"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 106-бабы 3-тармағына, 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7-тармағына, 141-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген сомасы, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай:
1) 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 "Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10989 тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 "Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12614 тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына 1-қосымша |
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің артық төленген,есепке жатқызу және (немесе) қайтару қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 108-бабы 5-тармағына, 109-бабы 7- тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке төлеу, артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызу (қайтару) тәртібін анықтайды.
2-тарау. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі
2. Қазақстан Республикасында төлеуге жататын кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомалары төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсете отырып, мыналарды:
кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды және Кодекстің 40-тарауына сәйкес халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын шығаруды не Қазақстан Республикасының аумағында Кодекстің 157-бабының 4-тармағында, 163-бабының 3-тармағында, 174-бабының 4-тармағында, 362-бабының 8-тармағында, 363-бабының 4-тармағында және 371-бабының 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды дұрыс кедендік декларацияламай, заңсыз өткізуді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталғанда, кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу осы мән-жайлар және (немесе) тауарларды заңсыз өткізу анықталған мемлекеттік кірістер органында жүргізіледі;
тауарларды шығару орнында төлем жүргізетін жеке тұлғалар-бейрезиденттерді қоспағанда төленеді.
3. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлеушілер немесе төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар жүргізеді. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеуші тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органының – бенефициардың деректемелері көрсетіледі.
4. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар, ұлттық валютада қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілде, сондай-ақ Кодекстің 110, 112 - баптарында белгіленген тәртіпте есепке жатқызуды жүргізу арқылы бюджетке төлейді.
5. Төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеген кезде төлем құжатының төлем мақсатында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жүргізілетін төлеушінің толық атауын, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін қосымша көрсетеді.
6. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуші бюджетке Кодекстің 77, 90, 124, 351-баптарына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 425, 475-баптарында көзделген мерзімдерде төлейді.
7. Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту Кодекстің 91-бабына сәйкес жүргізіледі.
8. Салықтарды төлеу мерзімін өзгерту Кодекстің 91-бабына сәйкес және Салық кодексінің 49, 50-баптарына сәйкес жүргізіледі.
9. Төлеушілер кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды бюджетке төлеуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік кірістер органдары кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың бюджетке төлеушіден немесе төлеушінің шотына үшінші тұлғадан уақтылы және толық түсуін бақылауды, төлеуге есептелген (есепке жазылған) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың әрбір түрін салыстыру жолымен жүзеге асырады.
11. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу Қазақстан Республикасы кірістерінің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің кірістердің тиісті коды "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 тіркелген) бойынша жеке жүргізіледі (бұдан әрі – бюджеттік сыныптама кодтары).
12. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық (қате) төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Кодекстің 110, 111 және 112-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жүргізіледі.
13. Кодекстің 110-бабына сәйкес кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын мемлекеттік кірістер органы Кодекстің көзделген жағдайларда, 12-тарауында төлеушінің өтінішінсіз, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың осы және (немесе) басқа түрлері бойынша осындай берешекті өтеу есебіне есепке жатқызады.
14. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың бойынша берешектер болмаған жағдайда, төлеушінің өтініші бойынша, сол өтініште көрсетілген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебінен есепке жатқызуға жатады.
15. Артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды қайтару Кодекстің 109-бабы 2-тармағы бойынша кедендік баждарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі (толықтай немесе ішінара) міндеттері орындалмағанын ескере отырып ұлттық валютада төлеушінің банктік шотына белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
16. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) мемлекеттік кірістер органы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
17. Қате төленген кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды есепке жатқызу (қайтару):
төлеушінің өтініші;
екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өтініші;
қате фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының жасаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша жүргізіледі.
18. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдарды, пайыздарды, аванстық төлемдер сомаларын екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда Кодекстің 112-бабына сәйкес:
салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған немесе банк шотындағы банкоматы арқылы төлемді жүзеге асырған жағдайда;
екінші деңгейдегі банкке ақшаны қолма-қол салған немесе банктің банк шотындағы – электрондық құрылғылары арқылы төлемді жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік кірістер органы қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүзеге асырады.
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
төлеушінің өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші тіркелген;
кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате сомалары түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
19. Кодекстің 317-бабы 2-тармағында көрсетілген, кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты, егер осындай тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік әкету баждарының төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
20. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға төлеуші сотқа шағым жасаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы көрсетілген соманы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде төлеушінің шотына қайтаруды он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
21. Кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ 2014 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес бюджетке төлеуге жататын өзге де төлемдер есепке алынады (бұдан әрі – Шарт).
22. Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібі, Шарттың 5-қосымшасына сәйкес оларды мүше мемлекеттердің бюджет табысына аудару туралы хаттаманың 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу төлемдерінің, олар бойынша өсімпұлдардың, пайыздардың сомалары төлеушінің кедендік төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешектерін өтеу шотына есепке жатқызудан басқа, өзге төлемдерді төлеу шотына есепке алынбайды.
23. Кедендік әкелу баждарын төлеушілер бюджетке жекелеген төлем құжаттарымен төлейді.
24. Кодекстің 320-бабы 2-тармағында көрсетілген, кері экспорт кедендік режиміне орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың төленген сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы тарауда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
3-тарау. Аванстық төлемдердің төленген сомаларын есепке жатқызу (қайтару) тәртібі
25. Аванстық төлемдердің, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ өзге де ақшаны төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген сомаларды есепке жатқызу (қайтару) Кодекстің 109 және 113-баптарына сәйкес жүргізіледі.
26. Кодекстің 78-бабы 1-тармағына сәйкес алдағы төленетін кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарды төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, кедендік алымдардың салықтардың, нақты түрлері мен сомалары бойынша сәйкестендірілмеген ақшаны аванстық төлемдер деп танылады.
27. Төлеуші кедендік декларацияны берген кезде, жеке шоттағы аванстық төлемдердің сомалары кедендік декларациясының деректері бойынша есептелген кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызуға жатады. Бұл ретте осы есепке жатқызу төлеушінің өтінішсіз кедендік декларация берілген күні жүргізіледі.
28. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызуға төлеушімен өтініш берілген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне, сондай-ақ алдағы төлемдер есебіне аванстық төлемдердің сомаларын осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте есепке жатқызуды жүргізеді.
29. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі берешектері болмаған кезде, төлеушінің өтінішінің негізінде осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте аванстық төлемдердің сомаларын қайтару жүргізіледі.
30. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдер берілген қамтамасыз ету бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанға дейін кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатпайды.
31. Берілген қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдер аталған міндеттемелерді орындау жөнінде кеденді баждарды, салықтарды төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылуы керек. Бұл ретте осы есепке жатқызу өтінішсіз кедендік декларация берілген күні жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына 2-қосымша |
Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 106-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін анықтайды.
2-тарау. Төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібі 1-параграф. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомаларының бюджетке түсуін есепке алу тәртібі
2. Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, , кедендік алымдарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды, өсімпұлдарды, пайыздарды, аванстық төлемдер сомаларын есепке алу мемлекеттік кірістер органдардың автоматтандырылған жүйесінде жүргізіледі.
3. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары төлеушілердің жеке шоттарындағы (бұдан әрі – жеке шоттар) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомаларының есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп төленген) сомаларын есепке алуды жүргізудің дұрыстығы мен уақыттылылығын қамтамасыз етеді.
4. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомаларының бюджетке түсуін есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке шотарда;
2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын есепке жазуға (азайтуға) тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім);
3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қорытынды кітаптарда жүргізіледі.
5. Жеке шоттардағы барлық жазбалар электронды байланыс арқылы келіп түскен тауарға арналған декларациялар, тауарға арналған декларацияны түзету, кедендік кірістер ордерлерінің, төлем құжаттарының (екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) түбіртектері, электрондық терминалдардың чектері, төлем тапсырыстары), оған аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің электрондық төлем құжаттары қоса берілген есептілік нысандары, Тізілімнің және бұл жазбалардың заңдылығын растайтын басқа құжаттардың негізінде уақытылы, хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.
6. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінен электрондық төлем құжаттарын алған кезде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде есеп шоттарды жүргізу үшін жауапты бөлімшемен төлем құжатында деректемелердің дұрыс көрсетілуі тексеріледі.
2-параграф. Төлеушілердің жеке шоттарын ашу
7. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша төлеушілердің міндеттемелерінің орындалуын есепке алуды жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарында жеке шоттар ашылады.
8. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің мемлекеттік кірістер органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме болады. Заңды тұлғалардың және бейрезидент-заңды тұлғалардың жеке шоттарын ашқан кезде мынадай деректемелер:
толық атауы;
бизнес сәйкестендіру нөмірі;
бюджеттік жіктеу коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды көрсетіледі.
9. Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер:
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
бюджеттік жіктеу коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды көрсетіледі.
10. Резидент емес-жеке тұлғалар декларант болған жағдайларда кедендік баждаржы, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарлы, өсімпұлдарды, пайыздарды есепке алу бойынша мәліметтер аталған тұлғалар үшін ашылатын жеке шоттарда жеке басын куәландыратын құжаттардың және ерекше сәйкестендіру нөмірі негізінде көрсетіледі.
3- параграф. Төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібі
11. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомаларын төлеу жөніндегі міндеттемені орындау нәтижесінде жазылған, есептелген, есепке жазылған, төленген (есепке алынған және қайтарылғанды ескере отырып) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомалары көрсетілген құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.
12. Мемлекеттік кірістер органының жеке шотты жүргізуі:
жеке шотты ашуды;
кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомаларын есептелген, есепке жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын кейіннен жеке шотта көрсетуді;
жеке шотты жабуды қамтиды.
13. Жеке шоттардағы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, аванстық төлемдер сомалары ұлттық валютада жүргізіледі.
14. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомаларының есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп төленген) сомаларын жеке шоттар бойынша есепке алу әрбір төлеуші үшін бюджеттік сыныптама кодтары бойынша жеке жүргізіледі.
15. Мемлекеттік кірістер органдарына бюджеттік сыныптама кодтары бойынша бюджетке түскен кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, аванстық төлемдер сомалары бойынша күн сайынғы деректерді ұсынуды электрондық байланыс арқылы аумақтық қазынашылық бөлімше жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік кірістер органының жеке шоттарындағы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың азайтылған, есепке жазылған сомалары, оларды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша жазбалар тауарға арналған декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, тауарға арналған декларацияны түзету, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем ретінде өндірілетін кедендік баждарды, салықтарды есептеу, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар жоқ болса және (немесе) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын есептеу, азайту (оның ішінде тексеру/камералды бақылау нәтижелері бойынша) кезінде аталған құжаттарды ресімдеуді жүргізбейтін мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелері жеке шоттарға мәліметтерді жазуды Тізілімнің негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді мемлекеттік кірістер органы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін бөлімшелерінің лауазымды адамдары толтырады және төлеушінің тіркелген орны бойынша мемлекеттік кірістер органының есеп жүргізу үшін жауапты бөлімшесіне жолдайды.
17. Тізілімді жасаған мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің лауазымды адамы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, арнайы, салықтардың, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын есепке жазуды (азайтуды) жүзеге асыруға негіз болған құжаттармен қоса Тізілім толтырылған күні бірінші дананы есеп жүргізу үшін жауапты бөлімшесіне жібереді.
18. Тізілімнің екінші данасы оны жасаған мемлекеттік кірістер органының құрылымдық бөлімшесінде сақталады.
4-параграф. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын, сондай-ақ аванстық төлемдер сомаларын есептелген, есепке жазылған, азайтылған, төленген,есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын кейіннен жеке шотта көрсету
19. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу міндеттемелерін орындамау үшін өсімпұл белгіленген мерзімдерде, Кодекстің 124-бабы 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10 тармақтарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, жеке шоттарда күн сайын есепке жазылады.
20. Кедендік баждар мен қосылған құн салығын төлеу мерзіміне өзгерісті мемлекеттік кірістер органы төлеушінің жеке шотының "кейінге қалдырылды/бөліп төленді" деген бағанына енгізуді:
мемлекеттік кірістер органы қабылдаған кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту туралы шешім;
қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі ақпарат;
тауарға арналған декларация негізінде жүзеге асырылады.
21. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды, өсімпұлдарды, пайыздарды, аванстық төлемдер сомаларын есепке алуды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында есепке алуды жүргізу үшін жауапты бөлімшенің лауазымды адамы ай сайын жеке шоттардағы операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексереді.
22. Жеке шоттарды тексеру кезінде:
кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған немесе азайтылған сомаларын төлеу мерзімі бойынша, оның ішінде Тізілім негізінде жеке шоттардағы жазбалардың уақыттылығы, дұрыстығы, толықтығы;
бастапқы төлем құжаттары мен қазынашылықтың аумақтың бөлімшесінен нысандар негізінде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың төленген, қайтарылған сомаларының жеке шоттардағы жазбаларының уақыттылылығы, дұрыстығы, толықтығы;
кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну туралы құжаттар мен қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің нысандары негізінде кедендік төлемдер мен қосылған құн салығын төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) бойынша сомалардың жеке шоттардағы жазбаларының уақыттылылығы, дұрыстығы, толықтығы;
төлеушілердің бюджетпен есеп айырысуды жүргізуінің дұрыстығы;
жеке шоттардың барлық бағандары бойы қорытынды жасаудың дұрыстығы;
өсімпұлдың сомаларын есепке жазу мен көрсетудің дұрыстығы;
кедендік төлемдерді, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу мерзімін көрсетудің дұрыстығы тексеріледі.
23. Жеке шоттардың барлығы тексеруге жатады.
24. Лауазымды адам жыл басынан бастап бюджетке түскен кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың жеке шоттарда көрсетілген сомаларының тексеру күніне тиісті бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің деректеріне сәйкестігін тексереді.
25. Есепке алуды жүргізу үшін жауапты бөлімшенің басшысы жарты жылда бір рет есептеу туралы деректерді таратудың, сондай-ақ бюджетке түсімдер туралы құжаттардың және басқа жеке шоттардағы жазбалардың уақыттылығына, дұрыстығына, толықтығына іріктеп тексеру жүргізеді.
26. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің есептелген, есепке жазылған, азайтылған, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын жеке шотта көрсетуді есепке алу мақсатында мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы төленушінің талабы бойынша бір жұмыс күні ішінде жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және төлеушінің деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, аванстық төлемдер сомалары бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған жағдайда, ауытқулар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы және төлеуші туындаған ауытқуларды жою шараларын қолданады. Қажет болған жағдайда төлеушінің жеке шотына түзетулер енгізіледі.
27. Төлеушінің өтініші бойынша осындай өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органы кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша немесе кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың нақты түрлері бойынша Бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы жеке шоттан анықтама береді.
Кодекстің 78-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары аванстық төлемдер салған төлеушінің өтініші негізінде төленген және қайтарылған (есепке жатқызылған) аванстық төлемдер сомалары туралы ақпарат көрсетілетін жеке шоттың анықтамасын ұсынады.
5-параграф. Төлеушілердің жеке шоттарын жабу
28. Жеке шоттарды жабу заңды тұлғаны тарату және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату, жеке тұлғаның жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың күшіне енген шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялауы себебінен – уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.
29. Төлеушінің жеке шоты бойынша қалдық болған жағдайда кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомалары бойынша есеп айырысуды салыстыру жүргізіледі.
30. Жеке шоттар жабылғаннан кейін жеке шотта операциялардың жазбасы жүргізілмейді.
31. Кодекстің 89, 143-баптарында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомалары шоттардан есептен шығарылады.
32. Кодекстің 89, 143-баптарында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдер сомаларының артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару үшін, мемлекеттік кірістер органында мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағалығына мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, сондай-ақ аванстық төлемдер сомаларының артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару ерікті нысанда екі данада ресімделетін және комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару актісі). Артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару актісін мемлекеттік кірістер органының басшысы бекітеді.
Артық (қате) төленген сомаларын есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10129 тіркелген) (бұдан әрі – құжаттаманы жасаудың үлгілік қағидалары) құжаттарды сақтау талаптарына сәйкес тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарында:
біріншісі дана – есепке алуды жүргізу үшін жауапты бөлімшеде;
екіншісі дана – мұрағатта сақталады.
33. Кодекстің 121-бабына сәйкес кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешім қабылдау үшін:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаларды тарату және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату;
банкрот деп тану;
жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың қайтыс болды деп жариялауы негіздеме болып табылады.
34. Заңды тұлғаны және (немесе) жеке кәсіпкерді банкрот деп тану бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті есептен шығару соттың банкроттық рәсімнің аяқталуы туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде:
заңды тұлға бойынша – заңды тұлғаны заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан шығарған соң;
жеке кәсіпкер бойынша – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде жүзеге асырылады.
35. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың берешегін өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімді алдында берешегі бар мемлекеттік кірістер органы қабылдайды.
Мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағасын мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға анықтайды.
Комиссияның құрамына міндетті түрде мыналар:
жеке шоттар жүргізу;
кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша өсімпұлдарды берешекті өндіру;
тауарлар шығарылғаннан кейін бақылау;
тауарлардың кедендік құнын айқындау;
құқықтық қамтамасыз ету үшін жауапты келесі мемлекеттік кірістер органдары бөлімшелерінің басшылары кіргізіледі.
Комиссияның шешімі кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша өсімпұлдарды берешекті есептен шығару актісімен (бұдан әрі – берешекті есептен шығару актісі) ерікті нысанда үш данада ресімделеді.
Берешекті есептен шығару актісіне комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және мемлекеттік кірістер органы басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.
Берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін құжаттаманы жасаудың үлгілік қағидалары талаптарына сәйкес мемлекеттік кірістер органында:
біріншісі – есеп шоттарды жүргізу үшін жауапты бөлімшеде;
екіншісі – берешектермен жұмыс бөлімшілерінде;
үшіншісі – мұрағатта сақталады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына 3-қосымша |
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидалары
1. Осы арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау тәртібін анықтайды.
2. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Кодекстің 141-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, төлеушінің өтініші бойынша жасалады.
3. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Кодекстің 141-бабы 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес заң күшіне енгізілген сот актісінің негізінде жасалады.
4. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы Кодекстің 141-бабы 13-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларымен белгіленген мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйесінен алынған есептелген және төленген төлемдер бойынша мәліметтер болып табылады.
Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларына 1- қосымша нысан |
__________________________________бойынша (кедендік баждың, кедендік алымның, салықтың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждың атауы мен коды) ДЕРБЕС ШОТ
Төлеушінің атауы
________________________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру
нөмірі / Бизнес
сәйкестендіру нөмірі ______________________________ Заңды тұлғаның
________________________________________________ Бизнес сәйкестендіру
________________________________________________ нөмірі______________
Ағымдағы күнтізбелік күннің күні | Операцияны жазған (енгізген) күні | Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат | Төлеу мерзімі | Банктік шоттан есептен шығарған немесе ақшалай енгізген күні | Бюджетке төлемдерді есептеу күні | Кеден төлемдер бойынша есептер | ||||||
есептелді | азайтылды | төленді | қайтарылды | Кейінге қалдырылды/бөліп төленді |
есептер сальдосы (берешек | |||||||
төлем |
төлем | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кестенің жалғасы
Өсімпұл бойынша есептер | Пайыздар бойынша есептер | Қайтарымдарды шегере отырып жыл басынан енгізілді | есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүргізудің мерзімін бұзғаны үшін мемлекеттік кірістер органына өсімпұл есептелді | Өсім пұл төлеушіге есептелді | |||||||
есептелді (кемітілді)(+,-) | Өсім пұл төленді (қай-тарыл-ды) (+, -) | Кейінге қалдырылды/бөліп төленді | Өсімпұл саль-досы (+,-) | пайыздар есептелді (кемітілді) (+,-) | пайыздар төленді (қайтарылды) (+,-) | пайыздар сальдосы (+, -) | |||||
өсімақы сомасы | кезең үшін | өсімпұл сомасы | өсімпұл өтеу кестесі | ||||||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
Ескертпе:
Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды есептеу, есепке жазу, азайту, төлеу, есепке жатқызу, қайтару бойынша барлық жазбалар "Кеден төлемдер бойынша есептер" бағанында жүргізіледі, және ол келесі бағандарға бөлінеді: "Есептелді", "Азайтылды", "Төленді", "Қайтарылды", "Кейінге қалдырылды/бөліп төленді", есептер сальдосы (берешек (-), асыра төлеу (+)). Жеке шоттың "Есеп-қисаптар сальдосы (берешек (-) немесе артық төлем (+))" бағаны келесі арифметикалық әрекеттердің негізінде есептеледі:
"Есептік кезең басындағы есеп-қисаптар сальдосы" бағаны алу "Есептелді" бағаны қосу "Азайтылды" бағаны қосу "Төленді" бағаны алу "Қайтарылды" бағаны қосу "Кейінге қалдырылды/бөліп төленді" бағаны.
Өсімпұлды есепке жазу, азайту, төлеу, есепке жатқызу, қайтару бойынша барлық жазбалар "Өсімпұл бойынша есептеулер" жалпы бағанында жүргізіледі, және ол келесі бағандарға бөлінеді "Есептелді (азайтылды)", "Өсімпұл төленді (қайтарылды)", "Өсімпұл сальдосы".
"Өсімпұл сальдосы (берешек (-) немесе артық төлем (+))" бағаны келесі арифметикалық әрекеттердің негізінде есептеледі:
"Есептік кезең басындағы өсімпұл сальдосы" бағаны алу "Өсімпұл есептелді" бағаны қосу "Өсімпұл азайтылды" бағаны қосу "Өсімпұл төленді" бағаны алу "Өсімпұл қайтарылды" бағаны қосу "Кейінге қалдырылды/бөліп төленді" бағаны.
Пайыздарды есепке жазу, азайту, төлеу, есепке жатқызу, қайтару бойынша барлық жазбалар "Пайыздар бойынша есептер" жалпы бағанында жүргізіледі, және ол келесі бағандарға бөлінеді: "Пайыздар есептелді (азайтылды)", "Пайыздар төленді (қайтарылды)", "Пайыздар сальдосы".
"Пайыздар сальдосы (берешек (-) немесе артық төлем (+))" бағаны келесі арифметикалық әрекеттердің негізінде есептеледі:
"Есептік кезең басындағы пайыздар сальдосы" бағаны алу "Пайыздар есептелді" бағаны қосу "Пайыздар азайтылды" бағаны қосу "Пайыздар төленді" бағаны алу "Пайыздар қайтарылды" бағаны.
Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларына 2- қосымша нысан |
Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждар, өсімпұлдар, пайыздар сомаларын есепке жазуға (азайтуға) тізілім
Р/с | Төлеушінің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі /Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) | Төлем (салық) түрі | Бюджет кірістері сыныптамасының коды | Тауарлар декларациясы және басқа құжаттар бойынша есепке жазуға (азайтуға) (+, -) | ||||||||
Дербес шотқа жазба жасалатын құжат | төлеу мерзімі | төлем (салық) сомасы | өсімпұл сомасы | Пайыздар сомасы | |||||||||
Құжат атауы | Есеп бері түрі | Құжат нөмірі | Құжаттың күні | Есептеу үшін | Азайту үшін | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Тізілімді:________________________________________________________ тапсырды
(есептеуді (азайтуды) жүргізетін мемлекеттік кірістер органының
бөлімшелерінің лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), лауазымы мен қолы)
Тізілімді: ________________________ қабылдап алып және жеке шоттарға
(есеп шоттарды жүргізу үшін жауапты бөлімшелерінің
лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы мен қолы) тарату жүргізді.
Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларына 3 - қосымша нысан |
Жиынтық қорытындылар кітабы
Жазба | Төлеушінің атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) | Төлемнің/салықтың түрі мен коды | Төлемнің/салықтың түрі мен коды | Барлығы жеке шоттар бойынша | |||||||||
Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) | Кірі с | Ш ығ ы с | Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) | Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) | Кірі с | Ш ы ғ ы с | Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) | Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -) | Кірі с | Ш ы ғ ы с | Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1 | ||||||||||||||
2 | ||||||||||||||