Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 ақпанда № 16311 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын ЖБИ тізбесін қарайды, және ағымдағы қаржы жылының 5 мамырынан кешіктірмей салалар мен өңірлер бойынша жеткізілген шығыстар лимиті шегінде ЖБИ тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджет жобасына енгізу қисындылығы туралы қорытынды дайындайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.".

      2. "Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10698 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2017 жылғы 6 маусымда № 106 (29087) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген, Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Инвестициялық жобалар және/немесе іс-шаралар жеке және заңды тұлғалардың қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігіне қатер төндіретін ахуалды болдырмауға, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, елдің озық/жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуына қатер төндіретін ахуалды болдырмауға бағытталған жағдайда бюджеттік инвестициялар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттер ретінде айқындалады және Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына, бағдарламалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өңірде жоспарланған оларды іске асырудың орындылығы тұрғысынан республикалық бюджеттен даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалар бойынша қорытындыны қарайды және дайындайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган іріктеген кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына кейіннен енгізе отырып үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасына енгізіледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірде жоспарланған оларды іске асырудың орындылығы тұрғысынан республикалық бюджеттен даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалар бойынша қорытындысы;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан артық болған жағдайда, бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге бюджетті нақтылау арқылы жүргізілетін жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламаның шығыстары есебінен ұлғаяды.

      Егер Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан кем болған жағдайда, қалған сома тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлінеді не түзету немесе бюджетті нақтылау арқылы алынып тасталады.

      Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайларда Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы алынған күннен бастап нақтылау немесе түзету кезінде бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, республикалық бюджет нақтыланғанға дейін немесе түзетілгенге дейін қаржылық-экономикалық негіздеме ұсынылмаған жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі күнінен бастап нақтыланған немесе түзетілген кезде республикалық бюджеттен алып тасталады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      міндетін атқарушы

      _____________ Р. Дәленов

      2018 жылғы ____________