Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 ақпанда № 16354 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары бекітілсін.

      2. "Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беруді рәсімдеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1463 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 24, 419 құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      К. Мәсімов_____________

      2018 жылғы 12 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ. Қасымов_____________

      2018 жылғы 10 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      С. Жасұзақов______________

      2018 жылғы 29 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2018 жылғы 4 қаңтардағы
№ 11-1-4/1 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда
тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының
құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).

2-тарау. Құжаттарды қабылдау және жолдау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін арналған құжаттарды ресімдеу үшін өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі – өтініш беруші) шет елдегі мекемеге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспортының көшірмесі, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші еркін үлгіде жазбаша түсініктеме береді.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

      3) отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда – алимент алушылар – егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.

      4) әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама.

      Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама болмаған жағдайда өтініш беруші әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік) түпнұсқасын және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуына байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші ұсынылады.

      Өтініш берушінің әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;

      5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

      6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

      7) мемлекеттiк баждың немесе консулдық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.

      4. Қарастыруға ұсынылған осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарға (бұдан әрі – құжаттар) қатысты шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды.

      Өтініш берушінің отбасының әрбір мүшесiне жеке қорытынды жасалады.

      5. Қорытындылар жасалғаннан кейін шет елдегі мекеме ұсынылған құжаттардың негізінде енгізілетін ақпараттың толық болуын қамтамасыз ете отырып, өтініш беруші туралы тиісті мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізеді.

      6.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) шет елдегі мекеме енгізген өтініш беруші туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-да қарастыруды және келісуді жүзеге асырады. Шет елдегі мекеме "Бүркіт" БАЖ-да өтініш беруші туралы ақпараттың толық болуын қамтамасыз етпеген жағдайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" БАЖ-ға өтініш беруші туралы енгізілген мәліметтерді пысықтау қажеттігі туралы жазбаны енгізеді.

      Шет елдегі мекеме өтініш беруші туралы толық мәліметті "Бүркіт" БАЖ-ға енгізгеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеуді келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      7. Шет елдегі мекеме құжаттармен бірге қорытындыны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті арқылы (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті) өтініш берушінің Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша ішкі істер органына (бұдан әрі – ішкі істер органы) жібереді.

      8. Ішкі істер органы келіп түскен құжаттар мен қорытындыны қарастырып, өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының аумағында өтініш берушінің тұрақты тіркеуінің болуына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеу туралы немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Ішкі істер органы құжаттардың қарастырылу нәтижесі туралы шет елдегі мекемені Консулдық қызмет департаменті арқылы жазбаша хабардар етеді және сонымен бір мезгілде "Бүркіт" БАЖ-ға белгі енгізеді.

      10. Ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеген жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш берушінің төлқұжатына осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттың ресімделгені туралы жазба енгізеді, ол консулдық лауазымды тұлғаның қолымен және мөрімен расталады.

      11. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресімдеуді келісуден бас тартқан немесе ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеуден бас тартқан жағдайда, шет елдегі мекеме өтініш берушіні хабардар етеді.

      12. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеу туралы құжаттарды қарау мерзімі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне құжаттарды берген күнінен бастап есептелінеді және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарында қаралу мерзімін қоса алғанда, үш айдан аспайды.

      13. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат алған тұлғалардың есебі осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат алған азаматтардың есебі жөніндегі жеке журналда жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

САУАЛНАМА – ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған кезде)

      ________________________________________________________________________________
      егер басқа тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) болса, оларды көрсетіңіз
      ________________________________________________________________________________
      туған күні, айы, жылы және жері
      ________________________________________________________________________________
      тұрақты тұрғылықты жері
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты № ________ ___________________ 20__ жыл
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі № _________ ________________ 20__ жыл
      ЖСН ___________________________________________________________________________
      Ұлты ___________________________________________________________________________
      Телефондары: үй. ________________ жұмыс ________________ ұялы ____________________
      ________________________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген мекенжай көрсетілсін)
      мекенжайы бойынша тіркеуден шығарып, маған
      ________________________________________________________________________________
      (мемлекет көрсетілсін)
      Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеуді сұраймын
      Өтініш берудің себебі: ____________________________________________________________

      Бір уақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеуді сұраймын

Т.А.Ә. (бар болған кезде)

Туған күні

Төлқұжат №




      ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
      (ата-анасы, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары)

Т.А.Ә. (бар болған кезде)

Туыстық дәрежесі
(егер қайтыс болса қайтыс болғаны туралы куәлік қоса беру)

Туған жылы мен жері

Болу елі және тұрғылықты жерінің мекенжайы

Жұмыс орны

Неке (лерді) тіркеу орны тіркелген некесі (лері) бар адамдар үшін







      СОҢҒЫ 5 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ

Түскен және босаған жылы

Кәсіпорының, мекеменің атауы

Кәсіпорының, мекеменің мекенжайы

Жұмыс орны

Лауазымы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсаты бар/жоқ, оның ішінде бұрынғы жұмыс (қызмет) орындары бойынша







      Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы)
      20 __ жылғы "_____" __________________________________.
      (өтініш берушінің қолы)
      Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
      20__ жылғы "_____" __________________________________.
      (өтініш берушінің қолы)
      Сауалнама-өтініш 20 __ жылғы "______"____________ қабылданды.
      ________________________________________________________________________________
      (сауалнама-өтінішті қабылдаған консулдық лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған кезде))

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен шыққан
және онда тұрақты тұру үшін
қалуға тілек білдірген Қазақстан
Республикасы азаматтарының
құжаттарын қабылдау және
жолдау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы)
қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының (бөлімінің)
бастығына

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуіне байланысты әскери
есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтамалар
беруге өтініші

      1. ________________________________________________________________________
      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)
      2. ________________________________________________________________________
      (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі)
      3. ________________________________________________________________________
      (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
      4. ________________________________________________________________________
      (отбасы жағдайы)
      5. ________________________________________________________________________
      (тұрғылықты (уақытша келген, тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы)
      6. ________________________________________________________________________
      (соңғы жұмыс орны мен атқаратын лауазымы)
      Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруіңізді сұраймын.
      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      _______________________________ 20__жылғы "___"________ ____________
      (тегі және аты-жөнінің бас әріптері) (қолы)

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
"БЕКІТІЛДІ"
___________________ ________
Қазақстан Республикасының
қолы
Шет елдегі мекемесі Басшысы
(Т.А.Ә. (бар болған кезде))
м.о.

      №_______                                                20__ жылғы "___" ________

Қорытынды

      ________________ Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеу туралы азамат(ша) _____________________________ өтініші бойынша. _________________ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне __________________ Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеу туралы өтінішпен, ______________ туып өскен, _____ жылы туған ______________ өтініш білдірді. ____________________ _____ жылы ___________________________ шықты. _______________________ кетуге дейін_________________________мекен-жайы бойынша тұрған.
      Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген орны: _______________________________
      Қазақстан Республикасында cоңғы жұмыс (оқу) орны: _____________________________
      Қазақстан Республикасында тұратын жақын туыстары:______________________________
      Қазіргі уақытта ___________________________________ мекен-жайы бойынша тұрады. Өтініш берудің себебі: _________________________________________________________
      Баяндалғандарға байланысты, ________________________ Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеу туралы азамат(ша) __________өтінішін қанағаттандыруды мүмкін деп есептейді.
      Қосымша ___________ парақта, құжаттар ___________________________________________.
      м.о. ________________________________________________________________________________ (Құжатты жасаған консулдық лауазымды тұлғаның лауазымы мен Т.А.Ә. (бар болған кезде))

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты
тұру үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын қабылдау
және жолдау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттың
ресімделгені туралы жазба

____________________________ тұрғылықты тұруға кетуге
РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Выезд на постоянное место жительства в _________________
РАЗРЕШЕН
Негіздеме: 20___ жылғы "___" ______ ___ № _____
___________________________ ІІД КҚП шешімі

Основание: Решение УМП ДВД _______________

№______ от "___"___________ 20___ года

Консулдық лауазымды адам/
Консульское должностное лицо ________________
(қолы/подпись) м.о./м.п.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын қабылдау
және жолдау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат алған азаматтардың есебі жөніндегі журнал

№ р/с

Өтініш білдір. ген күні

Т.А.Ә. (бар болған кезде)

Туған күні және жері

ҚР-дағы мекен-жайы мен соңғы жұмыс (оқу) орны

Төлқұжаттың
№ қашан
және кім
берген

Жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының Т.А.Ә. (бар болған кезде)

ҚР-дағы жақын туыстары, олардың мекен-жайы

Шетелдегі мекен-жайы

ҚР СІМ-ге сұраудың нөмірі мен күні

Консулдық алым

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12