"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шарашылық министрі
________________Ө.Шөкеев
2018 жылғы 9 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
________________Е.Біртанов
2018 жылғы 13 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасы
________________ Д.Ақышев
2018 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 267 бұйрығымен бекітілген |
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 399-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 10-1), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың қолданылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың әкелуін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
2-тарау. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгiлерiн жасауға арналған шикiзаттың импорты кезінде мынадай құжаттар табыс етіледі:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң ақша белгiлерiн жасауға арналған әкелiнетiн шикiзаттың тиiстiлiгi туралы растауы;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ақша белгiлерiн жасауға арналған әкелiнетiн шикiзатты мақсатты пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі.
4. Әкелінген шикізат тек салықтық жеңілдіктер ұсынылатын жағдайларда ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және оның ұйымдарымен өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіпте және мөлшерде импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімде өсімпұлды есептеумен төлеуге жатады.
3-тарау. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі
5. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде мыналарды:
өтеусіз негізде әкелу мақсатын көрсете отырып, тауарды әкелу туралы ақпаратты;
өтеусіз негізде тауарларды әкелуді жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шартының көшірмесі (болған кезде) қамтитын тауарға ілеспе құжаттар табыс етіледі.
6. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттардың орнына әкелінетін тауарлардың мақсатын көрсете отырып тауардың өтеусіз негізде әкелінуі туралы дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулды мекемелердің растамасы ұсынылады.
7. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде әкелінетін тауарлар туралы дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулды мекемелердің растамасы ұсынылады.
8. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде:
өтеусіз негізде әкелінген тауардың мақсатын көрсете отырып, ізгілік көмек ретінде тауарларды бағыттауды растайтын тауардың жөнелтушісі жасаған құжат;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын тауарларды ғана мақсатты пайдалану туралы алушының, міндеттемесі табыс етіледі.
9. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде:
өтеусіз негізде әкелінген тауардың мақсатын көрсете отырып, тауарлардың өтеусіз берілу фактісі расталатын тауардың жөнелтушісі жасаған құжат;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын қайырымдылық көмекті нысаналы пайдалану туралы алушының міндеттемесі табыс етіледі.
тауарлардың ұсынылуын орындау үшін техникалық жәрдем көрсету бойынша жобаның (келісімшарттың) көшірмесі.
10. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты кезінде:
өтеусіз негізде әкелінген тауардың мақсатын көрсете отырып, кепілдер қаражаты есебінен тауарларды бағыттауды растайтын тауардың жөнелтушісі жасаған құжат табыс етіледі.
11. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тауарлар салықтық жеңілдіктерді ұсына отырып тиісті мақсатта пайдаланады. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіпте және мөлшерде импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімде өсімпұлды есептеумен төлеуге жатады.
4-тарау. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 10), 10-1) және 11) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 10), 10-1) және 11) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импорты, қосылған құн салығынан босатылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 251-бабы 1-тармағына сәйкес кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар импортын қосылған құн салығынан босату мынадай шарттар сақталғанда қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен медициналық бұйымдар көтерме саудада өткізуге берілген фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның немесе қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы үзінді (бұдан әрі – хабарламаны қабылдау туралы үзінді) көшірмелерін ұсыну;
2) Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың және медициналық бұйымдар мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тіркелгені туралы мәліметтердің болуы немесе "Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) сәйкес берілген дәрілік заттарға және медициналық бұйымдар тіркеу куәлігінің көшірмелерін немесе Мемлекеттік тізілімде тіркелген дәрілік заттар және медициналық бұйымдар үшін дәрілік заттардың және медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік орган беретін Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні немесе Кодекстің 251-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың және медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік органның Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген дәрілік заттарды және медициналық бұйымдар әкелу туралы қорытындысын (рұқсат құжатын) ұсыну.
Тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету үшін жасалған шарттар шеңберінде импортталған кезінде фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензия (лицензиялауға жататын қызмет түрлері үшін) немесе медициналық бұйымдар көтерме саудада өткізуге берілген хабарламаның қабылданғаны туралы үзіндінің көшірмелерін қоспағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына мемлекеттік кірістер органдарына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар шығаруға арналған материалдар, жабдықтар мен жинақтаушылар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнаулы жүріп-тұру құралдары импортталған кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесін немесе медициналық бұйымдар көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы үзінді ұсынылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну немесе Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте ветеринариялық препараттар мемлекеттік тіркелгені туралы мәлімететтердің бар-жоғын интернет ресустарында ресми жарияланғандығын немесе ветеринариялық препаратты тiркеу куәлiгiнiң көшірмесін ұсыну (ветеринариялық препараттардың үлгілері тіркеу сынақтарын жүргізу үшін әкелінетін жағдайларды қоспағанда);
2) ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосы берген Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсаттың көшірмесін ұсыну (ветеринариялық препараттардың үлгілері тіркеу сынағын жүргізу үшін әкелінетін жағдайларда);
3) лицензиялауға жататын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ветеринариялық мақсаттағы препараттарды шығару жөніндегі қызметпен айналысуға немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын өткізуге лицензияның көшірмесін ұсыну;
4) лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ұйым жарғысының немесе ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес берілген жануарларды өсіруді, жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісіне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмір беру туралы растаманың (бұдан әрі – есептік нөмір беру туралы растама) немесе рұқсаттар туралы Заңда белгіленген тәртіппен берілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсыну.
Тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына мемлекеттік кірістер органдарына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
16. Ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай талаптар сақталуы қажет:
1) лицензиялауға жататын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ветеринариялық мақсаттағы препараттарды шығару жөніндегі қызметпен айналысуға немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын өткізуге лицензияның көшірмесін ұсыну;
2) лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін - ұйым жарғысының көшірмесін немесе есептік нөмір беру туралы растама немесе ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсыну.
Тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
17. Осы тарауда көрсетілген тауарлар (мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоспағанда):
1) көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларға немесе медициналық бұйымдар көтерме саудада өткізуге берілген хабарламаның қабылданғаны туралы үзіндіге сәйкес Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау субъектілері;
2) ветеринариялық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға (тек ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері үшін) сәйкес, ал лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызмет түрлері үшін заңды тұлғаның жарғысына немесе есептік нөмір беру туралы растамаға немесе ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында ветеринариялық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар пайдалануы.
Импорттаушы және (немесе) Қазақстан Республикасы аумағында пайдаланатын (меншік иесіндегі) тұлғалар көрсетілген тауарларды (мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоспағанда) Қазақстан Республикасындағы медициналық, фармацевтикалық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін, сондай-ақ тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (кері экспорт кедендік рәсімінде әкетуді қоспағанда) мақсаттарда пайдаланған кезінде, мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одақтың немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуі тиіс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.11.2022 № 1213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 1), 3), 8), 9), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі
18. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін көздемейтін кедендік рәсімдер шеңберінде Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша қосылған қүн салығынан босату Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
19. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады, егер мұндай тауар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, ғарыш объектілерінің және жербеті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдығының тізбесіне кіргізілген.
Бұл ретте, зерттеу және ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы емес тұлғалар тауарларында көрсетілген өзге де нысанда өткізу немесе беру кезінде, оның ішінде ғарыш апараттарын жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер, қосылған құн салығы Салық кодексіне сәйкес төлеуге жатады.
20. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады, егер мұндай тауар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың тізбесіне кіргізілген.
21. Салық кодексінің 399-бабы 1-тармағының 1), 3) және 12) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығын төлеуден босату ілеспе тауарларды тапсырусыз қолданылады.
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларына 1-қосымша нысан Аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы _____________________ |
Ақша белгiлерiн жасауға арналған шикiзаттың мақсатты пайдаланылуы туралы жүк алушының міндеттемесі
Алушы,___________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, БСН, мекенжайы, банк деректемелері)
ақша белгiлерiн жасауға арналған шикiзат ретінде
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тауар атауы) № (№) тауарға арналған декларацияға (-ларға) сәйкес
________________________________________________________________________________
әкелдім.
Осыған байланысты, көрсетілген тауарларды олардың мақсатты тиістілігіне сәйкес
қатаң пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған кезде
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және
Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасына сәйкес ______________ теңге
мөлшерінде осындай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген салықты және олардан
алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Алушының қолы ______/____________/ Күні 20__ жылғы "___"_____
(заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларына 2-қосымша нысан Аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы ____________________ |
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін ізгілік көмекті мақсатты пайдалану туралы Міндеттеме
Алушы,_________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, банк деректемелері не тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде) жүк алушы, ЖСН/БСН)
______________________________________________________________________________
(тауар атауы) № (№) тауарға арналған декларацияға (-ларға) сәйкес
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
ізгілік көмек ретінде әкелдім.
Осыған байланысты, көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын
жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу
үшін пайдаланбауға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған кезде Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Еуразиялық
экономикалық одағының кеден заңнамасына сәйкес ____________ теңге мөлшерінде осындай
тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген салықты және олардан алынатын
өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Алушының қолы ______/____________/ Күні 20__ жылғы "___"_____
(заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты, не тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған кезде) жүк алушы)
Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларына 3-қосымша нысан Аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы ____________________ |
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін қайырымдылық көмекті мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
Алушы,___________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, банк деректемелері не тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде) жүк алушы, ЖСН/БСН)
________________________________________________________________________________
(тауар атауы) № (№) тауарға арналған декларацияға (-ларға) сәйкес
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
қайырымдылық көмек ретінде әкелдім.
Осыған байланысты, көрсетілген тауарларды қайырымдылық мақсаттарда ғана
пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған кезде Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының және Еуразиялық
экономикалық одағының кеден заңнамасына сәйкес ____________ теңге мөлшерінде осындай
тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген салықты және олардан алынатын
өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.
Алушының қолы _______/____________/ Күні 20__ жылғы "___"_____
(заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты, не тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде) жүк алушы)