Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ішкі істер министрінің 21.12.2023 № 919 (01.01.2024 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін қоса беріліп отырған жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскуранты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Б.А. Омаров) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2018 жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Прейскурант жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ішкі істер министрінің 21.12.2023 № 919 (01.01.2024 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
көрсететін, жеке басын куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен
беру бойынша көрсетілетін қызмет
БАҒАЛАРЫНЫҢ ПРЕЙСКУРАНТЫ
Ескерту. Прейскурантына өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.02.2021 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.06.2023 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.
Мерзімі | ҚҚС-мен бағасы (теңге) |
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін: | |
1-санатты жеделдік – 1 (бір) жұмыс күніне дейін | 4 983 |
2- санатты жеделдік – 3 (үш) жұмыс күніне дейін | 2 752 |
облыс орталықтары үшін: | |
1-санатты жеделдік – 3 (үш) жұмыс күніне дейін | 4 983 |
2- санатты жеделдік – 5 (бес) жұмыс күніне дейін | 2 752 |
облыстардың аудандары мен қалалары үшін: | |
3-санат - 7 (жеті) жұмыс күніне дейін | 1 116 |