"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 229 бұйрығына 1-қосымша |
Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, бірдейлендіру құралдарын алу тәртібін белгілейді.
2. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алу (бұдан әрі – құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу) кезінде қатысады және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жәрдем көрсетеді.
2-тарау. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу тәртібі
3. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алуды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы бір жұмыс күн ішінде декларантты не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамды, құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алып қою қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдың, немесе олардың өкілдерінің мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын ұсынудан бас тартқан жағдайда, екі куәгердің қатысуымен құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алады.
4. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамымен декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдарының, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
5. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу кезінде арнайы және (немесе) ғылыми танымдар және техникалық құралдар қажет болған жағдайда кедендік сарапшының қатысуымен жүргізіледі.
Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу кезінде кеден сарапшының қатысуына негіз уәкілетті мемлекетттік кірістер органдарына мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының өтініші болып табылады.
6. Құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын алу нәтижелері бойынша, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы актісі толтырылады.
7. Құжаттарды, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы актісі үш данада жасалады:
бірінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады;
екінші данасы алынған құжаттар және сәйкестендіру құралдарымен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органына жолданады;
үшінші данасы егер олар белгіленген болса декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамға немесе олардың өкілдеріне табыс етуге (жіберуге) жатады.
8. Кедендік сараптамаға жіберілетін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттар, сәйкестендіру құралдары оралады және мөрленеді.
Орамада түсіндірме жазулары (затбелгілері) болады.
Түсіндірме жазуларда мыналар көрсетіледі:
кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алу күні;
алынған кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттардың, сәйкестендіру құралдарының атауы және саны;
құжаттарды, бірдейлендіру құралдары құжаттарын және тауарларды алу туралы актісінің нөмері және күні;
тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың атауы;
тауарға арналған декларацияның нөмірі;
құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (егер ол болса) және қолы.
Түсіндірме жазу лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөр бедерімен не мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен куәландырылады.
9. Кедендік сараптамаға жолданатын кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттардың, сәйкестендіру құралдарының, мемлекеттік кірістер органдарының сәйкестендіру құралдарын пайдаланумен орамның тұтастығын бұзбай алуға болмайтындай оралады.
10. Мемлекеттік кірістер органы кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттардың, сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптамаға құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын алу күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде жолдайды.
11. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін алынған кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттары, сәйкестендіру құралдары кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кіріс органына қайтарылады.
12. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кіріс органы кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттардың, сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті мемлекеттік кіріс органнан алған күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей сондай құжаттар мен сәйкестендіру құралдары алынған тұлғаны, олардың кері қайтарылатыны туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 229 бұйрығына 2-қосымша нысан |
Құжаттарды, құжаттардың және тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы актісі
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"___" _______________ 20__ жыл. № _______
I._______________________________________________________________________________
(құжаттарды (сәйкестендіру құралдарын) алған мемлекеттік кіріс органының лауазымды
тұлғасының лауазымы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен
________________________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты-жөні(ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
куәгерлердің:
________________________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
өзге де тұлғалардың: _____________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда), жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
қатысуымен:
кедендік сарапшының (сарапшы) қатысуымен:
________________________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексі
471-бабының 10 тармағына сәйкес құжаттарды (сәйкестендіру құралдарын) алуды жүргізді
________________________________________________________________________________
(құжаттардың (сәйкестендіру құралдарының) атауы
тиесілі__________________________________________________________________________
(тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие ұйымының, оның өкілінің толық атауы, орналасқан
жері; жеке тұлғалар үшін - тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда), туылған жылы және жері, жеке
басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері көрсетіледі)
II. Құжаттарды (сәйкестендіру құралдарын) алуды бастар алдында I бөлімінде
көрсетілген тұлғаларға, мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұғаларына құжаттарды
(сәйкестендіру құралдарын) алу кезінде жүргізілетін барлық іс-әрекеттерге қатысуға, және
актіге енгізуге жататын арыз жасауға, түсініктеме беруге олардың құқықтары түсіндірілді.
___________________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
___________________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
III. Осы акт бойынша мынадай құжаттар (сәйкестендіру құралдары) тәркіленді:
№р/с | Құжаттардың (сәйкестендіру құралдарының) атауы | Саны | Ескертпе |
________________________________________________________________________________
(егер қосымша болса көрсету)
IV. Алынған құжаттар (сәйкестендіру құралдары) оралған:
________________________________________________________________________________
(оралу түрі, декларантпен, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адаммен, немесе олардың
өкілдерімен, куәгермен, маманмен, кедендік сарапшымен (сарапшымен), құжаттарды
(сәйкестендіру құралдарын) алуды жүргізген мемлекеттік кірістер органы лауазымды
тұлғасымен расталған түсіндірме жазулар пломбаның нөмірі (егер құжаттарды (сәйкестендіру
құралдарын) орау кезінде қолданылса )
V. Қатысқан тұлғалардың өтініштері, ескертулері:
________________________________________________________________________________
(мазмұны және өтініш немесе ескерту жасаған тұлғаның тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
көрсетіледі егер ұсыныс болса - көрсетіледі)
Акті оқылды. Дұрыс жазылды.
Куәгерлер: ___________________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
___________________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
Қатысушы тұлғалар: ___________________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
___________________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
Актіні құрады:
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының лауазымы тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда) ________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының қолы, жеке нөмірлік мөрі)
Осы актінің көшірмесін алды ______________________________________________________
(тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)
"_____" _____________ 20__ жыл. (акті көшірмесін алу күні)