Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 мамырда № 16851 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
Б. Ақшолақов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 124 бұйрығымен
бекітілген

Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

      1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары.

      2. Ұңғымаларды күрделі жөндеу.

      3. Сараптама және зертханалық зерттеулер.

      4. Бұрғылау жұмыстары (бұрғылау тереңдігі 5000 метр асатын, мұнай құрамында күкіртті сутектің үлкен мөлшері, жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда).

      5. Геологиялық, геофизикалық және сейсмологиялық барлау бойынша көрсетілетін қызметтер (бұрғылау тереңдігі 5000 метр асатын, мұнай құрамында күкіртті сутектің үлкен мөлшері, жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда).

      6. Жобалау және инжиниринг (бұрғылау тереңдігі 5000 метр асатын, мұнай құрамында күкіртті сутектің үлкен мөлшері, жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда).

      7. Мұнай қайтарымдылығын арттыру (бұрғылау тереңдігі 5000 метр асатын, мұнай құрамында күкіртті сутектің үлкен мөлшері, жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда).

      8. Мұнай-газ жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ілеспелі кепілді қызмет көрсету және жөндеуі бар шетелдік компаниялар жеткізетін жоғары технологиялық жабдықтарды қоспағанда).