Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17034 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 380 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10758 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 сәуірде жарияланған);

      2) "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 ақпандағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10758 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
24 мамырдағы № 372
бұйрығымен бекітілген

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары

      1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Жер қойнауы туралы кодекс) 278-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны алу үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін айқындайды.

      2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесс) өндіру бойынша операциялар нәтижесінде өздері алған пайдалы қазбаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес индустрияландыру картасына немесе өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде шикізат және (немесе) отын ретінде ғана тікелей пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланумен байланысты деп танылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдай тиісті индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру барлық мерзімі, сондай-ақ басқа тұлғаға (басқа тұлғаларға) жер қойнауын пайдалану құқығын беруді тапсырудан немесе өтуден тыс, қызмет жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен (технологиялық процесін) жасасқан жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны іске асырудың барлық мерзім ішінде тұрақты болып саналады.

      3. Қызметін пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны алу үшін жер қойнауын пайдаланумен байланысты (технологиялық процесс) деп тануға мүдделі адам (бұдан әрі – Өтініш иесі) құзыретті органға келесі құжаттарды қосатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тануға еркін нысанда өтініш (бұдан әрі - Өтініш) береді:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Жобаларды енгізу қағидалары) нысан бойынша жоба паспорты;

      2) Жобаларды енгізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жоспар-кестесі;

      3) жобаны қаржыландыруды пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмесі (ниеттер туралы меморандумдар және/немесе келісімдер және/немесе жобаны қаржыландыру туралы шешімдер);

      4) мына мәліметтерді қамтитын бір парақтағы таныстыру слайды: жобаның атауы мен мақсаты, оны іске асыру орны мен кезеңі, жобаның жалпы құны, күтілген нәтижелер;

      5) пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны алу үшін жеткілікті және негізді көлемдерде шикізатпен және (немесе) отынмен өндірістік қызметті (технологиялық процесті) қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны алу қажеттігіне жазбаша негіздеме;

      6) Жобаларды енгізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларға арналған жоба бойынша ақпарат қамтылуға тиіс.

      4. Құзыретті органның құрылымдық бөлімшелерінің және Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының қызметкерлерінен құрылатын жұмыс органы өтінішті алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде, ол осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, оны қорытынды жобасын құрастыру үшін қарастыруға қабылдайды.

      Өтініш және қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жұмыс органы бес жұмыс күні ішінде өтінішті Өтініш иесіне қайтарады. Өтінішті қайтару, кемшіліктер жойылған жағдайда, Өтініш иесін қайта жүгіну құқығынан айырмайды.

      5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану туралы қорытынды жобасы өтінішті қарастыруға қабылдаған сәттен бастап жиырма жұмыс күннен аспайтын мерзімде еркін нысанда жасалады және мынадай:

      1) өтініш иесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес индустрияландыру картасына немесе өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын;

      2) мәлімделген жоба экономиканың басым секторларында немесе әлеуметтік маңызды жобаны іске асыратын индустриялық-инновациялық қызметке (технологиялық процесс) жататын;

      3) экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өндірістік қызметі (технологиялық процесс) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) болып табылатын негізгі бағыттар бойынша тұжырымдарды қамтуға тиіс.

      6. Қорытынды жобасы құрылғаннан кейін жұмыс органы он бес жұмыс күн ішінде оны индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану мәселелерін қарау үшін құрылатын Комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына шығарады.

      7. Тиісті мәселелерге жетекшілік ететін құзыретті орган басшысының орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, отырыстар өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы жоқ болған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      Комиссия отырыстары егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының елу пайызынан кем емесі қатысатын болса, заңды деп есептеледі. Комиссияның құрамы тақ саннан тұрады.

      Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдаған кезде тең дауысқа ие. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      8. Комиссия шешім қабылдай отырып, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

      Комиссияның шешімі Комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қоятын қорытындыны бекітеді.

      Комиссияның шешімі Өтініш иесіне жұмыс органы отырыстан кейін он жұмыс күн ішінде жібереді.