"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 маусымда № 16987 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Түсiмдердi тиiстi ҚБШ-да жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылатын банкiшiлiк транзиттiк шот түсiмдердiң жинақ шоты болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi − ҚР Ұлттық қоры), Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетiн түсiмдер сомасын қайтару, түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының және аудандық (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттерін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың арасында артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.";

      141-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кейіннен тиісті ҚБШ-ларға есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер, ҚР Ұлттық қорының және Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;";

      143-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Республикалық және жергілікті бюджеттердің, ҚР Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 9760 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бөлу кестесінің және Бюджет кодексінің 22-бабының 3-тармағының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымы тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I сатысы).";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Бюджеттік алып қоюларды аударудың ай сайынғы мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде көзделген, келесі қаржы жылына бекітілген төмен тұрған бюджет кірістері түсімдерінің (азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін соманы қоспағанда, салық, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер) сомасына бюджеттік алып қоюлар сомасының қатынасы ретінде пайызбен жоғары тұрған деңгейдегі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган есептейді.

      Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешіктірмей жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі органға келесі қаржы жылына арналған кірістердің болжамдық көлемін және түсімдердің жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлуді (ерекшеліктер деңгейіне дейін) береді.

      Жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган төмен тұрған бюджеттер кірістерінің мөлшері мен ай сайынғы болжамдық көлемі негізінде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттің түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органдардың қаперіне жеткізеді.

      Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік алып қоюларын есептеген кезде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізуіне рұқсат беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 174-2-тармақпен толықтырылсын:

      "174-2. Тергеп жатқан қылмыстық істер шеңберінде қылмыстық қудалау органдары алып қойған шетел валютасы мен басқа құндылықтарды сақтаумен байланысты қызметтері үшін аванстық (алдын ала) төлемге шарттың сомасынан 100 пайыз мөлшерде жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 16 мамыр