РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтoқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | Б. Сұлтанов | 
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығымен бекітілген | 
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз еркімен орындауға ынталандыру, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды барынша азайту мақсаттарында әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) санаттау субъектісі – тәуекелдер дәрежесін бағалауға жататын салық төлеушi (салық агенті);
2) тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы;
3) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шаралар кешені.
3. Тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) санаттау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы, есептілік пен мәліметтердің мониторинг нәтижелері;
2) тексеру нәтижелерi;
3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелерi;
4) уәкілетті органдар мен ұйымдар табыс ететін мәліметтерді талдау нәтижелері.
2-тарау. Салық төлеушілерді санаттау нәтижелері туралы ақпараттандыру тәртібі мен мерзімі
4. Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында (бұдан әрі – сайт) және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қол жетімді.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында қөзделінген салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтын бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасы арқылы және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сайтта сұранымды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Сайттағы сұранымды өндеу бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс.
3-тарау. Тиісті тәуекел дәрежесiне жатқызылған осындай салық төлеушiнiң қызметтерi бойынша өлшемшарттар туралы салық төлеушiлердi ақпараттандыру тәртібі және мерзімі
6. Тәукелдерді басқару жүйесінде қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер, салық төлеушіге "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтын бірінші айының бірінші күнінен кешіктірілмей осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жіберіледі.
7. Ақпараттандырылуы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын жеке тұлғаны қоспағанда, Салық кодексінің 137-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен салық төлеушіні ақпараттандыру 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.12.2020 № 1242 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарындағы бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жартыжылдықтың алдынғы үшінші айының бірінші күніндегі жағдайы бойынша жүзеге асырылады.
9. Салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымша арқылы түсініктемені қажеттілік кезінде жолдайды.
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында қөзделінген мемлекеттік кірістер органдарымен алынған түсініктемелері негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес өзгертілген мәліметтерді "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына жолдай отырып есепке алуға жатады.
4-тарау. Салық төлеушілердің тәуекелдер дәрежесі туралы ақпаратты өзектендіру кезеңділігі
11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі.
Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген жағдайда, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.
Егер жоғары немесе орташа тәуекел санатындағы салық төлеуші санаттау жүргізілген жартыжылдықтың басынан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 75 (жетпіс бес) миллион теңгеден, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 45 (қырық бес) миллион теңгеден, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 (жиырма) миллион теңгеден астам сомада салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген және бұл ретте салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі болмаған жағдайда, онда бұрын берілген тәуекел дәрежесінің санаты тиісінше орташа немесе төмен деңгейге өзгертілуге жатады.
Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.
Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып анықталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Жеке тұлғаны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары
Ескерту. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.12.2020 № 1242 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Салық кодексінің 30-бабының 14-тармағына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициенті, есептеу қадиғаларының негізінде "Салықтық жүктеме" өлшемшарты анықталады.
Өлшемшарт арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар, ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер және корпоративтік табыс салығынан босатылатын салық төлеушілер бойынша есептелінбейді.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең, соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады.
Салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір аймақ үшін есептелетін салықтық жүктеменің орташа салалық көрсеткіші болып табылады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидалардың 4-қосымшаларына көрсетілген.
Салықтық жүктемені есептелген салықтардың салық салынатын кіріске қатынасы арқылы есептеуі тәуекел дәрежесіне әсер етпейтін қосымша өлшемшарт ретінде жүзеге асырылады.
Қосымша өлшемшартты салыстыру үшін базалық көрсеткіш әрбір өңір үшін бөлек есептелетін тиісті салық ауыртпалығының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.
13. "Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы" өлшемшарты жеке тұлғалар үшін салық агенті есептеген кірістердің орташа сомасының жұмыскерлердің орташа санына қатынасы ретінде айқындалады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы екі есепті күнтізбелік тоқсандар немесе соңғы есептік жартыжылдық болып табылады.
Салыстыру үшін базалық көрсеткіш статистика органдарының дерегі бойынша өңірдің орташа айлық жалақысының орташа салалық көрсеткіші болып табылады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидалардың 5-қосымшаларына көрсетілген.
14. "Салық есептілікте көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы" өлшемшарты корпоративтік табыс салығы бойынша түзетулерді қоса ала отырып шегерімдердің сомасының түзетулерді қоса ала отырып жылдық жиынтық кірістерне аракатынасы 0,98-ден 1 дейінгі диапазонда болатын жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады.
Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
15. "Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер" өлшемшарты, егер қосылған кұн салығы бойынша декларацияда осы декларацияны табыс ету күніне орай қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жеткізушіні көрсеткен жеткізушінің есепке алу сомасы айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мың еселенген мөлшерінен асу жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы екі есепті күнтізбелік тоқсандар болып табылады.
Аталған өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі– теріс.
16. "Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілікте залал көрсетілетін жағдайда анықталады.
Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша анықталады.
Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады.
"Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. "Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарты, егер салық төлеуші корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосымша құн салығы бойынша жалпы сомасы 10 (он) миллионнан астам теңгеге азайтуға бестен астам қосымша декларациялар ұсынған, бұл ретте осындай декларацияларды ұсыну үшін белгіленген күннен бастап он екі және одан да көп айлар өтіп кеткен жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.
Iрі салық төлеушілер мониторингіндегі салық төлеушілер бойынша, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар салық төлеушілер бойынша өлшемшарт қолданылмайды.
"Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне әсер етуі – теріс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды" өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың салық заңнамасы бойынша орындау белгіленген күнінен он бес және одан да көп күн өтуі жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы алты ай болып табылады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер деңгейіне әсер етуі – теріс.
19. "Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексте белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауды" өлшемшарты оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің екі кезек салықтық кезең бойынша декларацияларда көрсетілген кірісі осындай арнаулы салық режимін қолдануға құқық беру үшін кірістін шекті мәннен 98 ден 99 пайызға дейінгі диапазонда болатын жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең қолданылатын арнаулы салық режиміне сәйкес соңғы екі есепті кезең болып табылады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер деңгейіне әсер етуі – теріс.
20. "Салықтық мониторингке қатысу" өлшемшарты көлденен мониторинг туралы келісім болған жағдайда анықталады.
Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
21. "Салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы" өлшемшарты салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданған жағдайда анықталады.
Осы өлшемшарттың артықшылығы – 2 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
22. "Салық төлеушінің стандартты тексеру файылын қолданғандағы" өлшемшарты салық төлеушінің стандартты тексеру файылын қолданған жағдайда анықталады.
Осы өлшемшарттың артықшылығы – 4 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
23. "Шот-фактураны электрондық түрде жазып беру" өлшемшарты шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда анықталады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы:
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер үшін – 2 балл алу;
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған салық төлеушілер үшін – 3 балл алу.
Тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. "Қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдалану" өлшемшарты қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдаланған жағдайда анықталады.
Осы өлшемшарттың артықшылығы – 5 балл алу, тәуекел деңгейіне әсер етуі – оң.
25. "Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы" өлшемшарты осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы алты айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша анықталады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл алу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Ескерту. 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 12.11.2019 № 1248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарты санаттау жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жарты жылдықтағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу динамикасы негізінде анықталады.
Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.
Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып анықталады.
Өлшемшарт 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі.
"Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу"өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Ескерту. 26-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарты салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.
"Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарттың басымдылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Ескерту. 27-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.
"Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
Ескерту. 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1-тарау. Жеке тұлға - салық төлеушіге қатысты қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары
Ескерту. Қағидалар 5-1-тараумен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.12.2020 № 1242 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. "Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегілерді қоспағанда, активтер" деген өлшемшарты уәкілетті органдар мен ұйымдардың мәліметтері негізінде айқындалады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
30. "Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілмеген шетелдік активтер және (немесе) шоттар" деген өлшемшарты салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасында ақпарат алмасу туралы шарттар негізінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің болуы туралы мәліметтер негізінде айқындалады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
31. "Жеке тұлғаның жиынтық жылдық табысынан екі және одан да көп есе асатын сомаға активтердің ұлғаюы" деген өлшемшарты алдыңғы кезеңдер үшін жеке тұлғаның салық декларациясындағы монетарлық активтердің сомаларын есепке ала отырып, сатып алынған активтердің құны және жеке тұлғаның соңғы тізбекті 3 (үш) салық кезеңіндегі жиынтық жылдық табысының сомасы туралы деректердің негізінде айқындалады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
32. "Шетелдік интернет дүкендерінде сатып алынған жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына көп рет әкелу" деген өлшемшарты, егер тоқсан ішінде біртекті тауарларды әкелу 3 (үш) реттен артық жүзеге асырылған және "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінің 1-қосымшасында белгіленген жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелген нормалардан аспаған жағдайда айқындалады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
33. "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды" өлшемшарты камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындармаған хабарламалардың болуы, олардың салық заңнамасы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 1-қосымша | 
Салық төлеушіні санаттарға бөлу нәтижелері туралы ақпарат
| БСН (ЖСН) | Тәуекелдер дәрежесі | Есеп үшін пайдаланылған деректердің өзектілік күні | 
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша | 
Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы мәлімет
| 
№ | Өлшемшарттардың атауы | Есеп үшін деректердің өзектілік күні | Есеп нәтижелері бойынша мәндер | Базалық мәндер | Базалық мәндер бойынша ескертпе | Балл саны | 
| 1. | 
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 3-қосымша | 
Салық төлеушінің қызметі тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттардың есептеуін жүзеге асыру бойынша көрсіткіштері
| 
№ | Өлшем шарттардың атауы | Есеп үшін деректердің өзектілік күні | Көрсіткіш | Мәні | Ескертпе | 
| 1. | 
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша | 
"Салықтық жүктеме" өлшемшарттың басымдылығы
| 
№ | Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы | Тәуекелдер дәрежесіне әсер етуі | Басымдылығы | 
| 1. | 50 пайыздан жоғары | теріс | 5 бал қосу | 
| 2. | 10-нан 50 пайызға дейін | теріс | 3 бал қосу | 
| 3. | 5-тен 10 пайызға дейін | теріс | 2 балл қосу | 
| 4. | минус 5-тен минус 10 пайызға дейін | оң | 3 балл алу | 
| 5. | минус 10-нан минус 30 пайызға дейін | оң | 4 балл алу | 
| 6. | минус 30 пайыздан жоғары | оң | 5 балл алу | 
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша | 
"Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы" өлшемшарттың басымдылығы
| 
№ | Орташа салалық көрсеткіштен ауытқу пайызы | Тәуекелдер дәрежесіне әсер етуі | Басымдылығы | 
| 1. | 50 пайыздан жоғары | теріс | 1 бал қосу | 
| 2. | 5-тен 50 пайызға дейін | теріс | 0,5 балл қосу | 
| 3. | минус 5-тен минус 50 пайызға дейін | оң | 0,5 балл алу | 
| 4. | минус 50 пайыздан жоғары | оң | 1 балл алу | 
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 6-қосымша | 
"Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшартының басымдылығы
Ескерту. 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| № | Бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасының өсімі (алдыңғы жартыжылдықтағы төлем өткен жылдың ұқсас кезеңдегі төлемді алып тастағанда) | Тәуекел дәрежесіне әсер етуі | Басымдылығы | 
| 1 | 1 миллион тенгеден 5 миллион теңгені қоса алғанға дейін | оң | 2 балл алу | 
| 2 | 5 миллион теңгеден жоғары 10 миллион теңгені қоса алғанға дейін | оң | 3 балл алу | 
| 3 | 10 миллион теңгеден жоғары 25 миллион теңгені қоса алғанға дейін | оң | 4 балл алу | 
| 4 | 25 миллион теңгеден жоғары | оң | 5 балл алу | 
| Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 7-қосымша | 
"Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы
Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 13.10.2020 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| № | Тауарларға рәсімделген ілеспе жүкқұжаттарының орташа айлық саны | Тәуекел дәрежесіне әсер етуі | Басымдылығы | 
| 1 | 1-ден 5 мыңға дейін | оң | 1 балл алу | 
| 2 | 5 мыңнан 10 мыңға дейін | оң | 2 балл алу | 
| 3 | 10 мыңнан 100 мыңға дейін | оң | 3 балл алу | 
| 4 | 100 мыңнан 500 мыңға дейін | оң | 4 балл алу | 
| 5 | 100 мыңнан жоғары | оң | 5 балл алу |