"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 124 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13350 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов
2018 жылғы "__"_________
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамыр № 239 бұйрығымен бекітілген |
"Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл сервисі – стандартты хаттамалар арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық өнім;
2) эталондық ақпарат көзі – мелекеттік органның нормативтік құқықтық актісімен немесе құқықтық актісімен айқындалатын және ақпаратты есепке алу мен құжаттаудың бастапқы көзі немесе ақпараттың ең толық және шынайы көзі болып табылатын ақпараттық ресурс.
3) жалпы техникалық міндет – бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, ықпалдастыру, енгізу және пайдалану кезінде пайдаланылатын техникалық операциялар мен процестердің жиынтығы;
4) интернет-браузер – интернет-ресурстардың мазмұнын қарауға, өзара іс-қимылды жүзеге асыруға және басқаруға арналған бағдарламалық қамтылым;
5) қолжетімділік – ақпараттың толықтығын және өзектілігін, тез табуды және оны неғұрлым аз уақыт пен қаржылай шығынсыз алуды қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығы;
6) сервиске бағдарланған архитектура – ақпараттық өзара іс-қимылдың үлестірілген, тәуелсіз және ауыстырылатын сервистерін пайдалануға негізделген бағдарламалық қамтылымды жобалау мен әзірлеу тәсілі.
7) микросервис – функционалдық мүмкіндіктердің белгілі бір жиынын стандартты түрде іске асыруды қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық өнім;
8) микросервистік архитектура – хабарламалар арқылы бір-бірімен өзара әрекеттесетін тәуелсіз микросервис жиынтығын пайдалануға негізделген бағдарламалық қамтылымды жобалау және дамыту тәсілі;
9) пайдаланушы интерфейсі – оның көмегімен пайдаланушы ақпараттандыру объектілерімен өзара әрекеттесетін құралдар мен әдістер жиынтығы;
10) салалық мемлекеттік функция – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік органның миссиясы мен міндеттерін көрсететін мемлекеттік функция;
11) стандартты шешім – көп реттік пайдалануға жататын бағдарламалық өнім немесе ақпараттық жүйе (не оның бөлігі);
12) технологиялық платформа – әртүрлі өнім берушілердің бағдарламалық шешімдерінің көмегімен ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға арналған негіз (база) ретінде пайдаланылатын, осы шешімдердің ұсынылуын, ықпалдасуын және басқарылуын қолдайтын бірыңғай ортаны қалыптастыратын аппараттық және бағдарламалық масштабты жүйелер, сондай-ақ стандартты шешімдер кешені (жиыны).
13) үлгілік қамтамасыз етуші мемлекеттік функция – мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік функция;
14) үлгілік қолданбалы міндет – мемлекеттік басқарудың белгілі бір саласының (аясының) мемлекеттік функцияларына қатысы жоқ үздіксіз, күнделікті міндеттерді қызметті автоматтандырудың пайдаланушылық және қолда бар құралдарын пайдалана отырып орындауға бағытталған қолданбалы операциялар мен процестердің жиынтығы;
15) "электрондық үкіметті" ақпараттандыру объектісінің компоненті – "электрондық үкіметтің" аяқталған сипаты бар ақпараттандыру объектісінің құрамдас бөлігі;
16) "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту қағидаты – "электрондық үкіметтің" құрылатын және дамушы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптарды айқындайтын қағидат;
17) "электрондық үкіметтің" ықпалдасу контуры – "электрондық үкіметтің" сыртқы және (немесе) ішкі контурлары ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жиынтығы;
18) "электрондық үкіметтің" контуры – "электрондық үкіметтің" жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар мен механизмдерді жасайтын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің тұйықталған тәуелсіз жиынтығы;
19) "электрондық үкіметтің" сыртқы контуры – мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жиынтығы;
20) "электрондық үкіметтің" ішкі контуры – мемлекеттік органдардың пайдалануына арналған ведомстволық және ведомствоаралық процестердің орындалуын қамтамасыз ететін "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жиынтығы;
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына және Заңға сәйкес қолданылады.
3. Талаптар мыналарды:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің архитектуралық және технологиялық шешімдерінің сапа деңгейін оларды жоспарлау, дамыту және құру кезеңдерінде бағалау және өлшеу;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне қойылатын базалық функционалдық және функционалдық емес талаптарды анықтау;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің "электрондық үкімет" архитектурасына сәйкестік деңгейін анықтау үшін пайдаланылатын "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту қағидаттарын және талаптарын қамтиды.
4. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері жоспарлау, құру және дамыту кезеңдерінде "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталын пайдалана отырып осы Талаптарға сәйкестігіне тексеріледі.
5. "Электрондық үкімет" контурының мақсаты мен ауқымына байланысты талаптар:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі жалпы талаптарға;
2) "электрондық үкіметтің" сыртқы контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптарға;
3) "электрондық үкіметтің" ықпалдастыру контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптарға;
4) "электрондық үкіметтің" ішкі контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптарға бөлінеді.
2-тарау. "Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
1-параграф. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі жалпы талаптар
6. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі жалпы талаптар "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытудың мынадай қағидаттарына негізделеді:
1) платформалық – мемлекеттік басқарудың түрлі салалары (аялары) шеңберінде жалпы техникалық міндеттерді шешу үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының ведомствоаралық орталықтандырылған технологиялық платформасын және жалпы техникалық міндеттерді шешуге арналған құралдарды қалыптастыру және тұрақты дамыту;
2) шешімдердің әмбебаптылығы – үлгілік қолданбалы міндеттерді шешуге және үлгілік қамтамасыз етуші мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған дайын бағдарламалық қамтылымды және сервистік бағдарламалық өнімдерді пайдалануды анықтау және қамтамасыз ету;
3) шешімдердің компонентті құрылуы – барлық шешімнің функционалы бөліктерін және оны пайдаланудағы тиімділіктерді ұсына отырып, итеративті, кезең-кезеңмен жоспарланатын, әзірленетін және енгізілетін микросервистер нысаны бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жекелеген стандартты компонеттерін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету;
4) нәтижелілік – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін пайдаланудан ең жоғарғы пайданы алу, құрылымдық компоненттер мен шығындарды оңтайландыру жолымен шығындарды және тәуекелдерді қысқарту;
5) техникалық әртүрлілікті оңтайландыру – еркін бағдарламалық қамтылымның негізделген қолданылуын және техникалық әртүрлілікті жүйелі басқаруды қамтамасыз ету.
7. Платформалық мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының технологиялық платформалары базасында шешімдерді құру мен дамытуды жүзеге асыру және (немесе) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының технологиялық платформаларының функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының технологиялық платформаларының функционалдық мүмкіндіктерін қайталаушы компонеттерін жою;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының технологиялық платормаларын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын қызметтерді орындау процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ету.
8. Шешімдердің әмбебаптылығы мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) үлгілік қолданбалы міндеттерді шешу және үлгілік қамтамасыз ететін мемлекеттік функцияларды орындау процестерін автоматтандыру үшін дайын бағдарламалық қамтылымды және сервистік бағдарламалық өнімдерді пайдалану;
2) енгізу процесінде бағдарламалық қамтылымды баптау және жетілдіру қажеттілігінсіз дайын бағдарламалық қамтылым мен сервистік бағдарламалық өнімдерде іске асырылған процестерге мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларды орындау ерекшеліктерін бейімдеу;
3) мемлекеттік органдардың сервистік бағдарламалық өнімдерді пайдалану кезінде пайдаланушыларды енгізуге, оқытуға, бағдарламалық қамтылым мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін сатып алуға арналған қосымша шығындарының болмауы.
9. Шешімдердің компонентті қалыптасуы мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) стандартты компоненттерді пайдалана отырып, микросервистік архитектура базасындағы шешімдерді құру;
2) қойылған міндеттерді шешуге және талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін компоненттердің ең аз қажетті жиынтығын пайдалану;
3) байланыссыз салалық мемлекеттік функцияларды және (немесе) үлгілік қамтамасыз ететін мемлекеттік функцияларды қатарлас автоматтандыратын артық компоненттерді жою;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарының өзгеруіне компоненттер құрамының, құрылымы мен функционалдылығының, сондай-ақ мемлекеттік органдар құрамының, құрылымы мен функционалдылығының бейімделуін, ауқымдылығын және икемділігін қамтамасыз ету;
5) компоненттердің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің мақсаттарына, міндеттері мен белгілеріне сәйкестігі;
6) функционалдық тәуелсіздікті және компоненттердің міндеттері мен функционалдық мүмкіндіктерін қайталаудың болмауын қамтамасыз ету;
7) ашық стандарттар базасында және оны көп реттік пайдалануды қамтамасыз ету үшін ұсынатын компонент тараптық шешімдерді қолданбалы бағдарлаудың стандартты интерфейстер (application programming interface, API) жиынтығын пайдаланумен компоненттерді қалыптастыру;
8) шешім компоненттерімен бір мезгілде архитектураның бірнеше деңгейін, оның ішінде ұсыну, бизнес-логика және деректерді сақтау деңгейлерін қамтуды жоққа шығару жолымен көп деңгейлі архитектураны құру;
9) пысықтау және көп реттік пайдалану үшін компоненттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
10. Нәтижелілік мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) шығындарды қысқарту, өтелімділікті қамтамасыз ету және бюджетке қаражат түсу көлемін арттыру жолымен ең жоғары сандық экономикалық нәтижені қамтамасыз ету;
2) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару саласының (аясының) және (немесе) тұтастай мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттылық;
3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қызмет ету нәтижелері және мемлекеттік басқару саласының (аясының) нысаналы индикаторлары көрсеткіштерінің мәндері мен өлшем бірліктерінің келістілігін қамтамасыз ету;
4) салалық мемлекеттік функцияларды орындалу процестерін автоматтандыру басымдылығын қамтамасыз ету;
5) компоненттер санын одан әрі кеңейтумен және (немесе) олардың функционалдылық деңгейін арттырумен шешім компонеттерінің бір бөлігін базалық функционалдық мүмкіндіктердің жиынтығымен енгізу арқылы шешімдерді бірізді итерациялық құру және дамыту.
11. Техникалық әртүрлілікті оңтайландыру мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) бағдарламалық қамтылымның атауы мен нұсқасынан, сондай-ақ мемлекеттік органның қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін шектеуден ажыратылуы және тәуелсіздігі;
2) қолданыстағы бағдарламалық қамтылымның әртүрлілігін оңтайландыруды және мемлекеттік органның қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын жеңілдетуді қамтамасыз ету;
3) пайдалану жағдайларының өзгеруі және автоматтандыру объектілерінің санын кеңейту нәтижесінде одан әрі даму үшін шектеулерді жоққа шығару;
4) бағдарламалық қамтылымның өзекті нұсқаларын пайдалануды қамтамасыз ету;
5) шешім компоненттерінің шектеусіз және проприетарлық лицензиялық бағдарламалық қамтылымға қатысты иеленудің оңтайлы жиынтық құнысыз қызмет етуді қамтамасыз ету жағдайларында еркін бағдарламалық қамтылымды пайдаланумен шешімдерді құруды және дамытуды жүзеге асыру.
2-параграф. "Электрондық үкіметтің" сыртқы контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптар
12. "Электрондық үкіметтің" сыртқы контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптар "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытудың мынадай қағидаттарына негізделеді:
1) өзара іс-қимылдың бірыңғай нүктесі – электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді алуға, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға қол жеткізудің және мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізудің жалғыз нүктесін қамтамасыз ету;
2) көпарналы қолжетімділік – және жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына бірыңғай көпарналы қол жеткізуін, сондай-ақ алушымен таңдалған өзара іс-қимыл тәсілдері арқылы оқиғалар туралы хабарландыруды қамтамасыз ету;
3) сапалы қызмет көрсету – электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алушылардың күтулеріне жауап беретін және сапасы бойынша кәсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтерден кем түспейтін мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдерінде толығымен автоматтандырылған процестер;
4) қабылдаудың тұтастығы – жеке және заңды тұлғалардың әртүрлі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы кезінде ықпалдастырылған үкіметтің тұтас бейнесін жасау;
5) ақпаратқа кемсітпейтін қолжетімділік – жеке және заңды тұлғалардың барлық санаты үшін мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі.
13. Өзара іс-қимылдың бірыңғай нүктесі мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) жеке және заңды тұлғаларға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету;
2) жеке және заңды тұлғаларға "электрондық үкімет" веб-порталында пайдаланушы кабинеті арқылы электрондық нысанда ақпарат алмасу және хабарламаларды жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
3) дербес деректер иесінің келісімі бар болған жағдайда, "электрондық үкімет" веб-порталындағы азаматтың дербес құжаттамасын қалыптастыру үшін дербес деректердің берілуін қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесі және жеке және заңды тұлғалардың "электрондық үкімет" веб-порталында үкіметпен өзара іс-қимылының жалпы тарихын қалыптастыру үшін өтініштерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесін пайдаланумен мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау туралы мәліметтерді беру;
5) мемлекеттік органдардың "электрондық үкімет" веб-порталындағы дербес деректермен әрекеттері туралы бірыңғай тарихты қалыптастыру үшін дербес деректерді өңдеу және пайдалану жөніндегі деректерді есепке алу мен ұсынуды қамтамасыз ету.
14. Көпарналы қолжетімділік мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) пайдаланушылардың жеке, әлеуметтік және экономикалық шектеулері мен дағдыларынан тыс ақпарат пен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша мүмкіндіктерін шектемейтін ақпараттық өзара іс-қимылдың әртүрлі тәсілдерін қолдауды қамтамасыз ету;
2) интернет-браузер және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы шешімнің функционалдық мүмкіндіктеріне қолжетімділікті және оны пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
3) интерактивті элементтердің пайдаланылатын нысандарын, түстерін, қаріптерін және жұмыс логикасын бұрмалаусыз бейнелеуді жылжымалы желінің абоненттік құрылғаларынан шешімнің функционалдық мүмкіндіктеріне қолжетімділікті және пайдалануды қамтамасыз ету үшін пайдаланушылық интерфейстерін бейімдеу;
4) таңдалған өзара іс-қимыл тәсілдері арқылы жеке және заңды тұлғаларды оқиғалар туралы ақпараттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
15. Сапалы қызмет көрсету мынадай талаптардың орындалуына негізделеді:
1) мемлекеттік қызметтерді алушылардың күткендері мен талаптарына сәйкес оларды көрсетуге қатысатын субъектілердің санынан тәуелсіз мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдерін автоматтандыру;
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған мәліметтерді барынша пайдалануды ескере отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру;
3) тиісті әрекеттерді толығымен автоматтандыру техникалық мүмкін болмаған немесе экономикалық тиімсіз болған жағдайларда ғана мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде шешімдерді қабылдауда мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуының ең төмен деңгейін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру;
4) нақты пайдаланушылық топтардың мүдделеріне сәйкес топтастырылған бір өтініш қағидаты бойынша оңтайландырылған үйлесімді мемлекеттік қызметтерді ұсыну;
5) қажеттіліктерді болжауды қамтамасыз ету және "электрондық үкіметтің" веб-порталында азаматтың дербес құжаттамасынан ақпаратты талдау нәтижелері негізінде қызмет алушылардың қажеттіліктеріне бейімделген мемлекеттік қызметтерді алу бойынша дербес ақпаратты және ұсыныстарды қалыптастыру;
6) қызмет алушыны қызметті алудың қажеттілігі мен мүмкіндігі және заңды мәні бар оқиғалардың басталуы туралы электрондық нысанда алдын ала белсенді түрде ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеген жағдайларда, қызметтерді өз бетінше алу құқығын іске асыру мүмкіндігі жоқ алушылар үшін электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді жанама (заңды өкілі арқылы) алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) қоғамдық пікірді есепке алуды және жеке және заңды тұлғалардың ұсынылған ұсыныстары мен пікірлеріне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің пайдаланушылық сипаттамаларын оңтайландыруды қамтамасыз ету.
16. Қабылдаудың тұтастығы мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) интерактивті элементтердің бірыңғай нысандарын, түстерін, қаріптерін және жұмыс логикасын пайдалануды қамтамасыз ету;
2) есепке алу жазбалары деректерін көп реттік енгізусіз жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін жүзеге асыру үшін ашық кілттер инфрақұрылымының жалпы тәсілдерін және стандарттарын, бір реттік авторландыруды және федеративтік сәйкестендіруді қолдану;
3) оларда қамтылған ақпаратты қайталаусыз мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарына сілтемелердің болуы;
4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы базасында пайдаланушылардың іс-қимыл статистикасының орталықтандырылған жиналуын қамтамасыз ету.
17. Ақпаратқа кемсітпейтін қолжетімділік мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) ақпаратты машина оқитын форматта тарату және семантикалық іздеу, сүзгіштер мен синонимдер сөздігінің құралдарын ұсыну арқылы іздеу қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) пайдаланушылық интерфейспен өзара іс-қимыл кезінде навигациялық қолжетімділікті, қарапайымдылықты және логикалықты қамтамасыз ету;
3) жүріс-тұрысты талдау нәтижелері мен пайдаланушылардың нақты іздеу сұрауларына сәйкес ақпаратты баяндаудың мазмұны мен стилін оңтайландыру;
4) ақпараттың тұрақты түрде өзектендірілуін жүзеге асыру.
3-параграф. "Электрондық үкіметтің" ықпалдастыру контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптар
18. "Электрондық үкіметтің" ықпалдастыру контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптар "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытудың мынадай қағидаларына негізделеді:
1) бірыңғай ықпалдастырылған орта – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық және ведомстволық ақпараттық өзара іс-қимылының технологиялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
2) бір жолғы ықпалдастыру – өзара іс-қимыл жүйесіне "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бір реттік қосылуын және ақпаратты тапсыру және алу кезінде қаржылық және уақытша шығындарды азайту үшін одан әрі көп реттік пайдалануын қамтамасыз ету;
3) бірыңғай ақпараттық кеңістік – деректерді тапсырудың стандартты форматтарын қолдану негізінде тапсыру кезінде деректердің үйлесімділігі мен салыстырылуын қамтамасыз ету.
19. Бірыңғай ықпалдастырылған орта мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) сервиске бағытталған архитектураға сәйкес бірыңғай ықпалдастырылған ортаға ықпалды жүзеге асыру;
2) "электрондық үкіметтің" шлюзін пайдалана отырып, "электрондық үкіметтің" ішкі контурының ақпараттандыру объектілері арасында ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері арасында ішківедомстволық ақпараттық өзара іс-қимылды және деректермен алмасуды жүзеге асыру;
4) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" ішкі және сыртқы контурының ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы бірнеше мемлекеттің ақпараттандыру объектілерінің мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру;
6) мемлекеттік функциялардың ведомствоаралық іске асыру процестерінің орындалуын және "электрондық үкіметтің" шлюзі базасында электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жүзеге асыру;
7) деректерді мемлекеттік функцияларды іске асырудың тиісті процестерімен түйіндестіру және деректерді иеленушілермен немесе олардың атынан бастамашылық етілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну арқылы деректерді құруды, өзгертуді және жоюды жүзеге асыру;
8) өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде өзара әрекеттесуші тараптардың және олардың құқықтарының көлемінің мәндес сәйкестендірілуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері мен стандарттарын қолдану;
9) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері арасында синхрондық өзара іс-қимылды басымдықпен жүзеге асыру;
10) ақпараттық өзара іс-қимыл және мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінде электрондық құжаттар қорынан және "электрондық үкімет" шлюзінің нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесінен мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз ету;
11) ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылатын барлық іс-қимылдар мен операциялардың күнін, уақытын, мазмұнын және қатысушыларын, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимыл тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді тиянақтауды қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік заңды тұлғаларда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сақталатын деректерге қол жеткізу үшін техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
13) сұрауға және жіберілетін деректерге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою жолымен ақпараттық өзара іс-қимылдың легитимділігін және тұтастығын қамтамасыз ету.
20. Бір жолғы ықпалдастыру мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) "электрондық үкіметтің" шлюзінде жарияланған ақпараттық өзара іс-қимылдың әмбебап сервистерінің жиынтығы негізінде ықпалдастыруды және ақпараттандыру объектілерінің функционалдық мүмкіндіктеріне және электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұсынуды жүзеге асыру;
2) ақпараттық өзара іс-қимыл сервистерін "электрондық үкімет" шлюзі сервистерінің тізіліміне қосу арқылы олардың көп реттік пайдалануын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандартты технологиялар, форматтар және деректерді жіберу хаттамалары негізінде ақпараттық өзара іс-қимыл сервистерін құруды қамтамасыз ету;
4) ақпарат алушылардың қолжетімділік құқықтарын басқарумен деректердің бірыңғай виртуалдық көзі арқылы деректерді тарату;
5) "электрондық үкімет" шлюзі сервистерінің тізілімінде аналогты немесе ұқсас сервис болмаған жағдайда ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа сервисін әзірлеуді жүзеге асыру;
6) ақпараттық өзара іс-қимыл сервистері негізінде композитті сервистерді қалыптастыру үшін техникалық мүмкіндікті қамтамасыз ету;
7) "электрондық үкімет" шлюзіне қосылған "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерінің жүргізіліп отырған техникалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және өзге де өзгерістеріне қарамастан "электрондық үкімет" шлюзінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
8) ақпараттық өзара іс-қимыл сервисі интерфейстерінің өзгермеуін қамтамасыз ету жолымен ақпараттың барлық байланысты тұтынушыларын пысықтау қажеттілігінсіз ақпарат жеткізушінің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәуелсіз дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету.
21. Бірыңғай ақпараттық кеңістік мынадай талаптарды орындауға негізделеді:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл сервистерінің жіберілетін деректері мен интерфейстерінің синтаксистік, семантикалық және кеңістік сәйкестігі жолымен ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде деректердің сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) ақпараттың эталондық көздерін пайдалану және деректерді бірнеше дереккөзден пайдаланған жағдайда, оларды салыстыру жолымен деректердің белгілі түрін таратуды қамтамасыз ету;
3) таратылатын деректерді бір мәнді және бірегей сәйкестендіру;
4) "электрондық үкіметтің" ашық деректер порталы арқылы жалпыға қолжетімді деректерді құрылымдалған, машинамен оқылатын және байланысқан форматта тарату;
5) деректердің дұрыстығын және өзектілігін растау, жалған деректерді анықтау, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылдың мүдделі қатысушыларын жалған деректерді анықтау жағдайлары және оларды өзектендіру процесінде жасалған өзгерістер туралы хабардар ету мүмкіндігін қамтамасыз ету;
6) "электрондық үкімет" шлюзін пайдалана отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің өзара іс-қимылы кезінде деректерді ақпаратты тұтынушының деректері форматынан ақпаратты жеткізушінің деректері форматына түрлендірудің бірыңғай схемасын пайдалану;
7) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы жіберу процесінде тиісті операцияларды орындауға деректер иесінің немесе оның өкілінің келісімі болған жағдайда, деректерді шығару, салыстыру және байыту мүмкіндігін қамтамасыз ету.
4-параграф. "Электрондық үкіметтің" ішкі контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптар
22. "Электрондық үкіметтің" ішкі контурының ақпараттандыру объектілерін дамыту жөніндегі талаптар "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытудың мынадай қағидаттарына негізделеді:
1) бір реттік енгізу – деректерді туындау орнында тек электрондық түрде есепке алуды қамтамасыз ету;
2) толассыз автоматтандыру – мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын емес, ведомствоаралық және ведомстволық процестерді кезең-кезеңмен автоматтандыру;
3) интерфейстерді оңтайландыру – пайдаланушылар тікелей жұмыс істейтін жұмыс терезелері мен "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің санын қысқарту;
4) жауапкершілікті бөлу – мемлекеттік органдар қызметін автоматтандырудан өткізген кезде жауапкершіліктің анық шектері.
23. Бір реттік енгізу мынадай талаптарды сақтауға негізделеді:
1) электрондық формат ақпаратты есепке алу мен сақтаудың бастапқы форматы болып табылады;
2) бірнеше тасығыштарда және (немесе) "электрондық үкіметтің" бірнеше ақпараттандыру объектілерінде ақпараттың бірнеше рет енгізілуін және қайталануын болдырмау;
3) қағаз тасығыштарда ұсынылған деректерді өңдеу шеңберінде қолмен енгізуге барынша жол бермеу;
4) мемлекеттік органның қарамағында электрондық нысанда жоқ қосымша ақпаратты бір жолғы енгізу және оларды одан әрі көп реттік пайдалану;
5) деректердің барлық түрлері үшін ақпараттың эталондық дереккөзін сақтауды және ақпаратқа қолжетімді болуы, маңыздылығы, сапасы және құны туралы барлық мүдделі тараптардың хабардар болуын қамтамасыз ету;
6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде ақпараттың эталондық дереккөздерін қосарлаусыз тек деректердің бірегей түрлерін ғана айрықша сақтау;
7) ақпараттың эталондық дереккөздерін пайдалануды қамтамасыз ету;
8) деректерді қағаз тасымалдағыштардан электрондық нысанға ауыстырылуын, сапаға, рұқсат етілмеген өзгерістерге және деректерді жоюға бақылауды қамтамасыз ету;
9) электрондық форматта сақталатын ақпаратты қайта енгізу қажеттілігін болдырмау;
10) ашық дереккөздерден ақпараттың қолжетімдігі немесе "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінен тікелей электрондық форматта мәліметтер деректерін алудың техникалық мүмкіндіктері болған жағдайда, ақпаратты ұсынуға қатысты мемлекеттік органдардың сұрау салуларын орындау қажеттілігін болдырмау;
11) электрондық нысанда сақталатын бастапқы деректер негізінде статистикалық ақпаратты қалыптастыру және мәліметтер деректерін тікелей енгізуді болдырмау;
12) тек уәкілетті лауазымды тұлғалардың ғана электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде мәліметтерді орналастыру жолымен ақпараттың толықтығын, дұрыстығын, өзектілігін және тұтастығын қамтамасыз ету.
24. Толассыз автоматтандыру мынадай талаптарды сақтауға негізделеді:
1) мемлекеттік органның жекелеген функцияларын емес, ведомствоаралық және ведомстволық процестердің заттай автоматтандырылуын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік функцияларды орындаудың ведомствоаралық және ведомстволық процестерін және оларды автоматтандырудың алдында олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру;
3) мемлекеттік функцияларды орындау процесінде өзара іс-қимылдың және ақпараттық ағындардың санын барынша қысқарту.
25. Интерфейстерді оңтайландыру мынадай талаптарды сақтауға негізделеді:
1) мемлекеттік қызметшілердің мүмкіндіктерін және жұмыс тиімділігін арттыру;
2) нақты деректерді талдау негізінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде анықтамалық ақпаратты есепке алу және қалыптастырудан болжау мен шешім қабылдауды қолдауға кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік органдардың "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін қалыптастыру;
4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне қашықтықтан қолжетімділікті мемлекеттік органдардың "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесі арқылы қамтамасыз ету;
5) біркелкі деректердің қатар есепке алуын жүзеге асыратын, сондай-ақ үлгілік қамтамасыз етуші мемлекеттік функцияларды және толассыз процестердің әртүрлі орындалу кезеңдерін автоматтандыратын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері санын қысқарту.
26. Жауапкершілікті бөлу мынадай талаптарды сақтауға негізделеді:
1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясын) басшылық ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді орындау процестерін автоматтандыру;
2) есепке алудың тиісті түрлерін жүргізуге тиісті қажеттілік болған, ақпараттың эталондық дереккөздері болмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттері болған жағдайда, деректердің электрондық түрде орталықтандырылған есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз ету;
3) бірнеше мемлекеттік органның есепке алуды жүргізуге өкілеттігі болған жағдайда, электрондық түрдегі деректерді орталықтандырылған есепке алу және сақтау мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес жүзеге асырылады.