Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 33 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16700 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 294 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7913 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде 678-682 (27754) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздері, сондай-ақ оны пайдалану бағыттары мониторингінің мақсаты банктердің, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және олардың клиенттерінің ішкі валюта нарығындағы операциялары туралы, клиенттердің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы және шетел валютасында банк шотын ашпай жүргізілген ақша аударымдар туралы ақпаратты жинау арқылы шетел валютасының келіп түсу (жұмсау) көздерін, сатып алу (сату) мақсаттарын сәйкестендіру және бағалау болып табылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздері, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттары бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік) екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер) және банктерді қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар (бұдан әрі – кәсіби қатысушылар) ұсынады.

      5. Нұсқаулықтың мақсаттары үшін банктің клиенттеріне заңды тұлғаны құрмай шаруашылық субъектілері ретінде тіркелгендерін қоса алғанда резидент және бейрезидент - жеке тұлғалар, сондай-ақ осы банкте банк шоттары ашылған филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда банктер болып табылмайтын резидент және бейрезидент - заңды тұлғалар жатады.

      Нұсқаулықтың мақсаттары үшін кәсіби қатысушының клиенттеріне заңды тұлғаны құрмай шаруашылық субъектілері ретінде тіркелгендерін қоса алғанда резидент және бейрезидент - жеке тұлғалар, сондай-ақ осы кәсіби қатысушы брокерлік қызмет көрсету туралы шарттар жасасқан олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда банктер болып табылмайтын резидент және бейрезидент - заңды тұлғалар жатады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Есептілік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) орталық аппаратына электрондық түрде ұсынылады және мыналарды:

      1) Нұсқаулыққа 1-қосымшада белгіленген "Клиенттердің банк шоттары және банк шотын ашпай жүргізілген аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын;

      2) Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгіленген "Банктің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын;

      3) Нұсқаулыққа 3-қосымшада белгіленген "Клиенттердің шетел валютасындағы банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын;

      4) Нұсқаулыққа 4-қосымшада белгіленген "Банк клиенттерінің шетел валютасының ірі көлемдерін сатып алу операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын;

      5) Нұсқаулыққа 5-қосымшада белгіленген "Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын қамтиды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Банктер ай сайын Нұсқаулыққа 1234-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша есептерді есепті айдан кейінгі айдың он бесіне (қоса алғанда) дейін ұсынады.

      Кәсіби қатысушылар Нұсқаулыққа  5-қосымшада белгіленген нысан бойынша есепті ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он бесіне (қоса алғанда) дейін ұсынады.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Брокердің және (немесе) дилердің ұйымдық құрылымы және қызметкерлерінің біліктілігі";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "17. Брокер және (немесе) дилер клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғаның алғашқы талап етуі бойынша клиенттің, сондай-ақ осы брокермен және (немесе) дилермен шарттық қатынастарға түсуге ниетті тұлғаның талап етуін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде танысып шығу үшін брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарын және бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға) қол қойған және брокердің және (немесе) дилердің мөрбедерімен (бар болса) расталған банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің бірінші санаттағы тәуекелдерінің жабылуын сипаттайтын көрсеткіштер мәндерінің олар Қағидалардың 49-тармағында көзделген бағалы қағаздармен мәмілелерді жасауы кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысында (бұдан әрі – № 214 қаулы) белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы брокердің және (немесе) дилердің жазбаша растауын ұсынады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт. Клиенттік тапсырыс";

      26-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қол қою (оның ішінде заңды тұлғаның клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығы бар өкілдерінің) және заңды тұлғаның мөр бедерінің (бар болса) үлгілері бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтер қамтылатын нотариалды куәландырылған құжат;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Банк болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер шетел валютасымен жасайтын мәмілелерді қоспағанда, қаржы құралдарымен мәмілелер жасау";

      46-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шет мемлекеттердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген рейтингі бар орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигацияларды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің шетел валютасымен мәмілелер жасауы

      63-1. Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы болған кезде (қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде) брокерлік шарт шеңберінде қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелерін (қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес валюталық своп операцияларына жататын мәмілелерді қоспағанда) тек қана жеке тұлға - клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша жасайды.

      63-2. Егер брокерлік шартта көзделген болса, брокер және (немесе) дилер жеке тұлға - клиентке қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      63-3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік шарт шеңберінде жеке тұлға - клиенттерге тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алу және сақтау үшін брокердің және (немесе) дилердің үлестес тұлғалары болып табылмайтын банктерде және (немесе) орталық бағалы қағаздар депозитарийінде және (немесе) қор биржасында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында банк шоттарын ашады.

      63-4. Қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелері бойынша брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелерін орындау бұрын жасалған мәмілелер бойынша оның талаптарымен қамтамасыз етілетін жағдайда қоспағанда, брокердің және (немесе) дилердің қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу немесе сату мәмілелерін жасауы қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес сатып алынатын қолма-қол емес шетел валютасына толығымен алдын ала ақы төлеу немесе сатылатын қолма-қол емес шетел валютасын алдын ала жеткізу талаптарымен ғана жүзеге асырылады.

      63-5. Бір жеке тұлға - клиентке келетін әрбір сауда күніне лимит (бұдан әрі – лимит) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мәміле жасау күніне белгілеген теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы бойынша есептелген теңгемен бір жүз мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      Брокер және (немесе) дилер әрбір жеке тұлға - клиентке қатысты брокерлік шарт шеңберінде қоса алғанда 2 (екі) жұмыс күніне дейін есеп айырысу кезеңі бар қолма-қол емес шетел валютасын сатып алу бойынша жасалған мәмілелердің және осы мәмілелерді жасау күнінде есеп айырысу кезеңі бар қолма-қол емес шетел валютасын сату бойынша жасалған мәмілелердің көлемі арасындағы айырманы білдіретін қолма-қол емес шетел валютасын сатып алуға лимит белгілейді, сондай-ақ сауда күні ішінде осы лимиттің сақталуына бақылау жасайды.

      63-6. Клирингтік ұйымның және (немесе) орталық қарсы агенттің қызметін қолдана отырып қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау талаптары мен тәртібі, сондай-ақ осындай мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талаптары мен тәртібі қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) орталық қарсы агенттің iшкi құжаттарында белгіленеді.

      Брокердің және (немесе) дилердің iшкi құжаттарында қор биржасында қолма-қол емес шетел валютасымен мәмілелер жасау тәртібіне (жасауға өтінім беруге) қойылатын қосымша талаптар айқындалады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Маржиналдық мәмілелерді жүзеге асыру ерекшеліктері";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Брокерлердің және (немесе) дилерлердің андеррайтингтік қызметі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Ішкі бақылау".

      3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 13 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 33 қаулысына
қосымша
Ішкі валюта нарығында
шетел валютасына сұраныс
пен ұсыныс көздерінің,
сондай-ақ оны пайдалану
бағыттарының
мониторингін жүзеге асыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар
бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы
(сатуы) туралы есеп"
Есепті кезең: 20___ жылғы ____________________

      Индекс: 5-INV

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне (қоса алғанда) дейін.

      Нысан

      __________________________________________________________________________

      (кәсіби қатысушының толық атауы)

1-бөлім. Кәсіби қатысушының операциялары

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлығы мың (теңге)

Оның ішінде валюта түрлері бойынша (валютаның мың бірлігімен)

USD

EUR

RUB

CNY

А

Б

В

1

2

3

4

5

1

Кәсіби қатысушының клиенттердің тапсырмалары бойынша шетел валютасын сатып алуы

111






2

Кәсіби қатысушының клиенттердің тапсырмалары бойынша шетел валютасын сатуы

112






3

Бір клиенттің күніне шетел валютасын сатып алатын ең көп көлемі

120






2-бөлім. Шетел валютасымен операциялар жүзеге асырған клиенттер саны

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Валюталар түрлері бөлігінде операциялар жүзеге асырған клиенттер саны

USD

EUR

RUB

CNY

А

Б

В

1

2

3

4

1

шетел валютасын сатып алған клиенттер саны

210





2

шетел валютасын сатқан клиенттер саны

220





      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)

      ___________________________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                          қолы

      Бас бухгалтер _______________________________________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                                          қолы

      Орындаушы: _______________________________________ ___________ ___________

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   қолы       телефоны

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  "Шетел валютасымен
айырбастау
операцияларын ұйымдастыруға
лицензиясы бар бағалы қағаздар
нарығына кәсіби қатысушының
шетел валютасын сатып алуы
(сатуы) туралы есеп" әкімшілік
деректер жинауға арналған
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар
бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы
(сатуы) туралы есеп" 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 5-нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. 5-нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. 5-нысан шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алу және сату көлемін (1-бөлім. "Кәсіби қатысушының операциялары") және шетел валютасын сатып алу және сату операцияларын жүзеге асырған клиенттер санын (2-бөлім. "Шетел валютасымен операциялар жүзеге асырған клиенттер саны") көрсетеді.

      4. 5-нысанды толтырған кезде бухгалтерлік есеп мақсатында операция жасалған күні қабылданған валюта айырбастау бағамы пайдаланылады. 5-нысанда негізгі активті валюталау күніне нақты қоя отырып, шетел валютасын теңгеге, сол сияқты басқа валютаға сатып алу және сату көлемдері көрсетіледі. Мың бірлікпен берілген деректер үшін бес жүз бірліктен кем сома нөлге дейін, ал бес жүз бірлікке тең және одан асатын сома мың бірлікке дейін дөңгелектенеді.

2-тарау. 5-нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-бөлімнің 1-бағаны бойынша сатып алынатын немесе сатылатын шетел валютасының жалпы көлемі мың теңгемен көрсетіледі. 1-бөлімнің 2, 3, 4 және 5-бағандары бойынша тиісінше сатып алынатын және сатылатын АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB) және қытай юаны (CNY) көлемі тиісті валютаның мың бірлігімен көрсетіледі.

      6. 1-бөлімнің 111 және 112-кодты жолдарында кәсіби қатысушының клиенттердің тапсырмалары бойынша Қазақстан қор биржасында айырбастау операциялары бойынша мәліметтер қамтылады.

      7. 1-бөлімнің 120-кодты жолында валютаның әрбір түрі бойынша бір операциялық күндегі бір клиенттің тапсырмасы бойынша кәсіби қатысушы сатып алған шетел валютасының ең көп көлемі көрсетіледі.

      8. 2-бөлімде валюталар түрлері бөлігінде кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алған және сатқан клиенттерінің саны туралы деректер көрсетіледі.