"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қаңтарда № 16297 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15819 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыс органы шетелдік жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан және академиялық рейтингтерді жариялайтын агенттіктердің интернет ресурстарынан алынған ақпарат негізінде, сондай-ақ оқу орындарының, шетелдік әріптестердің (тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдардан басқа) ресми өкілдерімен хат алмасу арқылы талдау жасалады, оның нәтижесінде "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдар келесі 1 (бір) және одан да көп өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда Тізімде қалыптастырылады:

      1) оқу орны халықаралық академиялық рейтингтері бірінің: Квакарелли Саймондс әлемдегі үздік университеттер рейтингі (QS World University Rankings), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Таймс басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттер рейтингінің (Times Higher Education World University Rankings) соңғы жарияланымына сәйкес алғашқы 70 (жетпіс) орнының қатарына кіреді;

      2) оқу орны пәндік рейтингтерінің: Таймс басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингі (Times Higher Education World University Rankings by Subject), Квакарелли Саймондс әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингі (QS World University Ranking by Subject), әлем унивеситеттерінің академиялық пәндік рейтингінің (Academic Ranking of World Universities – Subject) соңғы жарияланымына сәйкес алғашқы 20 (алғашқы) орынның қатарына кіреді;

      3) оқу орны ұлттық пәндік рейтингтерінің: Британия университеттерінің пәндік рейтингі (The Complete University Guide by Subject), Таймс дерегі бойынша Ұлыбританиядағы университеттердің пәндік рейтингі (United Kingdom University Times Subject Ranking), АҚШ жаңалық журналының дерегі бойынша пәндік рейтинг (United States News and World Report by Subject), әлем университеттерін саралау жөніндегі орталықтың рейтингі (Center for World University Rankings), Таймс дерегі бойынша Франциядағы әлемдік үздік университеттердің пәндік рейтингі (Times Higher Education World University Rankings by Subject in France), әлем университеттерін саралау жөніндегі орталықтың рейтингі – Германия университеттері рейтингінің (Centre for Higher Education Development University Ranking – Germany’s University Ranking) соңғы жарияланымына сәйкес алғашқы 10 (он) орынның қатарына кіреді;

      4) оқу орны Таймс қаржылық басылымының дерегі бойынша іскерлік әкімшілендіру саласындағы мектептердің жаһандық рейтингінің (Financial Times Global MBA Ranking), Экономист басылымының дерегі бойынша іскерлік әкімшілендіру саласындағы мектептер рейтингінің (The Economist Full Time MBA Ranking), апталық Блумберг бизнес журналының дерегі бойынша іскерлік әкімшілендіру саласындағы америкалық мектептер рейтингінің (Bloomberg Businessweek Full-Time MBA: US), апталық Блумберг бизнес журналының дерегі бойынша іскерлік әкімшілендіру саласындағы халықаралық мектептер рейтингінің (Bloomberg Businessweek Full-Time MBA: International) соңғы жарияланымына сәйкес алғашқы 15 (он бес) орынның қатарына кіреді;

      5) оқу орны ведомствоаралық немесе үкіметаралық келісімдермен немесе Қазақстан Республикасы Президенті немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу үшін ұсынылды;

      6) оқу орны шетелдік әріптестермен (тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдардан басқа) ұсынылды."

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жұмыс органы атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша жыл сайын ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін Тізімді қалыптастырады және бекітеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің м.а.
Б. Асылова