Арнайы экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16582 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабының 2, 4, 6 және 7-тармақтарына, 285-бабының 6 және 10-тармақтарына 286-бабының 2-тармағына, 287-бабының 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, АЭА аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаның нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, АЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттың нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттың нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік кірістер органының АЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидасы;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес, Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасы;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік кірістер органының АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасы;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес, АЭА қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА-ның өзге қатысушысына беруге жол берілетін жағдайлар;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес, АЭА қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА-ның өзге қатысушысына берудің қағидасы мен шарттары;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес, Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидасы;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес, Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісінің нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидасы;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес, АЭА қатысушысы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидасы бекітілсін.

      2. "Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 210 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 11053 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ Ж. Қасымбек

      "___" _________ 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      27 ақпан 2018 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
1-қосымша

Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда қойылатын талаптар

      1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағын жайластыру бойынша кедендік бақылауды қамтамасыз ету мына талаптардың міндетті түрде орындалуымен жүзеге асырылады:1) АЭА аумағы немесе оның еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын бөлігі сыртқы жағынан "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 404-бабының 5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес белгіленеді және оның шекарасын айқындауға және осы Арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес белгілі бір орындардан тыс адамдардың, тауарлар мен көлік құралдарының кіруін болғызбауға мүмкіндік беретін қоршауының болуы;

      2) көлік құралдарының (көліктің түріне қарай) қозғалыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін кіреберіс жолдарының болуы;

      3) тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінде немесе өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін оларды түсіру, тиеу немесе сақтауға байланысты операциялар жүргізілетін кедендік бақылау аймақтары күнтізбелік соңғы отыз күн ішінде, оның ішінде тәуліктің қараңғы уақытында болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойы режимде жұмыс істейтін заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

      2. Мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі - МКО) еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына (нан) әкелінетін (әкетілетін) тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу үшін жабдықталған және техникалық жарақтандырылған бақылау-өткізу пункттерін (бұдан әрі - БӨП), осындай БӨП-ны құрудың (географиялық орналасуына, жүк ағындарына, басымдылығына және БӨП құрудың өзге факторларына) орындылығына қарай айқындайды.

      БӨП құрамына:

      байланыс құралдарымен жабдықталған және еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына (нан) әкелінетін (әкетілетін) тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын МКО лауазымды адамдарын орналастыруға арналған үй-жайлар;

      тәулік бойы жұмыс режимі кезінде МКО лауазымды адамдарына арналған демалу бөлмесі кіреді.

      Сондай-ақ, БӨП шлагбаумдармен (қақпалармен) және (немесе) көлік құралдарының қозғалысына тосқауыл болатын қондырғылармен жабдықталады.

      3. Кедендік операцияларды жасау орындарын құрған жағдайда басқарушы компания және (немесе) АЭА-ға қатысушы АЭА аумағында олардың санына қарай МКО-ның лауазымды адамдарын орналастыруға арналған жайластырылған ғимарат немесе телекоммуникация құралдарымен жарақтандырылған офистік үй-жайлар бөледі.

      4. Инфрақұрылым объекттері, ғимараттарды, БӨП, АЭА аумағына (нан) немесе АЭА аумағы бөлігіне ену (кету) және (немесе) кіру (шығу) орындарын, МКО-ның лауазымды адамдарын орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды, сондай-ақ АЭА-ның материалдық-техникалық жарақтандырылуы жайластыру жоспарына қосылған ашық алаңдарды, олардың кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті санын және орналастырылуын қоса алғанда, басқарушы компаниямен және (немесе) АЭА қатысушымен қызмет ету аймағында АЭА орналасқан МКО хабардар етумен айқындалады.

      5. АЭА аумағын жайластыру осы Талаптарға сәйкес басқарушы компаниямен және (немесе) АЭА қатысушымен қамтамасыз етіледі.

      6. Осы Талаптардың ережелері Кодекстің 291-бабының 3-тармағына сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға қатысты қолданылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 аөпандағы № 247
бұйрығына 2-қосымша

Арнайы экономкалық аймақтың аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. . Осы Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 283-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және АЭА аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.

      2. Аталған тәртіп, осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, АЭА аумағында немесе оның еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын бөлігінде қолданылады.

      Осы тәртіптің ережелері Кодекстің 291-бабының 4-тармағына сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА-ға қатысты қолданылмайды.

2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету тәртібі

      3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына адамдардың және көлік құралдарының кіруі мына шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) АЭА аумағына (нан) адамдардың кіруі (шығуы), сондай-ақ көлік құралдарының кіруі (шығуы) бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады;

      2) АЭА аумағына (нан) және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағының бөлігіне адамдардың кіруі (шығуы) Кодекстің 404-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес тәртіпте және рұқсат қағаздары негізінде жүргізіледі.

      4. Кодекстің 404-бабының 6-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес тұрақты рұқсат қағаздарын алу үшін АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын адамдар мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) олардың штатындағы жұмыскерлерінің және олардың көлік құралдарының (болған кезде) тізімін қоса бере отырып, АЭА аумағына кіру үшін мына мәліметтердің көрсетілуімен еркін нысанда жазбаша өтініш береді:

      1) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының еңбек кодексі" Кодексіне сәйкес еңбек қатынастарындағы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі;

      3) жеке тұлғаның жұмысқа қабылданғаны туралы куәландыратын жұмыс берушінің актісінің нөмірі мен күні;

      4) көлік құралының (болған кезде) маркасы, үлгісі және тіркеу нөмірі.

      Қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын тұлғаларға АЭА қатысушылары, сондай-ақ АЭА аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар да жатады.

      АЭА аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтінішті беру кезінде, осындай тұлғалардың осы АЭА-ның қатысушысымен шарттық қатынастарын растайтын құжаттарының куәландырған көшірмелерін қосымша береді.

      5. Тұрақты рұқсат қағаздарын алу үшін өтініштің қаралу мерзімі, осындай өтінішті МКО-да тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      6. Уақытша рұқсат қағаздары Кодекстің 404-бабының 6-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес өтінішін алғаннан кейін дереу беріледі.

      7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағында өздеріне жүктелген функцияларды орындайтын МКО лауазымды адамдары өз жұмыс уақыты кезеңінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде осындай аумаққа рұқсат қағаздарын ресімдеусіз кіруіне рұқсат етіледі.

      Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағында МКО лауазымды адамдарының МКО басшысының рұқсатынсыз өз жұмыс уақытынан тыс болуына жол берілмейді.

      8. Құқық қорғау тәртібін, шұғыл медициналық көмек, төтенше жағдайлар және шұғыл авариялық құтқару жұмыстарын қамсыздандыру кезінде медициналық қызметтер және өзге қызметтер жұмыскерлерінің кіруі рұқсат қағаздарын ресімдеусіз жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы № 247
бұйрығына 3-қосымша

Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық арнайы экономикалық аймаққа немесе логистикалық арнайы экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 283-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны берудің және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық АЭА-ға немесе логистикалық АЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттарды берудің тәртібін айқындайды.

2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру тәртібі

      2. Порттық АЭА және логистикалық АЭА қоспағанда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына тауарларды әкелу мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама), хабарламада көрсетілген мәліметтерді растайтын сканерленген құжаттардың қоса берілуімен электронды түрде беру жолымен жүзеге асырылады.

      3. Хабарлау уәкілетті тұлғалармен:

      1) тасымалдаушымен (кедендік тасымалдаушымен) немесе кедендік бақылаудағы шетелдік тауарларды, сондай-ақ кедендік бақылауда тұрмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлғамен;

      2) АЭА қатысушысымен;

      3) АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғамен;

      4) басқарушы компаниямен жүргізіледі.

      4. Хабарламаны электронды түрде беру кезінде, осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

      5. Хабарламаларды тіркеу МКО ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

      6. МКО және осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген уәкілетті тұлғаларға тәуелсіз жағдайлар бойынша хабарламаны электронды түрде беру мүмкін болмаған жағдайда, хабарламаны, осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерінің қоса берілуімен қағаз түрінде беру жүргізіледі.

      7. МКО қағаз түрінде қабылданған хабарламаларды есепке алуды осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АЭАаумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелуге және АЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттарды, сондай-ақ бас тарту парағын тіркеу журналында (бұдан әрі - Журнал) жүргізеді.

      8. Хабарлама қағаз түрінде берілген кезде, МКО шешімі АЭА аумағына әкелінетін тауарларға Кодекстің 283-бабының 6-тармағына сәйкес сәйкестендіруді жүргізгеннен кейін кідірмей хабарламаның оң жақ төменгі бұрышына "АЭА аумағына әкелуге рұқсат" деген бедер түріндегі тиісті мөртаңбамен, қол қоюмен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен расталатын шешім қабылдаған күнің қоюмен рәсімделеді.

      9. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауына, сондай-ақ хабарламада көрсетілген тауарлардың осындай құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкес болмауына байланысты МКО шешімі хабарламаның оң жақ төменгі бұрышында "АЭА аумағына әкелуге рұқсат етілмейді" деген бедер түріндегі тиісті мөртаңбамен, қол қоюмен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен расталатын шешім қабылдаған күнің қоюмен қабылданған шешімнің себептерің көрсетуімен рәсімделеді.

      10. Осы ереженің 8 және 9-тармағында көрсетілген белгісі бар хабарламалардың көшірмелері МКО-да қалады.

      11. Осы ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары хабарламаны берген тұлғаға қайтарылады.

3-тарау. Порттық арнайы экономикалық аймаққа немесе логистикалық арнайы экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсат берудің тәртібі

      12. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелуге рұқсатпен (бұдан әрі – әкелуге рұқсат) жүзеге асырылады.

      13. Әкелуге рұқсат мына тұлғаларға:

      1) тасымалдаушыға (кедендік тасымалдаушыға) немесе шетелдік тауарларды және Еуразиялық экономикалық одағының тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлғаға;

      2) АЭА қатысушысына;

      3) АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғаға;

      4) басқарушы компанияға беріледі.

      14. Әкелуге рұқсатты алу үшін осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген тұлғалар МКО-ға электронды не қағаз түрінде, мына мәліметтердің және осындай мәліметтерді растайтын құжаттардың:

      1) тауарларға арналған декларацияның немесе оған сәйкес тауар әкелінетін өзге кедендік құжаттың нөмірінің;

      2) тауар атауының;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодының;

      4) тауар санының;

      5) тауар мәртебесінің;

      6) алушының;

      7) жөнелтушінің;

      8) көлік құралының тіркеу нөмірінің (маркісі, үлгісі) ұсынылуымен әкелуге рұқсатты беру туралы еркін нысанды жазбаша өтінішті (бұдан әрі – әкелуге өтініш) береді.

      15. Әкелуге өтініш электронды түрде берілген кезінде, әкелуге рұқсат МКО лауазымды адамымен ақпараттық жүйелер арқылы жолданады.

      16. Әкелуге өтініш қағаз түрінде берілген кезінде, МКО лауазымды адамы әкелуге рұқсатты журналда тіркей отырып, қағаз түрінде жолдайды.

      17. Осы Қағиданың 14-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың ұсынылмауына, сондай-ақ әкелуге өтінішінде көрсетілген тауарлардың осындай құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкес болмауына байланысты әкелуге рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, МКО лауазымды адамы ақпараттық жүйелер арқылы уәкілетті тұлғаны осындай бас тартудың себептері туралы дереу хабардар етеді.

      Бұл ретте, МКО лауазымды адамы бас тарту парағын ресімдейді.

      18. Әкелуге өтініш электронды түрде берілген кезінде, бас тарту парағы МКО лауазымды адамымен ақпараттық жүйелер арқылы жолданады.

      19. Әкелуге өтініш қағаз түрінде берілген кезінде, МКО лауазымды адамы бас тарту парағын журналда тіркей отырып, қағаз түрінде жолдайды.

4-тарау. Арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат берудің тәртібі

      20. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағынан тауарларды әкету, осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша АЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсатпен (бұдан әрі – әкетуге рұқсат) жүзеге асырылады.

      21. Әкетуге рұқсат мына тұлғаларға:

      1) тасымалдаушыға (кедендік тасымалдаушыға) немесе шетелдік тауарларды және Еуразиялық экономикалық одағының тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлғаға;

      2) АЭА қатысушысына;

      3) АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғаға;

      4) басқарушы компанияға беріледі.

      22. Әкетуге рұқсатты алу үшін осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген тұлғалар МКО-ға электронды не қағаз түрінде мына мәліметтердің және осындай мәліметтерді растайтын құжаттардың:

      1) тауарларға арналған декларацияның немесе оған сәйкес тауар әкетілетінген өзге кедендік құжаттың нөмірінің;

      2) тауар атауының;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауар кодының;

      4) тауар санының;

      5) тауар мәртебесінің;

      6) алушының;

      7) жөнелтушінің;

      8) көлік құралының тіркеу нөмірінің (маркісі, үлгісі) ұсынылуымен әкетуге рұқсатты беру туралы еркін нысанды жазбаша өтінішті (бұдан әрі – әкетуге өтініш) береді.

      23. Әкетуге өтініш электронды түрде берілген кезінде, әкетуге рұқсат МКО лауазымды адамымен ақпараттық жүйелер арқылы жолданады.

      24. Әкетуге өтініш қағаз түрінде берілген кезінде, МКО лауазымды адамыәкетуге рұқсатты журналда тіркей отырып, қағаз түрінде жолдайды.

      25. Осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың ұсынылмауына, сондай-ақ әкетуге өтінішінде көрсетілген тауарлардың осындай құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкес болмауына байланысты әкетуге рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, МКО лауазымды адамы ақпараттық жүйелер арқылы уәкілетті тұлғаны осындай бас тартудың себептері туралы дереу хабардар етеді.

      Бұл ретте, МКО лауазымды адамы бас тарту парағын ресімдейді.

      26. Әкетуге өтініш электронды түрде берілген кезінде, бас тарту парағы МКО лауазымды адамымен ақпараттық жүйелер арқылы жолданады.

      27. Әкетуге өтініш қағаз түрінде берілген кезінде, МКО лауазымды адамы бас тарту парағын журналда тіркей отырып, қағаз түрінде жолдайды.

  Арнайы экономикалық
аймақтың аумағына тауарларды
әкелу туралы хабарламаны беру
және арнайы экономикалық
аймақтың аумағынан
тауарларды әкетуге және
порттық арнайы экономикалық
аймаққа немесе логистикалық
арнайы экономикалық аймаққа
тауарларды әкелуге рұқсаттарды
беру қағидасына 1-қосымша
нысан

Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны, порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттарды, сондай-ақ бас тарту парағын тіркеу журналы

Тіркеу №

Күні

Жөнелтуші

Алушы

Тауардың атауы

Саны

Көлік құралының тіркеу нөмірі (маркісі, үлгісі)

Тауардың мәртебесі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9










 
  Арнайы экономикалық
аймақтың аумағына тауарларды
әкелу туралы хабарламаны беру
және арнайы экономикалық
аймақтың аумағынан
тауарларды әкетуге және
порттық арнайы экономикалық
аймаққа немесе логистикалық
арнайы экономикалық аймаққа
тауарларды әкелуге рұқсаттарды
беру қағидасына 2-қосымша
нысан

Бас тарту парағы

      ______________________________________            "___" _______ 20___ г.

      (мемлекеттік кірістер органның атауы)

      Мемлекеттік кірістер органымен мына тауарларды АЭА аумағынан әкетуге немесе порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелуге рұқсат беруден бас тарту шешімі қабылданғанын осымен хабарлаймыз:


р/б

оған сәйкес тауар әкелінетін/әкетілетін тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН тауардың коды

Саны

Тауардың мәртебесі

Өзге мәлі-меттер

      мынадай себептер бойынша:_____________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тауарларды АЭА аумағынан әкетуге немесе тауарларды порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелуге рұқсат беруден бас тарту шешімі қабылданған себептер көрсетіледі) ________________________________________________ _________

      Т.А.Ә. мемлекеттік кірістер органның лауазымды адамы       қолы

      М.О. ________________________________________________ _________

      Т.А.Ә. өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы                   қолы М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
4-қосымша
нысан

Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама

      Хабарлама №________

      күні _____

      Мемлекеттік кірістер органының атауы_________;

      Жөнелтуші/алушы__________________________;

      АЭА қатысушысының атауы_________________;

      Көлік құралының тіркеу нөмірі _______________;

      (маркісі, үлгісі)

      Таурлар туралы мәлімет:

№ р/б

Оған сәйкес тауар әкелінетін тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН тауардың коды

Саны

Тауар-дың мәрте-бесі

Өзге мәлі-меттер

      Т.А.Ә. _________________________________________ ________

      қолы М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы № 247
бұйрығына 5-қосымша
нысан

Арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат

      Рұқсат №________

      күні _____

      Мемлекеттік кірістер органының атауы______;

      Жөнелтуші/алушы_______________________;

      АЭА қатысушысының атауы______________;

      Көлік құралының тіркеу нөмірі ____________;

      (маркісі, үлгісі)

      Таурлар туралы мәлімет:


р/б

Оған сәйкес тауар әкетілетін тауар-ларға арналған декларацияның немесе өзге кеден-дік құжаттың №

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН тауардың коды

Саны

Тауар-дың мәрте-бесі

Өзге мәлі-меттер

      Т.А.Ә. _________________________________________ ________

      қолы М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы № 247
бұйрығына 6-қосымша
нысан

Порттық арнайы экономикалық аймаққа немесе логистикалық арнайы экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсат

      Рұқсат №________

      күні _____

      Мемлекеттік кірістер органның атауы______;

      Жөнелтуші/алушы_______________________;

      АЭА қатысушысының атауы______________;

      Көлік құралының тіркеу нөмірі ____________;

      (маркісі, үлгісі)

      Таурлар туралы мәлімет:


р/б

Оған сәйкес тауар әкелінетін тауарларға арналған декларация-ның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН тауардың коды

Саны

Тауар-дың мәрте-бесі

Өзге мәлі-меттер

      Т.А.Ә. _________________________________________ ________

      қолы М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы № 247
бұйрығына 7-қосымша

Мемлекеттік кірістер органының арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі - МКО) арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 283-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және МКО АЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органының арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібі

      2. АЭА аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіру кезінде, Кодекстің 427-бабымен айқындалған cәйкестендіру құралдары қолданылады.

      3. МКО АЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіру, кедендік бақылаудың нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды айқындайтын тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
8-қосымша

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі - МКО) осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 283-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және:

      еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу;

      еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы МКО есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      2. Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) катысушысы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың және көрсетілген кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың (бұдан әрі - тауарлар), есептілікте ұсынылатын деректерінің, сондай-ақ тауарлармен жасалған барлық өзгерістерінің көрсетілуімен, электронды түрде есепке алынуын жүргізеді.

      3. АЭА катысушысы тауарларды есепке алу бойынша деректерді МКО лауазымды адамдарына кедендік бақылауды жүргізу мақсатындағы олардың талап етуі бойынша ұсынады.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну тәртібі

      4. АЭА қатысушысы есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік кірістер органына мынадай:

      1) Кодекстің 285-бабының 1-тармағына сәйкес, операциялар жасау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша;

      2) АЭА объектілерінің құрылысы, жайластыру немесе реконструкциялау мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша;

      3) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, порттық АЭА-ға(дан) және логистикалық АЭА-ға(дан) әкелінген (әкетілген) тауарлар бойынша есептіліктерді ұсынады.

      5. Есептілік МКО электронды немесе қағаз түрінде ұсынылады.

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
тауарларды және еркін кеден
аймағы кедендік рәсімімен
орналастырылған тауарлардан
дайындалған (алынған)
тауарларды есепке алуды
жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік
кірістер органына осындай
тауарлар туралы есептілікті
ұсыну қағидасына 1-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 285-бабының 1-тармағына сәйкес, операциялар жасау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша ЕСЕПТІЛІК

      Индекс: ЕКА КР-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары

      Қайда ұсынады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей

      20__ жылғы "___" ______жағдайына ____ парақта

      ________________________________ нан

      (ұйымның атауы, БСН, мекенжайы)

      1-бөлім. Кодекстің 285-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес операциялар жасау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар

№ р/б

Тауардың атауы

Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың саны

Тауарлармен жүргізілген операциялар түрі

Тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар нәтижесінде алынған тауардың атауы

Тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар нәтижесінде алынған тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Тауарларды қайта өңдеу (өңдеу) бойынша операциялар нәтижесінде алынған тауардың саны

Оған сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімі аяқталған тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Кедендік рәсімнің коды

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдығы (саны)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Шетелдік тауарлар














Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары














      Кестенің жалғасы

      2-бөлім. Кодекстің 285-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6)-тармақшаларына сәйкес операциялар жасау үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар

№ р/б

Тауардың атауы

Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың саны

Тауарлармен жүргізілген операциялар түрі

Оған сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімі аяқталған тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Кедендік рәсімнің коды

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдығы (саны)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Шетелдік тауарлар











Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары











      АЭА-ға қатысушы басшының Т.А.Ә.________________ 20__жылғы "__" ___ _____

      (қолы) М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      БСН – бизнес сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Есептілік тоқсан сайын деректердің көбеюімен ұсынылады.

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
тауарларды және еркін кеден
аймағы кедендік рәсімімен
орналастырылған тауарлардан
дайындалған (алынған)
тауарларды есепке алуды
жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік
кірістер органына осындай
тауарлар туралы есептілікті
ұсыну қағидасына 2-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған
нысан

Арнайы экономикалық аймақ объектілерінің құрылысы, жайластыру немесе реконструкциялау мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша ЕСЕПТІЛІК

      Индекс: ЕКА КР-2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары

      Қайда ұсынады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей

      20__ жылғы "__" _____жағдайына ____ парақта ______________________________нан

                                                      (ұйымның атауы, БСН, мекенжайы)

      АЭА объектілерінің құрылысы, жайластыру немесе реконструкциялау мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар

№ р/б

Тауардың атауы

Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың саны

Әкелу мақсаты, тауарлармен жасалатын операциялар

Объектінің атауы және орналасуы

6-бағанда көрсетілгн операцияларды жасау барысында пайдаланылған (тұтынылған) тауардың саны

Оған сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімі аяқталған тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Кедендік рәсімнің коды

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдығы (саны)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Шетелдік тауарлар













Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары













      АЭА-ға қатысушы басшының Т.А.Ә._________________ 20_жылғы "__" ____ _____

      (қолы) М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Есептілік тоқсан сайын деректердің көбеюімен ұсынылады.

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
тауарларды және еркін кеден
аймағы кедендік рәсімімен
орналастырылған тауарлардан
дайындалған (алынған)
тауарларды есепке алуды
жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік
кірістер органына осындай
тауарлар туралы есептілікті
ұсыну қағидасына 3-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған
нысан

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, порттық арнайы экономикалық аймаққа(тан) және логистикалық арнайы экономикалық аймаққа(тан) әкелінген (әкетілген) тауарлар бойынша
ЕСЕПТІЛІК

      Индекс: ЕКА КР-3

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары

      Қайда ұсынады: мемлекеттік кірістер органдарына

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей

      20_жылғы "__" ______жағдайына ____ парақта ____________________________ нан

      (ұйымның атауы, БСН, мекенжайы)

      1-бөлім. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, порттық АЭА-ға(дан) және логистикалық АЭА-ға(дан) әкелінген тауарлар


р/б

Тауардың атауы

Тауарлардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың саны

Әкелу мақсаты

Тауарлар сақталатын қойма туралы мәліметтер

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Шетелдік тауарлар









Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары









      Кестенің жалғасы

      2-бөлім. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған, порттық АЭА-ға(дан) және логистикалық АЭА-ға(дан) әкетілген тауарлар

№ р/б

Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауардың атауы

Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Оның негізінде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарлар әкелінген тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауардың саны

Оның негізінде порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан тауарлар әкетілетін тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың №

Тауарлармен жүргізілген операция түрі

Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін тауардың атауы

Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкетілетін тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды (10 белгі)

Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін тауардың саны

Тауарлар сақталатын қойма туралы мәліметтер

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдығы (саны)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Шетелдік тауарлар














Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары














Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар














      АЭА-ға қатысушы басшының Т.А.Ә._____________ 20__жылғы "__"____ ___

      (қолы) М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Есептілік тоқсан сайын деректердің көбеюімен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
9-қосымша

Мемлекеттік кірістер органымен арнайы экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органымен арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге рұқсат беру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 285-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Тауарларды, оның ішінде АЭА аумағына әкелінетін немесе АЭА аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одағының тауарларын тасымалдау бақылау-өткізу пункттері (бұдан әрі – БӨП) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органымен арнайы экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай әкетуге рұқсат беру тәртібі

      3. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай АЭА аумағынан әкету мақсатында Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда декларант мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – МКО) растайтын құжаттарды қоса бере отырып 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық не қағаз түрінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай АЭА аумағынан тауарларды әкетуге өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) ұсынады.

      4. МКО Өтінішті қарау мерзімі аталған МКО-ға өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аса алмайды.

      5. Кодекстің 285-бабының 4-тармағына сәйкес әкелінген тауарлар мұндай операцияларды жасау мақсаттары мен жағдайларына қарай МКО белгілеген мерзім өткенге дейін АЭА аумағынан қайта әкетуге жатады.

      6. МКО белгіленген қайта әкелу мерзімі өткенге дейін АЭА қатысушының дәлелденген өтініші бойынша қайта әкелу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды қосымша ұсына отырып, қайта әкелу мерзімі МКО Өтініштің оң жақ төменгі бөлігінде жазба енгізу тәсілімен ұзартылады.

  Арнайы экономикалық
аймақтың аумағынан еркін
кеден аймағы кедендік рәсімінің
қолданылуын аяқтамай, еркін
кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
тауарларды және (немесе) еркін
кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
тауарлардан дайындалған
(алынған) тауарларды әкетуге
рұқсат беру қағидасына
1-қосымша
нысан
____________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________
(өтініш беруші)
БСН/ЖСН, мекен-жайы, телефон ____________;

еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін аяқтамай арнайы экономикалық аймақ аумағынан тауарларды шығару туралы өтініш

      № 00000/ _______________ 201__ ж. (өтінішті тіркеу нөмірі) (өтінішті беру күні)

      Еркін кедендік аймақ (шығару мақсаты көрсетіледі) кедендік рәсімін аяқтамай АЭА аумағынан шығаруға рұқсат беру "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 285-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімін аяқтамай АЭА аумағынан шығаруға рұқсат беруіңізді өтінеміз:________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      шығару "__"_______20__ жылдан бастап және кері әкелу "__"_______20__ ж.:

      1) тауарларға арналған декларациялардың немесе тізілімнің нөмірі________________;

      2) тауардың мәртебесі_______________________________________________________;

      3) тауардың атауы (дайын өнімнің)___________________________________;

      4) тауардың саны (килограмм, бірлік, литр, метр және әрі қарай)__________________;

      5) ЕАЭС СЭҚ ТН коды (материалдар шикізаты, құрамы)_______________________;

      6) идентификациялау әдісі (қажеттісін белгілеу)_________________________________;

      7) атауы, шығару мақсатын растайтын құжаттың күні мен нөмірі __________;

      Жоғарыда аталған мағлұматтар мен мәліметтердің дұрыстығын растаймын және тауарларды көрсетілген мерзімде кері әкелуді міндетіме аламын.

      _____________________________________________________ _________

      Өтініш берушінің өкілетті тұлғасының Т.А.Ә.                   қолы М.О.

      ____________________________________________________ _________

      мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының Т.А.Ә       қолы М.О.

  Ұзартылған жағдайда
толтырылады.
Мемлекеттік кірістер органы
Т.А.Ә._____________________
қолы М.О.
"__" _________ 20___ жыл
(толтырған күні)
"___"________20___ ж. дейін
ұзартылды
"__"__________ 20___ ж
_________________
ЕЭА қатысушысының өтініші негізінде

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
10-қосымша

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орнастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы арнайы экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруге жол берілетін жағдайлар

      Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА өзге қатысушысына беру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орнастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар бұдан әрі қайта өңдеу процесінде пайдаланылатын болса;

      2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар – АЭА қатысушы болып табылатын тұлғаны жойған (қызметі тоқтатылған) не тұлға АЭА қатысушысы мәртебесін жоғалтқан жағдайда.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
11-қосымша

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орнастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы арнайы экономикалық аймақтың өзге қатысушысына тауарларды берудің қағидасы мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы экономикалық аймақ қатысушысының (бұдан әрі – АЭА) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА өзге қатысушысына тауарларды берудің қағидалары мен шарттары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 285-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленген және АЭА қатысушысы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орнастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА өзге қатысушысына тауарларды беру қағидалары мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы осы арнайы экономикалық аймақтың өзге қатысушысына тауарларды беру тәртібі мен шарттары

      2. АЭА қатысушысы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА өзге қатысушысына беру осы Бұйрықпен бекітілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      3. АЭА қатысушысы еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы АЭА өзге қатысушысына беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы экономикалық аймақ қатысушысы осы АЭА өзге қатысушысына тауарларды беру актісімен (бұдан әрі – Акт) жүзеге асырылады.

      4. Тауарларды іс жүзінде бергеннен кейін АЭА қатысушысы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бұдан әрі кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін актіні қоса бере отырып мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) хабарламаны жолдайды.

      5. Арнайы экономикалық аймақ кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды қолдану шарттарын сақтау бойынша АЭА қатысушысының міндеті және мұндай кедендік рәсімді қолдануды аяқтау бойынша міндеті Кодекстің 285-бабы 10-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген тұлғаларға жүктеледі.

      6. Шетелдік тауарларына қатысты әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша АЭА қатысушының міндеті Кодекстің 288-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтары берілген тұлғаларда туындайды.


  Арнайы экономикалық аймақ
қатысушысының еркін кеден
аймағы кедендік рәсімімен
орналастырылған тауарларды
және (немесе) еркін кеден
аймағы кедендік рәсімімен
орнастырылған тауарлардан
дайындалған (алынған)
тауарларды иелену, пайдалану
және (немесе) оларға билік ету
құқықтарын, еркін кеден аймағы
кедендік рәсімінің қолданылуын
аяқтамай, осы арнайы
экономикалық аймақтың өзге
қатысушысына берудің
қағидасы мен шарттары
1-қосымша
нысан

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы осы арнайы экономикалық аймақтың басқа қатысушысына тауарларды беру актісі

      АЭА қатысушысы______________________________________________________________;

      (тауарларды беруші тұлғаның толық атауы, БСН/ЖСН, мекен-жайы, телефоны)

      __________________________________________________АЭА қатысушысына береміз;

      (тауарды алушы тұлғаның толық атауы, БСН/ЖСН, мекен-жайы, телефоны)

      – себебі__________________________________________________________________;

      (тауарларды беру себебі көрсетіледі)

      – құжатар бойынша________________________________________________________;

      (құжат туралы мәліметтер көрсетіледі (АЭА қатысушыларының арасындағы жасалған

      келісім шарт немесе басқа құжат);

      – келесі тауарлар:__________________________________________________________;

      (тауардың толық атауы (қайта өңдеу өнімі) (түрі, моделі, маркасі, бренді және тағы басқа)

      – кедендік рәсімдерге орналастырылған келесі тауарларға арналған декларациялар бойынша____________________________________________________________________;

      - ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлар коды_______________________________________;

      – тауарлармен жасалған қайта өңдеу операцияларының түрі_______________________;

      – тауарлардың кедендік құны (қайта өңдеу өнімі) _______________________________;

      Берілді: "__"______20__ж _________________________ ________М.О.

      уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә       қолы

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 288-бабы 3-тармағы, 285-бабы 10-тармағы үшінші бөлігімен бекітілген міндеттерімді орындауды міндетіме аламын.

      Алдым : "__"________ 20__ ж __________________________ ________ М.О.

      уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә       қолы

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы № 247
бұйрығына 12-қосымша

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) аумағына әкелінген шетелдік тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 286-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Шетелдік тауарларды сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібі

      2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру кезінде Кодекстің 286-бабының 1-тармағымен айқындалған әдістері қолданылады.

      3. Мұндай рәсімдердің қолданылуын аяқтағанға дейін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру мақсатында декларант мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық не қағаз түрінде береді.

      4. Өтініш қайта өңдеу өнімінің әрбір түріне жеке беріледі.

      5. Берілген Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға ақпараттық жүйе арқылы МКО лауазымды тұлғасы дереу тіркеуге жатады.

      6. Бұдан бұрын жолданған мәліметтер өзгерген жағдайда жаңа өтініш беріледі.

      7. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тауарларға арналған декларациялардың 44-бағанында (08999 кодының астына) Өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Тауарларға арналған декларациялардың 44-бағанында Өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілмеген жағдайда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды сәйкестендіру расталмаған болып саналады.

      8. МКО тіркелген Өтініш болған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығарылған кедендік рәсімімен орналастырылған шикізатты, дайын өнімдегі материалдарды кедендік тазарту кезеңінде сәйкестендіруді МКО-да тәуекелдерді басқару жүйесімен белгіленген жағдайларды қоспағанда жүзеге асырмайды.

      Өтініштер бойынша декларант жүргізетін тауарларды сәйкестендірудің дұрыстығына кедендік бақылау Кодекстің 47 және 51-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.


  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
шетелдік тауарларды, еркін
кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
шетелдік тауарлардан
дайындалған (алынған)
тауарларда сәйкестендіруді
жүзеге асыру қағидасына
1-қосымша
нысан
________________________не
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
  ________________________дан
(өтініш берушінің атауы/Т.А.Ә.)
БСН/ЖСН__________________
мекен-жайы_______________
телефон___________________

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру туралы өтініш

      № 00000                                     20__ ж. "___"_______________

      (өтініштің тіркелген нөмірі)                         (өтініш берген күні)

      Сізден еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді өткізуге қайта өңдеудің мынадай дайын өнімдері бойынша "__"_______20__ жылдан бастап "__"______20__ жылға дейін рұқсат беруді сұраймын:

      1) тауар атауы (қайта өңдеу өнімі) ________________________________;

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН коды (шикізат материалдар, жинақтағыш)____________________;

      3) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 286-бабының 1-тармағына сәйкес сәйкестендіру тәсілі;

      4) тауардың толық атауы (қайта өңдеу өнімі) (түрі, моделі, маркасі, бренді және тағы басқа)_____________________________________________________________;

      5) тауарларға қайта өңдеу кезінде жасалған операциялар түрлері_________________;

      6) өтініш беруші еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді өткізу бойынша өзге де мәліметтер___________________________________________;

      7) Таңдалған сәйкестендіру тәсілі еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді растайтын құжаттар тізбесі_______________________________________________________;

      Осы жоғарыда көрсетілген мәліметтер мен деректердің дұрыстығын растаймын

      _______________________________________ ___________

      Өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.       қолы       М.О.

      Мемлекеттік кірістер органы Т.А.Ә._____________________

      қолы       М.О.

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
шетелдік тауарларды, еркін
кеден аймағы кедендік
рәсімімен орналастырылған
шетелдік тауарлардан
дайындалған (алынған)
тауарларда сәйкестендіруді
жүзеге асыру қағидасына
1-қосымша
нысан

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру туралы өтініштерді тіркеу журналы

р/с

Тіркеу нөмірі

Өтініш беруші

БСН/
ЖСН

Қайта өңдеу өнімінің атауы

Сәйкестендіру тәсілі

Ескертпе








      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

      Өтініштің тіркеу нөмірі келесідей қалыптасады:

      ХХХХХ/ДДММГГ/0000, где:

      1 2 3

      ХХХХХ – мемлекеттік кірістер органдарының территориалдық коды;

      ДДММГГ – өтінішті тіркеу нөмірі (күні, айы және жылдың соңғы 2-саны);

      0000 – өтініштің реттік саны.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
13-қосымша
нысан

Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою АКТІСІ № _____

      "___"______________20___ г.

      (жасалған күні)

      ______________________________________________________________________

      (тауарды жою орны)

      ___________________________________________________құрылған

      Комиссия Мемлекеттік кірістер орган басшысының Т.А.Ә. от 20___ж. "____"___№ ___

      бұйрықтын негізінде құрамында:________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органның лауазымды адамы_________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, жеке нөмірлі мөрі)

      Тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлға (тұлға өкілі):___________________

      ______________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, қолы)

      Қатысуымен тауарды жою кезіңде қатысқан тауардың иесін қоса алғанда өзге тұлғаларды көрсету:___________________________________________

                        (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, қолы)

      Көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жоюға жататын тауарлар туралы мәліметтер:

р/с

Тауардың атауы

Тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың негізінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған №

ЕАЭО СЭҚ
ТН тауардың коды

Нетто салмағы

Тауардың саны

Ескертпе








      тауарды жою тәсілі:_____________________________________________________

      Тауарларды кедендiк қарап-тексеру барысында_______________________жүргізілді;

      (фото жазба, бейне жазба және басқа)

      Тауарларды жою нәтижесіндегі қалдықтардың бары және саны:_______________;

      (қалдықтардың егжей-тегжейлі сипаты)

      Әр тауар бойынша жоюдан кейін қалдықтарды бұдан әрі қолдану мүмкіндігі туралы мәліметтер: _____________________________________________________;

      өзге мәліметтер:________________________________________________________

      Осы акт _______ даналарда жасалған. Комиссия мүшелері:

      1. ____________________________________________________ __________

      2. ____________________________________________________ __________

      3. ____________________________________________________ __________

      (Т.А.Ә., комиссия мүшелерінің лауазымы) (қолы)

      Акттің екінші данасын қолға алдым _________ ____________________ _______

      (қолы)       (аты-жөні, тегі)       (күні)

      Акттің үшінші данасын қолға алдым _________ ____________________ _______

      (қолы)       (аты-жөні, тегі) (күні)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
14-қосымша

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 287-бабының 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес әзірленген және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау тәртібін, егер мынадай:

      еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар тұтынушылық қабілетінен айырылған және олар арналған сапада пайдалану үшін жарамсыз болып қалған жағдайда;

      жойылған және (немесе) апат немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан біржола жоғалған не тасымалдаудың қалыпты шарттары (тасымалдау) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде біржола жоғалған еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;

      табиғи тозу салдарынан өзгергендерді, сондай-ақ тасымалдаудың қалыпты шарттары (тасымалдау) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан өзгергендерді қоспағанда өзгеріссіз жағдайда қалған порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар мұндай порттық АЭА немесе логистикалық АЭА түйісетін қайту орны арқылы Еуразиялық экономикалық одағының кеден аумағынан тыс шығарылу;

      еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру үшін пайдаланылуға және АЭА қатысушысы пайдалануға енгізілген жабдық болып табылады, немесе АЭА аумағында жылжымалы объектілерін құру үшін пайдаланылатын және АЭА жұмыс жасауын тоқтатқан кезде мұндай жылжымалы объектілердің құрама бөлігі болып табылатын тауарлар немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешімді қабылдау не АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімінің өтуіне және осы шарттың жағдайларын орындауға байланысты тұлғаның АЭА қатысушының мәртебесін айырылуы жағдайларында айқындайды.

2-тарау. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау тәртібі

      2. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасымен белгіленген жағдайда осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою туралы актінің негізінде аяқталады.

      3. Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою туралы акті жасалғаннан кейін лауазымды тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою туралы актілерді тіркеу журналының тиісті бағаналарын толтырады.

      4. Жойылған және (немесе) апат немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан біржола жоғалған не тасымалдаудың қалыпты шарттары (тасымалдау) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде біржола жоғалған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы:

      1) уәкілетті орган не уәкілетті ұйым берген апат немесе еңсерілмейтін күш әсері фактісін;

      2) бухгалтерлік есепте міндетті көрсете отырып табиғи кему нәтижесінде біржола жоғалту (техникалық жабдықтары, шығын нормалары және сол секілді) фактісі расталатын құжаттардың негізінде аяқталады.

      5. Табиғи тозу салдарынан өзгергендерді, сондай-ақ тасымалдаудың қалыпты шарттары (тасымалдау) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан өзгергендерді қоспағанда өзгеріссіз жағдайда қалған порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген жағдайларда кедендік бақылауды жүргізумен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге рұқсат берудің негізінде аяқталады.

3-тарау. Арнайы экономикалық аймақ жұмыс жасауын тоқтатқан немесе еркін экономикалық аймақтың аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған не тұлға арнайы экономикалық аймаққа қатысушы мәртебесінен айырылған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидасы тәртібі

      6. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және еркін экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру үшін пайдаланылану және арнайы экономикалық аймаққа қатысушымен пайдаланылану үшін енгізілген жабдық болып табылатын немесе арнайы экономикалық аймақ аумағында жылжымалы объектілерін құру үшін пайдаланылатын және мұндай жылжымалы объектілердің құрама бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы көрсетілген кедендік рәсімге тауарларды орналастыру жүргізілген МКО-ға АЭА қатысушысының жазбаша өтініші негізінде, мынадай:

      1) АЭА жұмыс жасауын тоқтатқан немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      2) АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылыс мерзімі өтіп кетуіне және осы шарттың жағдайларын орындауға байланысты тұлғаның АЭА қатысушысының мәртебесінен айырылған жағдайларда аяқталады.

      7. АЭА қатысушысының жазбаша өтініші мынадай құжаттарды қоса бере отырып еркін нысанда құралады:

      1) құжаттардың куәландырылған көшірмелері:

      АЭА аумағында АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін шарттың жағдайларын АЭА қатысушысы орындау туралы АЭА басқару органынан немесе уәкілетті органынан жазбаша растау;

      тауарларға арналған декларация немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау кезінде тауарларға арналған декларациялар ретінде пайдаланылатын тізбе;

      егер өтініш жабдыққа берілетін болса, жабдықты пайдалануға енгізу туралы акті.

      Құрылған объектіні пайдалану қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі не егер өтініш АЭА аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін пайдаланылатын тауарларға қатысты берілетін болса, Жылжымайтын мүлікке құқығы және олармен мәмілелер бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жылжымайтын объектіге АЭА қатысушының меншік құқығы туралы жазбаны енгізу туралы үзіндісі;

      2) есептілік:

      Осы бұйрықпен бекітілген Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 285-бабының 1-тармағына сәйкес операцияларды жүргізу үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті;

      Осы бұйрықпен бекітілген Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасына 2-қосымшаға сәйкес АЭА объектілерін құру, жабдықтау немесе қайта құру мақсатында еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар бойынша есептілікті;

      Осы бұйрықпен бекітілген Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасына 3-қосымшаға сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған порттық АЭА-ға (дан) және логистикалық АЭА-ға (дан) әкелінген (әкетілген) туралы бойынша, сондай-ақ осы бұйрықпен бекітілген еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар туралы мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну.

      8. Құжаттардың бірін, оның ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбаған жағдайда МКО жазбаша нысанда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және еркін экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру үшін пайдаланылану және арнайы экономикалық аймаққа қатысушымен пайдаланылану үшін енгізілген жабдық болып табылатын немесе арнайы экономикалық аймақ аумағында жылжымалы объектілерін құру үшін пайдаланылатын және мұндай жылжымалы объектілердің құрама бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаудан бас тартады.

      9. Оларға қоса берілетін құжаттармен өтінішті МКО оны тіркеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарастырады.

      10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға және АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартты іске асыру үшін пайдаланылану және АЭА-ға қатысушымен пайдаланылану үшін енгізілген жабдық болып табылатын немесе АЭА аумағында жылжымалы объектілерін құру үшін пайдаланылатын және мұндай жылжымалы объектілердің құрама бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау осы Қағиидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жасалған еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастарылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы бірлескен актінің негізінде жүзеге асырылады, олар мынадай тәртіпте үйлестіріледі:

      бірінші дана – МКО-да қалады;

      екініші дана – АЭА қатысушысына ұсынылады;

      үшінші дана – АЭА басқару органына ұсынылады.

      11. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы актіні жасағаннан кейін лауазымды тұлға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы Тіркеу журналының тиісті бағанын толтырады.

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімінің қолданылуын,
тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидасына
1-қосымша
нысан

Тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актілерін тіркеу журналы

р/с №

тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою
актінің №

Тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлға (тұлға өкілі)

Тауардың атауы

Тауарларға арналған декларацияның немесе өзге кедендік құжаттың негізінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған №

Актті жасағанның Т.А.Ә. (ол болған кезде),

Қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе: Журнал тігіледі, нөмірленеді, мөрленеді және мемлекеттік кірістер органның басшысының не оны алмастыратын адамның қолымен бекітіледі. Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап журналдың реттік саны бірден басталады.

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімінің қолданылуын,
тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидасына
2-қосымша
нысан

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы

      Акт

      № __________________                               Күні ________________

      Осы Акт, ____________АЭА қатысушы ______________ АЭА аумағында АЭА-ның жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған және АЭА аумағында қызметті жүргізу туралы шартты іске асыру үшін АЭА қатысушысыпайдалануға енгізген және қолданатын жабдық немесе АЭА аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін құру үшін пайдаланылған және осындай жылжымайтын мүлік объектілерінің құрауыш бөлігі болатын тауарлар болып табылатын тауарларға қатысты:

      АЭА жұмыс істеуінің тоқтатуына, еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылған АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі тоқтаған немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылған АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдануына байланысты еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуы аяқталады.

р/с№

Тауарларға арналған декларацияның немеесе өзге кедендік құжаттың №

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Саны

Тауардың мәртебесі

Ескертпе








АЭА қатысушы

АЭА басқару органы

Мемлекттік кірістер органы




Т.А.Ә._____________
басшының қолы
__________
БСН
М.О.

Т.А.Ә._____________
басшының қолы
________
М.О.

Т.А.Ә._____________
басшының қолы
___________
М.О.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

  Еркін кеден аймағы кедендік
рәсімінің қолданылуын,
тауарларды кедендік рәсімдермен
орналастырмай аяқтау қағидасына
3-қосымша
нысан

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы актілерің тіркеу журналы

р/с №

Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кеден рәсімінің қолданылуын аяқтау туралы актінің №

АЭА қатысушысы

Тауардың атауы

Тауарларға арналған декларацияның немеесе өзге кедендік құжаттың №

Акттің жасағанның Т.А,Ә.

Қолы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – арнайы экономикалық аймақ;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Журнал тігіледі, нөмірленеді, мөрленеді және мемлекеттік кірістер органның басшысының не оны алмастыратын адамның қолымен бекітіледі. Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап журналдың реттік саны бірден басталады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 247 бұйрығына
15-қосымша

Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймаққа (бұдан әрі – АЭА) қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 287-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленген және АЭА қатысушысы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қоданылуын аяқтау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімдері қолданылуының аяқталу тәртібі

      2. АЭА қатысушысы болып табылатын тұлға тарату (қызметі тоқтату) туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде АЭА қызмет аймағында орналасқан мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) хабарлайды (бұдан әрі – Хабар).

      3. Хабарды қарау мерзімі оны МКО-да тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      4. МКО қажет болған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды жүзеге асырады.

      5. Хабарды қарау қорытындысы бойынша МКО осы Қағидаларда белгіленген мерзімде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталмаған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қажеттілігі туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) жолдайды.

      6. АЭА қатысушысы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты еркін кеден аймағы рәсімінің қолданылуы хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде аяқталады.