Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 наурызда № 16468 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 245 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 165-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып келесі заңды тұлғалар айқындалсын:

      1) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы;

      2) "Транстелеком" акционерлік қоғамы;

      3) "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 19.04.2019 № 363 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Д. Абаев ______________________

      2018 жылғы 19 ақпан