Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 21-бабының 2-тармағына, 552-бабының 3-тармағына және 623-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған нысандар:
1) салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанция осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) салық заңнамасында көзделген жағдайларда қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10480 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған);
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2016 жылғы 23 мамырдағы № 250 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13822 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығына 1-қосымша нысан |
Салық төлеуші-жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын және жер салығын жинауға арналған квитанция
Нысан ЖТ - № 1 № КВИТАНЦИЯ Серия Салық төлеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________________ Ф.И.О. (при его наличии) налогоплательщика ЖСН (ИИН) Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі Идентификационный номер транспортного средства Тұрғылықты мекенжайы, телефоны ________________________________________________ Адрес места жительства, телефон | |||||
Салықтың атауы |
Салық коды |
Ағымдағы жылға сомасы ТТК (төлемді тағайындау коды) 911 |
Өткен жылдардың бересісі ТТК (төлемді тағайындау коды) 994 |
Өсімпұлдар ТТК (төлемді тағайындау коды) 992 |
Жиыны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық | 104102 | ||||
Елді мекендер жерлеріне жер салығы | 104302 | ||||
Елді мекендердің жерлеріне жер салығын қоспағанда, жер салығы | 104309 | ||||
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық | 104402 | ||||
Барлығы | |||||
Соманы жазумен, бас әріппен, бос қалған жол бойынша – сызықша. Дата выдачи: день месяц 20 год | |||||
М.О. Төледім | |||||
Алдым |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығына 2-қосымша нысан |
Салық заңнамасында көзделген жағдайларда, қолма-қол ақша қабылдау үшін қатаң есептілік бланкі
Квитанцияның түбіртегі Сериясы № Төлемнің мақсаты:_______________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ |
Төлем сомасы __________________________________________________________________ |
Квитанция Сериясы № Төлем сомасы _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ (санмен және жазбаша түрде) Квитанцияны берген уәкілетті мемлекеттік органның атауы: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ Берілген күні: 20__ж."__"________________ Квитанцияны берген лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), М.О. қолы:____________________________ _______________________________________________________________________________ Төлеушінің қолы ________________________________________________________________ |