"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары, мерзімі және нысаны бекітілсін.
2. "Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 554 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14399 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрығымен бекітілді |
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары, мерзімі және нысаны 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидалары, мерзімі және нысаны (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - субъектілер) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан (бұдан әрі-көз) алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) мемлекеттік кірістер органына ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мәліметтерді табыс ету тәртiбi мен мерзімі.
2. Субъектілер орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына 1 теңгеден артатын мөлшерде, көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді қызметтің мынадай түрлеріне табыс етеді:
заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың құқығын қорғау және өкілі болу, сондай-ақ оларға консультация беру;
қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамалар жүргізу және зерделеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамаларын және әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру;
көрсетілген қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпараттарды жинау, талдау және тарату.
3. Мәліметтерді ұсынудың есепті кезеңі көздерден ақшаны және (немесе) алған және жұмсаған және (немесе) өзге де мүлікті өткізген жарты жылдық болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мәліметтер осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша есепті жарты жылдықтан кейінгі екінші айдың 15-інен (он бес) кешіктірмей табыс етіледі. Көрсетілуге жататын мәліметтер болмаған жағдайда, аталған мәліметтер нөлдік мәнмен табыс етіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) тексерілетін салықтық кезең бойынша бұрын табыс етілген мәліметтерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
6. Мәліметтерді субъектілерден алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті толық жұмсағанға дейін ұсынуға жатады.
7. Субъектіге ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті бір салықтық кезеңінің көзінен қайтарған жағдайда, алынған ақшалар және (немесе) өзге де мүлік көрсетілген бағанаға деректемелерді толтыра отырып мәлімет табыс етеледі, "минус" белгісі көрсетілетін, жиынтық мәні көзделетін бағаналарды қоспағанда, келесі жолдарда бағаналардың барлық деректемелері қайталанады.
8. Өзгерістер енгізген кезде "минус" белгісі көрсетілетін, жиынтық мәні көзделетін бағаналарды қоспағанда, бағаналардың бұрын көрсетілген барлық деректемелерін толтыра отырып, "Қосымша" түрін белгілей отырып мәліметтер табыс етіледі. Деректемелер және сомасы (дұрыс) жаңа жол бағаналарына жаңа мәнмен енгізіледі.
9. Толықтырулар енгізу кезінде жаңа деректерді көрсете отырып "Қосымша" түрімен мәліметтер табыс етіледі, бұл ретте нөмірлеу кезекті (қосымша) мәліметтердің соңғы жолынан кейінгі жолдан басталады.
10. Субъектілер мәліметтерді таңдауы бойынша:
келу тәртібінде – қағаз тасымалдағышындаі;
салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол берілетін, электронды нысанда табыс етеді.
11. Қағаз тасымалдағышындағы мәліметтер екі данада жасалады, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, субъектілер қол қояды және мөрмен куәландырылады.
Бұл ретте бір данасы мәліметтің кіріс нөмірі міндетті түрде көрсетілген мемлекеттік кірістер органының белісін қоя отырып тұлғаға қайтарылады.
Одан кейін мәліметтер тіркеледі және мемлекеттік кірістер органы салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесіне деректерді енгізуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік кірістер органдары қағаз тасымалдағышындағы мәліметтерді қабылдаған күн қағаз тасымалдағышында мәліметтер табыс етілген күні болып табылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.05.2019 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілетін электронды нысандағы мәліметтер тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
13. Тұлға, электронды нысанда табыс етілген мәліметтер бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабының тіркеу нөмірін беру арқылы мемлекеттік кірістер органының мәліметтерді қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы растауды субъект электронды нысанда алады.
Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күн электронды нысанда мәліметтерді қабылдаған күн болып табылады.
14. Егер:
1) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе, немесе
2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі - ЖСН/БСН) көрсетілмесе немесе дұрыс емес көрсетілсе;
3) ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген субъектінің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) қағаз тасымалдағышында жасалған мәліметтерге жеке тұлға не тұлғаның басшысы қол қоймаған, сондай-ақ мөрмен (ол болған кезде) куәландырмаған жағдайда мәліметтер мемлекеттік кірістер органына табыс етілмеген болып саналады.
14. Мәліметтер, егер:
1) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН) көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
3) ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген көздің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) қағаз жеткізгіште жасалған мәліметтерге жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаның, тұлға басшысының қолы қойылмаса, сондай-ақ мөрімен куәландырылмаса мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілмеген болып саналады.
Ескерту. 2-тарау 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.05.2019 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы ұсынылатын мәліметтер" есептілігінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме (018.00 нысан)
1. "Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат" деген бөлімде мынадай деректер:
1) ЖСН (БСН) - " Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 29-бабының 1-тармағының бірінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған субъектілердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
2) Жеке тұлғаның тегі, аты әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлімше атауы - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған субъектінің тегі, аты әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы;
3) мәліметтер табыс етілетін салықтық кезең - субъектінің көздерден алынған ақша және (немесе) жұмсалғаны және (немесе) өзге де мүліктер өткізілген есепті кезең (жарты жылдық, жыл) (араб цифрларымен көрсетіледі);
4) мәліметтердің түрі көрсетіледі.
Тиісті ұяшық мәліметтерді негізгі немесе қосымшаға жатқызуды ескере отырып белгіленеді.
2. "Ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны және жұмсаған туралы" деген бөлімде:
1) 018.00.001 жолда, Көздерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы, алған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада Мәліметерге қоса берілетін тізілімнің (бұдан әрі – Алғаны туралы тізілім) "В" және "F" бағандарының қортынды сомасы көрсетіледі;
2) 018.00.002 жолда ақшаны және (немесе) өзге де мүліктерді жұмсаған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада Мәліметерге қоса берілетін, Көздерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүліктерді жұмсағаны туралы тізілімнің (бұдан әрі – Жұмсағаны туралы тізілім) "F" және "К" бағандарының қортынды сомасы көрсетіледі;
3. "Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың (құрылымдық бөлімшелердің) жауаптылығы" деген бөлімде:
1) "Жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның (құрылымдық бөлімшенің) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)" деген жолда субъектінің немесе басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және мәліметтер берілген күн көрсетіледі;
2) мәлімет берілген күн - мемлекеттік кірістер органына хабарлама берген ағымдағы күн;
3) тұрғылықты/орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) "Мәліметтерді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, жөні (болған кезде)" деген жолда мәліметтерді қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, жөні (болған кезде) және мәліметтерді қабылдаған күні көрсетіледі;
5) мәліметтерді қабылдау күні - Салық кодексінің 29-бабының 1-тармағы бірінші бөлімінің 2) тармақшасына сәйкес мәліметтер берілген күн көрсетіледі;
6) мәліметтердің кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органдары берген, мәліметтерді тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Осы аталған тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларын қағаз тасымалдағышта хабарламаны қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері толтырады.
2-тарау. Алғаны туралы тізілім – 018.01 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
4. "Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат" деген бөлімде мынадай деректер:
1) ЖСН (БСН) деген жолда - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған субъектілердің ЖСН немесе БСН көрсетіледі;
2) Мәліметтер табыс етілетін салық кезеңі - субъектінің көздерден ақша алған және (немесе) жұмсалған және (немесе) өзге де мүліктер өткізілген есепті кезеңі (жарты жылдық, жыл) көрсетіледі (араб цифрларымен көрсетіледі);
5. "Ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы ақпарат" деген бөлімде:
1) А бағанында - субъектілердің көздерден алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы деректер көрсетілетін кесте жолдарының реттік нөмірі;
2) В бағанында - ұлттық валютада алған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша іс жүзінде алынған сома көрсетіледі.
В бағанының қорытынды шамасы "Барлығы" деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;
3) С бағанында – іс жүзінде алынған мүліктің (жылжымалы/ жылжымайтын және (немесе) өзге де мүліктер) атауы;
4) D бағанында – іс жүзінде алынған мүліктердің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);
5) Е бағанында - іс жүзінде алынған мүліктің саны;
6) F бағанында - іс жүзінде алынған мүліктің алған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютадағы құны көрсетіледі.
F бағанының қортынды шамасы "Барлығы" деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;
7) G бағанында – ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған нақты күн;
8) Н бағанында - қызмет түрі:
А - заңдық көмек көрсету, оның ішінде құқықтық ақпарат беру, азаматтардың және ұйымдардың мүддесін қорғау және өкілі болу, сондай-ақ оларға консультация беру;
В - қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамалар жүргізу және зерделеу (коммерциялық мақсатта жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамаларын және әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру;
С - көрсетілген қызмет коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпараттарды жинау, талдау және тарату;
9) І бағанада - ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу көзінің коды:
1 - шет мемлекет;
2 - халықаралық және шетелдік ұйымдар;
3 - шетелдіктер;
4 - азаматтығы жоқ тұлғалар;
10) J бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді берген резиденттік елдердегі дереккөздердің атауы көрсетіледі;
11) K бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді берген дереккөздердің елінің атауы көрсетіледі;
12) L бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді берген субьектінің резиденттік елдегі тіркеу нөмірі. Азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі көрсетіледі;
13) M бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы құжаттың күні (құжат болған жағдайда);
14) N бағанында - ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны туралы құжаттың нөмірі (құжат болған жағдайда);
15) O бағанында - төлем түрі (қолма-қол ақша алған жағдайда - 1, қолма-қол ақшасыз - 2);
16) P бағанында - банктің атауы көрсетіледі.
3-тарау. Жұмсағаны туралы тізілім – 018.02 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
6. "Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат" деген бөлімде мынадай деректер:
1) ЖСН (БСН) деген жолда - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған субъектілердің ЖСН немесе БСН;
2) Мәліметтер табыс етілетін салықтық кезең - көздерден жұмсалған ақша және (немесе) мүліктер өткізілген есепті кезең (жарты жылдық, жыл) (араб цифрларымен көрсетіледі);
3) А бағанында - субъектілердің көздерден алған ақша және (немесе) өзге де мүліктерді жұмсағаны туралы ақпарат көрсетілетін кесте жолдарының реттік нөмірі;
4) В бағанында – көздерден ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған субъектілердің ЖСН немесе БСН;
5) С бағанында - көздерден ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алған субъектілердің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы;
6) D бағанында - ақшаны жұмсау немесе өзге де мүлікті өткізу күні;
7) Е бағанында - ақшаны жұмсау немесе өзге де мүлікті өткізу құжатының нөмірі;
8) F бағанында – ақшаны жұмсаған күнгі валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютадағы жұмсалған ақшаның сомасы көрсетіледі.
F бағанының қортынды шамасы "Барлығы" деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;
9) G бағанында - төлем түрі (ақшаны қолма-қол алған жағдайда - 1, қолма-қол ақшасыз - 2);
10) Н бағанында - өткізілген мүліктің атауы, мұнда іс жүзінде алынған жылжымалы/жылжымайтын мүлік және (немесе) өзге де мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі;
11) І бағанында - сәйкестендіру нөмірі (болған кезде);
12) J бағанында - өткізілген мүліктің саны;
13) К бағанында – мүлікті сату күні валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютадағы өткізілген мүліктің құны көрсетіледі.
К бағанының қортынды шамасы "Барлығы" деген жол бойынша көрсетіледі және барлық парақтардың аталған бағанында көрсетілген барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады.
Мемлекеттік кірістер органдары мәліметтерді қабылданғаны немесе қабылдамауы туралы растау
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
Салық төлеушінің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_________________________________________________________________
Мәлімет нұсқа нысанының коды
Мәлімет нысанының түрі___________________________________________
Мәлімет нысанының атауы_________________________________________
Салық кезеңі
Қабылдау тәсілі____________________________________________________
Алушы - мемлекеттік кірістер органының коды_________________________
Мәлімет құжатының кіріс (тіркеу) нөмірі: _____________________________
Мәліметтерді өңдеу | Жүйе | Мәртебесі | Күні/уақыты |
Мәліметтерді қабылдау кезіндегі қателіктер:
Қолданбалы сервердің қолтаңбасы