен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
5. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан аумақтарда құрылыс салуға аумақтық бөлімшемен келісу бойынша жергілікті атқарушы органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайда жол беріледі.
6. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу үшiн жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру туралы өтiнiмдi жібереді.
7. Жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімінде электронды түрде өтiнiмді тиісті аумақтық бөлiмшеге келісу үшiн жібереді.
8. Аумақтық бөлiмше өтiнiмді тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімінде қарайды және алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы өтінімді келісімдейді.
9. Өтінім берілген алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде өтініш берушіге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды береді, мұндай жағдайда пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу қажет емес.
10. Өтінім берілген алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалар бар екендігі жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күнiнен кешіктірмейтін мерзімінде өтініш берушіге алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы хабарламаны береді.
11. Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін жергілікті атқарушы органға пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігін дәлелдейтін немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығын дәлелдейтін келесі материалдарды (бұдан әрі – негіздеуші материалдар) ұсынады:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінім;
2) жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес алаңның топографиялық жоспарының көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кендік геологиялық жағдай, қолданыстағы және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);
3) түсіндірме жазба.
12. Түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:
1) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға сұрау салған өтініш беруші туралы, объекті жобалауды және салуды жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтер;
2) нысаналы мақсатын, қысқаша сипаттамасын және болжамды құрылыс аумағының көлемін қоса алғанда, объекті туралы мәліметтер;
3) тау-кен бөлінісі аумағында объекті құрылысы жоспарлаған жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер, жоспарланған құрылыс ауданының қысқаша геологиялық сипаттамасы (ауданның геологиялық құрылымы, шөгудің тереңдігі, негізгі дененің және олармен бірге жатқан пайдалы қазбалардын құрылымы, қорлардың сапасы мен саны, гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық талаптары);
4) объектінің нысаналы бағытын, іргетас пен қабырға материалдарының сипаттамасын, жерасты құрылыстың бекітілуін; пайдалану уақытындағы өзгеру мүмкіндігін көрсете отырып, жоспарланған құрылыс объектсі туралы мәліметтер;
5) құрылыс салудың экономикалық орындылығын негіздеу және пайдалы қазбалар жатқан аумаққа құрылыс салуға байланысты пайдалы қазбалардың күтілетін шығындарынан экономикалық залалды есепке ала отырып, оны басқа мүмкін нұсқалармен салыстыру;
6) жер қыртысының және тау жыныстарының құрылыс учаскесі астында жатқан пайдалы қазбаларды алу кезінде күтілетін түрлен есебі, сондай-ақ құрылыс объектісі және техналогиялық жабдықтар үшін оларды тау-кен жұмыстарымен игерген кезде түрленуінің рұқсат берілген мөлшері.
13. Жергілікті атқарушы орган өтінімді және негіздеуші материалдарды 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде тиісті аумақтық бөлімшеге электронды түрде жібереді.
14. Аумақтық бөлімше жергілікті атқарушы органнан пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінімнің көшірмесі және негіздеуші материалдар келiп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде осы құжаттарды қарастырып, жергілікті атқарушы органға пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға келісім хатты не осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда дәлелдi бас тартуды бередi.
15. Жергілікті атқарушы орган аумақтық бөлімшенің келісім хаты келiп түскен сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде өтініш берушіге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға арналған рұқсат не осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда дәлелдi бас тартуды бередi.
16. Жергілікті атқарушы орган пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруден мынадай жағдайларда:
1) құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкiн болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе;
2) өтініш берушінің пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса бас тартады.
17. Құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша мемлекеттік органның шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімге шағым жасауға құқылы.
Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру туралы өтінім
___________________________________________________________алдағы құрылыс
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
не заңды тұлғаның атауы)
салу аумағының астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі)
туралы қорытынды беруді сұрайды.
Құрылыс салу объектісі:_______________________________________________
Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:
Бұрыштық нүкте № | Бұрыштық нүктелердің координаттары | |||||
Солтүстік ендік | Шығыс бойлық | |||||
градустар | минуттар | секундтар | градустар | минуттар | секундтар | |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
... |
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиямен құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
__________________________________________________________________________
Қол қоятын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"____"_____________ 20__ жыл
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы,
өтініш берушінің мекенжайы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________берілді.
(құрылыс объектісінің географиялық координаттары бойынша орналасқан
жері, мекенжайы)
Қосымша:_________________________________________________________________
Қорытынды:_______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(пайдалы қазбалардың болуы (болмауы) туралы қарау нәтижесі)
Рұқсат берген органның басшысы ____________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінім
___________________________________________________________пайдалы қазбалар
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
не заңды тұлғаның атауы)
жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруді сұрайды.
Құрылыс салу объектісі:
______________________________________________________
Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:
Бұрыштық нүкте № | Бұрыштық нүктелердің координаттары | |||||
Солтүстік ендік | Шығыс бойлық | |||||
градустар | минуттар | секундтар | градустар | минуттар | секундтар | |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
... |
Алдағы құрылыс учаскесінің астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе
олардың елеусіз екендігі туралы қорытындының нөмірі және уақыты:
______________________
Қосымша:
1) __________________________________________________
2) __________________________________________________
3) ...
__________________________________________________________________________
(қол қоятын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
"____"_____________ 20__ жыл
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
______________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының атауы)
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, өтініш берушінің мекенжайы |
__________ қаласы 20 __ жылғы "___" ____________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы
қараудың нәтижесі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің географиялық координаттар бойынша орналасқан
жері, мекенжайы)
Қосымша: ________________________________________________________
Рұқсат берген органның басшысы __________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)