"Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 мамырда № 16915 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9554 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымында:

      1–тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1–тарау. Облыстың (қаланың, ауданның) қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау";

      2–тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2–тарау. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде жүргізілетін іс-шаралар";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3–тарау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шаралар

      14. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шараларға мынадай қосымшалар әзірленеді:

      1) азаматтық қорғаныс бастығының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері және туындауы кездегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);

      2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);

      3) Қазақстан Республикасындағы жер сілкіністері салдарын жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);

      4) бейбіт уақытқа арналған байланысты және құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы (еркін нысанда);

      5) аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығының картасы (еркін нысанда).".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 2 мамыр
№ 335 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 258 бұйрығына 1-қосымша

Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы

1-тарау. Қазақстан Республикасының, орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы

1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау

      1. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану және диверсиялық-барлау топтарының іс-қимылдары кезіндегі ықтимал шабуыл жасалатын объектілер.

      2. Шабуылдау объектілерінің қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.

      3. Объектілердегі қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалға қысқаша баға беру. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.

      4. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын тұжырымдар.

2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар

      5. "Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

      6. "Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

      7. "Жалпы әзірлік" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары

      8. Азаматтық қорғауды басқару органдарын және халықты құлақтандыру.

      9. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары.

      10. Радиацияға қарсы, химиялық және бактериологиялық қорғау.

      11. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

      12. Эвакуациялау іс-шаралары.

      13. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      14. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

      15. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.

      16. Әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

      17. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

      18. Орталық атқарушы органдармен және жергілікті атқарушы органдармен әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шараларына мынадай қосымшалар әзірленеді:

      1) азаматтық қорғау жүйесін әскери жағдайына және соғыс уақытына көшіру кезіндегі азаматтық қорғаныс бастығының негізгі іс-шараларды өткізудің күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);

      2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:500 000; облыстың аудандары мен қаладағы аудандар үшін М 1:100 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);

      3) азаматтық қорғау күштерінің тобы, азаматтық қорғау құралымдары түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);

      4) азаматтық қорғаныстың халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралары түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);

      5) соғыс уақытына арналған байланыс пен құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы;

      6) эвакуациялау және шоғырландыру жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:500 000; облыстың аудандары мен қаладағы аудандар үшін М 1:100 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);

      7) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан, қалалар үшін әскери басқару органдарымен және азаматтық қорғауды басқару органдарымен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезінде өзара іс-қимыл жасау жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар үшін, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:500 000; облыстың аудандары мен қаладағы аудандар үшін М 1:100 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда).

2-тарау. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдарға арналған азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы

1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау

      19. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдардың (әрі қарай - ұйымдар) қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.

      20. Қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.

      21. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын қорытындылар.

2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар

      22. "Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

      23. "Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

      24. "Жалпы әзірлік" азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.

3-параграф. Әскери жағдайыды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары

      25. Ұйымдардың қызметкерлерін құлақтандыру.

      26. Инженерлік қорғау.

      27. Радиацияға қарсы, химиялық және бактериологиялық қорғау.

      28. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

      29. Эвакуациялау іс-шаралары.

      30. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      31. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

      32. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.

      33. Объектінің тұрақтылығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

      34. Ұйымдармен әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шараларына мынадай қосымшалар әзірленеді:

      1) азаматтық қорғау жүйесін әскери жағдайына және соғыс уақытына ауыстыру кезінде ұйымның азаматтық қорғаныс бастығының негізгі іс-шараларды жүргізу жөніндегі күнтізбелік жоспары;

      2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (жергілікті жердің жоспар-схемасы түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);

      3) азаматтық қорғау күштерінің тобы, ұйымдардың азаматтық қорғау құралымдары түсіндірме жазбамен;

      4) азаматтық қорғаудың ұйымдарды қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралары түсіндірме жазбамен;

      5) құлақтандыру мен байланысты ұйымдастыру схемасы;

      6) эвакуациялау жоспары (жергілікті жердің жоспар-схемасы түсіндірме жазбамен).