"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мемлекеттік қызмет істері және | |
сыбайлас жемқорлыққа қарсы | |
іс-қимыл агенттігінің төрағасы | А. Шпекбаев |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері туралы" Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Агенттіктің орталық аппаратының, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) (бұдан әрі-Ұлттық бюро) және олардың аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
2. Агенттіктің және Ұлттық бюроның мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрмет атағын беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылуы мүмкін.
4. Агенттіктің, Ұлттық бюроның және олардың аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметтерін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5. Агенттіктің орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен, бағалы сыйлықтармен көтермелеу комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі, комиссия құрамын (бұдан әрі - Агенттіктің комиссиясы) Агенттіктің Төрағасы немесе Агенттіктің аумақтық органдары бекітеді.
6. Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін біржолғы ақшалай сыйақымен, бағалы сыйлықпен көтермелеу комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі, оның құрамын Ұлттық бюроның және Ұлттық бюроның аумақтық органдарының басшысы бекітеді.
7. Агенттіктің, Ұлттық бюроның және олардың аумақтық органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді:
1) Агенттіктің және Ұлттық бюроның орталық аппараты бойынша: басқармалардың басшылары – лауазымдық жалақысының 20% дейін;
бас консультанттар – лауазымдық жалақысының 50% дейін;
бас сарапшылар және сарапшылар – лауазымдық жалақысының 60% дейін;
2) Агенттіктің және Ұлттық бюроның аумақтық органдары бойынша:
бас мамандар – лауазымдық жалақысының 10% кем емес;
жетекші мамандар – лауазымдық жалақысының 10% кем емес.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу қаржыландыру жоспары бойынша Агенттікті, Ұлттық бюроны және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметтерін бағалау нәтижелері бойынша комиссиялар ұсынымдарының негізінде Төрағаның (немесе Агенттіктің аумақтық органының, Ұлттық бюроның немесе оның аумақтық органдары басшыларының) шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленуі мүмкін.
9. Агенттіктің басшылығы, сондай-ақ Агенттіктің, Ұлттық бюроның орталық аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары (аттестатталған қызметкерлерлерді қоспағанда), Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары қаржыландыру жоспары бойынша Агенттікті, Ұлттық бюроны және оның аумақтық органдарын ұстау үшін көзделген республикалық бюджеттін қаражатын үндемдеу есебінен Агенттіктің және Ұлттық бюроның комиссиялары ұсынымдарының негізінде Агенттік Төрағасының шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
10. Агенттіктің орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу Агенттік аппараты басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
11. Ұлттық бюроның орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу Ұлттық бюро басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
12. Агенттіктің және Ұлттық бюроның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу Агенттіктің немесе Ұлттық бюроның аумақтық органы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
13. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Агенттіктің алдына қойған ерекше маңызды тапсырмаларын шешуде қосқан жеке үлесі үшін Агенттіктің грамотасымен марапатталады.
14. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Агенттік басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Агенттік Төрағасының алғысы жарияланады.
15. Агенттіктің грамотасымен көтермелеу және Агенттік Төрағасының алғысын жариялау туралы шешімді Агенттіктің Комиссиясы қабылдайды.
16. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерін Агенттіктің грамотасымен және Агенттік Төрағасының алғыс хатымен көтермелеу Агенттік Төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.
17. Агенттіктің аумақтық органдарының, Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін Агенттіктің грамотасымен және Агенттік Төрағасының алғыс хатымен көтермелеу туралы ұсыныстар мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып, Агенттіктің аумақтық органдары басшыларының, Ұлттық бюроның басшылығының және оның аумақтық органдары басшыларының қолы қойылып Агенттікке жолданады.
Егер Агенттіктің грамотасымен, Агенттік Төрағасының алғыс хатымен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Агенттікке тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.
18. Агенттіктің грамотасы, Агенттік Төрағасының алғыс хаты мемлекеттік немесе орыс тілдерінде әзірленеді және Агенттік Төрағасының қолы қойылады.
19. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілерінің Агенттіктің грамотасымен және Агенттік Төрағасының алғыс хатымен көтермеленуін есепке алуды Агенттіктің Персоналды басқару қызметі, Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының кадр қызметі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына мәліметтерді енгізе отырып жүзеге асырады.
20. Агенттік грамотасы және Агенттік Төрағасының алғыс хаты жоғалған жағдайда олардың түпнұсқалары берілмейді.
21. Көтермелеулердің өзге нысандары Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Агенттіктің мемлекеттік қызметшілеріне қолданылады.
22. Агенттіктің аумақтық органдарының, Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының басшылары бағыныстағы мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес грамоталармен марапаттауға, оларға алғыс жариялауға, көтермелеулердің өзге нысандарын қолдануға құқылы.
23. Мынадай мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:
1) тәртіптік жазалары алынбаған;
2) сынақ мерзімін өтеу кезеңінде;
3) Агенттікте, Ұлттық бюрода немесе олардың аумақтық органдарында бір айдан кем жұмыс істегендер.