"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
_____________ Д.Т. Ақышев
2018 жылғы 22 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен бекітілген |
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген және валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (келісім бойынша) осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша немесе екінші деңгейдегі банктермен сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) табыс етеді.
3. Қағида Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды, олар үшін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды болып табылады.
2-тарау. Қорытындыны беру тәртібі
4. Мемлекеттік кірістер органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;
Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.
5. Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуды жолдаған кезде:
салық төлеушінің атауы;
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);
келісімшарттың нөмірі және күні;
сұрау салынған кезең;
нұсқаманың тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.
Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сондай-ақ келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі.
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидасына қосымша | |
нысан |
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды
20___ жылғы "__" _______ бастап 20___ жылғы "__" __________аралығындағы кезеңге
№ | Тексерілетін салық төлеуші | Шот валютасы | Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер | Келісімшарттың нөмірі | Келісімшартты есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле паспортының нөмірі және күні | |||
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі | Салық төлеушінің атауы | Жөнелтушінің атауы | күні | төлем сомасы | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Келісімшарт бойынша жиынтығы:________________________
Ескертпе: 9-баған экспорт бойынша келісімшарттарды есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.
Осы нысанның қосымшасында қорытындыны толтыру жөніндегі түсіндірме келтірілген.
Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындысына қосымша |
"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
6. Нысан мына үлгіде толтырылады:
нысанның 1 – бағанында қатардың рет нөмірі көрсетіледі;
нысанның 2 – бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі;
нысанның 3 – бағанында салық төлеушінің атауы көрсетіледі;
нысанның 4 – бағанында "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі;
нысанның 5 – бағанында жіберушінің атауы көрсетіледі;
нысанның 6 – бағанында күні көрсетіледі;
нысанның 7 – бағанында төлем сомасы көрсетіледі;
нысанның 8 – бағанында келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
нысанның 9 – бағанында келісімшартты есепке алу нөмірі және оны берген күні не мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі (экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірі немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады).
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күшін жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1465) жарияланған).
2. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 146 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7487 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2012 жылғы 8 мамырындағы № 65 (2247) жарияланған).
3. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 287 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7737 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 15 маусымдағы № 187-188 (27006-27007) жарияланған).
4. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8405 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28147) жарияланған).
5. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысынын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 574 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10159 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).