БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасы (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - КҚҚБ);
2) облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – КҚҚД);
3) облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (бұдан әрі - ҰҚКД);
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕАК).
9. Әрбір рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет алуына, тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың толықтығын қамтамасыз етуге арналған өтінішпен жүгінген күні арызды қабылдау – 30 минут;
Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда журналда тіркеу және алу туралы талон беру.
Құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда қайтару.
2) құзыретті органдармен одан әрі келісу үшін ілеспе хатты ІІД КҚҚБ-ға жолдау және ұлттық қауіпсіздік органдарымен одан әрі келісу үшін күнтізбелік 3 күн ішінде орындаушының "Бүркіт" БАЖ-ға ақпарат енгізуі;
3) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйелер арқылы "Бүркіт-ІІМ" және ҚСжАЕАБ кіші жүйесінде ІІД КҚҚБ-ның қабылданған құжаттардың дұрыстығы мен негізділігіне есептегі іске тексеріс жүргізуі және материалдарды келісуге күнтізбелік 3 күні ішінде жолдауы;
4) күнтізбелік 30 күн ішінде жолданған материалдарды мемлекеттік органдармен келісу;
5) мүдделі органдардың жауаптарын өңдеу және орындаушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беру туралы немесе бас тарту туралы негізделген жауабы жөнінде ІІД (ІІБ) негізделген қорытындысын шығаруы - күнтізбелік 7 күн ішінде;
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруіне немесе бас тартуына негіз болған барлық материалдарды зерделегеннен кейін ІІД (ІІБ) басшылығының қорытынды шығару немесе бас тарту туралы жауапқа қол қоюы - күнтізбелік 10 күн ішінде;
7) ІІД КҚҚБ орындаушысының қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті берушіге хабарлама жолдауы - күнтізбелік 3 күн ішінде;
8) оң қорытынды шығарған кезде "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ШҚТ ТП) арқылы көрсетілетін қызметті алушыны өтініш білдірген күні тіркеу;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруден бас тарту туралы қорытынды шығарған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 3 күн ішінде жазбаша хабардар етіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) қалалық, аудандық, (қаладағы) аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімінің) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) (бұдан әрі - КҚПб) қызметкері;
2) қалалық, аудандық, (қаладағы) аудандық Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
3) облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі – КҚҚБ) қызметкері;
4) Көші-қон қызметі комитетінің (бұдан әрі – КҚҚҚ) қызметкері;
5) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АӨО" РМК).
9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) бірізділігінің сипаттамасы:
1) құжаттар пакетін қабылдау және тексеру.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген күні көрсетілетін қызметті беруші халықты құжаттандыру және тіркеу жүйесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұрын берілген құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асырады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзінің қатысуымен көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді және жеке қолтаңбасын қоюды жүзеге асырады, тиісті құжатты дайындау үшін формулярды ресімдейді – 30 минут;
Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және талон немесе құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру.
Құжаттар пакетін толық бермеген жағдайда қайтарылады;
2) ресімделген формулярлар 1 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізу үшін электрондық құжаттандыру кезінде ШҚТ ТП "жұмыс орнының" коды арқылы, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде тізілім бойынша КҚҚБ-ға жолданады;
3) КҚҚБ кеңсесінің қызметкері тізілімдер келіп түскен күні оларды тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді – 30 минут;
4) КҚҚБ-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды КҚҚК-ға жолдайды, электрондық құжаттандыру кезінде формуляр "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ШҚТ ТП АЖ) орталық торабына, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде жиынтық тізіліммен жолданады;
5) КҚҚК кеңсесінің қызметкері жиынтық тізілім келіп түскен күні оны тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді – 30 минут;
6) КҚҚД-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды "АӨО" РМК-ға жолдайды;
7) "АӨО" РМК кеңсесінің қызметкері формулярлары бар келіп түскен тізілімдерді тіркейді және оларды құжаттарды дайындау үшін өндіріске береді – 30 мин;
8) дайындалған құжаттар 3 жұмыс күні ішінде КҚҚК-ге қайтарылады;
9) дайын құжаттарды КҚҚК-ның жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде КҚПБ-ға жолдайды;
10) КҚҚБ-ның жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша жолдайды;
11) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, ал көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияда көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері береді" - 20 минут ("Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағы);
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметті көрсету үпроцесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы;
КҚПБ қызметкері;
КҚПК қызметкері;
ШҚТ ТП АЖ;
"АӨО" РМК;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қатысады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалалары департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы "терезе" арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдағыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы № ____ бұйрығына |
|
1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны) | |||
1 | Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны) | 1 | 2 |
2 | ҚФБ атауы | ІІО | ІІО |
3 | Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру | Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау |
4 | Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм) | Журналға тіркеу және алғаны туралы талон беру | Ілеспе хат |
5 | Орындау мерзімі | 30 минут | 3 күнтізбелік күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны) | ||||
1 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2 | КҚПБ | ҰҚКД | ҚСжАЕАКБ | КҚҚБ |
3 | ҰҚКД-де "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" және ҚСжАЕАКБ кіші жүйесінде тексеру | материалдарды келісу | Өтініш берушіні арнайы есептер бойынша тексеру | Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау |
4 | Сұрау салуды жолдау | КҚҚБ-ге "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесінде жауап беру | КҚҚБ-ға жауап | Дәлелді қорытынды |
5 | 3 күнтізбелік күн | 30 күнтізбелік күн | 15 күнтізбелік күн | 7 күнтізбелік күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны) | ||||
1 | 7 | 8 | 9 | 10 |
2 | ІІД басшылығы | КҚҚБ | ІІО | ІІО |
3 | Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы қорытындыны бекіту |
Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлама. | Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беріледі/не рұқсат беруден бас тартылады | Тіркеу есебіне қою |
4 | Қорытындыны бекіту | Өтініш берушіге хабарлау | Рұқсат беру | "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу |
5 | 10 күнтізбелік күн | 3 күнтізбелік күн | 10 минут | 10 минут |
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | |||
1 | Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 |
2 | ҚФБ атауы | ІІО, Мемлекеттік корпорация | ІІО, Мемлекеттік корпорация |
3 | Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру |
Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, фотоға түсіру, ЭЦҚ растау. |
4 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу |
Қызметті алушыға өтінімді электрондық тіркеу талонын беру. |
5 | Орындау мерзімдері | 30 минут | 30 минут |
кестенің жалғасы
1 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2 | ІІО, Мемлекеттік корпорация | КҚҚБ | КҚҚБ | КҚҚБ |
3 |
ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚҚБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі. |
Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚҚК-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта). | КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚҚБ-дан келіп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу | Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру. |
4 | Тізілім | Жиынтық тізілім | Кіріс тіркеу нөмірі | Жиынтық тізілімді өз қолымен растау |
5 | 1 жұмыс күн | 2 жұмыс күн | 1 жұмыс күн | 1 күн |
1 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2 | КҚҚК | "АӨО" РМК | КҚҚК | КҚҚК |
3 | Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге "АӨО" РМК-ға жіберу | Құжаттар дайындау, оларды формулярлармен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу | Дайындалған құжаттардың тізілімдерін тіркеу, тізілімді жіберуге қалыптастыру | Дайындалған құжаттардың тізілімдерімен, дайын құжаттармен, формулярлармен бірге тізілімді және қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін жиынтық тізілімнің данасымен аудандықтармен бірге КҚҚБ-ға жөнелтуге жіберу. |
4 | Ілеспе хат | Дайын құжаттар | Жөнелтуге тізілім | тізілімді КҚҚБ-ға жөнелтуге жіберу |
5 | 1 күн | 4 күн | 1 күн | 1 күн |
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | |||||
1 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
2 | КҚҚБ | КҚҚБ | ҚАІІб | ҚАІІб | Мемлекеттік корпорация |
3 | Келіп түскен тізілімдерді тіркеу және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге беру. | Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен және ҚАІІб тізімінің данасымен бірге ҚАІІб-ге жіберу |
Мемлекеттік корпорациясында ресімделген дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жіберу. |
Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру | Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру |
4 | Ілеспе хат | Ілеспе тізілім | Ілеспе тізілім | Іліеспе тізілім | |
5 | Келіп түскен күні | 1 күн | 1 күн | 10 минут | 10 минут |
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің Анықтамасы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығына 6-қосымша "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 45 бұйрығына 7-қосымша "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша |