РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 106 бұйрығымен бекітілген |
Сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесі
р/с | Сұйытылған мұнай газын өндірушілер |
1. | "Павлодар мұнайхимия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2. | "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
3. | "ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
4. | "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы |
5. | "Қазақ газ өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
6. | "Қазгермұнай" біріккен кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
7. | "Қазақойл Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
8. | "Жаикмунай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
9. | "Тенгизшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
10. | "KazFrac" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
11. | "Амангельдинский ГПЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |