Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16603 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 92-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларын;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімнің нысанын бекіту туралы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешімнің нысанын бекіту туралы.

      2. "Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 398 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11918 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіде 2015 жылы 9 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ Ө. Шөкеев

      2018 жылғы 28 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ж. Қасымбек

      2018 жылғы 23 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы 26 ақпан

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленген және кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау тәртібін

      2. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін төлеуші осы Қағидалары 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелерді растау үшін тиісті уәкілетті органға жүгінеді.

      3. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және Кодекстің 92-бабының 2-тармақтарғында айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі:

      1) төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе тосын күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде:

      өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар туралы жазбаша растауы;

      Келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;

      2) кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген кезде;

      мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідірткен туралы мемлекеттік бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;

      Келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде;

      Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарының көшірмелері;

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде;

      ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ әділет органдарында тіркелген жарғының көшірмесі (болған кезінде);

      Келісім (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар.

      4. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті және Кодекстің 92-бабының 3-тармақтарғында айқындалған негіздердің болуын растайтын құжаттардың тізбесі:

      әкелінетін шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін жеткізу туралы сыртқы сауда шарты (келісімшарт, келісім);

      әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешім № _________ 20 __ жылғы "___" ____________ ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органдарының атауы)

      20__ жылғы "___" _________ № _____ӨӨ___ кедендік әкелу баждар төлшінің өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес–сәйкестендіру нөмірі немесе или бейрезиденттің бірегей сәйкестендіру нөмірі неризидента)

      Келісім (келісімшарт), коммерциялық құжаттар: ______________________________________

      (нөмірі(ол болған кезде) және и мерзімі)

Тауардың атауы және сипаттамасы

Тауардың саны (өлшем бірлігінің көрсетілуімен)

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенкратурасы*





      1. Тиісті екікөздің бірі Х белгісімен белгіленеді:



кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру ұсыну туралы;



кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсыну туралы.

      2. Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту мына негіздемелер бойынша іске асырылады (тиісті көздердің бірі Х белгісімен белгіленеді):



кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе мән-жайлары салдарынан зиян келтіруі өзге еңсерілмейтін күш;



кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідіртуі;



Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде жеткізулерді жүзеге асыруы;



ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде;



өнеркәсіптік өңдеуге, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін пайдалану үшін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (кедендік әкелу баждары төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің пайыздар төлеумен).

      3. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімі:

      ________________________________________________________________________________

      (айдың саны)

      4. Төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың сомасы** _____________________________________________________________

      (теңгеде)

      5. Бөлім кедендік әкелу баждардын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде кезеңімен бөліп төлеу кестесі бекітіледі:

№ т/б

кедендік әкелу баждардың сомасы, теңгеде

кедендік әкелу баждардың төлеу мерзімі

1



2




****

Қортынды***



      Ескертпе

      * Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді Кодекстің 92-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 92-бабының 3-тармақтарына айқындалған негіздердің болуын қатар толтырылады, бұл ретте СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың классификациясы кедендік декларациялауда дұрыстығы айқындалады.

      ** Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қатысты берілген кедендік әкелу баждарын төлеу сомасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш тіркеген күні қолданыста болатын валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі

      Ескертпе

      *** кедендік әкелу баждардың қортынды сомасы 3 бөлімде көрстеліген кедендік әкелу баждардың сомасына тең болуы керек

      **** кедендік әкелу баждарын төлеу күні осы шешімнің 3 тармағында көрсетілген мерзімнен аспауы керек.

_________________________________________________
Шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаның Аты тегі әкесінің аты (ол болған кезде)

______________________
қолы

__________________________________________________
Шешімге қол қойған мемлекеттік кірістер органның басшысы немесе орынбасары Аты тегі әкесінің аты (ол болған кезде)

______________________
қолы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім № _________ 20 __ жылғы "___" ____________ ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органдарының атауы)

      20__ жылғы "___" ___________________ № ________ кедендік әкелу баждар төлшінің өтініші

      _______________________________________________________________________________,

      (өтіні берушінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес–сәйкестендіру нөмірі немесе или бейрезиденттің бірегей

      сәйкестендіру нөмірі неризидента)

      Келісім (келісімшарт), коммерциялық құжаттар: ______________________________________

      (нөмірі (ол болған кезде) және и мерзімі)

      Тауар: __________________________________________________________________________

      (тауардың сипаттамасы, саны және тауардың өзге мінездемесі)

      Келесі негіздер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім қабылданды (тиісті көздердің бірі Х белгісімен белгіленеді):



кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерді растайтын құжаттар тапсырылмаса



төлеушінің кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдарыды төлеу бойынша берешегі бар болса



Кедендік әкелу баждарын төлеушіге қатысты банкроттық рәсімі қозғалған болса



Кедендік әкелу баждарын төлеушіге қатысты қылмыстық құқық бұзұшылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалғса, қабылданса

_______________________________________________________
Шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаның Аты тегі әкесінің аты (ол болған кезде)

_______________________
қолы

________________________________________________________
Шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаның Аты тегі әкесінің аты (ол болған кезде)

_______________________
қолы