"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16590 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 708-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 27 ақпан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 27 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
26 ақпандағы № 130
бұйрығымен бекітілген

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі

      1. автокөлік және мотоциклдарды қоспағанда, көтерме сауда;

      2. автокөлік және мотоциклдар саудасын қоспағанда, бөлшек сауда;

      3. жүктерді қоймаға қою және сақтау, қосымша көлік қызметі;

      4. сақтандыру мен зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметін қоспағанда, қаржылық қызметтер;

      5. туроператорлардың, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;

      6. конференцияларды және сауда көрмелерін ұйымдастыру;

      7. жатын-орын және тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8. тамақ өнімдерін өндіру;

      9. минералды су және басқа алкогольсіз сусындарды өндіру;

      10. дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      11. киім өндіру;

      12. былғары және оған жататын өнім өндіру;

      13. фармацевтикалық препараттар өндіру;

      14. өзге металл емес өнімдерді өндіру;

      15. велосипедтер және мүгедектерге арналған арба/орындықтар шығару;

      16. өзге де дайын бұйымдарды шығару;

      17. буып-түю;

      18. 1 – 17 тармақтарында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттамалар шегінде салу және пайдалануға енгізу.