"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері;
2) 01.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 бұйрығымен.3) 01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 бұйрығымен.
4) 01.10.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына 1-қосымша |
Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Қызмет түрлері |
1 | 2 |
1. | Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату |
2. | Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату |
3. | Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату |
4. | Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату |
5. | Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату |
6. | Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сату |
7. | Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы |
8. | Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
9. | Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет |
10. | Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы |
11. | Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату |
12. | Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу |
13. | Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату |
14. | Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату |
15. | Сусындарды көтерме саудада сату |
16. | Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату |
17. | Тоқыма бұйымдарын сату |
18. | Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату |
19. | Киімдерді сату |
20. | Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
21. | Сағат және зергерлік әшекейлерді сату |
22. | Ломбард қызметі |
23. | Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі |
24. | Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару |
25. | Жарнама агенттіктерінің қызметі |
26. | Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі |
27. | Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі |
2, 3, 4-қосымшалармен толықтыру көзделген – ҚР Қаржы министрінің 27.11.2018 № 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.