БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13325 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесі
№ | Атауы | Сипаттамасы |
1 | Бірыңғай бірдейлестіру сервисі |
Жүйенің пайдаланушыларын басқару функциясы, қол жеткізу құқығын бөліп беру, каталог қызметіне қол жеткізу үшін жеңіл салмақты хаттама негізінде каталогпен ықпалдасу, олардың бірінен бірдейлестіру және шығу кезінде түрлі ақпараттық жүйелерден бір уақытта бірыңғай бірдейлестіруді және шығуды іске асыратын сервис. |
2 | Электрондық цифрлық қолтаңбаны басу және тексеру сервисі |
Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, құжатқа бірыңғай қол қоюды жүзеге асыратын және қол қойылған құжатты тексеретін сервис. |
3 | Ақпараттық жүйе жұмысын мониторингтеу |
Ақпараттық жүйе жұмысының басты көрсеткіштерін мониторингтеу функциясын жүзеге асыратын сервис. |
4 | Электрондық құжаттарды сақтау сервисі |
"Электрондық құжаттарды сақтау сервисі" ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады: |
5 | Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел |
"Құжаттармен және (немесе) объектілермен жұмыс бойынша үстел" ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады: |
6 | Пайдаланушыларды хабардар ету сервисі |
"Пайдаланушыларды ескерту сервисі" ақпараттық жүйесінің бір бөлігі келесі функционалдық компоненттерден тұрады: |