Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.
2. "Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8305 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 62 қаулысымен бекітілді
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін және жүзеге асыру талаптарын айқындайды. Қағидалар өз қызметін Заңның 3-бабының 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарына (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшаны толық алмау – микрокредит беру туралы шартқа сәйкес қаржы ұйымына тиесілі ақша ағындары және қаржы ұйымы алуды күтіп отырған ақша ағындары арасындағы айырма;
2) берешек – микрокредит беру туралы шарттың талаптарына сәйкес қарыз алушы өтемеген негізгі борыш, есептелген сыйақы және (немесе) өзге төлемдер түріндегі талаптың сомасы;
3) берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтер мен шартты міндеттемелер – кредиттік тәуекелдің сипаттамаларына ұқсас сипаттамалары бар берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер тобы;
4) берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер мен шартты міндеттемелер – қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес есепті күнгі жалпы баланстық құны микроқаржы ұйымының активтерінен 5 (бес) пайызға асып кететін берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер немесе өзара байланысты тарапқа қойылатын талаптарды білдіретін берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме.
Микроқаржы ұйымына осы тармақшада көзделген өлшемшарттарға толықтыру ретінде берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені жеке кредитке жатқызу үшін қосымша өлшемшарттар белгілеуге рұқсат беріледі.
Микроқаржы ұйымына берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының активтерге, бірақ активтерден 5 (бес) пайыздан төмен емес өзге арақатынасын белгілеуге рұқсат беріледі;
5) берілген микрокредит бойынша кредиттік-құнсызданған актив – берілген микрокредит бойынша актив, ол бойынша 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептік стандарттың (бұдан әрі – 9 ХҚЕС) өлшемшарттарына сәйкес келетін құнсыздану белгілері анықталады;
6) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жиынтық баланстық құны – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің зиянға арналған бағалау резервінің көлеміне түзетілгенге дейінгі амортизацияланған құны;
7) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені қайта жіктеу – берілген микрокредит бойынша бұрын жіктелген актив пен шартты міндеттемені оған қарсы провизияларды (резервтерді) тиісті қосымша қалыптастыру және (немесе) тарату арқылы жіктеу;
8) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені қайта құрылымдау – төменде аталған жағдайлардың кез келгеніне сәйкес берілген микрокредит беру туралы шарттың тәртібін және талаптарына кез келген өзгерту:
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша төлемдер кестесін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу үшін берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша төлемдер бойынша жеңілдік кезеңін беру не ұзарту, берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме мерзімін келесі ұзарту, берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша бір немесе одан көп төлемді кейінге қалдыру, берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны есептен шығару немесе кешіру, сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру, сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра отырып берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің валютасын бір валютадан басқасына өзгерту (конвертациялау);
микроқаржы ұйымындағы, оның ішінде басқа микроқаржы ұйымдарындағы берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу үшін берілген микрокредит бойынша жаңа актив пен шартты міндеттеме беру;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
қарыз алушының микроқаржы ұйымына берілген кепіл мүлкі есебінен берешек сомасын өтеу нәтижесінде берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша берешекті төмендету;
9) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің амортизациялық құны – минус борыштың негізгі сомасының есебіне төлемдер, плюс (минус) тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелген дисконттың (сыйлықақының) жинақталған амортизациясының шамасы бастапқы тану кезінде берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бағаланатын және зиянға арналған бағалау резерві ескеріле отырып түзетілген сома;
10) берілген микрокредит бойынша сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған актив – бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растау болған, берілген микрокредит бойынша сатып алынған немесе құрылған актив;
11) дефолт – төлеу мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен өтіп кеткен мерзімі өткен төлемнің (төлемдердің) болуы не осы тармақшада көзделген мынадай бір немесе бірнеше жағдайдың болуы:
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша сыйақыны есептеуді тоқтата тұру;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме берілген сәттен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюынан қарыз алушы берешегінің бір бөлігін және (немесе) бүкіл сомасын есептен шығару;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша талап ету құқықтарын дисконтпен беру;
қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені қайта құрылымдау;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қарыз алушыны банкрот деп тану туралы талап-арыз беру;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қарыз алушының өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш жасауы;
микроқаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде (бұдан әрі - Әдістеме) көзделген ахуалдар.
Қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы деп төменде көрсетілген жағдайлардың бірінің немесе бірнешеуінің туындауы түсініледі:
қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдында күнтізбелік 30 (отыз) және одан көп мерзімдегі мерзімі өткен міндеттемелері бар;
қарыз алушыда мерзімі өткен міндеттемелер жоқ және микроқаржы ұйымында қарыз алушының оған берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша жеңілдік жағдайлары берілмей өз міндеттемелері бойынша ақы төлеу мерзімдерін бұзуға жол бергені туралы негізделген және растайтын ақпарат бар;
қарыз алушының қаржылық жай-күйін нақты көрсеткіштерін бағалау негізінде микроқаржы ұйымы қарыз алушының ақша ағындарының микроқаржы ұйымының алдындағы шарттық міндеттемелерін (негізгі борышты және сыйақыны қоса алғанда) өтеу үшін жеткіліксіз болатынын болжайды;
қаржы ұйымы микроқаржы ұйымы әзірлейтін және Әдістемеге қосымша болып табылатын ішкі рейтингтік модельге сәйкес қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлағанын бағалады;
12) кредиттік скоринг – қарыз алушының кредитке қабілеттілігін сапалық және сандық сипаттамаларға негіздеп бағалау;
13) қамтамасыз ету құны - ағымдағы сәтке оны өткізу (сату) мүмкіндігін ескере отырып, нарықтық (әділ) құннан анықталатын кепілді қамтамасыз ету құны;
14) қарыз алушы - микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
15) негізделген және расталатын ақпарат – кемінде 5 (бес) жыл кезеңінде өткен оқиғалар, ағымдағы сапалық және сандық көрсеткіштер және болашақтағы экономикалық сапалық және сандық көрсеткіштердің болжамдары туралы ақпаратты қоса алғанда, аса көп шығынсыз немесе күш салмай есепті күнгі жағдай бойынша негізделген түрде қолжетімді болып табылатын ақпарат. Кемінде 5 (бес) жыл кезеңдегі, есепті күнгі жағдай бойынша негізделген түрде қолжетімді болып табылатын ақпарат болмаған кезде микроқаржы ұйымына неғұрлым қысқа кезеңдегі ақпаратты кейіннен кемінде 5 (бес) жыл кезеңдегі өткен оқиғалар туралы ақпаратты жинақтау шартымен пайдалануына рұқсат етіледі. Жеке микрокредиттер және шартты міндеттемелер бойынша соңғы 3 (үш) жылдағы не микроқаржы ұйымы операциялық қызметті 3 (үш) жылдан кем жүзеге асырған жағдайда одан аз кезеңдегі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің мониторингі негізінде болжамдық ағындарды құруға жол беріледі;
16) провизиялар (резервтер) – берілген микрокредит бойынша активтің амортизацияланған құны бойынша және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша күтілетін және орын алып отырған кредиттік зиян үшін құрылатын бағалау резерві, сондай-ақ берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелер бойынша күтілетін кредиттік зиянға қатысты бағалау міндеттемесі;
17) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
18) берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелер – бұл болуы басталуына деген сенімділік болмайтын және толығымен микроқаржы ұйымының бақылауында болмайтын бір немесе бірнеше болашақ оқиғаның басталуымен немесе басталмауымен ғана расталатын берілген микрокредиттер бойынша міндеттемелер.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2-тарау. Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптау және берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібі
3. Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды микроқаржы ұйымы қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшеріне қарай Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
4. Провизиялар (резервтер) мөлшерін айқындау мақсатында берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттелер жеке және біртекті негізде бағаланады.
5. Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптау (қайта сыныптау) және оларға қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру мынадай талаптардың негізінде жүзеге асырылады:
1) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптау және провизияларды (резервтерді) қалыптастыру бойынша нақты іс-әрекеттердің Қағидалардың және микроқаржы ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келуі;
2) берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді сыныптау және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру аясына жататын барлық ақпаратты кешенді және объективті талдау;
3) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптаудың (қайта сыныптаудың) және (немесе) провизияларды (резервтерді) қалыптастырудың уақтылылығы, есепке алу мен есептілікте провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін көрсетудің дәйектілігі.
6. Сыныптау мақсатында берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және сыныпталған болып бөлінеді.
7. Сыныпталуға жатпайтын, берілген микрокредит бойынша актив стандартты болып табылады.
8. Сыныпталған міндеттемеге жатпайтын, берілген микрокредит бойынша шартты міндеттеме стандартты болып табылады.
9. Берілген микрокредиттер бойынша сыныпталған активтер мен шартты міндеттемелер қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшеріне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
1) күмәнді:
1-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 5 (бес) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
2-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 5,01 (бес бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 10 (он) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
3-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 10,01 (он бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 20 (жиырма) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
4-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 20,01 (жиырма бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 25 (жиырма бес) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
5-санатты күмәнді – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 25,01 (жиырма бес бүтін жүзден бір) пайызынан астам және 50 (елу) пайызынан кем немесе тең провизиялар (резервтер);
2) үмітсіз – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының 50,01 (елу бүтін жүзден бір) пайызынан астам провизиялар (резервтер).
10. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3-тарау. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібі
12. Провизиялар (резервтер) 9 ХҚЕС-тің және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылады.
13. Провизияларды (резервтерді) құру тәртібі Қағидаларға сәйкес Әдістеме негізінде айқындалады.
14. Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер біртекті және жеке болып сыныпталады.
Берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер бойынша провизиялар (резервтер) әрбір жеке микрокредит бойынша бөлек есептеледі.
Әдістемеге сәйкес құнсыздану белгілері жоқ берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер бойынша кредиттік тәуекелдің Әдістемеде белгіленген ұқсас сипаттамалары бойынша топтастыру жүзеге асырылады және провизиялар (резервтер) Әдістемеде белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.
Берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтер, шартты міндеттемелер кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттамалары негізінде топтастырылады, сондай-ақ провизиялар (резервтер) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелердің әрбір жекелеген топтары бойынша есептеледі.
Берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді біртекті топтарға топтастыруға негіз болатын талаптар мен белгілер Әдістемеде ашып жазылады.
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелердің біртектілік санатына қарыз алушының түрі, микрокредиттеу технологиясы, нысаналы мақсаты, қамтамасыз ету түрі, қарыз алушының географиялық орналасуы, берілген микрокредит бойынша активтің мерзімі, сондай-ақ Әдістемеде және микроқаржы ұйымының өзге ішкі құжаттарында айқындалған микрокредиттеу бағдарламалары бойынша белгілер жатады, бірақ бұлармен шектелмейді.
15. Кредиттік тәуекелдің өзгеруіне және берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша құнсыздану белгілерінің болуына қарай провизиялар (резервтер):
1) Қағидалардың 17-тармағына сәйкес 12 (он екі) айдағы күтілетін кредиттік зиянға тең сомада;
2) Қағидалардың 18-тармағына сәйкес микрокредиттер бойынша бүкіл мерзімде күтілетін кредиттік зиянға тең сомада;
3) Қағидалардың 23-тармағына сәйкес орын алған кредиттік зиянға тең сомада қалыптастырылады.
16. Бағалау күнгі (бірақ тоқсанына кемінде бір рет) берілген микрокредит бойынша активті, шартты міндеттемені бастапқы тану кезінде берілген микрокредит бойынша активтің, шартты міндеттеменің күтілетін қолданылу мерзімінде жеке негізде және біртекті ретінде сыныпталған берілген микрокредиттер бойынша активтер, шартты міндеттемелер бойынша топтық негізде дефолттың басталу тәуекелі айқындалады.
17. Егер есепті күнгі жағдай бойынша бастапқы танылған күннен бастап берілген микрокредит бойынша актив, шартты міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы болмаса, микроқаржы ұйымы осы берілген микрокредит бойынша актив, шартты міндеттеме бойынша провизиялар (резервтер) мөлшерін есепті күннен бастап 12 (он екі) айда күтілетін кредиттік зиянға тең сомада бағалайды.
18. Егер берілген микрокредит бойынша актив, шартты міндеттеме бойынша есептелген кредиттік тәуекел бастапқы танылған күннен бастап айтарлықтай ұлғайса, микроқаржы ұйымы есепті күнгі жағдай бойынша осы берілген микрокредит бойынша актив, шартты міндеттеме бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшерін бүкіл мерзімде күтілетін кредиттік зиянға тең сомада бағалайды.
19. Кредиттік тәуекелдің ұлғаюы былайша айқындалады:
1) берілген микрокредит бойынша активті қолданудың күтілетін мерзімі бойы дефолттың басталу тәуекелінің өзгеруі бастапқы танылған күнгі дефолттың басталу тәуекелімен есептік күнгі берілген микрокредит бойынша актив бойынша дефолттың басталу тәуекелін салыстыру арқылы бағаланады;
2) аса көп шығынсыз және күш салмай қолжетімді болатын, негізделген және расталатын, кредиттік тәуекелдің бастапқы танылған сәттен бастап айтарлықтай ұлғаюын көрсететін ақпаратқа талдау жасалды.
Төменде аталған бір немесе бірнеше жағдай кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы болып табылады:
берілген микрокредит бойынша белгілі бір актив немесе қолданылудың осындай күтулі мерзімі бар берілген микрокредиттер бойынша осыған ұқсас активтер үшін кредиттік тәуекелдің сыртқы нарықтық көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгеруі;
қарыз алушының ішкі немесе сыртқы кредиттік рейтингінің нақты немесе күтілетін (негізделген және расталатын ақпарат негізінде) төмендеуі не ішкі мақсаттар үшін кредиттік тәуекелді талдау үшін пайдаланылатын кредиттік скоринг бойынша қарыз алушы рейтингінің азаюы;
міндеттеме бойынша қамтамасыз ету құнының немесе қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шартта көзделген жоспарлы төлемдерді жүзеге асыру үшін экономикалық ынталандыру болып табылатын, күтіліп отырғандай, қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шартта көзделген жоспарлы төлемдерді жүзеге асыру үшін экономикалық ынталандыруды азайтатын немесе өзгеше түрде дефолттың басталу ықтималдылығына ықпал ететін кепілдіктер немесе тетіктер сапасының айтарлықтай өзгеруі;
күнтізбелік 30 (отыз) және одан көп мерзімі өткен төлемдердің;
кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюының Әдістемеде көзделген өзге белгілерінің болуы.
Кредиттік тәуекел ұлғаюының айтарлықтай болуы Қағидалардың талаптары ескеріле отырып, Әдістемеде белгіленеді.
20. Берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша күтілетін кредиттік зиян кредиттік зиянды бағалау ықтималдылығы ескеріле отырып сараланған, яғни берілген микрокредит бойынша активтің қолданудың бүкіл мерзіміндегі барлық күтілетін толық алынбаған ақшаның келтірілген құны болып табылады. Берілген микрокредит бойынша актив бойынша күтілетін кредиттік зиянды микрокредиттік ұйымдар Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы бойынша есептеледі, онда:
1) ықтимал нәтижелердің диапазонын бағалау арқылы белгіленген, ықтималдығы ескеріле отырып алдын ала келісілмеген және сараланған сомасы;
2) ақшаның уақытша құны;
3) шамадан тыс шығынсыз немесе күш-жігерсіз есепті күні қолжетімді болатын болжамды макроэкономикалық болжамдық ақпаратты қоса алғанда, өткен оқиғалар, ағымдағы сапалы және сандық көрсеткіштер және болашақ экономикалық сапалы және сандық көрсеткіштердің болжамы туралы негізделген және расталған ақпарат көрсетіледі.
Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы негізделіп өзгерген жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген формуланы өзгертеді және (немесе) толықтырады және өзгертілген және (немесе) толықтырылған күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы бойынша күтілетін кредиттік зиянды есептейді.
21. Берілген микрокредит бойынша актив (берілген микрокредиттер бойынша активтер) бойынша кредиттік зиян микрокредит беру туралы шартта көзделген, микроқаржы ұйымына тиесілі ақша ағындары мен микроқаржы ұйымы алуды күтіп отырған ақша ағындары арасындағы айырманың келтірілген сомасын білдіреді.
22. 12 (он екі) айда күтілетін кредиттік зиян Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 12 (он екі) айға күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы бойынша есептеледі және бүкіл мерзімдегі күтілетін кредиттік зиянның бір бөлігі болып табылады, есепті күннен кейінгі 12 (он екі) ай ішінде дефолт басталған кезде (не егер берілген микрокредит бойынша активті қолданудың күтілетін мерзімі 12 (он екі) айдан аз болса, неғұрлым қысқа кезең ішінде) ақшаның толық алынбауы ретінде қаралады және осындай дефолттың болу ықтималдығы ескеріле отырып сараланды.
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 12 (он екі) айға күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы негізделіп өзгерген жағдайда, микроқаржы ұйымы көрсетілген формуланы өзгертеді және (немесе) толықтырады және 12 (он екі) айға күтілетін кредиттік зиянды 12 (он екі) айға күтілетін кредиттік зиянның өзгертілген және (немесе) толықтырылған есептеу формуласы бойынша есептейді.
23. Берілген микрокредит бойынша сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған актив болып табылмайтын, есепті күндегі жағдай бойынша берілген микрокредиттер жеке кредиттік-құнсызданған активтер бойынша орын алған кредиттік зиян берілген микрокредит бойынша активтің жалпы баланстық құны мен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құны және берілген микрокредит бойынша актив бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып дисконтталған болашақ есептік ақша ағындарының келтірілген құны арасындағы айырма ретінде бағаланады.
Болашақ ақша ағындарының келтірілген құны Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес болашақ ақша ағындарының келтірілген құнының формуласы бойынша айқындалады.
24. Берілген микрокредит бойынша кредиттік-құнсызданған актив қарыз алушы берілген микрокредит бойынша активтің жалпы баланстық құнының провизияларды (резервтерді) қалыптастыру күні берілген микрокредит бойынша актив берілген микрокредиттер кредиттік-құнсызданған активтер санатына өткен кездегі берешек сомасына тең немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуіне әкелетін берешекті өтеген кезде және бағалау күні Әдістемеде белгіленген берілген микрокредит бойынша активтің құнсыздану белгілері негізінде құнсызданудың объективті растаулары болып табылатын оқиғалар болмаған кезде, кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю белгілері бар берілген микрокредит бойынша активтер санатына өтеді.
Кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю белгілері бар берілген микрокредит бойынша актив берілген микрокредит бойынша активтің жалпы баланстық құнының провизияларды (резервтерді) қалыптастыру күні берілген микрокредит бойынша активтің кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю белгілері бар берілген микрокредиттер бойынша активтер санатына өткен кезде берешек сомасына тең немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуіне әкелетін берешекті қарыз алушы өтеген кезде және провизияларды (резервтерді) қалыптастыру күні кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы болмаған кезде, Қағидалардың 17-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) 12 (он екі) айдағы күтілетін кредиттік зиянға тең сомада қалыптастырылатын берілген микрокредиттер бойынша активтер санатына өтеді.
25. Берілген микрокредит бойынша жеке актив бойынша құнсызданудың объективті растамасы болып табылатын төменде көрсетілген бір немесе бірнеше оқиғалардың болуы бағаланады:
1) қарыз алушының айтарлықтай қаржылық қиындықтары туралы негізделген және расталатын ақпараттың болуы;
2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша күнтізбелік 60 (алпыс) күннен асатын мерзімі өткен берешектің болуы;
3) берілген микрокредит бойынша активті соңғы 12 (он екі) айда бір және одан көп қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдау.
2021 жылғы 1 сәуірден бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде, егер қарыз алушының қаржылық жағдайының нақты көрсеткіштерін бағалау негізінде банк бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
қарыз күтілетін он екі айлық кредиттік залалға тең сомада қалыптастырылатын қаржы активтері, провизиялар (резервтер) санатына қарыз бойынша төлемдер кейінге қалдырылғанға дейін жатқызылса;
қарыз бойынша төлемдерді кейінге қалдыру кезеңі аяқталғаннан кейін қарыз алушы төлемдерді кейінге қалдыру кезеңі аяқталғаннан кейін 180 (бір жүз сексен) күннің ішінде қарызды өтеудің жаңа кестесі бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындауды жалғастырса, карантиндік шектеу шараларын енгізуге байланысты төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілген қарыз бойынша қарыз алушының ақша ағындары банк алдындағы шарттық міндеттемелерді (негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда) өтеу үшін жеткілікті болады деп болжаса, қарыз алушы қаржылық қиындықтарды бастан кешіруші ретінде танылмайды;
4) қарыз алушыда қарыз алушының еңбек қызметінің немесе кәсіпкерлік қызметінің болмауы туралы ақпаратты қоса алғанда, қарыз алушыға Әдістемеге сәйкес айқындалатын айтарлықтай материалдық зиян келтірген және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше және (немесе) өзге де жағдайлар туралы негізделген және расталған ақпараттың болуы;
5) негізделген және расталған ақпарат негізінде қарыз алушының банкроттыққа ұшырауы, қайта ұйымдастырылуы және (немесе) қарыз алушының қаржылық жай-күйін нашарлатуы мүмкін сот қарауына тартылуының жоғары ықтималдығы туралы негізделген және расталған ақпарат;
6) қарыз алушының қайтыс болуы;
7) Әдістемеде белгіленген өзге де оқиғалар.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.05.2021 № 68 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Микроқаржы ұйымы күтілетін зиянды есептеу кезінде кемінде 2 (екі) жыл болатын кезеңде кепіл мүлкін сату жөніндегі растайтын ақпаратты ескереді. Микроқаржы ұйымы күтілетін зиянды есептеу үшін кепіл мүлкін сату туралы растайтын ақпарат болмаған кезде күтілетін зиянды есептеуде пайдаланылатын қамтамасыз ету құнына мынадай өтімділік коэффициенттері қолданады:
1) тұрғын үй және (немесе) коммерциялық жылжымайтын мүлік, оның ішінде жер учаскелері түріндегі қамтамасыз ету – 0,7;
2) көлік құралдары түріндегі қамтамасыз ету – 0,5;
3) жабдық, тауар материалдық құндылықтар, сатуға дайын өнім түріндегі қамтамасыз ету – 0,4;
4) екінші деңгейдегі банк не Қазақстан Республикасының Standard & Poor's агенттігінің тәуелсіз рейтингінен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлға не квазимемлекеттік сектор субъектісі берген кепілдіктерді қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кепілдіктері түріндегі қамтамасыз ету – 0;
5) мүлік түріндегі, оның ішінде болашақта түсетін ақша түріндегі қамтамасыз ету – 0;
6) өтімділігі жоғары бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз ету – 0,95;
7) екінші деңгейдегі банк; Қазақстан Республикасының Standard & Poor's агенттігінің тәуелсіз рейтингінен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлға; квазимемлекеттік сектор субъектісі берген кепілдіктер түріндегі қамтамасыз ету – 1;
8) ақша түріндегі қамтамасыз ету – 1.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, олар бойынша кемінде 2 (екі) жыл болатын кезеңде кепіл мүлкін сату жөніндегі растайтын ақпарат жоқ өзге де қамтамасыз ету түрлері бойынша микроқаржы ұйымының күтілетін зиянды есептеу кезінде қамтамасыз ету құнына Әдістемеде көзделген, бірақ 0,7-ден аспайтын өтімділік коэффициенттері қолданылады. Әдістемеде көзделмеген қамтамасыз ету түрлері бойынша нөлге тең өтімділік коэффициенті қолданылады.
27. Берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелер бойынша күтілетін кредиттік зияндар қаржы ұйымы берілген микрокредит бойынша шартты міндеттемені ұстаушыдан, борышкерден не кез келген басқа тараптан алуды күтетін сомаларды шегергенде, шартты міндеттемені ұстаушы көтеретін кредиттік зияндарды оған өтейтін күтілетін төлемдерді білдіреді. Бұл тармақ қарыз алушылардың жеке негізде бағаланатын берілген микрокредит бойынша шартты міндеттемелеріне қатысты қолданылады.
28. Есепті күні сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша микроқаржы ұйымы зиянға бағалау резерві ретінде тек барлық мерзімге күтілетін кредиттік зияндардың өзгерістерін бастапқы кезде таныған сәттен бастап жинақталғандарын ғана таниды.
Мерзімі 3 (үш) жылдан асатын және олар бойынша өтелуі негізгі борыштың және сыйақының 50%-нан (елу пайызынан) астамы берілген микрокредит бойынша активтің соңғы жылы жүзеге асырылатын берілген микрокредиттер бойынша активтер, сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған берілген микрокредиттер бойынша активтерге жатады. Аталған берілген микрокредиттер бойынша активтер Қағидалардың мақсатында өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылған берілген микрокредиттер бойынша активтер ретінде танылады.
29. Берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомаларын анықтау нәтижелері бойынша микроқаржы ұйымы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтық кезеңнің соңында Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес провизиялардың (резервтердің) мөлшері бойынша тіркелімді жылына кемінде 1 (бір) рет толтырады және сақтайды.
Провизиялардың (резервтердің) мөлшерлері бойынша тіркелімді микроқаржы ұйымы толтырады және мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынады.
30. Есепті күні есептелген, осы тарауға сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін микрқаржы ұйымы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде әрбір тоқсанның соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетеді.
31. Қағидаларға сәйкес құрылатын, 9 ХҚЕС-қа бастапқы ауысқан кезде кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алған берілген микрокредиттер бойынша кредиттік-құнсызданған активтер санатына жатқызылған провизиялардың (резервтердің) жиынтық мөлшері 39 "Қаржы құралдары: тану және өлшеу" халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес осы берілген микрокредиттер бойынша активтер бойынша провизиялардың (резервтердің) жиынтық деңгейінен асады немесе оған тең болады.
4-тарау. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандартына сәйкес есептілік жасайтын шағын және орта бизнеске және (немесе) өзге де микроқаржы ұйымдарына арналған халықаралық қаржылық есептілік тандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібі
Ескерту. 4-тарау алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5-тарау. Провизиялар (резервтер) құру әдістемесіне қойылатын талаптар
38. Микроқаржы ұйымы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде Қағидаларға сәйкес Әдістемені әзірлейді және бекітеді.
Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде Қағидаларға сәйкес Әдістемені әзірлейді және бекітеді. Бұл талап бекітілген Әдістемесі бар микроқаржы ұйымдарына қолданылмайды.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
39. Әдістемеде:
1) провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау процесіне қатысатын микроқаржы ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің тізілімі олардың функционалдық міндеттерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау бизнес-процестері сипаттала отырып;
2) берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер мен шартты міндеттемелердің құнсыздану белгілерінің, оның ішінде төтенше жағдайлар және (немесе) өзге жағдайлар салдарынан қарыз алушыға келтірілген материалдық зиянның маңыздылығын айқындайтын нақты тізбесі;
3) берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді берілген микрокредиттер активтерге, шартты міндеттемелерге жатқызудың микроқаржы ұйымы белгілейтін өлшемшарттары және оларды айқындаудың және есепті белгілеудің нақты сипаттамасы;
4) берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелерді кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттамалары бойынша топтастыру өлшемшарттары;
5) берілген микрокредиттер бойынша қамтамасыз етілген, сол сияқты қамтамасыз етілмеген біртекті және жеке активтер, шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) мөлшерін айқындаудың жан-жақты тәртібі, оның ішінде берілген микрокредит бойынша активті сату кезінде дисконттың маңыздылығы айқындалған дефолт ықтималдығын есептеудің егжей-тегжейлі тәртібі, дефолт болған жағдайда залал деңгейінің, тәуекелге ұшырағыш дефолт талаптарының, болашақ ақша ағындарының келтірілген құнын дисконттау факторының, болашақ ақша ағындары болжамының, қамтамасыз ету құнына өтімділік коэффициентінің және күтілетін және (немесе) орын алып отырған кредиттік шығындарды есептеуге қатысатын басқа да құрауыш формулалардың жан-жақты тәртібі;
6) провизиялар (резервтер) мөлшерін есептеу кезеңділігі;
7) кредиттік тәуекел ұлғайған және (немесе) азайған және қарыз алушының ықтимал банкрот болуын және қайта ұйымдастырылуын бағалаған кезде кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын айқындау өлшемшарттары;
8) дефолтты айқындау және дефолттың басталу тәуекелін айқындау (есептеу) тәртібі;
9) күтілетін кредиттік шығындардың ықтимал сценарийлерінің диапазонына талдау жүргізу тәртібі;
10) күтілетін кредиттік шығындар бағаланатын кезеңді айқындау тәртібі;
11) қарыз алушының айтарлықтай қаржылық қиындықтарын нақты айқындау және оларды белгілеу (есептеу) тәртібі;
12) кредиттік шығындарды бағалаған кезде пайдаланылатын статистикалық және макроэкономикалық ақпараттың дереккөздері;
13) провизияларды (резервтерді) есептеу кезінде пайдаланылатын статистикалық ақпаратты жинау тәртібі қамтылады.
40. Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу төмендегі бір немесе бірнеше негіз бойынша жүзеге асырылады:
1) микроқаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін және айқындау барысына қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің Әдістемеде көрсетілген тізбесін және олардың функционалдық міндеттерін өзгерту;
2) бекітілген Әдістеменің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) Әдістеменің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың (резервтердің) нақты шығын сомаларына сәйкес келуіне жүргізілген тестінің нәтижелері;
4) статистикалық және макроэкономикалық деректер дереккөзінің оларды болашақта қолдануға мүмкін болмайтындай өзгеруі (болашақта алуға мүмкін болмау);
5) берілген микрокредиттер бойынша активтерді, шартты міндеттемелер микроқаржы ұйымы стратегиясының өзгеруіне байланысты кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бойынша топтастырудың өзгеруі;
6) провизияларды (резервтерді) нақты есептеу дәлдігінің артуы және олардың мөлшерін айқындау, оның ішінде оларды автоматтандыру тәртібінің жақсаруы.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді (берілген
микрокредиттер бойынша біртекті активтер портфеліне енгізілгендерді қоспағанда)
сыныптау туралы есеп
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді (берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтер портфеліне енгізілгендерді қоспағанда) сыныптау туралы есеп
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру
қағидаларына 3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтерді сыныптау туралы есеп
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
4-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтерді сыныптау туралы есеп
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
5-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есеп
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
6-қосымша
Күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы
ECL = PD*LGDt*EADt*Dt, мұнда
PD – берілген микрокредит бойынша активтің барлық мерзіміндегі дефолт ықтималы
(пайызбен);
LGDt – дефолт жағдайындағы шығынның деңгейі (пайызбен);
EADt – дефолт тәуекеліне ұшыраған талаптар;
Dt – дисконттау факторы;
t – берілген микрокредит бойынша актив бойынша ақша ағындары болжанатын кезең.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу,
сондай-ақ оларға қарсы
провизиялар (резервтер) құру
қағидаларына
7-қосымша
12 (он екі) айға күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы
ECL = PD12*LGDt*EADt*Dt, мұнда:
PD12 – есепті күннен бастап кейінгі 12 ай ішіндегі дефолт ықтималы (пайызбен);
LGDt – дефолт жағдайындағы шығынның деңгейі (пайызбен);
EADt – дефолт тәуекеліне ұшыраған талаптар;
Dt – дисконттау факторы;
t – берілген микрокредит бойынша актив бойынша ақша ағындары болжанатын кезең.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
8-қосымша
Болашақ ақша ағындарының келтірілген құнының формуласы
мұнда
PV – болашақ ақша ағындарының келтірілген құны;
СF – болашақ ақша ағындарының болжамы;
r – пайыздың тиімді мөлшерлемесі;
t, n – берілген микрокредит бойынша актив бойынша ақша ағындары болжанатын жылдар саны.
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
9-қосымша
Провизиялардың (резервтердің) мөлшері бойынша тіркелім
Қарыз алушының атауы | Микрокредит беру туралы шарттың № | Ақпараттық есеп жүйесіндегі микрокредит беру туралы шарттың сәйкестендіру нөмірі* | Біртектілік белгісі (1-жеке; 2-біртекті) | Кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бойынша портфель сегментациясының белгісі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы:
Жыл басындағы берешек | Жыл басындағы провизиялар сомасы | Талап ету құқығының көлемін азайту, оның ішінде: | Талап ету құқығының көлемін көбейту, оның ішінде: | Жыл соңындағы берешек | ||
борышкердің талаптарды орындауы нәтижесінде | басқа негіздер бойынша | микрокредит беру, сыйақы, өсімпұл, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу нәтижесінде | басқа негіздер бойынша | |||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы:
Дисконт (Сыйлықақы) | Жыл соңындағы провизиялар сомасы | Жыл соңындағы қамтамасыз ету құны | Кезең ішінде провизиялардың төмендеуінен болған кірістер | Кезең ішінде провизияларды құру бойынша шығыстар |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Берілген микрокредиттер
бойынша активтер мен шартты
міндеттемелерді сыныптауды
жүзеге асыру, берілген
микрокредиттер бойынша
активтерді күмәнді және
үмітсізге жатқызу, сондай-ақ
оларға қарсы провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
10-қосымша
Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 44 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.