"Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтері (жұмыстары) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 515 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 302 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 149 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 154 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 3 мамырда № 16859 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 750 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 47 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2018 № 750 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтері (жұмыстары) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 515 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 302 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15658 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі бекітілсін";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ж. Қасымбек
     
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов