"Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 мамырда № 16967 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8565 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 194 (28133) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлеріне:

      1) мектепке дейінгі дамыту кешені (орталықтар, академиялар);

      2) оқушылар сарайы (үйілері, орталықтары, кешендері, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары);

      3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар);

      4) жас техниктер станциясы (орталықтар, балалар және жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектептері);

      5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары);

      6) балалар аула клубы, балалар әскери патриоттық клубы (клубтық демалыс ұйымдары);

      7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептер);

      8) балалар сауықтыру лагері (орталықтары, кешендері, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері және күндізгі уақытта ұйымдастырылатын лагерьлер, палаталық, киіз үй лагерьлері);

      9) балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі;

      10) олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі;

      11) балалар қызығушылығы мен жұмыстары бағыты бойынша ұйымдар;

      12) балаларға арналған қосымша білім беретін оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталықтар.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру және тәрбиелеу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер және білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен балаларға арналған сауықтыру лагеріне "Білім туралы" Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар санаты қабылданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Н.А. Оршубеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланған кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев