"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 мамырда № 16873 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-205/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қазандағы № 274-275 (26335-26336) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы";

      қазақ тіліндегі 1-тармаққа өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы бұйрыққа қоса берілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері бекітілсін.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:

      қазақ тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді :

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері".

      1-бөлімде:

      1-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Клиникалық бөлімшелері (палаталар)";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Операция бөлімшесінің штат нормативтері";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Анестезиология-реанимация бөлімшелерінің (тобының) штат нормативтері";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Гемодиализ бөлімшесінің штат нормативтері ("жасанды бүйрек")";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Детоксикация бөлімшесінің штат нормативтері";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің штат нормативтері";

      7-1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-параграф. Диагностика мен емдеудің рентгенохирургиялық әдістері бөлімшесінің штат нормативтері";

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Трансфузиология бөлімшесінің (кабинетінің) штат нормативтері";

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Параклиникалық бөлімшелердің штат нормативтері";

      10-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. Сәулелік диагностика бөлімшесінің штат нормативтері";

      11-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-параграф. Ультрадыбыстық диагностикалық бөлімшесінің штат нормативтері";

      12-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-параграф. Радиоизотопты диагностика зертханаларының штат нормативтері";

      13-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-параграф. Клиникалық–диагностикалық зертхананың штат нормативтері";

      14-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-параграф. Иммунологиялық және серологиялық зертханалардың штат нормативтері";

      15-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-параграф. Бактериологиялық зертханалардың штат нормативтері";

      16-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-параграф. Цитологиялық зертханалардың штат нормативтері";

      17-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-параграф. Эндоскопия бөлімшесінің штат нормативтері";

      18-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-параграф. Физиотерапия және емдік дене тәрбиесі бөлімшелерінің штат нормативтері";

      19-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-параграф. Функциялық диагностика бөлімшесінің (кабинеттің)қызмет құрамының штат нормативтері";

      20-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-параграф. Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің штат нормативтері";

      21-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-параграф. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының штат нормативтері";

      22-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-параграф. Шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек көрсету (санитариялық авиацияның) бөлімшесінің штат нормативтері";

      23-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-параграф. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімдер мен медициналық статистика кабинеттерінің штат нормативтері";

      24-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-параграф. Медициналық статистика кабинеті";

      25-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-параграф. Балаларға арналған медициналық ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері";

      26-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-параграф. Өзге лауазымдар";

      5-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Жалпы нормативтер";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Дерматологиялық-венерологиялық (бөлімшелер мен кабинеттер) диспансерлердің штат нормативтері";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Онкологиялық диспансерлердің ауруханалардың, бөлімшелердің, кабинеттердің штат нормативтері";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Орталық аудандық ауруханалардың (диспансерлік бөлімшелердің) онкологиялық кабинеттерінің қызметкерлерінің штат нормативтері";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Туберкулезге қарсы диспансерлердің, ауруханалардың штат нормативтері";

      262-тармақ алып тасталсын;

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Психиатрия диспансерлерінің, ауруханаларының,бөлімшелерінің және кабинеттерінің штат нормативтері";

      277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "277. Психиатриялық көмектің барлық түрін (наркологиялықтан басқа) көрсету үшін дәрігерлердің лауазымдары ауылдық аудандардың халқына және қалалардың әкімшілігіне бағынатын елді мекендердің тұрғындарына (ауылдық аудан әкімшілігіне кірмейтін) амбулаториялық психиатриялық көмек көрсету үшін 50 мың халыққа 1 учаскелік психиатр дәрігер лауазымының есебінен белгіленеді, бірақ бір ауданға 1 учаскелік психиатр дәрігердің лауазымынан кем емес (аудандық бағыныстағы қалалардың диспансерлік бөлімшелеріндегі (кабинеттерде) осы лауазымдардың есебімен).";

      279-тармақ алып тасталсын;

      280-тармақ алып тасталсын;

      283-тармақ алып тасталсын;

      288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "288. Учаскелік мейіргерлер мен дәрігерлік кабинеттердің лауазымдары, алғашқы психикалық денсаулық орталықтарының мейіргерлерін қоспағанда, учаскелік психиатр дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.";

      290-тармақ алып тасталсын;

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Психиатриялық ауруханаларының күндізгі стационарларының штат нормативтері";

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Емдік-өндірістік (еңбек) шеберханалары";

      305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "305. Әлеуметтік қызметкерлердің лауазымы әрбір психоневрологиялық бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.";

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Амбулаториялық сот–психиатриялық сараптау комиссиясының штат нормативтері";

      10-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. Стационарлық сот–психиатриялық сараптау комиссиясының штат нормативтері";

      11-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-параграф. Мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің штат нормативтері";

      12-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-параграф. Наркологиялық диспансерлерінің, ауруханалардың, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарының штат нормативтері";

      334-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "334. Наркологиялық көмектің барлық түрлерін көрсету үшін ауылдық елді-мекендерде нарколог дәрігерлердің лауазымдары әрбір ауданға кемінде 1 нарколог дәрігерлердің лауазымы есебінен белгіненеді.";

      336-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "336. Психотерапевт дәрігердің лауазымы күндізгі стационардың 50 төсегіне 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ бір диспансерге 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.";

      337-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "337. Медициналық психологтың лауазымы күндізгі стационардың 50 төсегіне 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ бір диспансерге 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.";

      347-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "347. Әлеуметтік көмек көрсететін жеке фельдшерлердің (мейіргерлердің) лауазымдары учаскелік психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.";

      349-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "349. Диспансерлік бөлімшедегі мейіргерлердің лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:

      - анонимдік емдеу кабинетіне 1 лауазым;

      - алкогольге қарсы насихаттауға және алкогольді шектен тыс пайдаланудан және алкоголизмнен зардап шегетін адамдарға профилактикалық медициналық көмек көрсетуге арналған кабинетке 1 лауазым;

      - күндізгі стационардағы әрбір 20 төсекке 1 лауазым;

      - тиісінше психотерапевт дәрігердің лауазымына психотерапиялық кабинеті мейіргерінің 1 лауазымы.";

      354-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "354. Санитарлардың лауазымдары: алкогольден мас болуды сараптау кабинетіне 1 лауазым және психотерапиялық кабинетке 0,5 лауазымның есебінен белгіленеді.";

      357-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "357. Әлеуметтік қызметкердің лауазымы әрбір наркологиялық бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.";

      13-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-параграф. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелер (МЕПМ), бөлімшелер персоналының штат нормативтері";

      6-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Балалар санаторийлерінің (туберкулез санаторийлерінен басқа) штат нормативтері";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Туберкулезге қарсы балалар санаторийлерінің штат нормативтері";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Нерв жүйесі бұзылған шектеулі, психикасы бұзылған және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарының штат нормативтері";

      464-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "464. Райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушылардың лауазымдары 30 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Ересектерге арналған санаторийдің штат нормативтері";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Дәріхана персоналы";

      3-бөлімде:

      8-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Донорлармен толықтыру бөлімшесі";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Бірыңғай донор орталығы";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Көшпелі бригаданың үлгілік штаттары";

      9-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Қанды дайындау және оны компоненттерге қайта өңдеу бөлімшесінің үлгілік штаттары";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Қан компоненттерін карантиндеу, іріктеу және уақытша сақтау бөлімінің үлгілік штаттары";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Қан компоненттерін өндіру бөлімшесінің үлгілік штаттары";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Өнімді беру тобының үлгілік штаттары";

      10-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Қанды тестілеу бөлімшесінің үлгілік штаттары мен штат нормативтері";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Изоиммунологиялық зертхананың штат нормативтері";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Сапаны бақылау бөлімі";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Иммунды плазманы дайындау және иммуноглобулинді жасау иммунологиялық зертхананың (топтың) үлгілік штаттары";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Иммунологиялық HLA-үлгілеу зертханасының үлгілік штаттары";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. ЖИТС, гепатиттер, мерез инфекцияларындиагностикалау зертханасының үлгілік штаттары";

      11-тарауда:

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Қан препараттарын өндіру бөлімінің үлгілік штаттары менштат нормативтері";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Шикізатты толықтыру және плазманы фракциялау бөлімшесінің үлгілік штаттары мен штат нормативтері";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Биопрепараттарды лиофилизациялау тобы";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қан препараттарының жартылай өнімдерін ультрафильтрлеу учаскесі";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Зарарсыз құю тобы";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Зарарсыз материалдармен қамтамасыз ету бөлімі";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Өндірістік бақылау тобы";

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Техникалық бақылау бөлімі";

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Дайын өнім қоймасының үлгілік штаттары (қан препараттарын жасау өндірісі болғанда)";

      13-қосымшада:

      реттік нөмірі 63-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


63

Жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - ЖПД)

аралас халық (ересектер мен балалар) үшін 1700 адамға 1 лауазым есебінен

Бөлінген қаражат шегінде (ТМККК төлеуге ӘМСҚ трансферттер 067 100 бюджеттік бағдарлама бойынша)


  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-1-жолмен толықтырылсын:

      "


66-1

Учаскелік педиатр

6 жасқа дейінгі 500 балаға 1 лауызым есебінен

жаңадан ашылған педиатрлық учаскілерде бөлінген қаражаттың шегінде (ТМККК төлеуге ӘМСҚ трансферттер 067 100 бюджеттік бағдарлама бойынша)


  ".

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 73-1, 73-2-жолдармен және ескертпелермен толықтырылсын:

      "


73-1

Учаскелік фтизиатр дәрігер

20 000 тұрғын үшін 1 лауазым есебінен




73-2

Учаскелік фтизиатр дәрігер (балалар дәрігері)

10 000 тұрғын үшін 1 лауазым есебінен




Ескертпе: учаскелік фтизиатр дәрігер, учаскелік фтизиатр дәрігер (балалар дәрігері) лауазымдарының штат бірліктері Астана және Алматы қалаларындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында интеграциялау жүргізілгеннен кейін белгіленеді.


  ";

      мынадай мазмұндағы 4.5 параграфпен толықтырылсын:

      "4.5 параграфы Алғашқы психикалық денсаулық орталығының штаттары

110-1

Меңгеруші

0,5 лауазым

қайта құрылған алғашқы психикалық денсаулық орталықтарында

110-2

Психиатр дәрігер (нарколог)

3 лауазым

110-3

Балалар психиатр дәрігері (нарколог)

1 лауазым

110-4

Психиатр дәрігер (психотерапевт)

1 лауазым

110-5

Медициналық психолог

1 лауазым

110-6

Мейіргер

1 дәрігер лауазымына 1 мейіргер лауазымы есебінен

110-7

Емшара мейіргері

0,5 лауазым

110-8

Әлеуметтік қызметкер

1 лауазым

110-9

Медициналық тіркеуші

1 лауазым

110-10

Санитар

1 лауазым

Ескертпе:
алғашқы психикалық денсаулық орталығы (бұдан әрі - АПДО) лауазымдарының штат нормативтері бекітілген 60000 (алпыс мың) халыққа 1 есебінен белгіленеді.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімдік баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов