Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 сәуірде № 16786 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 206 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15029 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Д. Дәрменов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Д. Дәрменов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 260 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

      2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

      3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына сәйкес не "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сүйене отырып (процестік жұмысты қоспағанда), белгіленетін оларға қол жеткізу олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейді;

      4) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ-ды көздейтін және тікелей басшымен бірлесіп жасалатын, жоғары тұрған басшы бекітетін құжат;

      5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

      6) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

      3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

      4. "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

      Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

      5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) кадр қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы тиіс.

      6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

      1) НМИ жетістіктерін бағалау;

      2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

      7. НМИ-дың орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге не босатуға әсер етпейді.

      8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2-тарау. Нысаналы мақсатты индикаторларды анықтау тәртібі

      9. НМИ бағалау кезеңі басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда тікелей басшы анықтайды.

      10. Жеке жұмыс жоспары қалыптасқан соң, тиісті НМИ-мен ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      11. Егер "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспарын осы лауазымды тұлға бекітеді.

      12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын пысықтауға қайтарады.

      Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, пысықтауға жолданғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      13. НМИ:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже нақты анықталады);

      2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты өлшемшарттар белгіленеді);

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, өкілеттіктер мен шектеулерді ескере отырып анықталады);

      4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі анықталады);

      5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған болып табылады.

      14. НМИ саны 5 құрайды.

      15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.

3-тарау. Нысаналы мақсатты индикаторлардың жетістігін бағалау тәртібі

      16. Жеке жұмыс жоспарында көзделген НМИ жетістігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторингті жүзеге асырады.

      Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге қол жеткізу және сол үшін қажетті одан арғы шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

      17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

      18. Жеке жұмыс жоспарының іске асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМ-ға бағалау негізінде мынадай тәртіпте жүзеге асырылады.

      барлық НМИ-ға қол жеткізілген кезде "өте жақсы" деген баға қойылады;

      НМИ-дың 5-тен 4-еуіне қол жеткізілген кезде "тиімді" деген баға қойылады;

      НМИ-дың 5-тен 3-еуіне қол жеткізілген кезде "қанағаттанарлық" деген баға қойылады;

      НМИ-дың 5-тен 3-ке кем қол жеткізілген кезде "қанағаттанарлықсыз" деген баға қойылады.

      НМИ-ге қол жеткізу жеке жоспарда көзделген көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

      19. Бағалау парағын тікелей басшы толтырғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      20. Егер "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

      21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағалаумен келісу;

      2) пысықтауға жолдау.

      22. Бағалау парағы НМИ-ге қол жеткізуді растайтын фактілердің жеткіліксіздігі не шынайы емес болған жағдайда пысықтауға жолданады.

      23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны пысықтауға жолдағаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      24. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр қызметі екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

      25. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүзеге асырады және оның қорытындысы бойынша осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құзыреттер бойынша бағалау парағы толтырылады.

      26. Бағалау парағын толтыру кезінде әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін көзделген осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны оннан аспайды.

      27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен мынадай тәртіпте анықталады:

      1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының кемінде 3/4 және одан астам байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады;

      2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-ке сәйкес келмесе, осы нақты құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.

      28. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр қызметі екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы және бағалау нәтижелеріне шағымдану

      29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды жеті жұмыс күні аралығында оны жүзеге асыратын адамдарды хабарлауды қамтамасыз етеді.

      30. Комиссияның отырысы егер оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

      31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      33. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге сәйкес Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

      36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасы жобасын ұсынады.

      37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелерін комиссияның түзетуі (бар болған жағдайда)" деген бағанында көрсетеді.

      39. Бағалаудың нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді және осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамада тіркеледі.

      40. Кадр қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

      41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт жасасады, оған кадр қызметі және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.

      42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметі "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолдайды.

      43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарауын ұсынады;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

      44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан
 
  "БЕКІТЕМІН"
Жоғары тұрған басшы
__________________________
(лауазымы, атағы (болған жағдайда), тегі, аты-жөні)
күні _____________________
қолы ____________________

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________ жыл

      (жеке жұмыс жоспары құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ____________________

      Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________


Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы

Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызмет-шісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түйінді нәтиже*




































      * Нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер


Қызметші __________________
(тегі, аты-жөні) күні ________ қолы ______

Тікелей басшы ________________________
(тегі, аты-жөні) күні________ қолы _______

 
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан
 
  "БЕКІТЕМІН"
Жоғары тұрған басшы
_________________________
(лауазымы, атағы (болған жағдайда), тегі, аты-жөні)
күні ____________________
қолы ____________________

Нысаналы мақсатты индикаторлар бойынша бағалау парағы

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), бағаланатын тұлғаның лауазымы) ______

      (бағаланатын кезең)


Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы

Өлшем
бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

Нәтижелерге қол жеткізілуі/нәтижелерге қол жеткізілген жоқ



















      Бағалау нәтижесі __________________________________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

Қызметші _____________________
(тегі, аты-жөні) күні _______ қолы _____

Тікелей басшы ___________________________
(тегі, аты-жөні) күні ______________________
қолы _______________________

 
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан

Құзыреттер бойынша бағалау парағы

      _________________ жыл (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________

Құзыреттер атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)

Қызметшіде байқалмаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару



2

Ынтымақтастық



3

Шешім қабылдау



4

Жеделділік



5

Өздігінен даму



6

Қызметті тұтынушыға бағдарлану *



7

Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *



8

Адалдық



9

Жауапкершілік



10

Бастамашылдық



11

Стреске орнықтылық



      *Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.


Қызметші ___________________________
(тегі, аты-жөні) күні
______________________ қолы __________

Тікелей басшы__________________________
(тегі, аты-жөні) күні
________________ қолы _______________

 
  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Нысан

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ

C-1.

• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді;
• Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды;
• Бөлімше жұмысын басымдылығы-на қарай тиімді ұйымдастыра-ды;

• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды;
• Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды
• Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады;

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
• Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
• Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;
• Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді;

• Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;
• Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;
• Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;
• Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді;

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
• Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.;
• Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
• Белгіленген мерзімдерді сақтайды.

 
• Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
• Сапасыз құжаттар әзірлейді;
• Жедел жұмыс жасамайды;
• Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

C-1.

• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ;
• Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады;
• Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асырады және ортақ нәтижеге қол жеткізеді.

• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ;
• Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады;
• Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;
• Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;
• Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
• Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

• Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
• Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;
• Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
• Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
• Мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
• Талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.

 
• Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;
• Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
• Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

 
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

C-1.

• Міндеттерді дұрыс бөле алады;
• Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер туралы хабарлайды;
• Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасайды;
• Тиімді және жүйелі шешім қабылдайды;
• Жеке тәжірибесіне, басқа да маңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды

• Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды;
• Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды;
• Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасамайды;
• Тиімсіз және жүйесіз шешім қабылдайды;
• Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-2;С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
• Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;
• Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;
• Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;
• Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.

• Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
• Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
• Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;
• Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;
• Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Қажетті мәліметтерді таба алады;
• Мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
• Өзінің пікірін негіздей алады.

• Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
• Мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды;
• Негізсіз пікір білдіреді.

 
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ

C-1.

• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады;
• Қызмет көрсетудің тиімді әдістерін біледі;
• Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етеді;
• Қызмет тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізеді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырады.

• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады;
• Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі;
• Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етпейді;
• Көрсетілетін қызмет бойынша тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырмайды.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;
• Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасайды;
• Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.

• Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;
• Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасамайды;
• Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
• Қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;
• Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.

• Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;
• Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;
• Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ

C-1.

• Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді;
• Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімді тәсілін құрастырады.

• Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді;
• Көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандырудың тиімсіз тәсілін құрастырады.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;
• Тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді;
• Қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.

• Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;
• Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;
• Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;
• Тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;
• Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.

 
• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
• Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
• Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

 
ЖЕДЕЛДІЛІК

C-1.

• Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді;
• Өзгерістерді уақтылы елеу үшін тиімді шаралар қабылдайды;
• Бөлімшені тиімді басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді;
• Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдайды және басшылыққа енгізеді.

• Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді;
• Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды;
• Бөлімшені тиімсіз басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді;
• Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;
• Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
• Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.

• Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
• Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
• Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
• Оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
• Өзгеріс жағдайларында өзін -өзі бақылайды;
• Өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.

 
• Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
• Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
• Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
• Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

 
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ

C-1.

• Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді.
• Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдайды;
• Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтайды;
• Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетеді.

• Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды;
• Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды;
• Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтамайды;
• Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
• Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
• Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.

• Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
• Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;
• Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;
• Өзіндігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;
• Тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.

• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
• Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
• Өзінде бар дағдылармен шектеледі.

 
АДАЛДЫҚ

C-1.

• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
• Ұжымда мемлекеттік қызметтің әдептілік нормалары мен стандарттарына берілгендік деңгейін дамытады;
• Басқалардың жетістіктерін мойындайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынады;
• Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескереді және анықтайды;
• Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.
• Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктіреді;

• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді;
• Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді;
• Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді;
• Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді;
• Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды;
• Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктірмейді;

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;
• Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
• Жұмыста табандылық танытады;
• Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
• Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
• Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.

• Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;
• Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;
• Жұмыста табандылық танытпайды;
• Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;
• Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді;

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
• Өзінің жұмысын адал орындайды;
• Өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.

• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
• Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
• Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады;

 
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ

C-1.

• Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

• Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

• Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

• Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

 
ЖАУАПКЕРШІЛІК

C-1.

• Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

• Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

• Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.

• Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.

 
БАСТАМАШЫЛДЫҚ

C-1.

• Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады.

• Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды.

C-2 (департамент директорының орынбасары);
C-3 (басқарма басшысы);
С-0-3;
С-0-4 (бөлім басшысы);
C-R-3.

• Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

• Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

C-4;
C-5;
С-0-5;
С-0-6;
C-R-4;
C-R-5.

• Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.

• Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдары
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
5-қосымша
 
  Нысан
 
  "БЕКІТЕМІН"
Жоғары тұрған басшы
________________________
(лауазымы, атағы (болған
жағдайда), тегі, аты-жөні)
  күні _____________________
  қолы ____________________

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (бағалау мерзімі жыл)

Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелерін комиссияның түзетуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...





      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссияның хатшысы: ____________________________ Күні: ___________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ___________

                              (тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссияның мүшесі: ____________________________ Күні: ___________

      (тегі, аты-жөні, қолы)