Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16600 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11172 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған);

      2) "Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14323 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылдың 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 103-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленген және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібін (бұдан әрі – бас қамтамасыз ету) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

      Осы Қағидаларда:

      кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етуге жататын кедендiк операцияларды жасайтын мемлекеттiк кірістертер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.

      Бұл ретте Кодекстің 139-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, міндетті орындауды қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді қамтиды;

      мемлекеттік кірістер органы деп, Кодекстің 105-бабына сәйкес міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы түсініледі;

      төлеушілер деп:

      міндет туындаған тұлғалар;

      Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар түсініледі;

      уәкілетті лауазымды тұлға деп, бас қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асырушы, сондай-ақ бас қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.

      Техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.

2-тарау. Бас қамтамасыз етуді қолдану тәртiбi

      3. Бас қамтамасыз етуді тiркеу төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Бас қамтамасыз етуді мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспайтын төлеушiнiң өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.

      5. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас қамтамасыз етуді есепке алу нысанына (бұдан әрі – Нысан) ауыстырылады және (немесе) автоматты түрде өзгертіледі.

      6. Бас қамтамасыз етудің тіркеу нөмірі осы бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидасының 7-тармағына сәйкес беріледі.

      7. Егер бас қамтамасыз ету ақшамен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қоя отырып, төлем құжатымен расталған ақшаның болуын тексеруді жүзеге асырады және барлық талаптар сақталған кезде бас қамтамасыз етуді тіркейді.

      8. Егер бас қамтамасыз ету Кодекстiң 97-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) 5) тармақшаларында көрсетiлген әдiстермен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қояды және барлық талаптар сақталған кезде бас қамтамасыз етуді тіркейді.

      9. Өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы Нысанға белгі қояды, бас қамтамасыз етуді тіркеуден бастартады.

      10. Бас қамтамасыз етуді тiркеу немесе бас тартудың себептерiн көрсете отырып, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама, жазбаша немесе электрондық нысанда міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін осы Кодексте белгiленген мерзiмде төлеушіге жолданады.

      11. Бас қамтамасыз етуді тiркеу туралы хабарламада бас қамтамасыз етудiң тiркеу нөмiрi болуы тиiс.

      12. Төлеуші кеден заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талап етілетін кедендік операцияны жасау үшін мемлекеттік кірістер органына жүгінген жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, осындай өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      уәкілетті лауазымды тұлғаға бас қамтамасыз етудiң есебінен кедендік операция бойынша міндеттемелердің орындалуын, оның ішінде кедендiк операциялардың түрі мен мерзiмi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы өтініш жолдайды, немесе;

      егер банк кепілдігінің және (немесе) мүліктік кепілі және (немесе) кепілгерлік және (немесе) сақтандыру шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасы Шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келуі жағдайында техникалық мүмкіндік болған кезде, кеден заңнаманың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Нысанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операциялар бойынша осындай міндетті тоқтатқанға дейін осындай міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      13. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 12-тармағында көрсетілген көрсетілген өтінімді алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Кодекстің талаптарын ескере отырып, бас қамтамасыз ету есебінен кедендік операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігінің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты жолдайды.

      14. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген қолданысымен бір мезгілде бас қамтамасыз ету есебінен кедендік операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар болған кезде, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның өтінішінде көрсетілген сомаға бас қамтамасыз етудің сомасын уақытша шектейді.

      15. Егер төлеуші міндетті орындамаса немесе дұрыс орындамаса, кеден заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізген лауазымды тұлға төлеуші міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетті орындамағаны немесе тиіссіз орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе

      техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға төлеушінің міндетін орындамауы немесе тиісті түрде орындамауына байланысты кейін шаралар қабылдау үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау туралы белгі қояды.

      16. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқталмағаны туралы белгі қояды, ол туралы Нысанда тиісті білгі қойылады.

      17. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде, Кодексте көзделген мерзімде, Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабының 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында, 102-бабының 4-тармағында белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.

      18. Төлеуші міндетін дұрыс орындағаннан кейін кеденк заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға міндетін орындаудан кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетті дұрыс орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе

      техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға Нысанда Кодекске сәйкес ақшаны есепке алу (қайтару) немесе қолдану үшін кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.

      19. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен Кодекске сәйкес ақшаны есепке алу (қайтару) немесе пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.

      20. Төлеушінің өтініші бойынша уәкілетті лауазымды тұлға Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады.

      21. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтерді төлеуші өтінішке қажетті құжаттарға қосымша арқылы растайды.

      22. Бас қамтамасыз етуді есепке алу нысанына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:

      1) бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген кедендік операцияны жасау мерзімін ұзарту;

      2) банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімін ұзарту;

      3) бас қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлғаның және (немесе) төлеушімен тиісінше банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарын жасасқан екінші деңгейдегі банктің және (немесе) сақтандыру ұйымының және (немесе) кепілгердің және (немесе) кепіл берушінің қайта ұйымдастырылуы;

      4) бас қамтамасыз ету сомасының азайтылуы;

      5) бас қамтамасыз ету сомасының өсуі жағдайларында жол беріледі.

      23. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште өзгеруге және (немесе) толықтырылуға жататын мәлімет, сондай-ақ бас қамтамасыз етудің тіркеу нөмірі қамтылуы тиіс.

      24. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініш, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде қарастырылады.

      25. Бұрын мәлімделген мәліметі өзгерту және (немесе) толықтыру кезінде уәкілетті лауазымды тұлға көрсетілген өтiнiш тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

      міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тіркеу нөмірін сақтай отырып, Нысанға тиісті өзгертулер және (немесе) толықтыруларды енгізеді немесе

      бұрын мәлімделген мәліметтерді және (немесе) ұсынылған құжаттарды өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағадаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

      26. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы хабарламада осындай бас тартудың себебі қамтылуы тиіс.

      27. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы немесе өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабарлама тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін Кодексте берілген мерзімде төлеушiге жолданады.

      28 Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету сомасын еспетеу, Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін, мемлекеттік кірістер органдарында Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасының 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.

      29. Бас қамтамасыз етуді тiркеу туралы өтiнiште көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, бұл туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні хабардар етеді.

      30. Төлеушінің өтініші бойынша бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілген, міндеттің орындамаған жағдайы болмаса, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, бұл туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні хабардар етеді.

  Кедендік баждардың,
салықтардың төленуін бас
қамтамасыз етуді қолдану
қағидасына
қосымша
Нысаны

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету

      № _______________________________

Өтініш беруші: заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)


өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі


өтініш берушінің заңды мекен-жайы немесе тұрғылықты тұратын жерінің мекен-жайы


кепілгер немесе кепіл беруші*: заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)


кепілгер немесе кепіл берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі


мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелері және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген мемлекеттік кірістер органы


мемлекеттік кірістер органдарының бөлемшесі (бөлемшелері) және (немесе) кедендік операция жүзеге асырылатын (асатын) мемлекеттік кірістер органдары (органы)


мемлекеттік кірістер органдарының бөлемшесі (бөлемшелері) және (немесе) кедендік тасымалдаушылар және (немесе) кеден өкілдері кедендік операцияны жасайтын (асалатын) мемлекеттік кірістер органдары (органы)



Кедендік операциялардың түрі

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы тәсілдері

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын растайтын құжаттардың нөмірі және күні

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын растайтын құжаттардың әрекет ету мерзімі

3 жолда көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды сомасын растайтын құжат

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінің есебін нөмірі джәне күні (ол болған кезде)

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бойынша қамтамасыз етудің сомасы

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бойынша қамтамасыз етудің мерзімі

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын нақты мерзімі

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамағаны немесе тиіссіз орындағаны нәтежиесінде кедендік баждарды, салықтарды төмендеген сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы:

Бас қамтамасыз ету бойынша кедендік баждарды, салықтарды сомасы қалдығы

уәкілетті лауазымды тұлғаның белгісі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуімен және мөрінің жеке нөмірі, сондай-ақ белгінің қойылған күні

Кедендік заңнаманың сақталуын тексеруін жүзеге асратын уәкілетті лауазымды тұлғаның белгісі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуімен және мөрінің жеке нөмірі, сондай-ақ белгінің қойылған күні

Лауазымды тұлғаның белгісі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетілуімен және мөрінің жеке нөмірі, сондай-ақ белгінің қойылған күні

Ескертпе

11

12

13

14

15






      * егер өтініш беруші кепіл беруші болымаған жағдайда толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін (бұдан әрі - міндетін орындауды қамтамасыз ету) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

      Осы Қағидаларда:

      кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етуге жататын кедендiк операцияларды жасайтын мемлекеттiк кірістертер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.

      Бұл ретте Кодекстің 139-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, міндетті орындауды қамтамасыз ету арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді қамтиды;

      мемлекеттік кірістер органы деп, Кодекстің 105-бабына сәйкес міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы түсініледі;

      төлеушілер деп:

      міндет туындаған тұлғалар;

      Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғалар түсініледі;

      уәкілетті лауазымды тұлға деп, міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеуді және міндетті орындауды қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;

      техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және Кодекстің 96-бабының 1 және 2-тармақтарына, 139-бабының 1-тармағына сәйкес көзделген жағдайларда кедендік операцияларды жасау кезінде міндетті орындауды қамтамасыз ету қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарында міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу тәртiбi

      4. Міндетті орындауды қамтамасыз етуді тiркеу төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Міндетті орындауды қамтамасыз етуді мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспайтын төлеушiнiң өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.

      6. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу нысанына (бұдан әрі – Нысан) ауыстырылады және (немесе) автоматты түрде өзгертіледі.

      7. Міндетті орындауды қамтамасыз етудің тіркеу нөмірінің құрылымы:

      ККККК/ККААЖЖ/В/ННННННН, мұнда:

      КККК – міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;

      КК – тіркеу күні;

      АА – тіркеу айы;

      ЖЖ – тіркеу жылының соңғы екі цифры;

      В – міндетін орындауды қамтамасыз ету (1) немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндетін қамтамасыз етуі (2) немесе уәкілетті экономикалық оператордың міндетін қамтамасыз етуі (3), міндетін орындауды бас қамтамасыз ету (4);

      ННННННН – міндетін орындауды қамтамасыз етудің реттік нөмірі.

      8. Міндетті орындауды қамтамасыз етудің реттік нөмірлерін нөмірлеу бірден басталады. Әрбір келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетін орындауды қамтамасыз етудің реттік нөмірін нөмірлеу бірден басталады.

      9. Егер міндетті орындауды қамтамасыз ету ақшамен ұсынылған жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кейіннен мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанға белгі қоя отырып, төлем құжатымен расталған ақшаның болуын тексеруді жүзеге асырады және барлық талаптар сақталған кезде міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркейді.

      10. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Нысанды жолдайды.

      11. Міндетін орындау Кодекстiң 97-бабының 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген әдiстермен қамтамасыз етілген жағдайда, мәлімделген мәліметтер және ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтердің және ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы Нысанда белгі қояды және барлық талаптар сақталған кезде міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркейді.

      12. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға Нысанды жолдайды.

      13. Техникалық мүмкiндiк болған кезде осы Қағиданың 10 және 12-тармақтарында көрсетiлген iс-әрекеттер орындалмайды.

      14. Өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген ақпарат және (немесе) ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы Нысанда белгі қояды, міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартады.

      15. Міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарлама осы бас тартудың себептерiн көрсете отырып, Кодексте белгiленген мерзiмде жазбаша немесе электрондық нысанда төлеушіге жолданады.

      16. Міндетін орындауды қамтамасыз етуді тiркеу туралы хабарламада міндетін орындауды қамтамасыз етудiң тiркеу нөмiрi қамтылуы тиiс.

      17. Егер банк кепілдігінің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепілі шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз ету сомасы Шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келуі жағдайында кеден заңнаманың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Нысанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операциялар бойынша осындай міндетті тоқтатқанға дейін осындай міндетті орындауды қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      18. Нысанда көрсетілген мәліметтер, техникалық мүмкіндік болған жағдайда, міндеттемелердің орындауды қамтамасыз ету ұсынылған кедендік операцияларды жасау үшін қолданылатын құжаттарда қайта жасалады.

      19. Төлеушінің міндетін тиісті орындауынан кейін, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға міндетін орындаудан кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндеттерді тиісті орындағаны туралы ақпаратты жолдайды немесе

      техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға Нысанда кедендік операцияның тиісті аяқталуы, міндетін орындауды қамтамасыз етуді шектеуді жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.

      20. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен Кодекске сәйкес ақшаны есепке алу (қайтару) немесе пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.

      21. Төлеуші міндетін орындамаса немесе дұрыс орындамаса, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген лауазымды тұлға төлеуші міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей:

      уәкілетті лауазымды тұлғаға төлеушінің міндетін орындамағаны немесе дұрыс орындамаған туралы ақпаратты жолдайды немесе

      техникалық мүмкіндік болған жағдайда, кеден заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізетін лауазымды тұлға кейін шаралар қабылдау үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше орындалмағаны туралы белгі қояды.

      22. Техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, Нысанда кедендік операцияның тиісті аяқталмауы туралы белгі қояды.

      23. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде, Кодексте көзделген мерзімде, Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабы 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында, 102-бабының 4-тармағында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады, ол туралы Нысанда тиісті білгі қояды.

      24. Егер мiндетті орындауды қамтамасыз ету тiркелген күннен бастап төрт айдың iшiнде кедендiк операциялар жасалмаса, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуші жазбаша немесе электронды нысанда хабардар етіледі.

      25. Төлеушінің өтініші бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі қамтамасыз етілген, міндеттің орындамаған жағдайы болмаса, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, бұл туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні хабардар етеді.

      26. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметтерді төлеуші өтінішке қажетті құжаттарға қосымша арқылы растайды.

      27. Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:

      1) міндетін орындауды қамтамасыз ету кедендік операциясын жасау мерзімін ұзарту;

      2) банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімін ұзарту;

      3) мыналарды:

      міндетін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлғаның және (немесе)

      төлеушімен тиісінше банктік кепілдік және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарын жасасқан екінші деңгейдегі банктің және (немесе) сақтандыру ұйымының және (немесе) кепілгердің және (немесе) кепіл берушінің қайта ұйымдастырылуы;

      4) міндетін орындауды қамтамасыз етудің сомасын, оның iшiнде бір тауар партиясында әкелiнетiн тауарлардың бiр бөлiгiн кедендiк ресiмдеу нәтижесiнде азайту;

      5) міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін Кодексте қарастырылған шарттарды сақтаған кезде міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа тәсілімен алмастыру;

      6) осы Кодекстің 535-бабының 11, 12, 13 және 14-тармақтарына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасын азайту жағдайында рұқсат етіледі.

      28. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын мәліметтер, сондай-ақ міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу нөмірі қамтылуы тиіс.

      29. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімдер қарастырылады.

      30. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру кезінде уәкiлеттi лауазымды тұлға көрсетілген өтiнiш тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

      Нысанға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу нөмірін сақтай отырып, тиісті өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді немесе

      бұрын мәлімделген мәліметтерді және (немесе) ұсынылған құжаттарды өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер Кодексте және осы Қағадаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

      31. Бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуден және (немесе) толықтырудан бас тарту туралы хабарламада осындай бас тартудың себебі қамтылуы тиіс.

      32. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы немесе өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуден бас тарту туралы хабарлама міндетті орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту туралы хабарлама үшін Кодексте берілген мерзімде төлеушiге жолданады.

      33. Нысанға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде міндеттің орындалуын бас қамтамасыз ету сомасын есепке алу осы Қағиданың 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
3-қосымша

Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 486-бабы 9-тармағына сәйкес әзірленген және Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

      Осы Қағидаларда:

      лауазымды тұлға деп кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаларды тізілімге енгізу туралы өтінішті қарастыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;

      мемлекеттік кірістер органы деп кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету Кодекске сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі - заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету) түсініледі;

      уәкілетті лауазымды тұлға деп заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асырушы, сондай-ақ заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомаларын есепке алуды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;

      кеден заңнамаларының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп кедендік операцияларды жасауды бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;

      заңды тұлға деп кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын және кедендік тасымалдаушы және (немесе) кеден өкілі болып табылатын заңды тұлға түсініледі.

      техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.

2-тарау. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету әдістерін қолдану тәртібі

      3. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімге енгізуге үміткер заңды тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 102-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтініш табыс етеді.

      4. Заңды тұлғаның міндетті орындауды қамтамасыз етуін мемлекеттiк кірістер органы банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-бабтарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспауы тиіс заңды тұлғаның өтiнiшiнде айқындалған мерзiмде қабылдайды.

      5. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тартуды кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады (бұдан әрі - міндетін орындауды қамтамасыз ету).

      6. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларының 6, 7, 8, 9, 11, 14, 16 және 17-тармақтарында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

      7. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны осындай бас тартудың себебін көрсетіп, уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жолдау үшін Кодексте белгіленген мерзімде жазбаша немесе электрондық түрде заңды тұлғаға жолдайды.

      8. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты Кодекстің 98-бабы 5-тармағының екінші бөлігінің екінші абзацында, 99-бабының 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында, 100-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында, 101-бабының 5-тармағының 1 және 102-бабының 2-тармағының 1), 4) және 5) бөліктерінде көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ Кодекстiң 486-бабының 7 және 8-тармақтарында белгiленген бiр немесе бiрнеше шарттарды сақтамаған жағдайда және (немесе) ұсынылған сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартады.

      9. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны заңды тұлғаға жолдаумен бір мезгілде лауазымды тұлғаға осы бұйрықпен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды бас қамтамасыз етуді пайдалану қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу нысанынан мәліметтерді (бұдан әрі - Нысаны) жолдайды.

      10. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімге енгізген немесе осындай тізілімге енгізуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде лауазымды тұлға уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жолдайды.

      11. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.

      12. Егер банктік кепілдіктің және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепілк шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін заңды тұлғаның осындай міндетін орындауды қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      13. Заңды тұлға кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндетін (бұдан әрі – міндет) орындамаған немесе тиісінше орындамаған, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын төлемеген кезде кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:

      Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 99-бабының 4-тармағында, 100-бабының 5-тармағында, 101-бабының 10-тармағында және 102-бабының 4-тармағында көзделген әрекеттерді жүргізеді;

      техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын төлемеуі туралы белгі қойылады.

      14. Кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде уәкілетті лауазымды тұлғаға осындай әрекеттер туралы ақпаратты жолдайды.

      15. Уәкілетті лауазымды тұлғаға осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасын осындай ақпаратта көрсетілген сомағаы азайтады.

      16. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде Кодексте белгіленген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін лауазымды тұлғаға тиісті ақпаратты жолдайды.

      17. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталған соң уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы көрсетілген мерзім аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.

      18. Егер заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу күнінен бастап бір жыл ішінде осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген хабарлама келіп түспесе, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.

      19. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасының 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізілімінен шығарып тастаған кезде лауазымды тұлға осындай шығарып тастау туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жолдайды.

      21. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қоған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.

3-тауар. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін алмастыру тәртібі

      3. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру үшін міндетін орындауды қамтамасыз етуге таңдалған тәсіліне (тәсілдерге) байланысты мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде және 102-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті ұсынады.

      23. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқадай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру немесе мұндай алмастырудан бас тартуды уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

      24. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқадай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастырудан бас тартады.

      25. Заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқалай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру немесе себебін көрсетіп, мұндай алмастырудан бас тарту туралы хабарламаны уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарлама жіберу үшін Кодексте белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды тұлғаға жазбаша немесе электронды түрде жолдайды.

      26. Нысанға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа (басқалай) тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру туралы белгіні, Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасының 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында белгіленген тәртіпте, бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы уәкілетті лауазымды тұлға қояды.

      27. Егер банктік кепіл және (немесе) сақтандыру және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуді уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      28. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің бір тәсілін заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етудің басқа тәсілімен (тәсілдерімен) алмастыру туралы заңды тұлғаға хабарлама жолдауымен бір мезгілде Нысандағы мәліметтерді лауазымды тұлғаға жолдайды.

      29. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда, осы Қағиданың 9, 14 және 28-тармақтарында көрсетілген әрекеттер орындалмайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
4-қосымша

Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі – УЭО қамтамасыз ету) міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 535-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және УЭО міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидасы, УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру тәртібі, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

      Осы Қағидаларда:

      лауазымды тұлға деп уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарайтын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;

      уәкілетті лауазымды тұлға деп УЭО қамтамасыз етуін тіркеуді, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі.

      лауазымды тұлға деп кеден заңдарының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын, кедендік операцияның жасалуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы түсініледі;

      заңды тұлға деп уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне (бұдан әрі – УЭО тізілім) енуге үміткер заңды тұлға түсініледі.

      техникалық мүмкндік деп, мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған жүйелерінің құралдары арқылы мәліметтерді алу және жолдау мүмкіндігі түсініледі.

2-тарау. УЭО қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібі

      3. Заңды тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетін (бұдан әрі – міндет) орындауды қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты УЭО қамтамасыз етуді тіркеу үшін мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында, 98-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып өтінішті ұсынады.

      4. УЭО қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органы банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімінен және (немесе) Кодекстің 89 және 143-баптарында белгiленген талап қою мерзiмiнен аспауы тиіс УЭО тізіліміне енуге үміткер заңды тұлғаның өтінішінде белгiленген мерзiмде қабылдайды.

      5. УЭО қамтамасыз етуді тіркеуді немесе осындай тіркеуден бас тартуды міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде уәкілетті лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      6. УЭО қамтамасыз етуді тіркеу, Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуші есепке алу қағидасының 6, 7, 8, 9, 11, 14, 16 и 17-тармақтарында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

      7. УЭО Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен қамтамасыз етілген жағдайда, мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттар Кодексте және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайында, уәкілетті лауазымды тұлға мәлімделген мәліметтердің және ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы осы бұйрықпен бекітілген, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасының қосымшасына сәйкес нысан бойынша УЭО қамтамасыз етуді есепке алу нысанында (бұдан әрі - Нысан) белгі қояды, УЭО қамтамасыз ету тіркеледі.

      8. УЭО қамтамасыз етуді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы хабарламаны осындай бас тартудың себебін көрсетіп, уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жіберу үшін Кодексте белгіленген мерзімде жазбаша немесе электрондық түрде заңды тұлғаға жолдайды.

      9. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етуді тіркеуден мынадай:

      УЭО қамтамасыз етудің таңдаған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты Кодекстің 98-бабы 5-тармағының екінші бөлігінің екінші абзацында, 99-бабының 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында, 100-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында, 101-бабы 5-тармағының 1-бөлігінде көрсетілген;

      Кодекстiң 535-бабының 6 және 7-тармақтарында белгiленген бiр немесе бiрнеше шарттарды сақтамаған;

      егер Кодекстің 486-бабының 13-тармағын ескере отырып, 532-бабының 4-тармағында, 535-бабының 10, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында белгіленген УЭО қамтамасыз ету мөлшері УЭО қамтамасыз етуді таңдаған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты құжаттарда расталған УЭО қамтамасыз ету мөлшерінен асып кеткен жағдайларда тіркеуден бас тартады.

      10. Уәкілетті лауазымды тұлға заңды тұлғаға УЭО қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жолдаумен бір мезгілде лауазымды тұлғаға осы бұйрықпен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына қосымшаға сәйкес Нысаннан мәліметтерді жолдайды.

      11. Лауазымды тұлға УЭО тізілімге енгізген немесе осындай тізілімге енгізуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жібереді.

      12. УЭО тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қойған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.

      13. Егер банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, сондай-ақ заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда УЭО қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанғ дейін УЭО қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      14. Егер УЭО қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілген жағдайда, мұндай бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға, кедендік тексеру басталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай хабарламаны алған күні Нысанға тиісті белгі қоятын уәкілетті лауазымды тұлғаны бұл туралы хабардар етеді.

      15. Осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген кедендік тексеру аяқталғаннан кейін, кедендік тексеру жүргізетін лауазымды тұлға, кедендік тексеру актісін шығарған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік тексерудің аяқталғаны туралы ақпаратты осындай ақпаратты алған күні Нысанға тиісті белгі қоятын уәкілетті лауазымды тұлғаға жолдайды.

      16. УЭО, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын төлемеген кезде, кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асырушы лауазымды тұлға:

      Кодекстің 98-бабының 6-тармағында, 535-бабының 25-тармағында көзделген әрекеттерді жүргізеді;

      техникалық мүмкіндік болған жағдайда, заңды тұлғаның, соның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардын төлеу бойынша міндетті орындамауы немесе тиісті емес орындауы, кедендік алымдар, өсімпұлдар, пайыздарды төлемеуі туралы белгі қояды.

      17. Кеден заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде уәкілетті лауазымды тұлғаға осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген әрекеттер туралы ақпаратты жолдайды.

      18. Уәкілетті лауазымды тұлғаға осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, Нысандағы заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз ету сомасын, осындай ақпаратта көрсетілген сомаға азайтады.

      19. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген әрекеттермен бір мезгілде лауазымды тұлғаға Кодексте белгіленген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін тиісті ақпараттар жолдайды.

      20. УЭО қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғаннан соң уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей УЭО хабардар етеді.

      21. Егер УЭО қамтамасыз етуді тіркеу күнінен бастап бір жыл ішінде осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген хабарлама келіп түспесе, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді

      22. Егер бірінші үлгідегі куәлігі бар УЭО УЭО-ды қамтамасыз етуді ұсынбай екінші немесе үшінші үлгідегі УЭО тізіліміне енгізілсе, лауазымды тұлға бұл туралы уәкілетті лауазымды тұлғаны хабардар етеді, ол мұндай хабарламаны алған күннен кейін бір күннен кешіктірмей Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей УЭО хабардар етеді.

      23. Бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағиданың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

      24. УЭО тізілімінен УЭО шығарылып тасталған жағдайда, лауазымды тұлға осындай шығарып тастау туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті лауазымды тұлғаға тиісті хабарлама жолдайды.

      25. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 24-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, Нысанды жою туралы белгі қояды, ол туралы мұндай таңбаны қою күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға хабардар етеді.

3-тарау. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен алмастыру тәртібі

      26. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру үшін УЭО қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында, 98-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      27. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру немесе мұндай алмастырудан бас тартуды уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу үшін Кодексте белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

      28. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастырудан осы Қағиданың 9-тармағында көзделген жағдайларда бас тартады.

      29. УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру немесе мұндай алмастырудан бас тарту туралы хабарлама себебін көрсетіп, УЭО уәкілетті лауазымды тұлғасы жазбаша немесе электрондық түрде Кодексте белгiленген мерзiмде міндетті орындауды қамтамасыз етудi тiркеу туралы хабарлама жіберу үшін жолдайды.

      30. Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін, Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағиданың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында қарастырылған тәртіпте, бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы, Нысанға уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру туралы белгіні қояды.

      31. Егер банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, УЭО қамтамасыз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін УЭО осындай қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      32. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін УЭО қамтамасыз етудің басқа тәсіліне (тәсілдеріне) алмастыру туралы УЭО-ға хабарлама жіберумен бір мезгілде Нысаннан мәліметтерді лауазымды тұлғаға жолдайды.

4-тауар. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту тәртібі

      33. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту мақсатында, УЭО қамтамасыз етудің тағдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты УЭО мемлекеттік кірістер органына Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында, 98-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде, 99-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 100-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде, 101-бабының 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      34. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту немесе осындай азайтудан бас тартуды уәкілетті лауазымды тұлға міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу немесе осындай тіркеуден бас тарту үшін Кодекспен белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

      35. Уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және (немесе) Кодекстің 535-бабының 6, 7-тармақтарында белгілеген бір немесе бірнеше шарттарды сақтамаған жағдайда, сондай-ақ Кодекстің 486-бабының 13-тармағын ескере отырып, 535-бабының 11, 12, 13, 14-тармақтарында белгіленген УЭО қамтамасыз ету мөлшері УЭО қамтамасыз етудің талдалған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты құжаттармен расталатын УЭО қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе, УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайтудан бас тартады.

      36. УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту немесе азайтудан бас тарту туралы хабарламаның себебін көрсетіп, УЭО-ның уәкілетті лауазымды тұлғасы жазбаша немесе электронды түрде Кодексте белгіленген мерзімде міндетін орындауды қамтамасыз етуді тіркеу туралы хабарламаны жіберу үшін жолдайды.

      37. Кодекстің 105-бабына сәйкес уәкілетті органмен бекітілетін мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етуші есепке алу қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30 ,31 және 32-тармақтарында қарастырылған тәртіпте, бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанға УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту туралы белгіні қояды.

      38. Егер банктік кепіл және (немесе) кепілгерлік және (немесе) мүліктік кепіл шарттарының қолданыс мерзімі, УЭО қамтамасуз ету сомасы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға Нысанда заңды тұлғаның міндетін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы өтініште көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін УЭО қамтамасыз етуін уақытша шектеу туралы белгі қояды.

      39. Уәкілетті лауазымды тұлға УЭО қамтамасыз ету мөлшерін азайту туралы хабарлама УЭО-ға жіберумен бір мезгілде Нысандағы мәліметтерді лауазымды тұлғаға жолдайды.

      40. Техникалық мүмкiндiктер болған жағдайда, осы Қағиданың 10, 17, 32 және 39-тармақтарында көрсетiлген әрекеттер орындалмайды.