"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабының 8-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін растауы туралы қағидалары бекітілсін.
2. "Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 27 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10311 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің
және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін
растауы туралы қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер.
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін растауы туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабының 8-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін (бұдан әрі – жанама салықтар) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерде (бұдан әрі – Өтініш) растауы туралы тәртібін айқындайды.
2. Өтініш беру Салық кодексінің 456-бабының 3-тармағына сәйкес қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық түрде немесе Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық түрде жүргізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің
және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін
растауы туралы тәртібі
1-параграф. Қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық түрде ұсынылған
Өтініштерде жанама салықтардың төленген фактісін растауы немесе осындай
растаудан уәжді бас тартуы
3. Мемлекеттік кірістер органдары қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық түрде ұсынылған Өтініштерде жанама салықтардың төленген фактісін растауды және Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап қағаз жеткізгіште он жұмыс күні ішінде ұсынылған Өтініштердің төрт данасында тиісті белгілерді қою арқылы жүргізеді.
4. Жанама салықтардың төленген фактісін растау туралы белгі Өтініштің екінші бөліміне қойылады және:
белгі қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
мемлекеттік кірістер органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетіле отырып, оның қолымен;
мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіле отырып, мөрімен куәландырылады.
5. Өтініштің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге не оның өкіліне қайтарылады.
Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді тіркеу журналына қол қойып, Өтініштің тиісті үш данасын алады.
6. Мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтардың төленген фактісін растаудан бас тартуды қағаз жеткізгіште Өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салықтарын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартылуы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жасалады. Уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ табыс етілген Өтінішті кері қайтарып алу және жаңа Өтініш ұсыну қажеттілігі көрсетіледі.
Уәжді бас тарту екі данада басып шығарылады, бір данасы мемлекеттер кірістер органында қалады, екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге немесе оның өкіліне табыс етіледі.
7. Жанама салықтардың төленген фактісін растаудан уәжді бас тарту мынадай жағдайларда:
1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкес келмеуі, оның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келмеуі анықталғанда;
2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталғанда;
3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмегенде;
4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбегенде;
5) оған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілгенде;
6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмегенде;
7) Өтініш 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары туралы ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмағанда;
8) Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінен анықталған жағдайда, жанама салықтардың төленген фактісін растаудан уәжді бас тарту бұзушылық анықталғаны жөніндегі Өтініш бойынша ғана жүргізіледі.
Бұл ретте, Салық кодексінің 458-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілген Өтініш импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі.
2-параграф. Электрондық түрде ұсынылған Өтініштерде жанама салықтардың
төленген фактісін растауы немесе осындай растаудан уәжді бас тартуы
8. Мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 456-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық түрде табыс етілген Өтініштер бойынша жанама салықтардың төленген фактісін растауды, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге дәлелденгені туралы хабарлама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталып электрондық түрде жүргізеді.
9. Жанама салықтардың төленген фактісін растаудан бас тарту электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық түрдегі Өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органымен уәжді бас тарту салық төлеушіге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салықтарын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартылуы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталып электрондық түрде жүргізіледі. Уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ табыс етілген Өтінішті кері қайтарып алу және жаңа Өтініш ұсыну қажеттілігі көрсетіледі.
10. Жанама салықтардың төленген фактісін растаудан уәжді бас тарту, осы Қағиданың 7-тармағының 1), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жанама салықтар бойынша декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде оларды растаудан уәжді бас тарту анықталған жағдайда, жанама салықтардың төленген фактісін растау тек осындай анықталған бұзушылықтар жөніндегі Өтініштер бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, Салық кодексінің 458-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған Өтініш импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың
төленгені туралы өтініштерді тіркеу журналы
Тірке у нөмері | Өтінішттерді мемлекеттік кірістер органына табыс еткен күні |
Салық төлеушінің атауы | БСН /ЖСН |
Өтініштер | Өтініштерді тіркеген мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т. А.Ә. (ол болған жағдайда) | Өтініштерді тіркеген мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасның қолы | Өтініштерге мемлекеттік кірістер органының белгі қойған күні | Өтініштердің 3 данасын қолма-қол табыс еткен (поштамен жолданған) күні | Мемлекеттік кірістер органының белгісімен Өтініштердің 3 данасын алған тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Мемлекеттік кірістер органының белгісімен Өтініштердің 3 данасын алған тұлғаның қолы | Белгіні қойған (белгі қоюдан бас тарту туралы хабарламаны дайындаған) лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | Салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органының белгі қойыудан бас тарту туралы хабарламаны жолдаған күні | |
Қолма- қол табыс етілді табыс етілген | поштаме н жолданды | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған
акцизделетін тауарлар бойынша акцизді және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн
салықтарын төлеу фактісін растаудан уәжді бас тарту
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25
желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы 9-тармағының негізінде
________________________________________________________________________________
мемлекеттік органының атауы
Сізге _____________________________________________________________________
салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты
(ол болған жағдайда) немесе атауы
ЖСН (БСН) _______________________________________________________________
тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (328.00-нысан)
бойынша жанама салықтардың төленген фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды.
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі және күні
Нөмірі _________________ Күні _______________
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тіркеу нөмірі
________________________________________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі декларацияны тіркеу нөмірі
________________________________________________________________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның түрі:
________________________________________________________________________________
Салық кезеңі: жылы __________ айы ______________
Мынадай (тиісті ұяшыққа Х көрсетіңіз):
1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар
бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкес келмеуі, оның
ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша
төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште есептелген жанама салықтардың
сомасына сәйкес келмеуі анықталған
2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің
456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған
3) қағаз жеткізгіште табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық органына
электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмеуі
4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір
мезгілде табыс етілген Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары
төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеуі
5) оған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын
салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама
салықтар сомалары төмендетілген
6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша
жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және
жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына
сәйкес келмеуі
7) Өтініш 2009 жылғы 11 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жанама салықтардың төленген сомалары
туралы ақпараттарды электрондық түрде алмасу туралы хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс
ету қағидаларына сәйкес толтырылмауы
8) Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеуі
себептері бойынша (тиісті торкөзде Х көрсетіңіз)
Анықталған бұзушылықтың мәні
__________________________________________________________________________
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, табыс етілген Тауарларды әкелу және жанама
салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу және уәжді бас тарту алынған
күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, жаңа Өтінішті
табыс ету қажет.
Мемлекеттік органның басшысы (Басшының орынбасары)
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты
(ол болған жағдайда), қолы, күні)
Мөр орны
Салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілгені (жіберілгені) туралы белгі:
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты
(ол болған жағдайда), қолы, күні)
Алғаны туралы белгі
________________________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)
Жанама салықтардың төленген фактісін растау туралы хабарлама
(босатылған немесе өзге де төлеу тәртібі)
Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі ХХХХХХХХХХХХ
Сатып алушының атауы _____________________________________________________
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің деректемелері
№ ХХХХХХХХ от ХХ.ХХ.ХХХХ
Салықтық кезең _________
Жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі
__________________________________________________________________________
Жанама салықтардың төленгені туралы кері қайтару өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі
__________________________________________________________________________
Жанама салықтардың төленгені туралы түзетілген өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі
__________________________________________________________________________
Мемлекеттік кірістер органының коды ХХХХ
Жанама салықтардың төленген фактісін растаған мемлекеттік органның лаузымды
тұлғасының аты, тегі және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
Жанама салықтардың төленген фактісін растау күні _____________________________
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны тіркеу нөмірі
__________________________________________________________________________
Атауы | Сомасы | Валюта коды |
Қолданбалы сервердің қолы
Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі\Өтініштің тіркеу нөмірі\ __ парақта__