"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. "Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауы мен орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 66 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10465 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2018 жылғы 30 наурыз
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
_________________ Б. Атамқұлов
2018 жылғы 28 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 25/қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісін құрайтын телекоммуникация желілеріне қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі - ТЖОБ жүйесі) – телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;
2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тірелген байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) қалааралық байланыс операторы – қалааралық байланыс желісін, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
4) халықаралық байланыс операторы – халықаралық байланыс желісін, халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
5) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс желілерін, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
6) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға;
7) шетелдік байланыс операторлары - Қазақстан Республикасы аумағынан тыс байланыс қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;
8) интернет-трафик – белгілі уақыт аралығында Интернетпен қосылу арқылы жіберілетін және алынатын ақпарат көлемі;
9) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;
10) халықаралық түйісу нүктесі - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;
11) ТЖОБ жүйесінің торабы - ТЖОБ жүйесінің жабдығы орналасқан объект;
12) ТЖОБ жүйесінің орталық торабы - ТЖОБ жүйесін басқарудың кіші жүйесі орналасқан объект;
13) ТЖОБ жүйесінің байланыстыру арнасы (бұдан әрі - байланыстыру арнасы) - ТЖОБ жүйесінің екі торабын қосатын және байланыс операторының желілеріндегі ассиметриялы трафик туралы ақпаратты жіберуді қамтамасыз ететін байланыс арнасы;
14) ТЖОБ жүйесін басқару арнасы (бұдан әрі - басқару арнасы) – ТЖОБ жүйесінің торабын орталық тораппен қосатын және ТЖОБ жүйесінің торабы мен басқару орталығы арасында қызметік ақпаратты (бейнебақылау жүйесінің деректері, трафиктің жай-күйі туралы статистикалық деректер, басқару параметрлері туралы мәліметтер, инфрақұрылымның жай-күйі туралы деректер) жіберуді қамтамасыз ететін байланыс арнасы.
4. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының шетелдік байланыс операторларымен өзара іс-қимылы тек қана ТЖОБ жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары шетелдік байланыс операторларымен трафик алмасуды Заңның 25-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
6. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен өзінің байланыс желілері ТЖОБ жүйесіне қосылғаннан кейін ғана оларды пайдалануға енгізуді жүзеге асырады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
1-параграф. Халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыру, тіркеу және пайдалану
7. Қазақстан Республикасының қалааралық және халықаралық байланыс операторы өзінің халықаралық коммутациялық станциясын шетелдік байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциясымен қосу үшін халықаралық түйісу нүктесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
8. Халықаралық түйісу нүктесін тіркеу үшін қалааралық және халықаралық байланыс операторы халықаралық түйісу нүктесінің мақсаты мен пайдалануға енгізудің міндеті туралы ақпаратты, трафиктің түрлері мен оның көлемдері туралы мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына (бұдан әрі - МТҚ) өтініш жолдайды.
9. Халықаралық түйісу нүктесін тіркеуге өтінішті алғаннан кейін МТҚ 10 жұмыс күні ішінде қалааралық және халықаралық байланыс операторына халықаралық түйісу нүктесінің тіркеу нөмірін жібереді.
10. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы тіркеу нөмірін алғаннан кейін халықаралық түйісу нүктесін пайдалануға енгізуді жүзеге асырады.
Халықаралық түйісу нүктесін пайдалану қалааралық және халықаралық байланыс операторы оны тіркеу туралы өтініште көрсеткен мақсаты мен міндетіне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Басқа мемлекеттердің байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесінің сыйымдылығы өзгерген жағдайда, қалааралық және халықаралық байланыс операторлары жоспарлы өзгертуге дейін кем дегенде 10 жұмыс күн бұрын, ал төтенше жағдайдарда 5 жұмыс күн бұрын Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, МТҚ шетелдік байланыс операторларымен түйісу нүктесінің сыйымдылығын өзгерту туралы хабарлама жолдайды.
12. Халықаралық түйісу нүктесін таратқан жағдайда қалааралық және халықаралық байланыс операторлары Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, МТҚ шетелдік байланыс операторларымен түйісу нүктесін тарату туралы хабарлама жолдайды.
2-параграф. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру
3. МТҚ ТЖОБ жүйесі арқылы Заңның 14 және 41-1 баптарының талаптарын орындауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені мен басқарушы өлшемдерді қалыптастыруды жүзеге асырады.
3-параграф. Байланыс құралдарына және оларды басқаруға қолданылатын талаптар, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, байланыс желілерін пайдалануға енгізу және олардың орындалуына бақылау жасау
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 тамыздағы "Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" № 805 қаулысына сәйкес, байланыс құралдарына және оларды басқаруға қолданылатын талаптар.
15. Өзінің телекоммуникация желілерін ТЖОБ жүйесіне қосу үшін қалааралық және халықаралық байланыс операторы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МТҚ ТЖОБ жүйесіне қосудың техникалық шарттарын беруге өтініш жолдайды.
16. МТҚ қалааралық және халықаралық байланыс операторының өтінішін алғаннан кейін техникалық мүмкіндік болған жағдайда 30 жұмыс күні ішінде Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес ТЖОБ жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын береді.
Өтініште дұрыс емес ақпарат көрсетілген жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет 3 жұмыс күні ішінде қалааралық және халықаралық байланыс операторына бас тарту себептері негізделген ТЖОБ жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беруден бас тарту жібереді.
17. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы күнтізбелік 30 күннің ішінде берілген ТЖОБ жүйесіне қосылудың техникалық шарттарына сәйкес ТЖОБ жүйесіне қосылу жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізуге және мемлекеттік техникалық қызметке ТЖОБ жүйесіне қосылуға әзірлігі туралы хат жолдайды.
Қалааралық және халықаралық байланыс операторынан ТЖОБ жүйесіне қосылуға әзірлігі туралы осы Қағидалармен көрсетілген мерзімдерде жазбаша растауы болмаған жағдайда, техникалық шарттардың күші жойылады.
18. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы берілген ТЖОБ жүйесіне қосылудың техникалық шарттарына сәйкес байланыс арнасын таратуға дейін 5 жұмыс күн бұрын мемлекеттік техникалық қызметті жазбаша хабардар етеді.
4-параграф. Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті байланыс желілерін және арналарын ұсынуы
19. МТҚ ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті байланыстыру арналары мен басқару арналарының санын, сондай-ақ олардың өткізу қабілетін есептеуді жүргізеді және қалааралық және халықаралық байланыс операторларына орындалған есептеулердің нәтижелерімен хат жібереді.
Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары алынған есептеулерге сәйкес өз қаражаты есебінен ТЖОБ жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті байланыстыру арналары мен басқару арналарын, сондай-ақ байланыс желілерін ұсынады.
20. МТҚ қалааралық және халықаралық байланыс операторы орналасқан нүктелерде байланыстыру арналары мен басқару арналарын ТЖОБ жүйесінің тораптарына қосуды жүргізеді.
21. Байланыстыру және басқару арналарының жұмысында кідірулер немесе зақымдалулар орын алған жағдайда МТҚ қалааралық және халықаралық байланыс операторын жазбаша хабардар етеді.
Хабарламаны алғаннан кейін қалааралық және халықаралық байланыс операторы оларды қалпына келтіру немесе олар зақымдалған жағдайда арналарды ауыстыру бойынша бірінші кезектегі және кідіртуге болмайтын шаралар қолданады.
22. Қалааралық және халықаралық байланыс операторының жаңа телекоммуникация желілерін ТЖОБ жүйесіне қосқан жағдайда, МТҚ қосудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде байланыстыру арналарының өткізу қабілетінің көлемін есептеуді жүргізеді және ол ұлғайған жағдайда қалааралық және халықаралық байланыс операторларына байланыстыру арналарын кеңейту үшін қажетті көлемді көрсете отырып, хат жібереді.
МТҚ көрсеткен көлемге сәйкес қалааралық және халықаралық байланыс операторлары байланыстыру арналарының өткізу қабілетін жоғарылатады.
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
|
Кімге: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне |
Шетелдік байланыс операторларымен халықаралық түйісу нүктесін тіркеуге ӨТІНІШ
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________________
(шетелдік байланыс операторының атауы)
__________________________________________________________________________
трафик алмасуды жүзеге асыру үшін
__________________________________________________________________________
(халықаралық түйісу нүктесінің мақсаты мен пайдалануға енгіуздің міндеті)
__________________________________________________________________________
(түйісу нүктесінің географиялық координаттары, жабдық пен оның орналасқан орны
туралы мәліметтер)
__________________________________________________________________________
(техникалық параметрлері: трафиктің көлемі, түрі)
халықаралық түйісу нүктесін тіркеу жүргізуді сұрайды.
__________________________
(қолы, күні) М.О. (бар болса)
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Шетелдік байланыс операторларымен түйісу нүктесінің сыйымдылығын өзгерту туралы ХАБАРЛАМА
Түйісу нүктесінің тіркеу нөмірі №_________________________________
(мемлекеттік техникалық қызмет берген)
_______________________________________________________________
(шетелдік байланыс операторының атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
шетелдік байланыс операторларымен трафик алмасуды жүзеге асыру үшін
__________________________________________________________________________
(түйісу нүктесінің географиялық координаттары, жабдық пен оның орналасқан
орны туралы мәліметтер)
__________________________________________________________________________
(жаңа техникалық параметрлері: трафиктің көлемі, түрі)
түйісу нүктесінің сыйымдылығын өзгертетіні туралы хабарлайды.
__________________________
(қолы, күні)
М.О. (бар болса)
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Шетелдік байланыс операторларымен түйісу нүктесін тарату туралы ХАБАРЛАМА
Түйісу нүктесінің тіркеу нөмірі №__________________________________
(мемлекеттік техникалық қызмет берген)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________________________
(түйісу нүктесін тарату себебі)
себебі бойынша____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(түйісу нүктесінің географиялық координаттары, жабдық пен оның орналасқан
орны туралы мәліметтер)
түйісу нүктесін таратады.
__________________________
(қолы, күні)
М.О. (бар болса)
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылуға техникалық шарттар беруге ӨТІНІШ
Қалааралық және халықаралық байланыс операторы _______________ атынан _______
(байланыс операторы)
негізінде әрекет ететін ___________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беруді сұрайды:
Байланыс операторы | |
Заңды мекенжайы/тұрғылықты жері | |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ | |
Қосылу мекенжайы | |
Арналар саны | |
Өткізу қабілеті | |
Жауаптының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) | |
Жауаптының телефоны |
20___ жылғы "____"______________
__________________________
(қолы, күні)
М.О. (бар болса)
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына 5-қосымша Нысан 20___ жылғы "____"______________ |
Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылуға арналған №___ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР
Қалааралық және халықаралық байланыс операторының атауы | |
Объектінің атауы мен мекенжайы | |
Қалааралық және халықаралық байланыс операторы сыртқы интернет-арнасының атауы | |
Қалааралық және халықаралық байланыс операторынан Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін орталықтан-дырылған басқару жүйесіне дейін қосу параметрлері | |
Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін орталықтан-дырылған басқару жүйесінен қалааралық және халықаралық байланыс операторына дейін қосу параметрлері | |
Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылуға қойылатын талаптар | |
Мемлекеттік техникалық қызметтің нөмірлеуіне сәйкес арнаның нөмірі | |
Техникалық шарттың жарамдылық мерзімі | |
Мемлекеттік техникалық қызмет атынан жаупты тұлға |