"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 10-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 590 "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы" бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 12502 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тәуекелдерді сәйкестендіру жылдық негізде жүргізіледі.";
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) нәтижелілігіне – алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ нәтижелердің көрсеткіштеріне, соның ішінде тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Мемлекеттік аудит органдары жылдық негізде ден қоюдың алдын алу шаралары шеңберінде іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізеді.";
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес бюджетті атқару барысында тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге және жоспарланған кезеңге арналған жоспарланған бюджет қаражаты көлемдерінің және нәтижелер көрсеткіштерінің өзгерістеріне негізделген өлшемшарттар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, құрылымдық және аумақтық бөлімшелер бойынша жүзеге асырылады;".
2. Есеп комитетінің Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________Б. Сұлтанов |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы |
_______________Н. Әбдібеков |