"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Қоса беріліп отырған Қолма-қол шетел валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_______________ Д. Ақышев
2018 жылғы "____" ________
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 февраля № 278 бұйрығымен бекітілген |
|
| нысан |
Қолма-қол шетел валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі 20___ жылғы______ тоқсанның соңына мәліметтер
№ | Уәкілетті ұйымның атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | Уәкілетті ұйымның орналасқан жері | Қолма-қол шетел валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия бойынша ақпарат (бұдан әрі – лицензия) | |||||
Лицензияның нөмірі және берілген күні | Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі | Лицензияның тоқтатылған күні | Лицензияның тоқтатылған мерзімінің аяқтау күні | Лицензияны ерікті қайтару күні | Лицензияны айыру (кері қайтару) күні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестенің жалғасы:
Лицензияға қосымшасы бойынша ақпарат | ||||
Нөмірі және берілген күні | Ағымдық мәртебесі | Айырбастау пунктінің жабылған күні | Уәкілетті ұйымның филиалы* | Айырбастау пунктінің орналасқан жері (мекен-жайы) |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
(Бірінші басшының не орынбасарының тегі аты әкесінің аты (қолы, МО (болған кезде)
(ол болған кезде)
_______________________________________________________________ _______________
(Мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлғаның тегі аты әкесінің аты (қолы)
(ол болған кезде)
Мәліметтердің жасалған күні 20__ жылғы "___" ______________________________________
* Уәкілетті ұйымның орналасқан жердің аймағынан тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі
Ескертпе: "Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| "Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1. "Қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтер" нысаны (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 26-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Нысан өсу қорытындысымен есепті тоқсанның соңғы күні жағдайы бойынша толтырылады және тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.
3. Мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының жауапты лауазымды тұлға толтырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының бірінші басшы не орынбасары, мәліметті жасауға жауапты лауазымды тұлға нысанға қол қояды және мөрмен бекітеді.
5. "№" деген 1-бағанда рет-реті бойынша нөмір көрсетіледі. Келесі ақпарат реті бойынша нөмірленеді.
6. "Уәкілетті ұйымның атауы" деген 2-бағанда екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын, қолма-қол шетелдік валюталары және оларға қосымшасы (қосымшалары) бар айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі, онда уәкілетті ұйымдардың айырбатау пункті (айырбатау пункттері) көрсетіледі.
7. "Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
8. "Уәкілетті ұйымның орналасқан жері" деген 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген уәкілетті ұйымның орналасқан жері (пошта индексі, облысы, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық ғимарат), сонымен қатар қабат, сектор, блок және басқа (ол болған кезде)) көрсетіледі.
9. "Лицензияның нөмірі және берілген күні" деген 5-бағанда лицензияның нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
10. "Қайта ресімделген лицензияның күні, нөмірі" деген 6-бағанда қайта ресімделген лицензияның күні және лицензияның нөмірі көрсетіледі.
11. "Лицензияның тоқтатылған күні" деген 7-бағанда лицензияның тоқтатылған күні көрсетіледі.
12. "Лицензияның тоқтатылған мерзімінің аяқтау күні" деген 8-бағанда лицензияның тоқтата тұру мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі.
13. "Лицензияны ерікті қайтару күні" деген 9-бағанда лицензияның ерікті қайтару күні көрсетіледі.
14. "Лицензияны айыру (кері қайтару) күні" деген 10-бағанда айыру немесе кері қайтару күні көрсетіледі.
15. "Нөмірі және берілген күні" деген 11-бағанда уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің шынайы куәлік қосымшасының нөмірі мен күні көрсетіледі.
16. "Ағымдық мәртебесі" деген 12-бағанда лицензия қосымшасының мәртебесі – берілгені, қайта берілгені, ерікті қайтарылғаны, тоқтатылғаны, айырылылғаны (кері қайтарып алынғаны) көрсетіледі.
17. "Айырбастау пунктінің жабылған күні" деген 13-бағанда айырбастау пунктінің жабылған күні көрсетіледі.
18. "Уәкілетті ұйымның филиалы" деген 14-бағанда уәкілетті ұйымның орналасқан жердің аймағынан тыс қосымша айырбастау пунктін ашу кезінде көрсетіледі.
19. "Айырбастау пунктінің орналасқан жері (мекен-жайы)" деген 15-бағанда уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің орналасқан жерінің мекен-жайы (облысы, қала, аудан, көше, үй, қабат, сектор, блок) көрсетіледі.