БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 42-3.3.12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде № 14503 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған № 246 (28974) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген 3 және 4-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының орынбасары - бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
М. Қасымбеков |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова
2018 жылғы 19 ақпан
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім"
республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1-1 | Басшының орынбасары |
А2 | 1 | Қаржы - әкімшілік қызметінің басшысы, бас бухгалтер |
1-1 | Қаржы - әкімшілік қызметі басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары | |
2 | Қызмет басшысы: этносаралық қатынастарды талдау мен мониторинг жасау және әдістемелік қамтамасыз ету, республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету | |
2-1 | Қызмет басшысының орынбасары: этносаралық қатынастарды талдау мен мониторинг жасау және әдістемелік қамтамасыз ету, республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету | |
А3 | 1 | Бөлім басшысы: құжаттамамен және кадрлық қамтамасыз ету, ұйымдастыру жұмысы |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 2 | Бас сарапшы |
3 | Жетекші сарапшы | |
4 | Аға сарапшы, кеңесші | |
5 | Сарапшы | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 | Бас инспектор, бас әкімгер, бас инженер, бас энергетик, бас экономист, дизайнер, кітапхана меңгерушісі, қойма меңгерушісі | |
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, желілік әкімгер, ғимараттың әкімгері, инспектор, инженер, заң кеңесшісі, кадрлар және құжаттама жөніндегі инспектор | |
С3 | Механик |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері
лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы (басқарушы персонал) | ||
А1 | 1 | Басшы |
1-1 | Басшының орынбасары | |
А2 | 1 | Бас бухгалтер |
1-1 | Бас бухгалтердің орынбасары | |
2 |
Бөлім басшысы: әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, әлеуметтік-саяси зерттеулер, ақпараттық-талдау жұмысы, халықаралық зерттеулер, өкілдік. | |
2-1 | Бөлім басшысының орынбасары: ақпараттық-талдау жұмысы | |
А3 | 1 | Бөлім басшысы: кадр жұмысы және құжаттама, ұйымдастыру жұмысы |
1-1 | Бөлім басшысының орынбасары: кадрлар жұмысы және құжаттама, ұйымдастыру жұмысы | |
В блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер |
2 | Бас сарапшы, жетекші ғылыми қызметкер | |
3 | Жетекші сарапшы, аға ғылыми қызметкер | |
4 | Аға сарапшы, ғылыми қызметкер, кеңесші | |
5 | Сарапшы, кіші ғылыми қызметкер | |
С блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 | Кітапхана меңгерушісі, шаруашылық бөлімшенің меңгерушісі | |
С2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, экономист, инженер, заң кеңесшісі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, кадрлар және құжаттама жөніндегі инспектор, аудармашы, мұрағатшы, кітапханашы, редактор, дизайнер |